- •Мазмұны
- •І Физикалқ есептерге жалпы түсініктеме
- •1.1 Физикалық есептердің маңызы
- •1.2 Физикалық есептер шығаруға жалпы түсініктеме
- •1.3 Физикалық есептердің түрлері және есеп шығару әдістемесі
- •Іі Тұрақты ток заңдары
- •2.1 Электр тогы, ток күші және ток тығыздығы
- •2.2 Тосын күштер. Электр қозғаушы күші және кернеу
- •2.4 Тұрақты ток жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы
- •2.5 Тізбектің біртекті емес бөлігі үшін Ом заңы
- •2.3 Ом заңдары
- •2.6 Тармақталған тізбектер үшін Кирхгоф заңдары
- •2.7 Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті
- •Ііі тармақталған электр тізбегі бөлігінің кедергісін есептеу әдістемесі
- •3.1 Тармақталған электр тізбегі бөлігінің кедергісін есептеу әдістемесі
- •3.2 Тізбектің бөлігінің кедергісін есептеуге мысалдар.
- •3.2.1 Тізбектің тармақталған бөлігінде кедергілерді тізбектей және параллель жалғастырулар болатын жағдай
- •3.2.2 Тізбектің тармақталған бөлігінде тізбектей немесе параллель жалғастырулар болмайтын жағдайда.
- •3.2.3 Тізбектің тармақталған бөлігінде кедергілкрді тізбектей және параллель жалғанулары, және симметрия осьтері жоқ болған жағдайда.
- •3.2.4 Электр тогының жұмысы, қуаты және жылулық әсерлері есептері
- •Қорытынды
- •1. Тізбектің берілген бөлігінде тізбектей және параллель жалғастырулар бар.
- •2. Тізбектің берілген бөлігінде симметрия осі немесе жазықтығы болуы.
- •3. Тізбектің берілген бөлігінде тізбектей, параллель жалғастырулар да, симметрия осьтері мен жазықтықтары жоқ. Пайдаланған әдебиеттер
І Физикалқ есептерге жалпы түсініктеме
1.1 Физикалық есептердің маңызы
Есеп шығару – оқушылардың физикалық ой-өрісін дамытулың негізгі құралы, теорияны іске асырудың, алған білімді іс-жүзінде қолданудың жолы. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады.
Әр сабақтың өзінде де физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:
1) оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрленулерді орындауға жатықтырады физикалық заңдар мен тәжірибелердің сандық және сапалық мағыналарын ашады:
2) физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына
және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді;
3) оқушыларды тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке
үйретеді;
4) шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады;
5) оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктілігін тексереді;
6) физикалық құбылыстарды және заңдарды талдауға, қорытындылауға үйретеді.
7) оқушылардың физикаға деген қызуғышылығын арттырады.
8) Пән аралық байланысты (математика, химия, астрономия, биология, география) күшейтуге ықпал жасайды.
Физикалық есептерді шығару арқылы мұғалім сабақта оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеріп бақылайды, жаңа материалды түсіндіреді және оны бекітеді, сын жұмысын өткізеді, эксперимент орнатады, үйде өз бетінше жұмыс істетеді, олимпиада мен конкурстарды ұйымдастырады,т.с.с. Физикалық есептер негізінен мазмұны, дидактикалық мақсаты мен шығару тәсілдеріне қарай бөлінеді.
Физика есептер мазмұнына қарай физиканың жеке тарауларына қатысты және тарихи, политехникалық, жызықты, шығармашылықты, экспериментті, кешенді болып бөлінеді.
Шығару әдістеріне қарай сандық, сапалық, графиктік, эксперименттік деп бөлінеді.
Көп жағдайда оқушылар функцияның теориялық материалын тым жақсы білуі мүмкін. Бірақ, физикалық есептерді алмауы ғажап емес.
Мұндайда оқушылар физикадан теориялық мәселелер қиындық туғызбайтын, олар физикалық заңдылықтарды, жеке формулаларды, анықтамаларды әрі тез, әрі тиянақты игеріп алатындығын айта келе, есеп шығарар кезінде тұйыққа тіреліп, қиналатынын мойындайды. Кейде есептің шартын жете түсінсе де, қалай бастап, қалай жүргізуді білмейді.
Есептерді дұрыс шығару жолын білу керек, оған қоса есеп шығарудың тәсілдерін де білу қажет.Оқушыларға сызба есептерді шығару дағдысын арыту үшін, оқытушының олармен жүргізілетін белгілі бір жұмыс жүйесі және тәсілі болуы керек.Оқушының керекті есепті дұрыс таңдап алуы маңызды. Алғашқы кезде ұсынылатын есептер олардың өз тәжірибесі мен танымал құбылыстарға негізделгені жөн. Сызба есептерді шығару үш кезеңнен тұрады: есептің шартын түсіндіру, есептің шығару жолын талдау, есепті шешу. Есептің жарты жан-жақты түсіндірілуі қажет. Есеп мазмұнын талдыу кезінде, ең алдымен өткен тақырыптан белгілі ортақ заңдылықты қалай пайдалану керектігі көрсетіліп, одан кейін есепті келтірілген жағдайға қалай нақтылануы тиіс екені айқындалады. Дұрыс талдай білу есептің жауабын анықтауға жақын келеді.
