- •2.ҚоладәуіріндегіҚазақстан. Андрон мәдениеті
- •3.Сақтайпаларыныңорналасу аймақтары, қоғамдық құрылымы мен шаруашылығы.
- •4. Сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті және өнері.
- •5. Ежелгі үйсіндердің саяси тарихы.
- •6. Қаңлы мемлекетінің этносаяси тарихы. Шаруашылықтың түрлері мен ерекшеліктері.
- •7. Көшпелі ғұн империясының құрылуы. Қоғамдық құрылымы, әскери басқару жүйесі.
- •8. Отан және Евразия тарихындағы ғұндардың рөлі.См выше
- •9. Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйесі.
- •11. Түргеш қағанатының құрылуы, Тан әулеті және арабтармен күресі.
- •10. Батыс-Түрік қағанаты: саяси тарихы, әскери - әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы.
- •12. Қарлұқ мемлекетінің этносаяси тарихы, әскери -әкімшілік жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Басқа мемлекеттермен этносаяси байланыстары.
- •14. Қимақ қағанаты: ру- тайпалық құрамы, құлауының себептері.
- •15. Ертеректегі және дамыған ортағасырлық түркі мемлекеттерінің шаруашылығы.
- •17.Қарахан мемл. Басқару түрі
- •18.Наймандардың , керейіттердің , жалайырлардың ертеректегі мемлекеттер
- •19. Қарақытайлар мемлекеті
17.Қарахан мемл. Басқару түрі
Қаган Қараханидтер әулетінің де басшысы есебінде саналды, дегенмен оның билігін «илик» дәрежесі бар бөліктік билеушілер әрдайым шектеп отырды. Қаған, «әлем билеушісі» деген атаққа (азун туткучи) ие болуы себепті, сарай нөкерлері мен шенеуніктер (тапунчи) үстады. Ханга ең жақын адамдардың бірі уәзір болатын, ол жогарғы билеушінің көмекшісі әрі акылшысы еді. Қызметі жағынан уэзір кұл-еркін дәрежесінде болды, мүндай қызмет бүрын қарлүктарда кездесетін, ал қараханидтер династиясы солардан шыккан.Мемлекеттің әрі әкімшілік биліктің орталығы ретінде хан сарайы оның негізгі ордасы есептелінді. Ханның айналасында сарай нөкерлері топтасты, мүнда сарай күзетінің басшысы (капут- баши), қорықшылар, казынашы (агынашы), аспазшылар (шаран- шы), (идишчи) жэне тагы басқалар да кездесетін.Шенеуніктердің негізгі бөлігі (гапукчи) жергілікті ак сүйектер өкілдерінен түрды, олардың ішінде біразы жазу ісіне (битикчи) де канык еді. Деректерден каганның тапсырмаларын орындайтын атқосшылардың (яла-вачи) міндеті жайлы да оқуға болады.
18.Наймандардың , керейіттердің , жалайырлардың ертеректегі мемлекеттер
Орталық Азияның шығысында —Қазақстанға шектесіп жатқан моңғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон болды. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгіОрталық Азияаумағына қоныстанған. Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл қазіргі Моңғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, моңғолдар да солардың қол астында болған. Жалайырлар Шыңғысхан империясының өрлеу кезіне қарай Хилок және Селенга өзендерінің бойын, дәлірек айтқанда, Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген.Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өз малына жайылым іздеп, бір жерден екінші жерге жылына бірнеше рет көшіп жүруіне тура келді. Көші-қон шалғайлығы жер жағдайы мен мал санына байланысты болған. Қысқа пішен қоры жасалмады, бірақ көшіп-қону қыстыгүні малдың азықты өзі тауып, өз аяғынан жайыла алатындай етіп реттеліп отырылды. Деректемелер жалайырлардың, наймандар мен керейіттердің көшіп-қонуын екі түрге белуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, азды- көпті үлкен топтар болып кешкен (күрен әдісі) және екінші жағынан, жеке әулеттер оқшауланып немесе шағын бірлестіктер болып көшіп жүрген. Шыңғысхан империясының құрылуына байланысты көшіп-қонудың күрен әдісі жойылып, әскери ұйымдык түрі ғана қолданылады. Наймандардың басты байлығы үйірлі жылқы болды, жылқы болмайынша далада шаруашылық жүргізу мүмкін емес еді. Көшпелі үшін жылқы қатынас құралы, соғыста және қаумалап аң аулағанда мінер аты болды. Көшпелілер оның етін жеп, сүтін ішті, терісі мен жүнін пайдаланды. Ірі қара да көлік ретінде пайдаланылды: күркелі арбаға өгіздер мен сиырларды жекті. Қой малы еті, терісі мен жүні үшін ұсталды. Бірақ наймандар, керейіттер, жалайырлар бір ғана мал шаруашылығымен тіршілік ете алмайтын еді, ейткені тамақ жетіспеді. Бұл тапшылық алуан түрлі жабайы аңдар мен ішінара балық аулаумен толықтырылып отырды.
