Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tirkeu_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

30) Құқықтық кадастрда сот актілерінің негізінде мемлекеттік тіркеу:мазмұны мен тәртібі

12-бап. Құқықтық кадастрдың құрамы

Құқықтық кадастр:

1) тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан;

2) тіркеу кітабынан;

3) құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кітабынан;

4) тіркеу істерінен;

5) азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді есепке алу кітабынан;

6) ақпараттық жүйеден тұрады.

13-бап. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабы

1. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабын тіркеуші органдар жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және өзге де тіркеу объектілерін мемлекеттік тіркеуге берілген өтініштердің арасындағы басымдықты есепке алу және белгілеу мақсатында жүргізеді.

2. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына енгізілген өтініштердің арасындағы басымдық мемлекеттік тіркеуге өтініш берілген күні, сағаты және минуты бойынша белгіленеді.

3. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

14-бап. Тіркеу кітабы

1. Тіркеу кітабы жылжымайтын мүлік объектілеріне толтырылатын тіркеу парақтарынан тұрады.

Жекелеген тіркеу парақтары жылжымайтын мүліктің мынадай объектілеріне:

1) жер учаскесіне;

2) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне;

3) онда орналасқан бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскесіне толтырылуы мүмкін.

2. Тіркеу парағы мынадай төрт бөлімнен тұрады:

1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;

2) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе жылжымайтын мүліктің басқа объектісінің пайдасына белгіленетін сервитуттар бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтардың тізілімі;

3) кепіл бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалықтарының, сондай-ақ жылжымайтын мүліктен туындайтын міндеттемелердің тізілімі;

4) заңдық талаптардың және жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтар ауыртпалықтарының туындауына әкеп соқпайтын мәмілелердің тізілімі.

3. Тіркеу парағына жазбаларды енгізудің нысаны мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

15-бап. Тіркеу ісі

1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеу ісі әрбір жер учаскесіне жеке жүргізіледі және құқық белгілейтін және тіркеуге берілген өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттардың көшірмелерін, соның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың көшірмелерін, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің осы объектісіне немесе оның құқық иелеріне қатысты тіркеуші органның құжаттарын қамтиды.

2. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектісінің әрбір кейінгі объектісіне жеке тіркеу ісі жүргізіледі.

3. Қажет кезде, жылжымайтын мүліктің бірнеше бастапқы объектісі орналасқан жер учаскесіне тіркеу ісі бірнеше том болып жүргізіледі.

16-бап. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабы

1. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабын тіркеуші органдар келіп түсетін сұрау салуларды және құқықтық кадастрдан берілген ақпаратты есепке алу мақсатында жүргізеді.

2. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

17-бап. Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру

1. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.

2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың дәлелді сауалдары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес беріледі. Өзге адамдарға аталған ақпарат құқық иесінің келісімімен беріледі.

3. Жеке немесе заңды тұлғаның онда бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған, тіркеуші орган растаған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің), адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, іс жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот орындаушыларының, салық органдарының, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық рәсімдеріндегі конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, қорғаншы және қамқоршы органдардың сауалдары бойынша беріледі.

\4. Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

5. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды 31.Мұраға қалдыру және азаматты хабар-ошарсыз кеткен, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп тану кезінде мемлекеттік тіркеу

  1. Мұра қалдырушының мүлкіне мұрагерлердің құқықтарын тіркеу кезінде өтініш беруші мұрагерлікке құқығы туралы куәлікті не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құжаттарды, сондай-ақ осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.       2. Мұра қалдырушының жылжымайтын мүлікке құқықтары құқықтық кадастрда тіркелмеген және құқықтар тіркеусіз туындаған болып есептелмейтін жағдайларда, тіркеу құқығы мұрагерлерге өтеді. Аталған жағдайда осы Заңның 21-бабында көзделген құқық белгілейтін және мұра қалдырушының атына берілген басқа да құжаттар және мұрагерлердің мұра қалдырушының мүлкін мұраға алу туралы құқықтарын растайтын құжаттар ұсынылады. Мұра қалдырушы құқығының туындаған күні аталған жағдайларда құқық белгілейтін құжаттардың негізінде, ал қажетті жағдайда заңдық факт (заңдық құрам) пайда болған мұрагерлік ашылу алдындағы күнмен айқындалады.       3. Хабар-ошарсыз кеткен, іHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K990000411_"с-HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K990000411_"әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның жылжымайтын мүлкіне қорғаншылықты тіркеу қорғаншылық және қамқоршылық органның қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы тиісті шешімі болған кезде хабар-ошарсыз кеткен адам мүлкінің қорғаншысының (қорғаншының уәкілетті өкілінің) өтініші бойынша жүзеге асырылады.

(32) Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтарды мемлекеттік тіркеу

Қандай да бір тіркеу әрекеттерін жүргізе отырып, әр кәсіпкерді «Оларды тіркеу керек пе? Қалай тіркеу керек? Компаниядағы сол немесе өзге өзгерістерді нормативті қалай бекіту керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайтыны анық. Мақаладан заңды тұлғаларды қандай жағдайларда қайта тіркеу қажеттігін, қайта ұйымдастыру деген не екенін және аталмыш операциялар қалай жүргізілетіні туралы білесіз.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру – бұл заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның құқықтық жағдайының тоқтатылуы немесе өзге де өзгеруі.

Қайта тіркеу - белгілі бір әрекеттерді жүргізгеннен кейін тіркеу құжаттарына өзгертулер енгізуді тіркеу.

Қайта ұйымдастырудан қайта тіркеудің басты айырмашылығы жүргізілетін өзгертулер сипаты болып табылады. Мысалы, атауын өзгерткенде кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қажеті жоқ, бірақ міндетті түрде қайта тіркеу керек. Сондай-ақ егер қатысушылар/құрылтайшылар құрамы өзгерсе, ал кәсіпорын басқа заңды нысандарға біріккенде/жұтылғанда/қайта ұйымдастырылғанда қайта ұйымдастыру қажет.

Егер қайта ұйымдастыруда жаңа заңды тұлғалар бөлінсе, оларды тіркеу қажет. Көбінесе, қайта ұйымдастыру нәтижесінде сондай-ақ қайта тіркеу талап етілуі мүмкін. Қайта ұйымдастыру және қайта тіркеу шарттарымен сіз төменде таныса аласыз.

Заңды тұлғаларды қайта тіркеу рәсімін әділет органдары жүзеге асырады. Заңды тұлғаны қайта тіркеу үшін сіз тіркеу орны бойынша ХҚКО-на жүгіне аласыз. Қайта тіркеу туралы шешімді қабылдауда білікті заңгерге жүгінген жөн. Кәсіпқой заңгер барлық қажетті операцияларды жиынтықта жүргізеді. Мысалы, жаңа қатысушыларды қабылдаумен мәмілелерді және құрылтайшылардың басқа өзгертулерінде немесе олардың үлестерінің мөлшерлерін жасауды алып жүруге көмектеседі, тиісті шешімдер, хаттамалар және өзгелерін құрастырумен жарғыға және құрылтай құжаттарына өзгертулерді сауатты енгізуге көмектеседі.

 1. ЗаңдыHYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_" тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорға құқықтарды тіркеуді жүзеге асыру үшін тиісінше табыстау актісі немесе бөлу балансы ұсынылады.       2. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтары тіркелмеген және тіркеусіз туындамаған болып есептелмейтін жағдайларда тіркеу құқығы құқықтық мирасқорға өтеді. Құқықтық мирасқорға құқықтарды тіркеу үшін көрсетілген жағдайларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғада құқықтың туындауына негіз болып табылатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар талап етіледі. 3. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорда жылжымайтын мүлікке құқықтың туындау күні болып қайта ұйымдастыру фактісін куәландыру мақсатында заңды тұлғаларды тіркеген күн танылады.

(33) Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелеріне тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ерекшеліктері 50 бап

Шаруа (фермер) қожалық Қазақстан Республикасының «Шаруа (фермер) қожалық туралы» жеке Заңымен реттелетін аграрлы кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастырушылық-құқықтық түрі болып табылады. Бұл өзінің құрылу, қызмет атқару және қызметін тоқтату барысында аграрлы, азаматтық, қаржылық, еңбектік және басқа да құқықтық қатынастардың ерекше субьектісі ретінде көрінеді. Шаруашылықтың табысты болуы үшін нақты заңдық ресімделуді білген дұрыс, ал оған осы тарауда келтірілген материалмен танысу арқылы қол жеткізуге болады.

Заң бойынша Шаруа (фермер) қожалықтарға екі жағдайда жер учаскесі беріледі:

1. Ауылшаруашылық ұйымдар құрамынан шығушы және жер бөлігіне құқылы азаматтар шаруа (фермер) қожалық жүргізу үшін осы ұйымдар жерлерінен жер учаскелері беріледі, және жер учаскелерінің кадастрлық бағасы шаруашылық бойынша орта деңгейлі болуы керек. Жергілікті атқару органы мен ауылшаруашылық ұйымына шаруа (фермер) қожалық жүргізу мақсатында жер учаскесін бөлу туралы өтініш бергеннен бастап он күн ішінде хаттамамен ресімделген жер бөлігі иелерінің жиналысы өту керек, мұнда жер учаскесінің орналасуы туралы шешім шығарылады. Жер бөлігінің иегерлерінің 50 %-дан астамы қол қойған хаттама жергілікті атқару органына тапсырылады және жер бөлігі есебінен жерді пайдалану құқын беру туралы шешім қабылдауға негіз болады.

Ауылшаруашылық ұйымдардан шыққан және жерлері бөлуге келмейтін азаматтар шаруа (фермер) қожалық жүргізу үшін арнайы жер қоры құрамынан жер учаскесін алуға бірінші кезекте құқылы.

2. Жер бөлігіне құқы жоқ азаматтарға шаруа (фермер) қожалық жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қорынан беріледі.

Шаруа (фермер) қожалық жүргізу мақсатында жер учаскелері орман қорындағы жерлерден, яғни орман шаруашылығы қажетіне пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерден, сонымен қатар елді мекен жерлерінен – ауылшаруашылық пайдалану жерлерінен тұрақты және уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқында беріледі.

Жер учаскесін игеруге оның шекараларын белгілеп, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқын көрсететін тіркеуден өткен құжаттар берілгеннен кейін рұқсат етіледі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңның 50 бабына сәйкес,

1. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу кезінде құқық белгілейтін құжатта осындай шаруашылықтың бүкіл мүшелері көрсетілуге тиіс.       2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің құрамы өзгерген кезде, оның ішінде мұраға қалдыруға, шығуға, жаңа мүшелердің қосылуына байланысты шаруа немесе фермер қожалығының жаңа мүшелерінде жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауы және (немесе) үлестер мөлшерінің өзгеруі құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге тиіс.

(34) Жерасты құрылыстарына құқықтарды тіркеу ерекшеліктері

Бұл мәселелер осы заңның 51 бабы бойынша шешеіледі.

 Жылжымайтын мүлік болып табылатын жерасты құрылыстарына құқықтарды тіркеу кезінде:       1) жерасты құрылысына құқық белгілейтін құжат;       2) егер жер учаскесіне құқықтарды тіркеу бұрын жүргізілмеген болса, жерасты құрылысын пайдалануға қажетті жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;       3) осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген басқа да құжаттар ұсынылады. Жерасты құрылыстарына құқықтарды тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды:

1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды;

3) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;

4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты;

5) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды ұсынуға тиіс. Заңды тұлғалар жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңның 21-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады. Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қойылған қолдарының растығын, олардың іс-әрекетке қабілеттілігін (құқықтық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерікті түрде жасалғандығын тексеруге міндетті.

(35) Жылжымайтын мүліктің жойылуына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартуға байланысты құқықтың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу 54 бап

1. Мүліктің жойылуына немесе мүліктің жылжымайтын мүлік объектісі ретінде қолданылуын тоқтатуға әкеп соғатын бүлінуіне байланысты құқықтың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) тиісті мемлекеттік органның техникалық (қалыпты) жай-күйін тексерудің нәтижелері бойынша анықталған осы объектіні бұдан әрі пайдаланудың (оның жұмыс істеуінің) мүмкін еместігін растайтын құжатын қоса бере отырып, құқықтың тоқтатылуын тіркеу туралы өтініш беруге тиіс.        Көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей өтініш берілген кезде жылжымайтын мүлікке құқықтар актіде көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі. Өзге жағдайларда құқықтар тіркелген кезден бастап тоқтатылады.       2. Меншік құқығынан бас тартуға байланысты жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тоқтатуды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:       1) тiркеушi орган құқық иеленушінiң немесе аумағында жылжымайтын мүлiк анықталған жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшi бойынша, егер өтініште осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін жеке тұлғаларда немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларда осындай мүліктің жоқ екені туралы мәліметтер болса, жылжымайтын мүлiкті иесi жоқ мүлік ретiнде есепке қояды;       2) есепке алынған иесіз мүлікке қатысты қабылданған сот шешімінің негізінде тіркеу парағына құқық иесі құқығының тоқтатылғаны және көрсетілген объектіге құқықтары ауысатын тұлғада құқықтың туындағаны туралы жазба енгізеді.       Үшінші тұлғалардың құқықтары туындағанға дейін кез келген уақытта құқық иесі өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті иесіз ретінде есептен шығару туралы өтінішпен тіркеуші органға жүгінуге құқылы.       Жылжымайтын мүлік иесіз ретінде есептен шығарылған жағдайда, тіркеуші орган бұл туралы жергілікті атқарушы органды хабардар етуге тиіс.

(36) Мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету

 1. Тіркеу кезінде жіберілген қателер тіркеуші органның бастамасы немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша осы бапта белгіленген ережелер ескеріле отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түзетілуі мүмкін.       2. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың (құқық ауыртпалығының) тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді тіркеуші орган барлық мүдделі тараптарды жазбаша хабарландыра отырып, өз бастамасы бойынша түзетуі мүмкін. Хабарландырғаны туралы белгі тіркеу парағына қойылады. Хабарламалардың көшірмелері тіркеу ісінде сақталуға тиіс. Тіркеу кезінде жіберілген қателер салдарынан мүддесі бұзылған кез келген тұлға тіркеуші орган тіркеу құжаттарына тиісті түзетулер енгізуден бас тартқан кезде сот шешімінің негізінде түзетулерді енгізу туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.       3. Егер қателерді түзету тіркелетін құқықтың (құқық ауыртпалығының және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілерінің) тиесілілігіне, сипатына немесе мазмұнына әсер ететін болса, мүдделі тұлғалар осындай түзетулерді енгізу қажеттігі туралы хабардар етілуге тиіс. Көрсетілген жағдайларда түзетулерді енгізуге барлық мүдделі тұлғалардың нотариат куәландырған немесе тіркеу органына өздері берген жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі. Мүдделі тұлғалар түзетулерді енгізуге келісім беруден бас тартқан немесе хабарлама алған кезден бастап бір ай ішінде жауап бермеген жағдайларда тіркеуші орган түзетулерді енгізу туралы шешім шығару үшін сотқа жүгінуге тиіс.       4. Егер тіркеу мемлекеттік орган берген құжаттың негізінде жүргізілсе және түзетулер осы құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты болса, осы орган мұндай құжатқа тиісті өзгерістер енгізген кезде ғана қателерді түзетуге жол беріледі. Көрсетілген жағдайда өзгерістер енгізуді тіркеуші орган осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелерді сақтай отырып жүзеге асырады.       5. Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазбаларды енгізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Тағы да бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 243 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4930 болып енгізілген Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу ережесін бекіту туралы заңмен реттеледі.

(37) Мемлекеттік тіркеуді уақытша тоқтату

  1. Өтініш иесі тіркеуші органға өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркеуді уақытша тоқтату туралы өтінішпен мынадай жағдайларда:       1) өзінің контрагентіне жылжымайтын мүлік объектісіне оның тиісті құқықтары тіркелген кезге дейін оған басқа адамдардың құқықтары немесе тараптардың кез келгенінің ерік білдіруі бойынша туындайтын жаңа ауыртпалықтар тіркелмейтін кепілдікті беру мақсатында;       2) құқық иесі құқық белгілейтін құжатты жоғалтқан кезде немесе осындай мүлікке құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша мәжбүрлі тоқтату жағдайларын қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарын оның еркінсіз жоғалтудың негізсіз тәуекелдері туындайтын өзге де жағдайларда жүгіне алады.       2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу өтініш берілген кезден бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге уақытша тоқтатылады.        Көрсетілген мерзім ішінде мүддесі үшін тіркеу уақытша тоқтатылатын тұлғаның тіркеуге өтінішінің, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, аталған мерзімде берілген басқа өтініштердің алдында басымдығы болады.       3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда тіркеуді уақытша тоқтату мерзімдері ішінде тіркеу уақытша тоқтатылғанға дейін тіркеуге берілген, сондай-ақ сот шешімдері, мемлекеттік органдардың актілері негізінде белгіленген өтініштердің негізінде немесе құқық иесінің еркіне тәуелсіз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркеу, сондай-ақ осы Заңда көзделген хабарламаларды және заңды талаптарды тіркеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.       4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, құқық иесінің ерік білдіруі бойынша туындайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркеу құқық иесінің тіркеуді уақытша тоқтату туралы өтінішін кері қайтарып алған кезге дейін уақытша тоқтатылады. Қалған жағдайларда тіркеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

(38)  1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

Жер –бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол табиғаттың басқа да объектілері мен байланыса түсе отырып, экологиялық мәнге ие болады.жердің барлық табиғи ресурстарды біріктіре отырып, оларға табиғи ортаны жасуы бекеремес. Бұл оның менщік объектісі ретіндегі, соынмен қатар пайдалану және қорғау объектісі, яғни табиғи ресурс ретіндегі құқықтық жағдайына әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 21-бабының 1-тармағы меншік құқығының мазмұнын ашады, ол жерге мемлекеттік меншіктің мазмұнының түсінігі мен жерге жеке меншік құқығынын мазмұнын қамтиды және меншік иесіне өзучаскесіне катысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтары тиесілі екендігін көздейді ҚР Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесінің меншік иесі Жер кодексінде және ҚР өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде, шарттар мен шектерде меншік құқығын жүзеге асыра алады. ҚР ЖК 21-бабына сәйкес жерге меншік құқығының мазмұны

1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар.

2. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы Koдексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады. Меншiк құқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұ ғынылады.

1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар.

2. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы Koдексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiндекөзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады.

(39) Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы

 1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) меншiк құқығын табыстау;

2) меншiк құқығын беру;

      3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.

      2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:

      1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

      2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Жер пайдалану құқығы меншік құқығынан туындайды. Ол заттық құқық болып табылады. Жерге жеке меншік құқығынан жер пайдалану құқығын айыра білу қажет. Жер пайдалану құқығы туралы сөз қозғаған кезде мемелкеттік меншіктегі жер учаскесі туралы мәселе орын алады, яғни меншік иесі болып мемлекет қалады. Жеке меншік кезінде меншік иесі болып пайдасына жер учаскесі берілген тұлға табылады.

Жер туралы жаңа заң бойынша тұрақты жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік заңды тұлғаларға беріледі. Олардың тізімі «Жер туралы» заңның 27-бабында мазмұндалған.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және азаматтардың пайдалануына мемлекеттік жер тек уақытша беріледі, дәлірек айтсақ 5 жылға дейін (қысқа мерзімді) немесе 5 жылдан 49 жылға дейін (ұзақ мерзімді). Бұрынғы «Жер туралы» жарлық бойынша шаруа (фермер) қожалықтарына, кооперативтерге, өзгеде мемлекеттік емес ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы ұйымдарына жер тұрақты пайдалануға берілген. Жаңа заң бойынша бұл тұлғалар заңмен белгіленген жер учаскелерінің нормасы шегінде жоғарғы мерзімге жалдау шарты негізінде ұзақ мерзімді жер пайдаланушылар болып табылады, яғни олар 49 жыл бойы жер пайдаланушылар болып табылады.

. Қазақстан Республикасы азаматтарының. Оларға жер учаскелері мынадай төрт мақсатта беріледі:

- өзіндік қосалқы шаруашылық үшін;

- бағбандық үшін;

- саяжай құрылысы үшін;

- өндірістік және өндірістік емес құрылыс немесе құрылыс салу үшін, сонымен бірге, тұрғын үй ғимараты және осы ғимартты (құрылғы, құрылыс) қамтамасыз ететін жерді қоса алғанда. Мысалы, егер Қазақстан Республикасының азаматы тұрғын үйге және өндірістік және өндірістік емес сипаттағы өзге де құрылғы, құрылыстарға жеке меншік құқығы болса, онда ол азамат осы құрылғыларын, астындағы жер учаскесінің жеке меншік иесі болып табылады.

2. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың.

3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың.

Аталған тұлғаларға жеке меншікке жер учаскелері бір жағдайда ғана беріледі, егер жер учаскесі өндірістік және өндірстік емес сипаттағы құрылыс, тұрғын үй үшін берілсе.

(40) Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру және жер пайдалану құқығының мазмұны мен түрлері

Жер пайдалану құқығы меншік құқығынан туындайды. Ол заттық құқық болып табылады. Жерге жеке меншік құқығынан жер пайдалану құқығын айыра білу қажет. Жер пайдалану құқығы туралы сөз қозғаған кезде мемелкеттік меншіктегі жер учаскесі туралы мәселе орын алады, яғни меншік иесі болып мемлекет қалады. Жеке меншік кезінде меншік иесі болып пайдасына жер учаскесі берілген тұлға табылады.

Жер туралы жаңа заң бойынша тұрақты жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік заңды тұлғаларға беріледі. Олардың тізімі «Жер туралы» заңның 27-бабында мазмұндалған.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және азаматтардың пайдалануына мемлекеттік жер тек уақытша беріледі, дәлірек айтсақ 5 жылға дейін (қысқа мерзімді) немесе 5 жылдан 49 жылға дейін (ұзақ мерзімді). Бұрынғы «Жер туралы» жарлық бойынша шаруа (фермер) қожалықтарына, кооперативтерге, өзгеде мемлекеттік емес ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы ұйымдарына жер тұрақты пайдалануға берілген. Жаңа заң бойынша бұл тұлғалар заңмен белгіленген жер учаскелерінің нормасы шегінде жоғарғы мерзімге жалдау шарты негізінде ұзақ мерзімді жер пайдаланушылар болып табылады, яғни олар 49 жыл бойы жер пайдаланушылар болып табылады.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (жоғарғы) мөлшері қожалықтың әрбір мүшесі үшін он бес орташа аудандық жер үлесінен аспайтын мөлшермен белгіленеді.

Сондықтан да жер реформасының тетігі болып табылатын меншіктің түрлері тең дәрежеде сақталуы бүгінгі әлеуметтік тәжірибе мен қоғамдық қатынастардың даму деңгейінен туындап отыр.

Қазақстандағы жерге жеке меншік қатынастарының құқықтық реттелуі еліміздің экономикалық көтеріліміне негіз болады. 27-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру. Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:

1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;

  1-1) ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;

  2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;

осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн.

 Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.

 1. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкiн.

2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]