Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kom_seti teorema.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

16. Негізгі топологияларды атаңыз, сақина топологиясына сипаттама беріңіз.

Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің көптеген сипаттамасына әсер етеді. Мысалы, қосымша байланыстар желінің сенімділігін арттырып, жеке арналардың жүктелуін теңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні ұзартуды жеңілдетеді. Экономикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс жолдарының ұзындығы минималды болып келетін топологияларға таңдау түсетіні түсінікті. Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.

Анықтама.Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.

Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:

 қажетті желілік жабдықтардың құрамына

 желілік жабдықтардың сипаттамасына

 желіні ұлғайту мүмкіндігіне

 желіні басқару тәсіліне

Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:

 «шина»

 «жұлдызша»

 «сақина»

«Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рӛлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады.

«Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар.

17. Ip адрестердің жіктелуі

1. А Класс

0

0-127

X

X

X

Желі

Түйін

А класы желі идентификаторы үшін бірінші октетті ғана пайдаланады және қалған үш октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бұл кластың бірінші октетінің үлкен биті үнемі 0-ге тең, ол бұл адрестің А класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі – 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2- ні құрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, бұл адрестер көбінесе желісі түйіндердің тым көп санынан тұратын ұйымдарға беріледі. Шындығында, бұл адрестердің көпшілігі бұдан көп жылдар бұрын қандай да бір ұйымдарға, әдетте, әскери немесе университеттерге бөлініп қойылған.

2. В класы

1

0

128-191

N

X

X

Желі

Түйін

В класы желі идентификаторы үшін алғашқы екі октетті пайдаланады және қалған екі октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бірінші октетінің үлкен екі биті үнемі 10-ға тең, ол бұл адрестің В класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі – 14 бит, яғни, В класына жататын 214 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2- ні құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған.

3. С класы

11

0

192-223

N

N

X

Желі

Түйін

С класы желі идентификаторы үшін алғашқы үш октетті пайдаланады және қалған бір октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бірінші октетінің үлкен үш биті үнемі 110-ға тең, ол бұл адрестің С класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі– 21 бит, яғни, С класына жататын 221 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған.

4. D класы

111

0

224>

X

X

X

Желі

Түйіндердің логикалық тобы

Dкласы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

5. Е класы

111

1

240>

X

X

X

Желі

Е класы болашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальды класы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен биттер 1111-ге тең.

5 – кестеде кейбір адрестер кластары, адрестің үлкен биттерінің мәндері, берілген кластағы бірінші октеттің ондық мәндерінің диапазоны және осы класс қолдайтын желілер мен түйіндер саны келтірілген. Емтиханда бір көргеннен IP адрестің класын, ол класқа тән желілер мен түйіндер санын анықтай білудің мәні зор.

5 - кесте

IP адрестің жіктелуі

Кластар

Үлкен биттер

Бірінші октеттің диапазоны

Желілердің мүмкін болатын саны

Түйіндердің мүмкін болатын саны

A

0

1-126

126

16777214

B

10

128-191

16384

65534

C

110

192-223

2097152

254

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]