- •1.Желінің негізгі компоненттері және олардың қолданылуы туралы түсінік беріңіз.
- •2.Жергілікті және ауқымды желілердің негізгі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз және салыстырыңыз.
- •3.Негізгі топологиялар туралы түсінік беріңіз және олардың ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •4.Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Шиыршықталған кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •5. Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Коаксиал кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •6. Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Оптикалық талшықты кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •7. Tcp/ip хаттамаларының стегіне сипаттама беріңіз. Ip хаттамасының негізгі принципін айтыңыз.
- •8. Ip адрестер және желілік кластар түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •10. Байланыс негіздері және байланыс элементтерін атап беріңіз. Желі компоненттері: құрылғылар, медиа, сервистер туралы сипаттама беріңіз.
- •9. Rip1, rip2 және ospf протоколдарының ерекшеліктерін, артықшылықтарын салыстырыңыз.
- •12. Хост конфигурациясының динамикалық протоколы – dhcp жұмысына сипаттама беріңіз
- •13. Динамикалық маршрутизацияның негізгі мақсатына сипаттама беріңіз.
- •14. Негізгі топологияларды атаңыз, шина топологиясына сипаттама беріңіз.
- •15. Негізгі топологияларды атаңыз, жұлдызша топологиясына сипаттама беріңіз.
- •16. Негізгі топологияларды атаңыз, сақина топологиясына сипаттама беріңіз.
- •17. Ip адрестердің жіктелуі
- •18. Желіні бағыныңқы желілерге бөлудің мақсатын айтыңыз және мысал келтіріңіз.
- •19. Қолданбалы деңгейдің хаттамасы - ftp хатамасының жұмысын ашып жазыңыз.
- •20. Rip динамикалық протоколын конфигурациялау процесін сипаттаңыз.
- •23. Token Ring желілік технологиясына және маркер ұғымына сипаттама беріңіз.
- •24. Apple Talk және Arc Net желілік технологияларына сипаттама беріңіз.
- •25. Үлкен желілерді құруда репиторлар, көпірлерді пайдалану.
- •26. Үлкен желілерді құруда маршрутизаторлар және шлюздердің ролі, қолданылуы.
- •27. Dns, www қызметтеріне сипаттама беріңіз.
- •28. Деңгейлік модельді қолданудың артықшылықтарын . Деңгейлік модельді қолдану артықшылықтары.
- •29. Osi және tcp/ip желілік үлгілерін салыстырыңыздар.
- •30. Osi үлгісінің деңгейлері – арналық деңгейі (Data Link layer) және желілік деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз.
- •31. Osi үлгісінің деңгейлері – транспорттық деңгейі (Transport layer) және сеанстық деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз (Session layer).
- •32. Osi үлгісінің деңгейлері – көрсету деңгейі (Presentation layer) және қолданбалы деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз(Application layer).
- •33. Osi моделінің желілік деңгейінің негізгі төрт процесін сипаттап беріңіз.
- •34. Түйіндер аттарын анықтау, arp адресті анықтау хаттамасы мен Ping программасына түсінік беріңіз.
- •35. Түйіндер аттарын анықтау және dns қызметіне сипаттаңыз, мысал келтіріңіз.
- •36. Tcp және udp протоколдарының қолданылуымен деректердің берілу процесін салыстырыңыз
- •38. Статикалық маршрутизацияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз.
- •39. Динамикалық маршрутизацияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз
9. Rip1, rip2 және ospf протоколдарының ерекшеліктерін, артықшылықтарын салыстырыңыз.
Жалпы, RIP (RoutingInformationProtocol – бағыттық ақпарат хаттамасы) – бағыттаудың ең қарапайым хаттамаларының бірі болып табылады. Бұл хаттама шағын компьютерлік желілерде қолданылады, бағыттауыштарға бағыттық ақпараттарды кӛршілес жатқан бағыттауыштардан қабылдай отырып, динамикалық түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді. RIP бағытталуының алгоритмі (Беллман-Форд алгоритмі) алғаш рет 1969 жылы ARPANET желісінің негізгі алгоритмі ретінде жасап шығарылды.
RIP – бағыттау өлшемі ретінде транзитті бөліктерді басқаратын алыстан басқарылатын векторлық бағыттау хаттамасы болып табылады. RIP-те рұқсат етілген максималды холдар саны – 15 (16 өлшемі шексіз үлкен өлшемді білдіреді). Әрбір RIP-бағыттауыш 30 секунд сайын желіге өзінің толық кестесін хабарлап отырады. RIP TCP/IP стегінің 3-деңгейінде 520 UDP портын қолдана отырып жұмыс істейді.
Қазіргі заманғы желілік орталарда RIP кӛп қолданылмайды, оның мүмкіншіліктері EIGRP, OSPF протоколдарына қарағанда өте аз. Бір артықшылығы – конфигурациялаудың қарапайымдылығы.
RIP хаттамасы уақыт өтуімен байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшырады: класстық (classful) бағыттау хаттамасынан (яғни RIP-1) классыз хаттама RIP-2 версиясына көшті. RIP-2 хаттамасының ерекшеліктері:
- пакеттер бағыттауы туралы қосымша ақпаратты кейінге қалдыру мүмкіндігі;
- бағыттау кестелерінің қауіпсіз жаңаруын қамтамасыз етуге арналған аутентификация механизмінің болуы;
- ішкі желілердің маскаларын қолдай алу қабілеті.
OSPF (Open Shortest Path First) – арна күйін бақылау технологиясына (link-state technology) негізделген және ең қысқа жолды табу үшін Дейкстра алгоритмін қолданатын динамикалық бағыттау хаттамасы болып табылады.
OSPF хаттамасын 1988 жылы IETF жасап шығарды. OSPF хаттамасы ішкі кӛмей хаттамасы (Interior Gateway Protocol – IGP) болып саналады. OSPF хаттамасы қолжетімді бағыттар туралы ақпаратты таратады.
OSPF артықшылықтары:
- алыстан басқарылатын векторлық хаттамаларға қарағанда жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді;
- айнымалы ұзындықты желілік маскаларды (VLSM) қолдай алады;
- өткізу қабілеттілігін ең қысқа жолдар ағашын құру жолымен тиімді қолдана алады.
10. Байланыс негіздері және байланыс элементтерін атап беріңіз. Желі компоненттері: құрылғылар, медиа, сервистер туралы сипаттама беріңіз.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет , ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Ортақ жағдайда желінің құрамына келесі элементтер кіреді: -желілік компьютерлер (желілік адаптермен қамтамасыз етілген); -байланыс каналдары (кабельдік, спутниктік, телефондық, цифрлық, волоконды-оптикалық, радиоканальды және т.б.); -сигналдардың әртүрлі жағдайда қайта құрылуы; желілік жабдықтар. Желі компоненттері: құрылғылар, медиа, сервистер. Медиа.Егер 2 компьютерді бір-біріне жақын қойсан, онда олар өз арасында мәліметтер алмаса алады. Оларды бір нарсемен жалғау керек. Сол кезде медианы қолданамыз. Медиа желі компоненті – ол мәліметтер жіберу ортасы немесе мәліметтер немен берілетіні. Медиа бұл- металический сымдар(телефонның кабелі, Bluetooth, Wi-Fi, 3G, LTE). Біз екі компьютерді бір-біріне жақын қойып сыммен байланыстырсақ болады, немесе сымсыз желі кӛмегімен. Құрылғылар .Екі компьютерді бір-біріне сым арқылы жалғасақ үшінші компьютерге орын қалмайды. Сондықтан одан да кӛп компьютерлерді жалғау үшін құрылғылар қолданамыз. Intermediary Devices немесе аралық құрылғылар, ол соңғы құрылғыларды мәліметтерді жіберетін локальді немесе глобальді желіге айналдыратын құрылғы. Аралық құрылғыларға жататындар: хабтар (hubs), свитчтер(switches, коммутаторы), роутерлер(routers, маршрутизаторы), модемдер (modems), сымсыз байланыс нүктелері (Wireless Access Point) және файерволдар(firewalls, брендмауеры). Аралық құрылғылардың ақырғы құрылғылардан негізгі айырмашылығы мәліметтер жіберуді инициализацияландырмайды.Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар: жұмыс станциялары, желі серверлері және қатынастық тораптар. Сервистер – бұл біз веб-сайтқа кірген кезде, ең бірінші сайт сұраныс жасайтын файлдар сақталған, веб-серверге сұраныс жібереміз, содан кейін арнайы сервис сұранысты ӛңдейді және веб-беттің файлын бізге қайтадан жібереді.Мысалға, e-mail немесе электрондық почта.
11. Желілік құрылғылардың негізгі параметрлерін баптау: ІР адрестердің, маскалардың, шлюздердің, DNS серверлерінің қызметіне сипаттама беріңіз. Құрылғыны желі ішінде пайдалану үшін оның желі протоколдарын баптау қажет. Желіні желілік кабельді құрылғыдағы сәйкес портқа жалғағаннан кейін пайдалануға болады. Ағымдағы құрылғының желілік орнатымдарын кӛрсететін желіні теңшеу есебін құрылғының басқару панелінен басып шығаруға болады. Бұл желіні баптауға және ақауларды жоюға кӛмектеседі. Желіні теңшеу есебін пайдаланып, құрылғының MAC мекенжайын және IP мекенжайын табуға болады.
Мысалы: MAC мекенжай:00:15:99:41:A2:78
IP мекенжай:192.0.0.192
IP мекенжайды орнатуАлдымен, желі арқылы басып шығару және басқару мүмкіндігін алу үшін IP мекенжайды орнату қажет болады. Кӛптеген жағдайларда, жаңа IP мекенжай желіде орналасқан DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) сервері арқылы автоматты түрде тағайындалады. Кей жағдайларда, IP мекенжайды қолмен орнату қажет. Бұл статикалық IP деп аталады және көбінесе корпоративті интранеттерде қауіпсіздік мақсатында талап етіледі. Домендер аттарының жүйесі (DNS - Domain Name System) – TCP/IP-дің қосымшалары хостар аттары мен IP адрестері арасында қосылысты орнату үшін қолданатын таратылған деректер қоры. DNS электрондық поштада бағыттауыш ретінде қолданылады. DNS клиенттер мен серверлерге бір-бірімен қатынас жасауға мүмкіндік беретін хаттаманы ұсынады. DNS –тің аттар кеңістігі тармақтық құрылымды болып келеді. 3 символдық жалпы домендер.
com – Коммерциялық ұйымдар
edu – оқу орындары
gov – АҚШ-тың мемлекеттік ұйымдары
int – халықаралық ұйымда
mil - әскери ұйымдары net – желілер org - басқа ұйымдар Доменнің нүктемен аяқталатын атын оның абсолюттік домендік аты (absolute domain name) немесе доменнің толық аты (FQDN - fully qualified domain name) деп атайды. Мысалы, sun.tuc.noao.edu. Егер домен аты нүктемен аяқталмаған болса, ол әлі аяқталуға тиіс дегенді білдіреді. DNS кез-келген Internet-ке қосылған хостың маңызды бөлігі, бұл жүйе жеке біріккен желілерде де кең қолданылады.
