Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТПОТС ДӘРІС 1-15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
603 Кб
Скачать
☆

Жүн талшығының құрылымы

Барлық талшықтардың ішінде жүннің құрылымы өте күрделі. Жүн талшықтары үш концентрлік қабаттан тұрады:

  • қабыршақты (чешуйчатый);

  • қабықты (корковый);

  • жүрекше (сердцевинный).

Ең бағалы түбіт талшығы екі қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты

Ауыспалы талшықта үшінші қабат болады – жүрекше. Қылшық жүндерде үшеуі де болады.

1. Қабыршақты қабат (кутикула), талшықтың жалпы салмағының 2-3% құрайды және үш қабаттан тұрады:

- эндокутикула,

- экзокутикула

- эпикутикула, олар өте жұқа гидрофобты толы қабыршақ, оның химиялық тұрақтылығы жоғары.

Эпикутикула талшықтың цистинен тұратын (жалпы салмағының 15,8 %) сыртқы қабаты және оның құрамына 60 % дикарбиндық аминоқышқылдар кіреді.

Чешуйка мүйізденген клеткалардан тұрады. Олардың шеттері бірін бірі жауып тұрады. Талшықтың чешуйкалық құрылымы оларға ылғалды өңдеулер кезінде киізденуіне себеп болады.

2. Қабықты қабат (кортекс) – талшықтың негізгі қабатын құрайды, ол талшықтың физико-химиялық қасиетін анықтайды (беріктігін, серпімділігін, созылмалығын, т.б.) Схема 

Қабықты қабатталшықтың бойынмен орналасқан ұршық тәрізді клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың ұзындығы жүннің түріне байланысты 80-150 мкм, ал жуандығы орталық бөлігінде 3-10 мкм.

Қабықты қабатталшықтың бойынмен орналасқан ұршық тәрізді клеткалар макрофибриллдерден, олар өз кезегінде микрофибрилл тұрады,

3. Жүрекше, аралық талшықтарда үзік түрде, қылшықтарда толығымен ортасында орналасқан. Басқа қабаттардан жүрекшенің айырмашылығы бос, қуысты клеткалардан тұруында. Жүрекше жақсы боялады, жүн матасының жылу сақтау қасиетін арттырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүн талшығының қандай негізгі қасиеттері қабықты қабатына байланысты?

  2. Жүн талшығының қандай негізгі қасиеті өзекті қабатына байланысты?

3. Қабықшалы және қабықты қабаттан тұратын жүн талшығы қалай аталады?

4. Аз бұйраланған, жуан және дөрекі, үш қабаттан (қабықшалы, қабықты, өзекті) тұратын жүн талшығы қалай аталады?

5. Өте дөрекі, сынғыш, қысқа және өзекті қабаты қатты дамыған жүн талшығы қалай аталады?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1985 – 211 с.

  2. Севастьянов А.Г., Осьмин Н.А., Щербаков В.П. и др. Механическая технология тестильных материалов. – М.: Легпромбытиздат, 1989 – 509 с..

  3. Бузов Б.А. Алыменков Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности ( швейное производство) . – М.: Академа, 2004 –442 с.

  4. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Кобляков А.И. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1992. – 272 с.

  5. Горбунова Л.С., Рогачев Н.В. и др. Первичная обработка шерсти. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981 – 352 с.

ДӘРІС 9

Жүн және оның түрлері

Жүн алыну көзіне байланысты келесі топтарға бөлінеді:

- қойдың, ешкінің, түйенің, қоянның, сиырдың, жылқының, зауыттық, түлеген жүн.

Құрамы боынша жүн екі топқа бөлінеді:

- біртекті және әртекті.

Біртекті жүн, сыртқы көрінісі бойынша бірдей талшықтардан тұрады.

Біртекті емес немесе аралас жүн талшықтардың әр түрінен тұрады: түбіт, ауыспалы жүн, қылшық жүн.

Комплекс қасиеттеріне және бағытына байланысты жүн келесі түрлерге жіктеледі: меринос, еттік, цығандық және т.б.

Қырқылу мерзіміне байланысты қой жүні көктемдік, күздік болып бөлінеді.

Құрылымы, сыртқы көрінісі және технологиялық қасиеттері бойынша жүн түбіт, қылшық, ауыспалы, өлі, құрғақ, песига немесе ит жүн болып бөлінеді.

Түбіт талшықтары екі қабаттан тұрады – қабыршақты және қабықты.

Қылшық талшықтары аз бұйраланған, кейде түзу, жуан, дөрекі келеді. Олар түбіттен ұзын, үш қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты және жүрекше.

Ауыспалы талшықтар түбіт пен қылшықтың арасындағы түрі. Бұл талшықтар түбіттен жуан қылшықтан жіңішке. Олардың жүрекше қабаты үзік үзік.

Өлі шаштары – өте дөрекі, сынғыш, қысқа, түзу. Олардың жүрекшесі қатты дамыған. Құрғақ талшықтар – дөрекі түбіт, өлі талшық пен қылшықтың аралығында.

Пішінді талшықтар – түзу, қатты, жылтыр, қысқа, ұзындығы 3-5 см. малдың аяғында немесе басында, кейде құйрығында кездеседі.

Песига, немесе ит жүн – лақтарда кездеседі, өте ұзындығымен, жуандығымен және тұзулігімен ерекшеленеді.

Талшықтардың түрлерінің құрамына байланысты төрт топқа бөлінеді: жіңішке, жартылай жіңішке, жартылай дөрекі және дөрекі.

Жіңішке жүн біртекті, түбіт категориясына жататын, орташа жіңішкелігі 25 мкм. Жартылай жіңішке – біртекті, дөрекірек талшықтардан тұрады. Ортша жіңішкелігі 29 мкм,

Жартылай дөрекі – біртекті емес бұмалы құрылымды, көп мөлшерде түбіттен, ауыспалы және қылшық жүндерден тұратын, орташа 34 мкм аспайтын жүн.

Дөрекі жүн әртекті, түбіттен, қылшықтан, ауыспалы, құрғақ, өлі талшықтардан тұратын, орташа жіңішкелігі 35 мкм астам жүн.