- •2. Сіз технология терминін қалай түсінесіз, оның түрлеріне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.
- •4. Тіліді оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі
- •5. Технология, ақпараттық технология, компьютерлік технология, жаңа технология, жоғарғы технология терминдеріне түсініктеме беріңіз.
- •6.Сіздің пірінше,тілді үйрену үдерісіне Интернет-технология рөлгн ие бола ма?
- •7.Шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялардың маңызын қалай түсінесіз?
- •8.Қазіргі таңда өте жоғары қолданысқа ие қашықтан оқытудың қай түрін білесіз?
- •9.Тілді оқытуда қашықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын санамалап айтыңыз
- •10.Сіздің ойыңызша,қазіргі таңда қашықтан оқыту ыңғайлы ма?Жетістіктері мен кемшіліктерін айтып кетіңіз
- •12. Тілді оқытудағы компьютерлік бағдарламалардың алатын қызметі қандай?
- •11. Компьютерлік лингвистика: қолданбалы салалары
- •13. Қандай компьютерлік бағдарлама тілді үйренуде тиімді? Сіз ұсынар бағдарлама қандай?!
- •14. Корпустық лингвистика. Корпустың алғышарттары. Қазақстандағы қазақ тілінің корпусы жайлы не білесіз?
- •15. Сіз қандай корпусты өз тәжірибеңізде пайдаландыңыз? Мысал келтіріңіз
- •26. Тілдерді компьютерлік оқытудың әдіс-тәсілдері
- •30. Электрондық сөздіктер. Шет тілін оқытуда электрондық сөздіктер қандай маңызға ие?
- •31. Қандай электрондық сөздіктерді білесіз? Бірнеше электрондық сөздіктерді салыстыру, жұмыс жасай алу.
- •32. Реферат, курстық немесе дипломдық жұмысты жазудың техникалық (компьютерлік) негіздері.
- •36. Тілді үйренудегі компьютерлік ойындардың тиімділігі
- •42. Сіз “Айрен” электрондық оқыту бағдарламасының тиімділігін анықтап бере аласыз ба?
- •43. Тіл білімі саласында spss бағдарламасының ролі .
- •44.Spss бағдарламасы , қалыптасқан жүйе , даму ерекшелігі және болашағы.
- •45. Қолданбалы бағдарламалар қандай жұмыстарды қарастырады.
- •46Шет тілдерін оқытуда қолданылатын Интернет ресурстар (www.Livemocha.Com, www.Wordle.Net, www.Glogster.Com)
- •47Шетел әдебиеттерінде қолданылатын оқыту бағдарламалары Сіздің тәжірибеңізде кездесті ме?
- •48Автоматты аударма бойынша интернеттен автоматты аударма жүйелері, жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.
- •49Шет тілін оқытудағы компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтары.
- •50Сіз шет тілін үйрену барысында қандай компьютерлік бағдарламаларды қолданасыз?
7.Шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялардың маңызын қалай түсінесіз?
: Бұл мақалада жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жолдары қарастырылған. Ғылым мен техниканың кең дамыған заманында, оқыту үрдісінде жоғарғы оқыту мектептерінде ақпараттық технологияең негізгі және кӛкейкесті жүйе деп қарастырылады. Бұл жүйенің кең мүмкіндіктерін қолдану арқылы студенттердің қарым-қатынас құзіреттілігі іс-әрекет барысында қалыптасады. Оқыту мазмұнының ғылыми негізін меңгеру іс-әрекет әдістерімен байланысты. Түйін сөздер: компьютерлік, дидактикалық, электрондық оқулық, әдістемелік- программалық комплекс. Кез келген іс-әрекет түрін меңгеруде оның психологиялық теориясымен орындау, әрекет ету, операция кезінде байқалады. Мысалы, сӛйлеу әрекетін оқушы немесе студент шынайы қарым-қатынас барысында меңгереді. Оны компьютерлік телекоммуникация құрайды. Демек, студент басқа тілді серіктесімен (жазбаша немесе ауызша) шынайы диалогқа түседі. Бұл тікелей лингвистикалық және мәденитанымдық құзіреттіліктерін байқатады. Сондай-ақ, үйреніп отырған шетел тілінің мемлекеттік мәдениетімен танысуға мүмкіндіктер алады. Оқыту үрдісінде Интернетті қолдану мынандай мақсаттарды шешеді: –сабақтың мазмұнын жүйеге қосуға (оқыту бағдарламаларын кіріктіруге); –жоба бойынша жұмыстарда ӛз бетінше мәліметтер ізденуге; –ӛз бетінше шетел тілін үйренуге және терең меңгеруге; –экстернеттің біліктілік емтихандарына ӛз бетінше дайындалып, тапсыруға; –оқытушының жетекшілігімен арнайы курсты, шетел тілін қашықтықтан оқуға; –шет тілінде қарым-қатынас жасаудың жаңа формасы ретінде; –білім, білік, дағдының арақашықтығын анықтауда т.б. Шетел тілін үйренуде Интернет мүмкіндіктерін пайдалану жоғарыда айтылғандай студенттердің ӛзбетімен тіл меңгеріп, ізденулеріне мол мүмкіндіктер береді. Интернеттің басты артықшылығы, оның тегіс қамтитын мәліметтер қызметін кӛрсетуі. Интернетті дүниежүзі бойынша тұтынушылар арасында сәлемдеме мен файлдар алмасу үшін және әлемнің қай жерінен болмасын мәліметтер алу үшін де қолдануға болады. Интернет барлық коммуникация және тарату құралдарын, компьютер мен телефон, радио мен видиеотармақтарды бір «Кибер кеңістікке» байланыстыра қосуға атсалыса ұмтылуда. Казахский государственный женский педагогический университет Вестник №5 (47), 2013 г. 88 Интернет жүйесін білім саласында қолдана отырып, білім беруді ақпараттандырудың жолдарының бірін саралауға болады: –Оқу-іс әрекетінің инновациялық құралы; –Білімді басқару жүйесінің компоненті; –Студент пен оқытушының ғылыми-зерттеу, ізденушілік, оқу-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын жетілдірудің құралы. Оқу-іс-әрекетінің инновациялық құралы ретінде интернет желісін күнделікті сабақ үстінде пайдалануға болады. Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу-құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар жатады. Компьютерлік дидактикалық программалардың соңғы жетілдірілген түрі – электрондық оқулық. Электрондық оқулық оқу курсын ӛз бетінше игеруге мүмкіндік беретін әдістемелік-программалық комплекс. Қазіргі таңда электрондық оқулықтар кең ӛріс алуда. Оның себебі Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін әрі қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқу құралдарының атқаратын ролі зор, онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба-тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, кӛзбен кӛріп, түсініп, мида бекіту үрдістері бір уақытта ӛтіп отырады да, материалдарды қорыту үрдісі ұтымды болады. Білімді басқару жүйесінің компоненті ретінде интернетті қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда қолдануға болады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Осындай құрылымдардың бірі – қашықтықтан білім беру жүйесі алдыңғы қатарлы елдерде ырғақты түрде дамып келеді. Қашықтықтан оқыту – ЭЕМ желілерінің, әсіресе Интернет желісінің арнайы қамтамасыздандыру программалары арқылы білім беру саласына енуін бейнелейді. Қашықтан оқытуды іске асырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дидактикалық программалар болып табылады. Қашықтан оқыту үшін сәйкес программамен қамтамасыз етілген мультимедиялық компьютер мен интернет желісіне кіру мүмкіндігі қажет. Бұл оқу мобильді, дәстүрлі, интернационалды және білім алу арзанға түседі. Қашықтан оқыту болашақта білім деңгейін жақсарту үшін жоғары оқу орындарының кадрларды қайта даярлау ісінің озық мамандарының тәжірибелерін кеңінен таратып, солардың дәрістерін, әдістемелік құралдарын компьютерлік желілер, компьютерлік дискілер арқылы қалың кӛпшілікке таралады. Соңғы жылдары дүние жүзі елдерінің университеттері компьютерлік телекоммуникация технологиясын қашықтан оқыту мақсатында қолдану мүмкіншілігіне назар аударды. Сондықтан да қашықтан оқыту ісінде дүние жүзіндегі телекоммуникациялық жүйелерді кеңінен қолдану жӛнінен кӛптеген тәжірибелер жинақталған. Әсіресе, интернет желісін, теледидар каналдарындағы тікелей кӛрсетілімдерді, қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологияларды кеңінен қолданатын оқу жүйелерінің алатын орындары ерекше. Компьютерлік телекоммуникацияның жетілуі – дүние жүзінде информатика мен ақпараттық технологияның пайда болуымен қатар болған елеулі ӛзгеріс. Телекоммуникацияның білім беру саласына оның ішінде шетел тілі пәндерін жүргізуде ықпалы айтарлықтай маңызды. Студент телекоммуникациялық компьютерлік құралды пайдалана отырып, тест сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беріп жӛнелте алады. Жай жағдайда электрондық почта арқылы жіберуге, ал күрделірек болса интернет арналары бойынша жӛнелтілетін арнаулы электрондық интерактивтік формаларын толтыруға болады. Бұл студент жауаптарын ӛңдеу үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Хабаршы №5 (47), 2013 ж.89 89 Сондықтан, жоғарыда келтірілген қашықтан оқытудың әртүрлі варианттары мен модельдеріне сүйене отырып, біздің жоғары оқу орындарында компьютерлік телекоммуникация базасындағы қашықтан оқытуды ұйымдастыруды жүзеге асыруға болады. Студент пен оқытушының ғылыми-зерттеу, ізденушілік, оқу-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын жетілдірудің құралы ретінде Интернет жүйесін пайдаланудың маңызы ӛте зор. Себебі, қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең кӛлемде қолдануды қажет етуде. Шетел тілі пәндерін оқыту үрдісінде күнделікті сабақта видео-аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Мұндай қондырғылар тілді үйренушілердің қызығушылықтарын арттырып, зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайта кӛріп, тыңдауға және алған мағлұматтарын нақтылауға мүмкіндік береді. Студенттердің ӛздері де алынған ақпаратты дискетке, бейнетаспаға кӛшіріп алып, онымен ӛз ыңғайына қарай жұмыс жасай алады. Оның тиімділігін мынадан кӛруге болады: –қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; –қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; –экономикалық тиімділігі; –білім сапасына әсер етуі; –іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуге қажеттілігі; –студенттің ой-ӛрісін дүние танымын кеңейтуга ықпал етуі. Шетел тілін үйренуде Интернет жүйесін қолдау кӛптеген мүмкіндіктер береді. Нақтырақ айтқанда сайт мекен-жайлары арқылы кез келген тиісті тақырыпты таңдап алуға болады. Мысалы, Интернетте «Шағын мәтіндер. Шығармалар. Ӛлеңдер. Диалогтар. Әлемтану. Сӛздіктер. Менің елім, т.б» бӛлімдері бар. Міне осы секілді ауқымды мәліметтерді алу арқылы студент оқу әрекетінде, сӛздікпен жұмыстар жасауға, емтиханға дайындалуда жұмыс істеу дағдылар қалыптасады. Сондай-ақ, оқытушылар тілді меңгертуде Интернет жүйесін пайдалана отырып, әлемдегі оқыту программаларын бақылай отырып, оларды ӛз пәндерінде пайдалануға мүмкіндіктер алады. Жалпы қорыта айтқанда, оқыту үрдісінде сонымен қатар шетел тілі пәндерін жүргізгенде білім саласында Интернет жүйесін пайдалану студенттердің сапалы нәтижелерге жетуге кӛптеген мүмкіндіктер берері сӛзсіз.
