- •2.ҚоладәуіріндегіҚазақстан. Андрон мәдениеті
- •3.Сақтайпаларыныңорналасу аймақтары, қоғамдық құрылымы мен шаруашылығы.
- •4. Сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті және өнері.
- •5. Ежелгі үйсіндердің саяси тарихы.
- •6. Қаңлы мемлекетінің этносаяси тарихы. Шаруашылықтың түрлері мен ерекшеліктері.
- •7. Көшпелі ғұн империясының құрылуы. Қоғамдық құрылымы, әскери басқару жүйесі.
- •8. Отан және Евразия тарихындағы ғұндардың рөлі.См выше
- •9. Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйесі.
- •11. Түргеш қағанатының құрылуы, Тан әулеті және арабтармен күресі.
- •10. Батыс-Түрік қағанаты: саяси тарихы, әскери - әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы.
- •12. Қарлұқ мемлекетінің этносаяси тарихы, әскери -әкімшілік жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Басқа мемлекеттермен этносаяси байланыстары.
- •14. Қимақ қағанаты: ру- тайпалық құрамы, құлауының себептері.
- •15. Ертеректегі және дамыған ортағасырлық түркі мемлекеттерінің шаруашылығы.
- •17.Қарахан мемл. Басқару түрі
- •18.Наймандардың , керейіттердің , жалайырлардың ертеректегі мемлекеттер
- •19. Қарақытайлар мемлекеті
14. Қимақ қағанаты: ру- тайпалық құрамы, құлауының себептері.
Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы [1]Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырдаАлтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. еректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан маңызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенегтермен, қарлұқтармен, қыпшақтармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады. X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.[
15. Ертеректегі және дамыған ортағасырлық түркі мемлекеттерінің шаруашылығы.
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шарушылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылый көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Ортағасырлық қоғамда малға жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен.Ортағасырлардағы жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда, феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз және түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ, қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста және аң аулауда пайдалатындығы арқасында аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан, көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. "Бұл даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан", - деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута.
Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы климаты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын - қымыз дайындайтын.
16. Қарахан мемлекетінің құрылуы.
X ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың кептеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы әлі де толық айқындалмай қалып отыр, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге жікілдер мен яғма кірді. X ғасырда яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеді. Кейінірек, XI ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман — Іле өзенінің алқабын- да өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан кәшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барсхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныанған бірнеше топ болды.
