Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tirkeu_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

9.Жер учаскесіне құқықтардың шектері мен беру нормалары

Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттің беретінін білдіреді. Жер пайдалану құқығын табыстау атқарушы органның жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретіне сәйкес жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретінін білдіреді. Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, сондай-ақ осы негізде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару және оны беру жүргізіледі (32,33-б).

Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргізіледі:

жер учаскесіне тиісті құқық табыстау туралы өтінім жасау;

жер учаскесін алдын-ала таңдау;

жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;

жер учаскесіне құқық табыстау туралы жергілікті атқарушы органның шешім қабылдауы;

белгілі бір жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу;

жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау және беру, жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу(43-46).

Жер учаскелерін беру нормалары

-ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін-суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

жеке тұрғын үй құрылысы үшін -0,10 гектар;

бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін-0,12гектар.

Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді (50-б).

10.Жер учаскесіне құқықты табыстау:мазмұны,тәртібі

Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттің беретінін білдіреді. Жер пайдалану құқығын табыстау атқарушы органның жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретіне сәйкес жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретінін білдіреді. Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, сондай-ақ осы негізде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару және оны беру жүргізіледі (32,33-б).

Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргізіледі:

жер учаскесіне тиісті құқық табыстау туралы өтінім жасау;

Жер учаскесін алуға мүделлі тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi жергілікті атқарушы органына өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысы, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін табысталған кезде басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.

Өтiнiмге жеке басын растайтын құжаттың және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшiрмесi қоса берiледi.

Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады.

Aталған мерзімге жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді.

жер учаскесін алдын-ала таңдау;

Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.

Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу және комиссияның осы мәселе жөніндегі қорытындысын әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру кезінде екі аптаға дейінгі мерзімді құрайды.

жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;

жер учаскесіне құқық табыстау туралы жергілікті атқарушы органның шешім қабылдауы;

Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.

Жерге орналастыру жобасының құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.олжанып отырған, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының есептеулерi қоса берiледi.

Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жерге орналастыру жобасын әзірлейді.

белгілі бір жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу;

Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу жерге орналастыру жобасын әзірлеушілермен жасалынып, көршілес жер пайдаланушылар және уәкілетті органдармен келісіледі.

Егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттарды берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейдi.

Құқық белгілейтін құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау және беру, жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу

Жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу әділет органдарында жасалады (43-46).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]