- •Негізгі текстильді материалдардың классификациясы (талшық және элементарлы жіптер). Өсімдік текті табиғи талшықтардың құрамы және құрылымы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Мақта талшықтарының ластануы мен ақаулары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Лекция 4 Шитті мақтаға және сынау әдістеріне қойылатын стандарт
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Мақта дәндері және қалдықтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Зығыр топты талшықтар. Зығырды алғашқы өңдеу
- •Зығыр талшықтарын алғашқы өңдеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жібек және жібек шаруашылығы. Кокондарды алғашқы өңдеудің мақсаты мен маңызы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жүн талшықтарының химиялық құрамы мен құрылымының ерекшеліктері
- •Жүн талшығының құрылымы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жүн және оның түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жүн классификациясының негіздері
- •Жабағыдағы жүннің тығыздығы
- •Жабағыны біртектілігі
- •Жуандығы бойынша жүнді классификациялау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жүн ақаулары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жүнді жуу процессінің теоретикалық негіздері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Әр түрлі жуғыш ертінділермен жуылған жүннің қасиеттері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Бақылау сұрақтары:
1. Жинау, қырқу немесе тарау арқылы түлеу кезінде жинақталған жүн қалай аталады?
А) табиғи
Б) зауыттық
В) қалпына келтірілген
Г) тондық
Д) қой жүні
2. Жүн қандай көрсеткіштеріне байланысты: жіңішке, жартылай жіңішке, жартылай дөрекі болып жіктеледі?
А) талшықтың жуандығына және біртектілігіне байланысты
Б) талшықтың жуандығына байланысты
В) алыну тәсіліне байланысты
Г) талшықтың ұзындығына байланысты
Д) сызықтық тығыздығына байланысты
3. Жүн қабықшасының қалай бағытталып орналасқан?
А) талшықтың басына қарай бағытталған
Б) талшықтың түбіріне қарай бағытталған
В) талшықтың өсіне перпендикуляр бағытталған
Г) талшықтың өсіне бұрыштай бағытталған
Д) ретсіз бағытталған
4. Жүннің сыртқы қабықшалы қабаты талшықтың қандай негізгі қасиетін көрсетеді?
А) жылтырлығын, үйкеліске төзімділігін
Б) беріктігін, серпімділігін, созылмалылығын
В) жүннің қыртыстануын
Г) жылу өткізгіштігін
Д) иірілуін
5. Қабықты қабатына жүн талшығының қандай негізгі қасиеттері тәуелді?
А) беріктігі, серпімділігі, созылмалылығы
Б) жылтырлығы, үйкеліске төзімділігі
В) жүннің қыртыстануы
Г) жылу өткізгіштігі
Д) иірілуі
6. Өзекті қабат жүн талшығының қандай негізгі қасиеті әсерін тигізеді?
А) жылу өткізгіштігі
Б) жүннің табиғи түсі
В) беріктігі, серпімділігі, созылмалылығы
Г) жылтырлығы, үйкеліске төзімділігі
Д) иірілуі
7. Жүн талшығының қабықшалы және қабықты қабаттан тұратын түрі қалай аталады?
А) түбіт талшығы
Б) ауыспалы талшық
В) өлі жүн
Г) қаптама жүн
Д) песига
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1985 – 211 с.
Севастьянов А.Г., Осьмин Н.А., Щербаков В.П. и др. Механическая технология тестильных материалов. – М.: Легпромбытиздат, 1989 – 509 с..
Бузов Б.А. Алыменков Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности ( швейное производство) . – М.: Академа, 2004 –442 с.
Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Кобляков А.И. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1992. – 272 с.
Горбунова Л.С., Рогачев Н.В. и др. Первичная обработка шерсти. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981 – 352 с.
ДӘРІС 10
Жүн классификациясының негіздері
Талшықтардың комплексінен ұсақ бумалар немесе бұрымдар түзіледі. Олар ірірек бумаларға бірігеді. Біртекті талшықтарда оларды штапель, ал әртектілерде бұрым деп атайды.
Штапельдер немесе бұрымдар жабағы элементтері, осылар арқылы жүннің техникалық қасиеттері бағаланады: ұзындығы, жіңішкелігі, бұйралығы.
Жүндегі май тердің мөлшерінің маңызы зор. Олар жабағыға шаңның, құм топырақтың, ылғалдың кіруіне себеп болады.
Жабағыдағы жүннің тығыздығы
Жабағыдағы жүннің тығыздығы деп терінің бетіндегі бірлік көлеміндегі жүн талшықтарының орналасуы. Жіңішке жүнді қойларда жартылай жіңішке және дөрекі жүнді қойларға салыстырғанда жүні қалың. Жабығының әр бөлігіндегі жүннің тығыздығы әркелкі.
Жабағыны біртектілігі
Жабағының біртектілігіоның әр бөлігіндегі жүн талшығының жуандығының біркелкі болу дәрежесімен анықталады. Жұқа және тығыз теріге жіңішке және қалың жүн өседі. Ал бос және қалың теріге дөрекі және сирек жүн өседі. Жүнді ұзындығы және жуандығы бойынша іріктеу үшін бір жабағыны жүн талшықтарының түріне сәйкес бөлшектейді.
