- •2. Сіз технология терминін қалай түсінесіз, оның түрлеріне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.
- •4. Тіліді оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі
- •5. Технология, ақпараттық технология, компьютерлік технология, жаңа технология, жоғарғы технология терминдеріне түсініктеме беріңіз.
- •6.Сіздің пірінше,тілді үйрену үдерісіне Интернет-технология рөлгн ие бола ма?
- •7.Шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялардың маңызын қалай түсінесіз?
- •8.Қазіргі таңда өте жоғары қолданысқа ие қашықтан оқытудың қай түрін білесіз?
- •9.Тілді оқытуда қашықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын санамалап айтыңыз
- •10.Сіздің ойыңызша,қазіргі таңда қашықтан оқыту ыңғайлы ма?Жетістіктері мен кемшіліктерін айтып кетіңіз
- •12. Тілді оқытудағы компьютерлік бағдарламалардың алатын қызметі қандай?
- •11. Компьютерлік лингвистика: қолданбалы салалары
- •13. Қандай компьютерлік бағдарлама тілді үйренуде тиімді? Сіз ұсынар бағдарлама қандай?!
- •14. Корпустық лингвистика. Корпустың алғышарттары. Қазақстандағы қазақ тілінің корпусы жайлы не білесіз?
- •15. Сіз қандай корпусты өз тәжірибеңізде пайдаландыңыз? Мысал келтіріңіз
- •26. Тілдерді компьютерлік оқытудың әдіс-тәсілдері
- •30. Электрондық сөздіктер. Шет тілін оқытуда электрондық сөздіктер қандай маңызға ие?
- •31. Қандай электрондық сөздіктерді білесіз? Бірнеше электрондық сөздіктерді салыстыру, жұмыс жасай алу.
- •32. Реферат, курстық немесе дипломдық жұмысты жазудың техникалық (компьютерлік) негіздері.
- •36. Тілді үйренудегі компьютерлік ойындардың тиімділігі
- •42. Сіз “Айрен” электрондық оқыту бағдарламасының тиімділігін анықтап бере аласыз ба?
- •43. Тіл білімі саласында spss бағдарламасының ролі .
- •44.Spss бағдарламасы , қалыптасқан жүйе , даму ерекшелігі және болашағы.
- •45. Қолданбалы бағдарламалар қандай жұмыстарды қарастырады.
- •46Шет тілдерін оқытуда қолданылатын Интернет ресурстар (www.Livemocha.Com, www.Wordle.Net, www.Glogster.Com)
- •47Шетел әдебиеттерінде қолданылатын оқыту бағдарламалары Сіздің тәжірибеңізде кездесті ме?
- •48Автоматты аударма бойынша интернеттен автоматты аударма жүйелері, жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.
- •49Шет тілін оқытудағы компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтары.
- •50Сіз шет тілін үйрену барысында қандай компьютерлік бағдарламаларды қолданасыз?
9.Тілді оқытуда қашықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын санамалап айтыңыз
Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық технология бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Сондықтан білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті. Оқу үрдісінде ғылыми-зерттеу және басқару қызіметінде ЖАТ-ді енгізу, дамыту және жүргізудің кешені іс-шараларын жақсарту, әлемдік білім кеңестігіне толығымен ену, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісінде АТ-дың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Оқыту үрдісінде АТ –ны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарлатып, әдістемелік тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді. Сондықтан оқушының танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, өздік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа, электрондық оқулық, интернет, гипермәтіндік элементерімен қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану. Ақпараттық –технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.Ақпараттық технологиялардың келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық біліктілікті қалыптастыру мектептің материалдық - техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; Оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар, олар ( электрондық оқулықтар, интерактивті тақталар, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, кейс технологиясы, слайд леция, тесттік бағдарлама, интранет, интернет бағдарламасы және телекоммуникациялық желілер ) [5] Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр тарапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпараттық сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдайлар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi. Мысалға, электронды оқулықты сабақты түсіндіру барысында электрондық оқулықтың тиімділігі аса зор болды:
1. осы тақырып бойынша оқушы тыңдайды, оқиды, тест, бақылау сұрақтарына жауап береді..
2. жаңа физикалық терминдерді түсініп,теориялық білімін практика жүзінде қолдануға негіз қаланады.
3. берiлген тақырып көлемiнде түрлi демонцрациялық зертханалық жұмыстарды жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады [6].
Электронды оқулықтар оқушылардың
- бiлiм тереңдетуге; деңгейiн жоғарлатуға; - ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға; - өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға; - ойларын дамытуға; - студенттер немесе оқушылардың сөздiк қорының молаюына; - тiлдi үйренуге деген ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығының артуына; - сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына; - өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.[3]
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Әрі осы ақпараттық құралдарды қолданудың негізгі қолы компьютерді оқу үрдісінде жақсы пайдалану.
Тимді жақтары:
- ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары
- оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
- оқушы оқулықты қажет етпей-ақ кезкелген тарау негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
- тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
- таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
- бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
- көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
- мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
- оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
- зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
Тиімсіз жақтары:
- психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.
- пән аралық байланыстың аздығы.
- көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
- оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
- материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.
- оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.
- берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.
- компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.
- оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
Дәстүрлі және электронды оқытуды біріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы.
