Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kom_seti teorema.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

7. Tcp/ip хаттамаларының стегіне сипаттама беріңіз. Ip хаттамасының негізгі принципін айтыңыз.

TCP/IP стектері әртекті желілерде жұмыс істеу үшін шығарылды. Бұл стек UNIX операциялық жүйесін қолданғаннан кейін кең клемде тарала бастады. TCP хаттамаларының стектері OSI модельдері стектерінен ерекшеленеді. TCP – бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс – жіберуші мен процесс – алушының арасын алдын – ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. TCP/IP стек ISO/OSI ашық жүйесінің өзара қатынасының моделінің пайда болуына дейін жасалғандықтан, ол көп деңгейлі құрылымға ие болса да, TCP/IP стегі деңгейінің OSI моделінің деңгейіне сәйкес келуі жеткілікті шартты. IP – желiлерінің адресациясы. TCP/IP хаттамалар жиынтығындағы IP деңгейінде пайдаланылатын Идентификатор, Интернетке қосылған әр құрылғыны анықтауы керек. Ол Интернет адресі немесе IP адрес деп аталады. Бұл IP адрес — 32 биттік екілік адрес, ол хостың немесе маршрутизатордың Интернетке қоылуын айрықша және әмбебап түрде анықтайды. Адресттік кеңістік—хаттамаға сәйкес қолданылатын адрестердің жалпы саны. Егер хаттама адресті анықтау үшін N битті пайдаланса, онда адрестік кеңістік– 2N болады, өйткені әр биттің екі мәні бар (0 және 1), ал N биттің 2N мәні болады.IP адрестеу басталғанда, класстар концепциясын пайдаланған. Бұл архитектура класстар бойынша адрестеудеп аталған. 1990-ж ортасында жаңа архитектура енгізілді. Ол классыз адрестеудеп аталды. Оның негізгі мақсаты бастапқы архитектураны ауыстыру болатын. Дегенмен көптеген жағдайларда қазір Интернетте класстар бойынша адрестеу қолданылып жүр, және басқа архитектураға өту өте баяу жүріп тұр.4 версияда желілік IP-адрестер екі деңгейлі иерархияда. Оның аға бөлігі желі нөмірін, көрстесе, ал кішісі а младшая – желідегі торап нөмірін көрсетеді. Адрестің жалпы ұзындығы 4 байтты құрайды, және ол нүктемен бөлінген ондық сандардан тұрады. Желілік адресттің бірінші биттері адрес класстарын білдіреді. Ол бойынша қай бөлігі желі нөміріне, қай бөлігі торап нөміріне жататынын анықтауға болады. Егер желі Интернет бөлігіне жатса, онда желі нөмірі орталықтандырылған түрде арнайы Интернет ұйымының – Internet Information Center ұсынысы бойынша тағайындаладыIP — желінің бір жұмыс станциясынан келесісіне хабарлар дестесін жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі хаттама. Желідегі мәліметгерді дер кезінде тиімді маршрут таңдап, дұрыс жеткізу мақсатында АҚШ Қорғаныс министрлігі жасап шығарған. Ол жергілікті желілер мен хосткомпьютерлерді жалғастырып, Internet желісінде, UNIX ортасында кең қолданылатын TCP/IP хаттамалары тобына кіреді.

8. Ip адрестер және желілік кластар түрлеріне сипаттама беріңіз.

IPадрес – интернеттегі IP адрестің 32 битті ерекше идентификаторы. Копьютелік желілік IP адрестер келесі класстарға жіктеледі.

A- классы 0-127 X X X; В- классы 127-191 N X X; С- классы 192 -223 N N X; D -классы 224-тен жоғ N N N

А класының бірінші актетінің үлкен биті әрқашан 0-ге тең. Әбрір желінің адрестік кеңістігі 224-2-ні құрайды. А класына жататын 27-1желіні адрестеуге болады.

В класының бірінші актетінің ең үлкен екі биті үнемі 10-ға тең. Желілік бөліктің өлшемі 14 бит. Яғни 214 желіні адрестеуге болады. Әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2 құрайды.

С класының бірінші актетінің үлкен үш биті әрқашан 110-ге тең. Желілік бөліктің өлшемі 21 бит, яғни С класына жататын 221 желіні адрестеуге болады. Әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2.

D класының адресі бірінші актетінің үлкен биті 1110-ге тең.

Е класының үлкен биттері 1111-ге тең.

Бағыныңқы желі – IP адрестің түйін идентефикатор сақтайтын бӛлігінен, желі идентификатор сақтайтын бөлігіне бірнеше биттің көшірілуі құрылған желі немесе желі идентификаторы.

Бағыныңқы желінің мақсаты – адрестердегі қанша биттің желі идентификаторы үшін пайдаланатындығын көрсететін 32 биттік адрес.

Желілік маска төмендегі ережелерге сай құрылады:

1. Желі номеріне сәйкес позицияда (1) биттер орнатылады;

2. Түйін номеріне сәйкес позицияда (0) биттер орнатылады;

Стандарттық үлгіде жазуды ыңғайлы ету үшін IP адресті a.b.c.d./n түрінде көрсетеді. Мұндағы a.b.c.d. IP адрес , n-желілік бөліктегі биттер саны.

Мысалы: 137.158.128.0/17.15.0-деп түйін идентификаторы маскамыз 255.255.128.0. сонымен бағыныңқы желілерге бөлу үшін желі қуатын қойылатын шектеулерді алу үшін ,түйіндерді байланыстыру үшін, әртүрлі әдістерді қолдану үшін қажет.

Желілерді бағыныңқы желілерге бөлу кезеңдері:

1. Жалпы қажетті желі идентификаторын санын анықтаймыз;

2. Әрбір бағыныңқы желі қолдауға тиіс түйін идентефикаторларының жалпы санын анықтау;

3. Бағыныңқы желінің, желі және түйін идентефикаторының қажетті санын қолдауға мүмкіндік беретін бағыныңқы желінің мақсатын анықтау;

4. Желінің қай идентефикаторының қолданылатырының қолданылатынын анықтау;

5. Бағыныңқы желілердегі түйіндерге идентификаторлар тағайындау

IP бағыттауыш

Бағыттауыш – деректерді адресат түйініне немесе аралық бағыттауышқа жіберу процесі. Бағыттауыш бағыт кестесіне негізделген, бұл сегменттердің IP адрестері мен бағыттауыш итерфейстерінің IP адрес арасындағы сәкестікті сақтайтын деректер қоры

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]