- •1.Желінің негізгі компоненттері және олардың қолданылуы туралы түсінік беріңіз.
- •2.Жергілікті және ауқымды желілердің негізгі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз және салыстырыңыз.
- •3.Негізгі топологиялар туралы түсінік беріңіз және олардың ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •4.Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Шиыршықталған кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •5. Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Коаксиал кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •6. Негізгі кабель типтеріне түсінік беріңіз. Оптикалық талшықты кабельдің ерекшеліктері, қолданыс аясы туралы ашып айтыңыз.
- •7. Tcp/ip хаттамаларының стегіне сипаттама беріңіз. Ip хаттамасының негізгі принципін айтыңыз.
- •8. Ip адрестер және желілік кластар түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •10. Байланыс негіздері және байланыс элементтерін атап беріңіз. Желі компоненттері: құрылғылар, медиа, сервистер туралы сипаттама беріңіз.
- •9. Rip1, rip2 және ospf протоколдарының ерекшеліктерін, артықшылықтарын салыстырыңыз.
- •12. Хост конфигурациясының динамикалық протоколы – dhcp жұмысына сипаттама беріңіз
- •13. Динамикалық маршрутизацияның негізгі мақсатына сипаттама беріңіз.
- •14. Негізгі топологияларды атаңыз, шина топологиясына сипаттама беріңіз.
- •15. Негізгі топологияларды атаңыз, жұлдызша топологиясына сипаттама беріңіз.
- •16. Негізгі топологияларды атаңыз, сақина топологиясына сипаттама беріңіз.
- •17. Ip адрестердің жіктелуі
- •18. Желіні бағыныңқы желілерге бөлудің мақсатын айтыңыз және мысал келтіріңіз.
- •19. Қолданбалы деңгейдің хаттамасы - ftp хатамасының жұмысын ашып жазыңыз.
- •20. Rip динамикалық протоколын конфигурациялау процесін сипаттаңыз.
- •23. Token Ring желілік технологиясына және маркер ұғымына сипаттама беріңіз.
- •24. Apple Talk және Arc Net желілік технологияларына сипаттама беріңіз.
- •25. Үлкен желілерді құруда репиторлар, көпірлерді пайдалану.
- •26. Үлкен желілерді құруда маршрутизаторлар және шлюздердің ролі, қолданылуы.
- •27. Dns, www қызметтеріне сипаттама беріңіз.
- •28. Деңгейлік модельді қолданудың артықшылықтарын . Деңгейлік модельді қолдану артықшылықтары.
- •29. Osi және tcp/ip желілік үлгілерін салыстырыңыздар.
- •30. Osi үлгісінің деңгейлері – арналық деңгейі (Data Link layer) және желілік деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз.
- •31. Osi үлгісінің деңгейлері – транспорттық деңгейі (Transport layer) және сеанстық деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз (Session layer).
- •32. Osi үлгісінің деңгейлері – көрсету деңгейі (Presentation layer) және қолданбалы деңгейлерінің негізгі мақсаттарын көрсетіңіз(Application layer).
- •33. Osi моделінің желілік деңгейінің негізгі төрт процесін сипаттап беріңіз.
- •34. Түйіндер аттарын анықтау, arp адресті анықтау хаттамасы мен Ping программасына түсінік беріңіз.
- •35. Түйіндер аттарын анықтау және dns қызметіне сипаттаңыз, мысал келтіріңіз.
- •36. Tcp және udp протоколдарының қолданылуымен деректердің берілу процесін салыстырыңыз
- •38. Статикалық маршрутизацияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз.
- •39. Динамикалық маршрутизацияның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз
14. Негізгі топологияларды атаңыз, шина топологиясына сипаттама беріңіз.
Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің кӛптеген сипаттамасына әсер етеді. Мысалы, қосымша байланыстар желінің сенімділігін арттырып, жеке арналардың жүктелуін теңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні ұзартуды жеңілдетеді. Экономикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс жолдарының ұзындығы минималды болып келетін топологияларға таңдау түсетіні түсінікті. Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.
Анықтама.Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:
қажетті желілік жабдықтардың құрамына
желілік жабдықтардың сипаттамасына
желіні ұлғайту мүмкіндігіне
желіні басқару тәсіліне
Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады: «шина»; «жұлдызша»; «сақина»
Анықтама. «Шина» – компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған.
«Шина»топологиясымен қосылған компьютерлердің әсерлесуі.Сигналдарды жіберу. Деректер электрлік сигналдар түрінде желінің барлық компьютерлеріне жіберіледі; бірақ ақпаратты тек адресат қана қабылдайды. Бір уақытта тек жалғыз компьютер ғана беріліске қатыса алады. Желіні құраушы компьютерлер саны ӛскен сайын, оның жылдамдығы кеми түседі. Бұл – желі шапшаңдығына әсер етуші факторлардың бірі ғана. Одан басқа да факторлар жеткілікті: - желідегі компьютерлердің аппараттық жабдықтарының сипаттамасы;
компьютерлердің деректерді жіберу жиілігі;
жұмыс істеуші желілік қосымшалар типтері;
желілік кабельдің типі;
желідегі компьютерлердің бір-бірінен қашықтығы.
«Шина» – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді. Активті топологияларда компьютерлер сигналдарды қалпына келтіріп, оларды желі бойынша жіберуге қатысады.
15. Негізгі топологияларды атаңыз, жұлдызша топологиясына сипаттама беріңіз.
Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің кӛптеген сипаттамасына әсер етеді. Мысалы, қосымша байланыстар желінің сенімділігін арттырып, жеке арналардың жүктелуін теңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні ұзартуды жеңілдетеді. Экономикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс жолдарының ұзындығы минималды болып келетін топологияларға таңдау түсетіні түсінікті. Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.
Анықтама.Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:
қажетті желілік жабдықтардың құрамына
желілік жабдықтардың сипаттамасына
желіні ұлғайту мүмкіндігіне
желіні басқару тәсіліне
Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады: «шина»; «жұлдызша»; «сақина»
Анықтама. «Жұлдызша»– компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады . «Жұлдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған. Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.
