- •2. Сіз технология терминін қалай түсінесіз, оның түрлеріне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.
- •4. Тіліді оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі
- •5. Технология, ақпараттық технология, компьютерлік технология, жаңа технология, жоғарғы технология терминдеріне түсініктеме беріңіз.
- •6.Сіздің пірінше,тілді үйрену үдерісіне Интернет-технология рөлгн ие бола ма?
- •7.Шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялардың маңызын қалай түсінесіз?
- •8.Қазіргі таңда өте жоғары қолданысқа ие қашықтан оқытудың қай түрін білесіз?
- •9.Тілді оқытуда қашықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын санамалап айтыңыз
- •10.Сіздің ойыңызша,қазіргі таңда қашықтан оқыту ыңғайлы ма?Жетістіктері мен кемшіліктерін айтып кетіңіз
- •12. Тілді оқытудағы компьютерлік бағдарламалардың алатын қызметі қандай?
- •11. Компьютерлік лингвистика: қолданбалы салалары
- •13. Қандай компьютерлік бағдарлама тілді үйренуде тиімді? Сіз ұсынар бағдарлама қандай?!
- •14. Корпустық лингвистика. Корпустың алғышарттары. Қазақстандағы қазақ тілінің корпусы жайлы не білесіз?
- •15. Сіз қандай корпусты өз тәжірибеңізде пайдаландыңыз? Мысал келтіріңіз
- •26. Тілдерді компьютерлік оқытудың әдіс-тәсілдері
- •30. Электрондық сөздіктер. Шет тілін оқытуда электрондық сөздіктер қандай маңызға ие?
- •31. Қандай электрондық сөздіктерді білесіз? Бірнеше электрондық сөздіктерді салыстыру, жұмыс жасай алу.
- •32. Реферат, курстық немесе дипломдық жұмысты жазудың техникалық (компьютерлік) негіздері.
- •36. Тілді үйренудегі компьютерлік ойындардың тиімділігі
- •42. Сіз “Айрен” электрондық оқыту бағдарламасының тиімділігін анықтап бере аласыз ба?
- •43. Тіл білімі саласында spss бағдарламасының ролі .
- •44.Spss бағдарламасы , қалыптасқан жүйе , даму ерекшелігі және болашағы.
- •45. Қолданбалы бағдарламалар қандай жұмыстарды қарастырады.
- •46Шет тілдерін оқытуда қолданылатын Интернет ресурстар (www.Livemocha.Com, www.Wordle.Net, www.Glogster.Com)
- •47Шетел әдебиеттерінде қолданылатын оқыту бағдарламалары Сіздің тәжірибеңізде кездесті ме?
- •48Автоматты аударма бойынша интернеттен автоматты аударма жүйелері, жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.
- •49Шет тілін оқытудағы компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтары.
- •50Сіз шет тілін үйрену барысында қандай компьютерлік бағдарламаларды қолданасыз?
11. Компьютерлік лингвистика: қолданбалы салалары
Тілдерді оқыту үрдісіне компьютерлік технологияны ендірудің қазіргі қалпын зерттеу барысында қолданбалы тіл білімінде жаңа бағыттың – компьютерлік лингвистиканың пайда болып, дамуына әкелді. Осы ғылымның пайда болуына қазіргі ақпараттандырудың жаһандану үрдісі, ғылыми және техникалық прогрестің белгілі бір қажеттіліктерінің, сонымен бірге жасанды интеллекет жүйесін, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігінің алғышарттары зор ықпал етті. Алайда бұл міндеттердің барлығын лингвистика теориясынсыз шешу мүмкін емес, өйткені тарихи жүйе ретінде қалыптасқан табиғи тілдер адамдардың өзара қарым-қатынасына қызмет етсе, жасанды тіл де адам-машина, машина-машина, машина-адам қарым-қатынасы үшін жасалған, олардың екеуінің негізі бір, ортақ қызмет атқарады, жұмсалу үлгісі мен құрылымы да бірдей. Лингвистика ғылымынсыз жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, күрделі адам-машина кешені қызметінің тиімділігін арттыру мүмкін емес. Өз кезегінде машиналық әдіспен өңдеу, жинау, сақтау, іздеу, жіктеу, табиғи тілдерді талдауға көшу кезінде классикалық лингвистика өзінің алдағы дамуына үлкен қарқын алды.
Компьютерлік лингвистиканың зерттеу мақсаты – ЭЕМ-да қарым-қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелелерін шешу, бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сөздіктер мен глоссарийлер құрастыру, мәтіндерді өңдеу алгоритмі, тілдік семантикалық кодын ескер отырып, түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу.
12. Тілді оқытудағы компьютерлік бағдарламалардың алатын қызметі қандай?
Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда. Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Интернет шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында светотехникалық және дыбысты техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, мультимедиялық проектор, компьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы ендірілуде қолданылатын келесі мүмкіндіктерді атауға болады. - оқытушыныңтәжірибелік сабақ өткізу үшін қандай да бір аутентті материалды таңдай алу мүмкіндігі; - дыбыстық ақпаратты жазып алу мүмкіндігі; - желіден алынған түрлі мәселелі ақпаратты ауызша талқылау арқылы пікірталас өткізу мүмкіндігі; - тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін идиомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. тұратын нақты хабарламаларына лингвистикалық талдау жүргізу мүмкіндігі; - тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалардан, сөздіктерден, елтанымдық анықтамалардан алынған материалдарды пайдалану мүмкіндігі; ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың шетел тілін үйретуде маңызы зор.
