Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТПОТС ДӘРІС 1-15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
603 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

1. Дәнді басы шабылған зығыр өсімдігінің сабақтарын қалай атайды?

А) сабан

Б) трест

В) жемісті зығыр

Г) сабанды зығыр

Д) жапырақты зығыр

2. Зығыр шикізаты талшықтарын айналасындағы ағашталған бөліктерден ажырату процессі қалай аталады?

А) сабақты зығыр

Б) сабан

В) жемісті зығыр

Г)трест

Д) жапырақты зығыр

3. Зығыр сабаны сабағындағы зығыр талшықтарының мөлшеріне және басқа да көрсеткіштеріне байланысты қанша санға бөлінеді?

А)13

Б) 11

В) 10

Г) 9

Д) 8

4. Зығыр трестісі түтіліп алынған талшықтың шығымына және түсіне байланысты қаншаға жіктеледі?

А) 11

Б) 12

В) 13

Г) 7

Д) 10

5. Трестіні жаймалау арқылы алу тәсілі:

А) сабанды шабындықта жаймалап қалтыру арқылы

Б) булау арқылы

В) физико-химиялық тәсілде

Г) суық сумен сулау арқылы

Д) жылы сумен сулау арқылы

6. Сулау арқылы тресті алу тәсілі:

А) суық немесе жылы сумен сулау арқылы

Б) сабанды шабындықта жаймалап қалтыру арқылы

В) булау арқылы

Г) физико-химиялық тәсілде

Д) ауамен өңдеу арқылы

7. Трестіні үлкен қысыммен біртегіс біліктердің арасынан өткізу процессі:

А) плющтеу

В) түту

Г) мыту

Д) тазалау

Б) қопсыту

8. Зығырдың ағаштанған бөлігін үгіту және жартылай ажырату операциясының аталуы:

А) илеу, мыту

Б) түту

В) плющтеу

Г) тазалау

Д) қопсыту

9. Зығыр талшықтарын бір-бірінен және үгітілген ұсақ қалдықтарынан (костра) ажырату операциясының аталуы:

А) түту

Б) плющтеу

В) мыту

Г) тазалау

Д) қопсыту

10. Түтілген зығыр толық өңделмеуіне байланысты қандай нөмірге жіктеледі?

А) 24, 20, 18, 16, 14, 12, 10, 8.

Б) 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3.

В) 30, 28, 26, 24, 22, 20, 18

Г) 100, 90, 80, 70, 60, 50

Д) 40, 39, 38, 37, 36

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1985 – 211 с.

  2. Севастьянов А.Г., Осьмин Н.А., Щербаков В.П. и др. Механическая технология тестильных материалов. – М.: Легпромбытиздат, 1989 – 509 с..

  3. Джабаров Г.Д., Болтабаев С.Д., Котов Д.А., Соловьев Н.Д. Первичная обработка хлопка. М.: Легкая индустрия, 1978 – 430 с.

  4. Бузов Б.А. Алыменков Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности ( швейное производство) . – М.: Академа, 2004 –442 с.

  5. Оренбах Б.М., Плацсан А.Я. Основы технологии первичной обработки хлопка. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1982 – 88 с.

  6. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Кобляков А.И. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1992. – 272 с.

  7. Марков В.В., Суслов Н.Н. и др. Первичная обработка лубяных волокон. – М.: Легкая индустрия, 1974 – 416 с.

дәріс 7

Жібек және жібек шаруашылығы. Кокондарды алғашқы өңдеудің мақсаты мен маңызы

Таза (табиғи) жібек – жібек құрты шығаратын өте жіңішке жіп. Тұт жібек құртының пілләлары жібек орайтын фабрикалардағы автоматтарда тарқатылады. Тарқатқан кезде бірнеше жіптің ұшын біріктіреді. Тарқату нәтижесінде өзара желімделген бірнеше жіңішке жіптен тұратын шикізат алынады. Жібек жібінің жіңішкелігі біркелкі емес, және де 0,5-тен 0,18 текске дейін болады. Жібек шикізатының жуандығы көбіне 1,56 және 2,33 текс болады.

Жібек жіптер берік, біркелкі, серпімді және түрі әдемі болып келеді. Тоқыма жіптер алу үшін бірнеше қарапайым жіптерді біріктіріп ширатады. Бірақ пілләні тарқатқанда үстіңгі және астыңғы қабаттары ажырамайды, сондықтан олар қалдықтар ретінде жібекті иіру фабрикасында иірімжіпке лайықтап өңделеді.

Кокон жіптері үзіліссіз 1500 метрге дейін болады. Жібекті иіргіш қоқондарды тарқату арқылы алады. Қоқан жібі бір элементарлы фиброиндерден тұрады. Олар бір-бірімен серицин қабатымен желімделген түрде келеді.

Жібек жұмыртқасы

7 күндігі

30 күндігі

Кокондар қатты тарылар арқылы жинақталады. Осы кокондардың 15 – 20 % жібек қабықшасы, 80 – 85 % қуыршақ (куколка). Бір мерзімдегі біртекті кокондарды ірі партиялармен жинақтайды. Олардың жалпы салмағының 10 % үлгі етіп алынып тексеріледі. Кокондар сортталған, сортталмаған, қарасепкілді болып бөлінеді. Сортталған кокондар іріктеліп алынған, І, ІІ, ІІІ сортты болады. Іріктелінген кокондардың қабықшасы таза, зақымдалмаған болуы тиіс;

І сортта ұсақ үзіктер (5 мм артық емес) және майда учаскелері болуы мүмкін; ІІ сортта сол кемшіліктер және 10 мм дейінгі үзіктер болуы мүмкін; ІІІ сортта 15 мм дейінгі үзіктер, аздаған сыртқы дақтары және құрылымы жағынан дұрыс емес пішінді болуы мүмкін. Сортталмағандарға әртүрлі айтарлықтай ақаулары бар кокондар жатады.

Ақауларды бірнеше топқа бөлуге болады: тесілген (көбелектердің тесіп шығуынан немесе коконның зақымдануынан); қабықшаларының дұрыс емес пішімді немесе құрлымды болуынан (егіздер – бірнеше құрттардың бірігіп тоқуынан, жұқа қабықты, атласты – үлкен майда бөліктері немесе үзіктері бар, атласты – бос қабықты); сепкілді (үлкен сыртқы сепкілдері және ішінен сыртқы қабыршығына дейін өтіп шыққан қара сепкілді) – бұлар ауыру құрттардан жасалған.

Алғашқы өңдеуден өткізетін пункттер жібек құртын өсіретін райондарға жақын орналасқан болады. Өйткені оларды жинақтағаннан кейін дереу алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Алғашқы өңдеудің алғашқы сатысы, ол қуыршақтарды өлтіру (замаривание). Әйтпесе олардан көбелектер өсіп, жарып шығып кетеді.

Одан кейін оларды келесі жылғы науқанға дейін көп уақытқа сақтау үшін кептіреді. Кептірілмеген кокондар шіріп кетеді. Алғашқы өңдеу кезінде серицин мен жіптердің физика-химиялық қасиеттері неғұрлым минимальды өзгеріске түсуі керек. Жіптің оңай оралуы үшін кокондарды ыстық суға салу арқылы серицинді жібіту қажет.

Алғашқы өңдеудің негізгі екі сатысы:

    • қуыршақтарды жансыздандыру

    • коконды кептіру

Бұлар бірге немесе жеке жүргізілуі мүмкін. Қуыршақтарды жансыздандырудың ең кең тараған тәсілі – ыстық ауамен өңдеу және ыстық бумен булау. Сондай-ақ қуыршақтарды жою жоғары жиіліктегі тоқ арқылы, вакуум арқылы, улы газдар арқылы, гамма сәулелері арқылы, үсіту арқылы т.б. жолдармен іске асырылады.