Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90 Кб
Скачать
☆

4. Сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті және өнері.

Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

5. Ежелгі үйсіндердің саяси тарихы.

Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азияаумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты«Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкол мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II г.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолы на жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын кыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әр түрлі. Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға ауысып отырған.