Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-50_tolik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
378 Кб
Скачать
☆

31. Қандай электрондық сөздіктерді білесіз? Бірнеше электрондық сөздіктерді салыстыру, жұмыс жасай алу.

Сөздік —

  1. жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы;

  2. тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы; сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Алайда компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің басымдылығы айқын болып келеді.

Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік Kaz Dictionary v5

Сөздік бағдарламасы қазақшы-орысша және орысша-қазақша сөздік болып табылады. Бағдарламада орысшадан қазақшаға және керісінше сөздер мен сөз тіркестер ыңғайлы іздестіріледі. Сөздікте 200000 аса сөздер бар. Kaz Dictionary бағдарламасы WinTranslate пакетінің құрамына енеді.

 

№

Төлем түрі

Төлем жүйесі

Төлем

1.

Электрондық жеткізілім. Бір лицензия бағасы 60 USD / 2600 RUB / 10000 KZT. Төлем картасы

2.

Электрондық жеткізілім. Бір лицензия бағасы 60 USD / 2600 RUB / 10000 KZT. Яндекс.Деньги

 

Негізгі сипаттамалар

  • Сөздікте 200000 аса сөздер мен сөзтіркестер бар;

  • Сөздер мен сөзтіркестер орыс тілінен қазақ тіліне және керісінше аударылады;

  • Сөздер мен сөзтіркестерді бір тілден екіншіге аударған кезде, синонимдер қатары беріледі;

  • Сөздер мен сөзтіркестерді аударған кезде, көпшілік жағдайда, сөздердің талқылауы, сондай-ақ аударылатын сөздің пайдаланылу мысалдары беріледі;

  • Сөздік жаңа сөздер мен сөзтіркестермен толықтырыла алады;

  • Айырбас буферінде сөзді аудару мүмкіндігі бар.

Бағдарламаның бас терезесі

Тінтуірдің сол тетігін бағдарламаның таңбашасына нұқыңыз. Бейнебетте бағдарламаның бас терезесі шығады:

 

 

Мәнмәтіндік (контекстік) сөздік мәзірінің әмірі

Тінтуірдің оң тетігін контекстік мәзір әмірлерін бейнелеу үшін бағдарламаның таңбашасына тінтуірдің оң тетігін нұқу керек:

 

 

Сөздіктің негізгі функциялары

  • Айырбас буферінде сөздерді аудару;

  • Сөздің бастапқы әріптері бойынша сөзді жылдам іздеу;

  • F11 клавишті басу арқылы кез келген бағдарламада айрбас буферіндегі сөз аудармасын көрсету;

  • Қарым-қатынас тілін қазақшаға, ағылшын немесе орысшаға өзгерту;

  • Қаріп өлшемін өзгерту.

32. Реферат, курстық немесе дипломдық жұмысты жазудың техникалық (компьютерлік) негіздері.

33. ЭЕМ: оның мақсаттары мен міндеттері

Электронды есептеуіш машиналары. XX ғасырдың 1-жартысында радиотехника кең қарқынмен дами бастады. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабарбергіш құралдың негізгі элементі электронды-вакуумды шамдар (лампалар) болды.

       Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналарының техникалық негізін салды. Бірінші электронды есептеуіш машинасы 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.

       ENIAC-тың конструкторлары Дж. Моучли және Дж. Эккерт болды. Оның үлкендігі сонша, оны басқа орынға апаруға мүмкіндік болмады. ENIAC-тың салмаға 30т, ал оған 18000 электрондық шамдар орналастырыл-ды, ол бір секундта 15000 қосу, азайту амалдарын, 3000 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытылуды талап етті.

       1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсетті. ЭЕМ жұмысының басты принципі – программалар мен деректердің машинаның жалпы жадында сақталу принципі болды. Мақала мазмұнының идеясы «Джон Фон Нейманның ЭВМ архитектурасы» деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.

       Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан ғана жасалған. Дамыған елдерде олардың сериялық шығарылуы 1950 жылдардан басталды.

       Бұрынғы Советтер Одағына бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) деп атады. 1951 жылдан бастап бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле басталды.

       Оның жедел жады электрондық шамнан тұрды, оған 100 ұяшық орналастырылды, ол секундына 50 амал орындай алатын болған.

       1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (Большая Электронная Счетная Машина) өндіріске қосылды, ол секундына 10000 амал орындайтын болды.

       Оның жедел жадысы алдымен электронды-акустикалық сызықтан, одан соң электронды-сәулелік түтіктен, ал кейініректе ферриттік біліктерден (сердечник) құрылды. Сыртқы жады екі магниттік таспалардан құрылды.

       1960 жылдан бастап бұрынғы Советтер Одағында екінші буындағы машиналар шығарыла бастады. Олар: М-       220, БЭСМ-3, БЭСМ-4, «Урал-11», «Урал-13», «Урал-16», «Минск-22», «Минск-32» және т.б.

Алғашқы электронды – есептеу машинасы академик С. А. Лебедевтің (1902 – 1974) басшылығымен Украина Ғылым академиясының математика институтында 1950 жылы жасалды. Бұл машина «МЭСМ» (кіші электрондық есептеу машинасы) деп аталды. Бұл есептеу машинасы 1951 жылы бірінші рет Куйбышев – Москва электр энергиясын беру жолының есеп жұмыстарына қолданылды. «МЭСМ» математикалық есептеу машинасын жасау саласындағы ізденістердің бастамасы болды. Бұдан кейінгі жылдарда еліміздің халық шаруашылығының әр түрлі салаларының мұқтажын қанағаттандыруға арналған электронды – есептеу машиналары шығарыла бастады. 1953 жылы С. А. Лебедевтің басшылығымен Ғылыми академиясының дәл есептеу механикасы және есептеу техникасы институтында «МЭСМ» - тің жетілдірілген түрі – БЭСМ (үлкен электронды есептеу машинасы) жасалып шығарылды. Бұл машина бір секундтың ішінде 8 – 10 мың арифметикалық амалды орындады.

34. Ғылыми зерттеу әрекет құрылымы және ЭЕМ. Ғылымның «алдыңғы» қатарлы комьютерлік модельдері және оларды ғылыми қауымның қабылдауы. Ғылыми зерттеулерді автоматтандырылған жүйеде түсіну.

. Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар. Біріншіден, «Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді. Екіншіден, информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті. Барлық ақпараттар түріне тәуелсіз бір жүйеде, яғни екілік пішімде сақталатыны және өңделетіні есептеу техникасының информатиканың ғылым болып қалыптасуында белсенді рөл атқаруына себепші болды.

Қазіргі заманда информатика кешенді ғылыми – техникалық ғылым. Информатика деген аталымға есептеу техникасын құру және жасау мәселелерін, оны пайдалану заңдылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін, оны алу, өңдеу, жеткізу және адам өмірінің барлық салаларында қолдану заңдылықтарын зерттейтін пәндер кіреді. Олар – есептеу техникасы мен жүйелерінің архитектурасы, аппараттық және программалық жасақтамалар, алгоритмдеу және программалау, жасанды интеллект, есептеу тораптары мен желілері және т.с.с.

Информатиканың дамуында есептеу техникасы маңызды роль атқарады. Информатиканың CC ғасырдың ортасында ғылыми бағыт ретінде пайда болуы ақпаратты сақтауға және түрлендіруге бағытталған ЭЕМ-дің шығуымен тығыз байланысты. ЭЕМ пайда болуы, олардың өте тез дамуымен адам өміріне кеңінен ене бастауы жаңа “есептеу техникасы” деп аталатын ғылыми — техникалық бағыттың қалыптасуына әкелді. Есептеу техникасының түрлеріне:

- электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ-дер );

- есептеу жүйелері;

- есептеу желілері

жатады. Есептеу техникасы мамандары есептеу машиналарының жаңа құрылымдарын және жұмыс істеу принциптерін құрастырады, олардың элементарлық базасының сапасын жақсартады және түрлендіреді, компьютерлік желілер құрады және т.б. Мұндай мамандардың қызметі информатика және программалаумен тығыз байланысты.

Есептеу техникасы мен оның мамандары үшін теоретикалық информатиканың негізгі есептері ірге болып табылады, ол программалық жабдық құрушы программалаушыларсыз ешқандай ЭЕМ жұмыс істемейді. Сондықтан қолданбалы информатика бөлімінде есептеу құралдарын зерттеу маңызды мәселе болып табылады.

ЭЕМ ұғымына дәл анықтама беру күрделі сұрақ, себебі:

- электрондық ұғымы алғашқы элементтік базасы “электрондық” шамнан шыққан, ал қазір онда оларды “микроэлектрондық” деп атау керек;

- “есептеу” ұғымы алғашқы машиналардың басым көпшілігі шынымен де есептеу амалдарын орындауға негізделгендіктен болар, алайда қазіргі ЭЕМ есептеу үрдістеріне барлығы 10-15% қана уақыт жұмсайды, басым көпшілік операциялар мәліметтерді тасымалдау, салыстыру, енгізу — шығару, т.с.с. болып табылады.

Сондықтан ЭЕМ-ді анықтауды оның функционалдық қызмет тұрғысынан қарастырумен байланыстырған жөн, яғни пайдаланушыға қажеттілігі тұрғысынан:

- ЭЕМ құрамына кіретін минималдық құрылғылар жиынтығын, яғни оның минималдық құрамын (негізгі бөліктерін) анықтау;

- ЭЕМ әртүрлі құрылымдық бөліктерінің жұмыс істеу принциптерін және олардың арасындағы байланыстардың құрылысын анықтау;

“Архитектура” ұғымы негізінен қала құрылысында қолданады. Кез келген қала күрделі құрылым болғандықтан, белгілі бір тәртіппен орналасқан аудандар, алаңдар, көшелер, үйлер т.с.с. тұрады. Тұрғындарды көбінесе әрбір үйдің сыртқы көрінісі және қандай шикізаттан жасалғаны аз қызықтырады, оларға үйдің қай ауданда, көшеде орналасқаны, қандай транспорт түрімен және неғұрлым қысқа жолмен жетуге болатыны қажет.

Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) — компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.

Қазіргі уақытта сабақ жүйесінде компьютерлік технология көп қолданылып жүр. Ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер дамытылды. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.

Мультимедиалық технологиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты яғни, электрондық кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар, компьютерлік фильмдер. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, оқушыға сыныптан үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады.

Гипермедиялық технологиялар мәтінмен жұмыс істеудің және олрдың бір-біріне хабар жіберуін ұйымдастырудың ыңғайлы мүмкіндіктерін жасайтын гипермәтіндік технологияларды дамыту болып табылады. Барлық қазіргі заман ақпараттық-анықтамалық жүйелер гипермедиа технологиясында жүзеге асады. Оқу мақсатындағы гипермедиа өнімдері үлкен көлемді материалды оқуға ғана емес, тыңдау, көру, материалды іріктеу, керекті жерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға да мүмкіндік береді. Мультимедия жүйесі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіру, тілді белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыру, оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.

Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.[1]

Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Интернетке берілген орны жоқ, бірақ Интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы..

35. Қандай компьютерлік ойындар тілді меңгеруде артықшылықтарға ие?

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

Компьютердің қазақ тілі пәнін оқытуда қолдану мүмкіндіктері ӛте мол.

Компьютерді оқу–тәрбие процесінде қолдану, ғылыми-техникалық процестің

жетістіктерін практикаға енгізудің ӛзегі болып табылатындығы ӛз еліміздегі,

сондай – ақ шетелдердегі тәжірибелерден белгілі.Қазақ тілі пәнінің оқыту

әдістемесіне кӛмекші техникалық құрал ретінде компьютерді қолдану

кӛптеген әдістемелік ӛзекті мәселелерді тиімді шешуге жағдай жасайды.

Дербес компьютерді сабақта пайдалану оқыту процесінде кері

байланысты қамтамасыз етуге, даралап оқытуды жүзеге асыруға, ӛзіндік

жұмыстар ұйымдастыруға және оқушылардың білім деңгейін анықтауға ӛз

үлесін қосады.

Оқу процесіне еркін еніп, ӛз бетінше еркіндік алып,ой жүйесін толықтай

пайдалануға компьютерлік ойындардың тигізер пайдасы зор.Компьютерлік

ойындар балалардан бастап ересектеге дейін қызыға ойнайтын ойындардың

бірі болып қалыптасуда. Компьютерлік ойындар – әлі де психологтар,

физиологтар және ғалым–педагогтар тарапынан зерттелінетін, тәрбиелік

және танымдылық маңызы анықталынатын ерекше бағыттардың

бірі.Компьютерді әрбір ғалым саласы ӛз қажетіне сәйкес дәрежеде

қолдануына болады. Компьютер тек қана информатика пәнінде оқып-

үйреніп, ӛткізіліп қана қоймай,сонымен қатар оқытылатын басқа пәндерде де

ӛзінің қолдану аясын табуы ӛмір талабы болып отыр.Компьютерлік ойындар

әр түрлі бағыттарды ескере отырып жасалынған. Компьютерде кӛптеген

қоршаған ортаны,ӛмірде болып жатқан құбылыстарды ескере отырып,оларды

түрлендіре әр түрлі ойындар ұйымдастыруға болады.Компьютер

пайдаланушының алға қойған мақсатына психологиялық жаттықтыру,

оқушының ӛзін – ӛзі тану құралы бола алады.

Ойын түрлері:

«Сиқырлы сандық»

Бір сандықшаның ішіне әр түрлі тақырыпта: алдыңғы өткен тақырып, оқушыларға белгілі тақырыптарда толтыра сұрақтар салынып, әр оқушы кезекпен келіп, сұрақтар алып, жауап беруі тиіс. Жауапқа байланысты оқушы тиісінше 1-5 аралығында балл алады. Ойынның соңында мұғалім оқушылардың әрқайсысының баллдарын есептей отырып, 1,2,3 орынды анықтайды.

Аталмыш ойын оқушылардың тақырып бойынша жекелей отырып білімін анықтауға мүмкіндік береді. Қалған оқушылардың тақтада жауап берген оқушының жауабын есітуге мәжбүр бола отырып, оларыдың естерінде қалу мүмкіндігі жоғары.

«Тауып көр» (Угадай)

Жүргізуші таңдалады. Ол қалған оқушыларға терминнің анықтамасын оқиды. Ал қалғандары ол терминді атауы тиіс. Дұрыс тапқанға, жетон беріледі немесе таза парақта оның баллдары жазылады.

Обучающая игра «Доклад»

Учитель предлагает учащимся прочитать текст, затем передать содержание в виде рисунков, знаков, схем. Эту «шпаргалку» ученик передает соседу справа. Теперь каждый делает «доклад» по данному тексту, используя рисунки или схемы своего соседа. Победитель — тот.кто составил «доклад» более подробно, защитил его, представил лучшее наглядное пособие.

1.Тест с дополнениями.

В тексте, чертеже, в написании формулы оставляется место, куда вписывается пропущенное слово, знак, обозначение.

2. Тест — напоминание.

Ответ на вопрос теста — какой-либо факт, смысл закона, правила, положения. При этом проверяется фактическое знание однозначного ответа на прямой вопрос.

3. Тест с альтернативными ответами.

Дает возможность для решения (правильно ил неправильно) какого- либо утверждения. Ответ заносится в виде знака (+) или (-) либо записывается словом «да», «нет»; «правильно», «неправильно».

4. Выборочный тест

Из нескольких ответов выбирается один верный. Количество ответов должно быть не менее трех.

5. Тест соответствия (сличения)

Задание ориентируется на нахождение связанных между собой фактов, данных, находящихся в двух столбиках, относящихся друг к другу по смыслу, содержанию.

6. Тест единства порядка.

Предложенные данные, характеризующие величины, наименования и др. показатели, должны быть расположены в каком-либо единственно возможном порядке, в последовательности по подчиненности какому-либо закону, правилу, положению, знание которых и проверяется.

7. Комбинированные тесты.

По построению они могут содержать вопросы из разных видов тестов. Задания этого теста могут быть представлены в виде текста или набора таблиц, формул, графиков, чертежей, схем. По уровню этот тест может быть емким и обладать высокой вариативностью.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]