- •Жауабы:
- •1.Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді құқықтық тіркеудің түсінігі,пәні
- •2.Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді құқықтық тіркеукдің қайнар көздері;түсінігі түрлері:
- •3.Жерге құқықытардың мемлекеттік тіркеудің жүйесі;мазмұны түрлері:
- •5.Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар;түрлері,құқықтармен міндеттері.
- •7.Жермен жасалатын мәмілелер:түсінігі мазмұны
- •8)Жермен жасалатын мәмлелердің түрлері мақсаттары
- •9.Жер учаскесіне құқықтардың шектері мен беру нормалары
- •10.Жер учаскесіне құқықты табыстау:мазмұны,тәртібі
- •11.Жер учаскесіне құқықты беру:түсінігі мен тәртібі
- •12.Ортақ меншіктегі немесе ортақ пайдаланудағы жерлер құрамынан шаруа фермер қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алу және тіркеу кезіндегі ерекшеліктері.
- •14..Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою түсінігі мен мазмұны
- •15.Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою тәртібі мен негіздері
- •16. Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;
- •17.Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;
- •18.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге құқықтарды рәсімдеу тәртібі;
- •19.Заңды тұлға үшін жер учаскесіне құқықты қайта рәсімдеу тәртібі.
- •20.Жерге құқықтарды тіркеуді мемлекеттік реттеу;мазмұны қайнар көздері
- •21. Жер үшiн төленетiн төлемдер
- •23.Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері
- •24. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
- •25.Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн алып қою келесідей тәртіпте жүзеге асырылады:
- •26.Тіркелмеген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
- •27 Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу
- •28.Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеудің түсінігі мен тәртібі.
- •29.Мемлекеттік емес мекемелердің құқықтарын тіркеу ерекшеліктері
- •30) Құқықтық кадастрда сот актілерінің негізінде мемлекеттік тіркеу:мазмұны мен тәртібі
- •Есептер.
21. Жер үшiн төленетiн төлемдер
1. Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.
2. Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттiң кiрiсiне төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттерге жер учаскесi жалға берiлген кезде жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы бекHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000074_"iHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000074_"ткен халықаралықHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000082_" HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000082_"шарттарда айқындалады.
3. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өтеулі негізде сату, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп не төлеу мерзімі ұзартылып жүзеге асырылады, бұған:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына - тұрғын үй-жайлардың меншiк иелерiне кондоминиум объектiлерiндегi мiнсiз үлесi ретiнде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Кодекстің 50-бабының 2-тармағына сәйкес өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн;
2-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;
2-2) тізбесін және тізбеге енгізу үшін таңдау критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын отандық өнеркәсіп орындарына;
2-3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес объектілер салуға берілген шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000373_"iHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000373_"лерHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000373_"iHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000373_"нде көзделген өзге де жағдайларда, жер учаскесi меншiкке өтеусiз негiзде берiлетiн жағдайлар қосылмайды. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын өтеулi түрде беру (сату) (бұдан әрi - жер учаскелерi үшiн төлемақы) немесе уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын өтеулi түрде бepу (сату) төлемақысы (бұдан әрi - жалдау құқығын сату төлемақысы) жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн қолдану арқылы шығарылатын кадастрлық (бағалау) құны негiзiнде есептеледi.
4. Мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатқаннан түсетiн қаражат ҰлттықHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U000000402_" HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U000000402_"қорға аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пайдаланылады.
5. Өзiндiк қосалқы шаруашылық, бағбандық жүргізу, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, осы Кодексте жер учаскелерін ақылы түрде беру көзделген өзге де мақсаттар үшін өтеусiз берiлген жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, осы Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген шартпен елді мекеннің бас жоспарында көзделген объектілерді салу үшін берілген жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесiнiң меншiк иесi жер учаскесiнiң өзгерген нысаналы мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының заңында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын соманы бюджеттiң кiрiсiне төлеуге мiндеттi. Жергілікті атқарушы орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ерекше жағдайда жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгергенде жер учаскесінің бюджетке төлеуге жатпайтын кадастрлық (бағалау) құнының сомасын жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті өкілді органмен келіседі. Елді мекеннің аумағы шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер учаскесінің нысаналы мақсаты, мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жерлерді қоспағанда, ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін өзгертілген жағдайда, аталған жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесінің өзгерген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаскенің бұрын мемлекеттен сатып алынған бағасы арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеуге міндетті.
6. Мемлекеттiк заттай гранттар түрiндегi жер учаскелерi мен жер пайдалану құқығы инвестициялық жобаның атқарылуын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына осы Кодекске және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес берiледi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскесін заттай грант ретінде беру туралы шешімі оның жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде қабылданады.
7. Меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде, жер учаскелерi үшiн төлемақының мөлшерi, мерзiмдерi мен нысаны Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес сатып алу-сату немесе мүлiк жалдау шарттарымен айқындалады.8. Жер учаскесі ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетін баға бойынша жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі мүмкін. Бұл ретте жер учаскесін ұлттық компания мәртебесіне ие әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың меншігіне ресімдеу жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген, оларды мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн және мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жекеше сервитут белгілеу үшін төлемақының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P030000890_"iHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P030000890_"лейдHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P030000890_"i. Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгiленедi.
22.Жер учаскелерiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салу тәртiбi
1. Жеке меншiк құқығында немесе уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар кепiлге берушi бола алады. Мемлекеттiк жер пайдаланушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда өздерiне тиесiлi тұрақты жер пайдалану құқығын кепiлге беруге құқылы.
2. Жеке және заңды тұлғалар кепiл ұстаушылар болуы мүмкiн.
3. Ортақ бiрлескен меншiктегi немесе ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы бөлiнбейтiн жер учаскесiн кепiлге беруге ортақ меншiкке немесе ортақ жер пайдалануға қатысушылардың барлығының жазбаша келiсiмi болған кезде жол берiледi. Жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiкке немесе ортақ үлестiк жер пайдалануға қатысушы өз үлесiн ортақ меншiкке немесе ортақ жер пайдалануға басқа қатысушылардың келiсiмiнсiз кепiлге салуға құқылы.
4. Ортақ меншiк құқығында жер учаскелерi бар тұлғалар ортақ меншiкке қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде жер учаскелерiн кепiлге сала алады. Мемлекеттен төлеу мерзiмi ұзартылып жеке меншiкке сатып алынатын жер учаскелерiн кепiлге салуға осы Кодекстiң 49-бабында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жол берiледi.
5. Жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салу үшiн жеке және заңды тұлғалар ықтимал кепiл ұстаушыға: жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын; ортақ бiрлескен меншiкке немесе ортақ бiрлескен жер пайдалануға қатысушылардың нотариаттық тәртіппен куәландырылған жазбаша келiсiмiн; жер учаскесіне тіркелген құқықтар (құқық ауыртпалықтары) туралы құқықтық кадастрдың мәліметтері. Жер учаскесiнiң бөлiгiн немесе оған жер пайдалану құқығын кепiлге беру кезiнде жер учаскесiнiң жалпы жоспарында оның кепiлге беруге көзделген бөлiгi көрсетiлуге тиiс.
