- •Жауабы:
- •1.Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді құқықтық тіркеудің түсінігі,пәні
- •2.Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді құқықтық тіркеукдің қайнар көздері;түсінігі түрлері:
- •3.Жерге құқықытардың мемлекеттік тіркеудің жүйесі;мазмұны түрлері:
- •5.Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар;түрлері,құқықтармен міндеттері.
- •7.Жермен жасалатын мәмілелер:түсінігі мазмұны
- •8)Жермен жасалатын мәмлелердің түрлері мақсаттары
- •9.Жер учаскесіне құқықтардың шектері мен беру нормалары
- •10.Жер учаскесіне құқықты табыстау:мазмұны,тәртібі
- •11.Жер учаскесіне құқықты беру:түсінігі мен тәртібі
- •12.Ортақ меншіктегі немесе ортақ пайдаланудағы жерлер құрамынан шаруа фермер қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алу және тіркеу кезіндегі ерекшеліктері.
- •14..Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою түсінігі мен мазмұны
- •15.Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою тәртібі мен негіздері
- •16. Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;
- •17.Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;
- •18.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге құқықтарды рәсімдеу тәртібі;
- •19.Заңды тұлға үшін жер учаскесіне құқықты қайта рәсімдеу тәртібі.
- •20.Жерге құқықтарды тіркеуді мемлекеттік реттеу;мазмұны қайнар көздері
- •21. Жер үшiн төленетiн төлемдер
- •23.Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері
- •24. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
- •25.Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн алып қою келесідей тәртіпте жүзеге асырылады:
- •26.Тіркелмеген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
- •27 Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу
- •28.Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеудің түсінігі мен тәртібі.
- •29.Мемлекеттік емес мекемелердің құқықтарын тіркеу ерекшеліктері
- •30) Құқықтық кадастрда сот актілерінің негізінде мемлекеттік тіркеу:мазмұны мен тәртібі
- •Есептер.
24. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
1. Жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану жағдайына: 1) жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау; 2) жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн ауыл шаруашылығы жерiнiң құнарлылығын анағұрлым азайтуға не экологиялық жағдайды едәуiр нашарлатуға әкеп соғатындай пайдалану жатады. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскесi немесе оның бiр бөлiгi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн, осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады. 3. Төтенше және ырық бермейтiн ахуал кезiнде (еңсерiлмейтiн күш әрекетi) туындаған жағдайларды қоспағанда, осы бапта көзделген жағдайларда жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекетке өтеуге мiндеттi.
Жерді алып қою — жер учаскелерін меншік иесінен немесе жерді пайдаланушылардан жергілікті атқарушы органдардың сот шешімі арқылы заң жүзінде мемлекет меншігіне кері қайтаруы. Меншік иелері мен жерді пайдаланушылардан Жерді алып қою тәртібі Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңының (30.І 2001.) “Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де құқықтарды тоқтату” туралы 9-тарауында көрсетілген. Жерді алып қою мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 1) мемлекеттік қажеттіліктер үшін. Оларға: қорғаныс мұқтажына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттарға жер беру; учаскенің астынан пайдалы қазба кеніштерінің табылуы; жол салу, электр, байланыс желілері мен құбыр жолдарын тарту, сондай-ақ ҚР Үкіметі белгілейтін мемл. маңызы бар басқа да нысандар салу жатады. Мемлекеттік қажеттіліктерге Жерді алып қою, егерде меншік иелері жер пайдалану құқығын сатып алған болса, азаматтық заңдарға сәйкес сатып алу тәртібімен жүзеге асырылады және оны атқаратын органның бір жақты шешімі негізінде жүргізіледі; 2) төтенше жағдайлар кезінде. Оларға зілзала, індетті аурулар, т.б. апатты жағдайлар жатады. Мұндай жағдайда меншік иесінен жер оның шеккен залалын өтей отырып, қоғам мүдделері үшін уақытша алынады. Төтенше жағдайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде жер учаскесі меншік иесіне қайтарылады, қайтарылу мүмкін болмаған жағдайда оның құны немесе жер пайдалану құқығының құны өтеледі; 3) жерді алушы алған жерді бір жыл ішінде тиісті мақсатқа пайдаланбаған болса. Жерді игеруге мүмкіндік бермейтін әр түрлі апатты жағдайлар бұл кезеңге кірмейді. Сонымен қатар учаске жерді ұтымды пайдалану ережелерінің өрескел бұзылуы нәтижесінде жарамсыз жерге айналып, оның салдары экологиялық зардаптарға әкеліп соғатын болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарда көрсетілген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен алынады. Меншік иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның дүние-мүлкін тәркілеу туралы сот қаулысы шыққан жағдайда да жер мүлік есебінде алынуы мүмкін. Жерді алып қою процесі аяқталған соң жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен жария саудада сатылады.
1 ден, Жер учаскесіне Жеке меншік құқығымен жер пайдалану құқығын тоқтату негіздері,
2 ден,Жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту негіздері;
3 ден,Жер учаскесін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан мемлекеттік қажеттіліктіктер үшін алып қою тәртібі;
4 ден,Жер учаскесіне алып қойылған жағдайда оларды өндіріп алу тәртібі
9-шы тарау бойынша негізделген болатын.
