- •Дәріс тезистері
- •Дәріс сабақтарының жоспары
- •1 Модуль. Композиция теориясы.
- •1. Композицияның жалпы сұрақтары.
- •Костюм композициясының ерекшеліктері.
- •2 Модуль. Композицияның көркемдік құралы.
- •3. Ырғақ заңдылықтары.
- •4. Симметрия заңдылықтары.
- •3 Модуль. Композицияның бейнелеу құралы.
- •6. Сызық бейненің құралы сияқты.
- •5. Тепе-теңдік заңдылықтары.
- •Раппортты композиция.
- •Динамикалық раппорт.
- •8. Раппортты композиция.
- •9.Динамикалық раппорт.
- •5 Модуль. Жабық құрылымды композиция.
- •10. Монокомпозиция.
- •Бейне және фон.
- •6 Модуль. Композициядағы стилизация.
- •12. Нақты формаларды сильдеу әдісі.
1 Модуль. Композиция теориясы.
1. Композицияның жалпы сұрақтары.
Композиция шығарманың және ұйымның процессі сияқты. Композицияның мәні және ұғымы. Шығарма және ұйым процессінің арақатынасы әр түрлі өнер түрінен. Мазмұнның және форманың эстетикалық категориясы. Мазмұны: идея, ойжоспар, тақырып. Форма: бейне (жазықтықта, колемді, кеңдікте, материалда), бұйым, зат, жұмыстың шешімі. Шығармашылық – психологиялық және практикалық процесс,қандай да бір қызметтің аймағында адамның жаңа заттарды жасап шығаруға талабы мен ұсталығы айтарлықтай жоғары деңгейде. Көкемдік бейне нақты әлемнің шағылысы сияқты. Дарын – талант – данышпандылық – интуиция. Ұсталық: таңдалынған қызметтің қажеттілігінің өрісіне құралына, тәсіліне,техникасына, материалына ие болу.
Композициялық ойлау: бейне деңгейінде ойлау: елестету мен фантазияның дамуы: байқау, көру, талдау, елестету, талқыға салу, өңдеу және ойлап шығару қасиеттері болу. Ақыл сапасы, композицияға қажеттілер: варианттылық, дербестік, қауымдастылық. Композициялық сауаттылық: шығармашылық жұмысқа қажетті негізгі білім, ептілік және дағдылар. Композицияның негізі: қолайлы және қосылған формада меңгеруге арналған жалпылама, көбірек «тұрақты» білімнің, ептліктің, дағдының комплексі. Композицияның негізі суретшінің, дизайнердің, архитектордың алғашқы оқу сатысында оқытылады. («композиция» оқу пәнінің мазмұны мен тапсырмалары, сағат көлемі, бақылаудың және меңгерудің методикасы, қажетті материалдар).
Композиция түрлері: жазықтық (сурет, мата, кілем, нобайлар); көлемді (скульптура, костюм, сәнді және тұрмыстық зат); көлемді (интерьер, архитектура).
Композиция заңдары: бүтіндік, пропорционалдық, қарама-қарсылық, үшкомпонентті, қарапайымдылық.
Костюм композициясының ерекшеліктері.
Дизайн комплексте объекті функционалдықтары мен эстетикалықтарының проблемасын шешетін жобалы шығармашылық қызметі сияқты. Дизайн түрлері: өнеркәсіптік, графикалық, интерьерлік, костюмдік. Киім дизайны – киімнің жаңа функциясы мен сапасын жобалау. Дизайнер – модельер – стилист – кутюрье. Киім адам денесін жауып тұратын қорғаныштық, практикалық және эстетикалық функциясы бар бұым жиынтығын көрсетеді. Киім – көйлек, аяқ киім, бас киім, қосымшалар (қолғаптар, бөкебайлар, белдіктер). Костюм (итал. тілінен - әдет-ғұрып) – бір ғана адамның немесе адамдардың әлеуметтік тобының образы туралы хабар жеткізіп журетін аксессуар немесе киімнің элементтер жиынтығы. Костюмдегі ерекшеліктер: жастық мөлшеріне қарай, жынысына қарай, сословиелік, кәсіптік, аймақтық, дініне қарай.
Стиль – дәуірдің жалпы көркемдік айнасы, белгілі бір тарихи кезеңдегі (готика, барокко, классицизм, ампир, романтизм және т.б.) сұлулық идеалы мен форма құрылымының принциптерінің бейнесі. Киімдегі микростиль: шығыстық, фольклерлық, спорттық, джинсылы, кантри, саыари, электика, және т.б. классикалық стиль, авторлық стиль.стилизация – белгілі бір стильдегі костюмның түсін, формасын немесе элементін әдейілеп өңдеу.
Сән латын тілінен аударғанда өлшем, алдын ала жазып қою, әрекет бейнесі дегенді білдіреді. Сән – fashion. Сәннің таралған аймағы: өнер, әдебиет, ғылым, техника, спорт, ой, заттар, тәртіп. Дизайн және сән. Сәннің бағасы: қазіргі замандық, әмбебаптық, демонстративті, түпнұсқалық. Сәннәң даму кезеңдері: көріну (айырмалық сатысы), таралу(еліктеу сатысы), басылу (жойылу сатысы).
Костюмның акцентті композициясы: форма, силуэт, пластика, түс, фактура, декор, әшекей, көрермен қиялы. Костюм үндестігін қабылдау: масштабтық, пропорциялық, ырғақ, тепе-теңдік, қарама-қарсылық, нюанс, симметрия, ассимметрия, статика, динамика.шғармашылық процессінің кезеңі: түпкі ойдың көрінуі және тапсырманы орнату; зерттеу, жинау және қажетті материалды өңдеу; іздеп отырған форманың табылуы және материалдағы нақтылық. Шығармашылық қайнарлары: өсімдік және жануарлар әлемі, табиғи пайда болғандар, эмоция, кескіндеме, графика, скульптура, декоративті өнер, архитектура, әуен, әдебиет, кино, театр, ғылым, техника, тарих, этнография, ұлттық қайнар көздер және т.б. дизайнердің композициалы-іздестіру жұмысының ерекшклігі: байкау, жылдам суреттер, нобайлар, жұмыс суреттері, әр түрлі техникадағы және материалдағы графикалық өңдеулер, аралық және соңғы шешеім, проекттік жөндеу. Модельерлік сурет: образдық, шарттылық, тақырыпқа үндестік, айқындылық, авторлық манердің түп нұсқалылығы. Костюмнің композициясын жасауға белгілі бір шығармашылық дағды қажет (көру ынтасы болу, талдау, талдап қорыту, өңдеу, стильдеу) және орындаушы сапасы (сурет салуды, түсті, форма құрылымының негізін, образдың декоративті дағдысын түсіндіруді иелену).
Декоративті композиция
«Декоративті образ» және «декоративті композиция» ұғымы декоративті өнерде композициялық жұмыстың ерекшелімен айқындалады және модельдік суреттің мәнін түсіну үшін олардың ерекшелігін білетін дизайнерлердің шығармашылығына тікелей байланыста болады. Сәндік шешім басқаша шартты, талдап қорытылған, стильденген, сиволданған, белгіленген, ою өрнекті шешімді білдіреді.
Сәнділік сапа сияқты бояулы, өрнекті, эмоциональдықты, айқындылықты, бейненің метофорлылығын білдіреді.
Декоративті бейнелер ою-өрнекті системаның заңымен шешіледі. Бұл дегеніміз, құру процессінде декоративті бейнені шартты өңдеуде барлық объект кейіпі айтарлықтай өзгереді: формасы, көлемі, кеңістігі, түсі, пропорциясы, масштабы, саны және т.б. Нәтижесінде бейнеленген құбылыс әр түрлі дәрежедегі бейнеде стильденген (нақты түрден белгіге дейін) ою-өрнекті мотивтер шартты форма түрінде болуы мүмкін. Декоративті бейненің эмоциональды айқындылығына және шартқа жету үшін әр түрлі қабылдаулар қолданылады: объектте ең бастысын және маңыздысын айқындау,мотивтің силуэттік шешімін талқыға салу, пропорцияның түр өзгертуін және формасын оңайлату, мәнерлі мақсаттарда мотивтің сандық көрсеткішін өзгерту, көлемді және кеңістік кейіпін шартты шешу, пластикалық түс құрамын табиғи түріне келтірмей, жиі арнайы берілетін колоритте салу.
Шарт бойынша өнерде түпкі ақиқатқа көңіл бөлінетін,талдап қорытылған бейне арқылы бейнелі тойтарыс принцибі есептелінетін кейбір «еркінділік» бейне ұғынады. Декоративтік композицияда ықшамды бірақ, тағы да қызу қанған бейнені жасау талпынысы байқалады. Ықшамды шешімде ойдың мәні шоғырланады және бейненің сезімтал әсері көрермендерге күшееді. Декоративті композицияның ерекшеліктерін үш негізгі белгіге келтіруге болады: ою-өрнектік, түс шарттылығы, бейненің стильденуі. Олар тағы да модельдік суретке тән.
Бейненің ою-өрнекті жүйесі. Декоративті композиция әр түрлі көркемдік тапсырмаларды шешу үшін бейнелеудің ою-өрнекті жүйесінің бейнелі мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады.
Ою – ою-өрнектілік – оюланған. «ою» деп аталатын өрнек, ырғақпен реттелген элементтерден тұрады және киімдерді, әр түрлі заттарды сәндеуге арналған. Оюды жасап шығару үшін, өсімдіктер, жануарлар әлемін және заттарды, адам денесінің бейнесін, сюжетті сахынаны немесе техникалық элементтерді, барлық өмірдегі заттарды пайдалануға болады. Оюда не бейнеленгені маңызды емес, ал қалай бейнеленгені маңызды. Сол себепті нақты формадағы барлық бейнелер ою болып табыла бермейді. Оюдың маңызында нақты өмірді стильденген бейнеге келтіру «талапқа» қойылған, кез келген бейнені ырғақты, симметриялық кестеге бағындыру.
«Ою-өрнектік» - бұл ою қабылдайтын композицияда белсенді қолдануды жөн көретін сапа: ырғақ, симметрияны, түс шарты және форманы талқылау. «Оюланған» бұйымға қолданылған өрнектің санын білдіреді. Бейненің ою-өрнекті жүйесі маңызды (ою шығармасы) және формалдық (оюды құру) шығармашылық аспектілері. Бұл жүйенің компоненттерінің негізгі ұйымдастырушысы симметрия және ырғақ заңдылықтарына қатысады.
Сән сөзін анықтау?
Ою-өрнек деген не?
Декоративті деген қалай түсінесіз?
Компазиция құрылым және ұйымдастыру процесі ретінде
Шырармашылық қасиеттерге ие адамды жазушы, композитор, суретші, ойшыл деп атайды. Оның ойы, қобалжуы құрылымдық қасиеті бар өнер туындысы ретінде жарыққа шығады (музыка, поэма, сурет ). Көркемдік шығармашылыққа дайындықты яғни шығармашылық процесті композициялық шеберліктің шыңдалуы, композицияның қыр сырын меңгеру процес деп атайды. Осыдан композиция не деген сурақ туады?
Композиция туралы теория ғалымынан коп материал алуға болады. Энцеклопедиялық сөздікте композицияны көркем өнер туындысының жасалу барысы ретінде қарастырған, мағынасына сай оның қабылдануын анықтайды. Композиция көркемдік пішімнің маңызды элементі, шығармаға бірлік, бүтіндік, беріп оның элементтерін бір бірімен қосып турады. Пластикалық өнерде композиция көркемдік пішімнің белгілі бір шақтарын біріктіріп отырады. ( шынайы және иллюзиялы қалыптасуды, кеңдік пен көлемді, симметрии және асимметрия, масштаб, ритм пропорции, нюанс және контраст, перспектива және құрылымның бүтіндігін, түстік шешімді). Компазиция шығарманың ішкі құрылымын ғана реттеп қоймай, онын сыртқы көзге қабылдану мүмкіндігін, қоршаған ортамен үйлесуін реттейді. Композицияның мақсаты суретшінің ойының көрушіге қызығарлығ әрі түсінікті болуы болып табылады.
Бейнелеу өнерінің әдебиеттеріңде композицияны «құрылу» немесе «қосу» сияқты анықтамалары кездеседі, олар бейнелеу процессінің бір бөлшегін ғана анғартады. Кейбір басылымдарда композицияны бөлінбейтін бір бүтін ретінде қарастырған.
Композиция туындының жасалуының барлық шығармашылығ процессін бейнелейді және нәтижесі ретінде туындының өзін бейнелейді. Композиция көремдік форманың бейнелеу құралы ретінде суретшінің ойын бейнелейді. Жоғарыда айтылғандардан композиция түсінігінің маңыздылығы, шығарманың белгілі бір копонентін де композоция деп атауға да болатынын көрдік. Суретшінің сурет салу шеберлігі мен оның осы салаға дайындық процессі де мағызды әрі бір-бірімен байланысты болып табылады. Композицияны үйрету барысында әр түрлі әдістер қолданылады. Бір жағынан интуитивтік процес ретінде қарастырса, екінші жағынан оны жазықтықтаға құрылымдыарды құру, шығармашылық қасиеттерді әрі тұлғалық ерекшкліктерді құру құралы ретінде қарастырылады. Бұл екі әдістің арасында байланыстың болу мүмкіндігі шамалы болғанмен, ол байланысты табу қажеттігі туып отыр. Қалыптасқан ғылыми және экспереметтік оқыту әдістеріне қарап, композицияны оқытудың жаңа эффектілі әдісін табу мақсаты тұр.
Композиция декоративтік өнерде
Қазіргі уақытты мәдениетте декоативтік өнердің алатын орны ерекше маңызды. Оны маңызы зор жұмыстарды индустриялды өндіріс пен дизайнның жасау мақсаты болғанымен байланыстыруға болады. Декоративті өнерде жаңа функциялар анықталды. Бұйымның утилитарлық заттылық тенденциясынан ауысты. Бірегей бейнелеу өнерінің маңызы артты. Бұл құбылыстар текстильде, керамикада, шыныда, металлда ерекше кен таралған. Суретші өз туындысында табиғатпен байланысты ерекше идеяларды, эмоциональді жағдайды бейнелейді. Өнерде суретші көп ретте бояу мен қыл қаламның орнына әр түрлі материалдар мен техниканы қолданылады. Әдеттегі технологиямен эксперемент жасай отырып, жаңа пішімді іздестіреді.
Декоративиік өнер көркем өнер энциклопедиясында пластикалық өнер саласы ретінде қарастырылған. Ол сәулет өнері сияқты адамның сыртқы ортамен материалды ортасын қалыптастырады. «Қолданбалы декоративті өнер» құлаққа үйтеншікті естіледі, оны декоративті өнер бөлімі ретінде қарастырылған. Ол «өнердің бірнеше саласым қамти отырып негізіне тұрмыстық қажеттілік заттарын жасауға арналған». Қолданбалы декоративтік өнердің туындыларына мыналарды жатқызуға болады: жиһаз, маталар, еңбек құралдары, қару жарақ, және т.б. суретшінің қатысуымен дайындалған, бірақ өнер туындысына жатпайтын бұйымдарды жатқызамық. Эстетикалық сөздікте декоративиік өнерді өнердің жеке бір саласы ретінде қарастырғанда ғана оның мағынасы толық ашылады. «Қолданбалы өнер» термині қазіргі таңда нақты емес.
Суретші материалдарды батыл қолданып, эксперемент жасай отырып әр түрлі өңдеуді қолданады. Бейнелеу және графикалық элеметтерді енгізеді. Осы кезде материалдар мае технологияның ерекше мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Осылай декоративтік станоктық өнер туындылары пайда болады. Бірақ декоративті өнерде бейнелеу өнері қолданбалы мағынаға ие болады. Мысылға, жиһаздағы декор. Мата жиһаз бетін толықтырып, оны көріктендіре отырып оның сәулеттік ерекшеліктерін бұзбауы керек. Кілем бетіндегі сурет түрлі түсті жіптердің айқасуы арқылы жасалады, әрі локальді түстердің шектеулі политрасымен жұмыс жасауды қажет етеді. Тоқу процессінде оюды геометриялық пішімде, немесе оюланған пішімдер жасау жеңіл болады.
Декоративтілік бейнелік форманың эстетикалық қасиеті ретінде болады, немесе сұлулықтың шартты өзгерген көрінісі;
Декоративтілік декоративтік өнердің басты белгісі болып табылады және пластикалық өнердің басқа түрлерінің бейнелік жетістікке жету құралы болып табылады;
Декоративтілік шығармашылықжағынан символикалық, метафорикалық бейнесмен ассосацияның кең аумаған жасауға мүмкіндік береді. Тек заттық мағынасын бермей сонымен қатар заттың эмоциональді бейнесін, философиялық және поэтикалық мағыннасын жеткізуі керек.
Декоративтілік формальді құрал ретінде оюмен бейнелеуді қажет етеді (пішім стилизациясы, бейнелеудің лаконизмі, бейненің силуэтті жазықтық бейнесі, ырғақтың өсуі, табиғи түстің өзгеруі және коллориттің шарттылығы );
Декоративтіліктің негізі ұлттық өнерден айқын көрініс табады. Себебі, онда өю- өрнектің бейнеленуі қалыпты жағдай болып табылады.
Осы белгілерге қарап декоративтіліктің коп мағыналығын көруге болады. «Декоративті бейне» және «декоративті композиция» мағынасында берілген және ол спецификалық аспектіні ашады. Осыдан Декоративтік өнерде бейнелеу образдарды өзіне тән емес формаларда шындықты бейнелейді. Дккоративтік бейнелер символдық, метофорикалық және поэтикалық болып келеді. Олар ою өрнек жүйесі заңымен айқындалады. Декоративтік бейненің жасалуы барысында обьектінің барлық мінездемесі қайта өңдеуге ұшырайды. Нәтижесінде бейне шартты форма ретінде көрініс табады. Ою өрнектік мотивта және әр түрлі стилизацияланған образда. Шартты және эмоциональды декоративтік образдарды бейнелеу үшін әр түрлі әдістер қолданады: обьекттегі негізгі ерекшелікті айқындау,мотивтің жалпылама силуэтті шешімі, пішінді жеңілдету және пропорция деформациясы, көлемнің шартты және кеңістіктік мінездемесі, арнайы белгіленген колларитте түсті – пластикалық қасиеттердің шешімі. Декоративтік жұсымтың спецификасы және құрылымын түсіне отырып шығармашылық процестерді біріктіру.
Декоративті композицияның анықтамасын қалыптастырып, ол композицияның базалық мағынасы секілді суретшінің еңбегінің барлық аспектілерін қамтиды. Осымен, декоративтік композиция деп мынан айтамыз: Шартты бейнені жасаудың шартты бейнесі; Шығармашылығтың нәтижесі ретінде декоративтілікті алуға болады; Декоративтік бейнені жасауда ою өрнек жүйесі; Шындықты эмоциональды бейнелеу.
Осымен, композиция декоративтік өнерде маңызды психологиялық және практикалық процесс болып табылады. Сонымен қатар суретшінің бейнелік ойлау және сөйлеу шеберлігін меңгеру оның мамандықты меңгеруінің бір бөлшегі болып табылады. Декоративті компазицияның бейнелеу тілі басқа өнер тілдерінен ерекшеленеді.әр өнердің түрі декоративті өнердің ішінде өзіндік тілі бар, бірақ барлығына ортақ, декоративті шығарма-бұл образдардың жасаудың жалпылама жүйесі, ритм және колоритті эмоциональді қолдану. Шарттылық және декоративтілік бұл шығармалардың шынайы белгісі болып табылады. Декоративтік саласында материял, технология және ұлттық нақыш мәдениеті маңызды бейнелеу құралы болып табылады,композицияның түстік қатарын белгілейді. Жоғарыда айтылғандар декоративті компазицияның образды қатарын бейнелейді. Жалпылай келе суретшілердің декоративті компазицияны жасауы мынадай түсініктермен байланыстырылады: жалпылау,кеңістіктік, қанықтылық, белгілілік. Осы айтылған мінездемелер декоративті образдың үш негізгі белгісін айқындайды: ою-өрнек ,түс шарттылығы, сурет стилизациялығы.
Декоративті компазиция негіздері компазициялық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде
Әр салада сауаттылықты қалыптастыру өте маңызды болып табылады. Жұмыстың нәтижелі жүруіне негіз болады. Композициалық сауаттылық, бейнелік және графиалық сауаттылық секілді суретшіге шығармашылық жұмыс жасау үшін қажет. Ол арнайы білімді меңгеру барысында қалыптасады. Композициялық жұмыстарды атқару барысында, практика жинау, композиция негізі аумағында жұмыс жасау тәжірибесі негізінде қалыптасады.
Қайсібір саланың негіздерін айқындау барысы- өте күрделі мәселе болып табылады. Белгі бір саланы меңгеру үшін композиция білімі мен тәжірибиесі қажет. Ғылым негіздері ережеге сәйкес бастапқы курстарда оқылады. Ол пропедевтика деп аталады. Ауқымды білімді қысқа түсінікті жеткізу үшін, формализацияға жүгінеміз. Ол осы білімнің ең маңызды элементтерін ашуға мүмкіндік береді. Философиялық сөздікте формализацияны мәтінді анықтау ретінде түсіндіріледі. Қарастырылған обьектінің заңды жақтарын және заттық, материалдық конструкциясын белгілі бір салада теңестіреді. Әр формализацияға жанды затты жансыздандыру тән. Формализацияның маңызын зерттеу ХХ ғ. Басында қолға алынды. Бұл мәселені Н.А. Адаскина, Р. Арнхейм, А. Гильдебранд, Т.М. Журавская, А.В. Иконников, Т.В. Козлов, З.Л. Рабинович, С.Х. Рапоппорт, В.С. Соколов және т.б. ғалымдар зерттеді. Формализация зерттеулерде өнердің негізін зерттеуге мүмкіндік беретіні айтылған. Жинаған тәжірибие мен білімді, тілдік заңдылықтарды өз шығармашылығына пайдалануға болады. Формализация принціптерімен құрылған оқу программаларында, әр қашан үлкен дамытатын және қалыптастыратын материал бар. Ол білімнің арқасында қажетті салада жұмыс істеуге болады. Сол себепті композициядағы формализацияланған білімге шеберлік негізі ретінде қарау керек. Формальді және құрылымдық білім дәрежелері шығармашылығтың әр саласында өзінің ерекшеліктеріне ие болады.
Декоративті өнер жүйесінің тілінде және композициялық ойлау және композициялық сауаттылырқыты формалау декоративті композицияныңиоқыту пәні ретінде маңызды орын алады. Композициялық дайындаудың тәжірибелік апробация барысында композициялық дайындық барысындағы мәселелер, сол бағыттағы ғылыми зерттеулер әрі осы пәнді оқыту жүйесі. Жүйе әмбебап қасиетерге ие және әр түрлі декоративті шығармашылыққа және дизайнға оқыту барысында қолданылады. Мамандандыру бағытында минемальды түзетулер жүргізіледі. Пән мағынасы осы сұрақтарға жауап беру барысында анықталды: декоративті компазиция саласының білім негізі болып не табылады, пәннің базалық дәрежесіне не қосуға болады, қандай білімді бастама ретінде білу керек, компазициялық мақсаттарды шешу үшін басқа пәндерді қолдануға болады.
Формализация көмегімен келесі мақсаттарға жетуге мүмкіндік туды: композиция саласындағы декоративтік өнер және дизайнға байланысты маңызды сұрақтарды белгілеу,базалық пәнді оқыту үшін теоретикалық материялдың көлемін анықтау,бейнелеу және формальді мәселелерді шешу барысында дамыту мақсатында практикалық жұмыстарды ойластыру (жазықтықты құрылымдық ұйымдастыру, статикалық және динамикалық құрастыру, ритмдік және пластикалық қозғалыс , сызық, түс,тепе-теңдік) сюжетке қатыссыз , нақты идеялар, материял және технология. Формализацияланған білім дәрежесінде оқыту тәжірибесіне қарап мынадай шешімдер қабылданған: абстрактілі материялды ұйымдастыру негізінде композицияның құрылымының шарттарын оқыту; композициялық категорияларды жеке қарастыра (симметрия, ритм, тепе теңдік,сызық, түс) отырып, анализ, одан кейін синтез жасау; композициялық ойлауды дамыту, фантазия, сызықтармен жұмыс жасап, эксперементті түрде студенттердің ойларының дамуы, түс пен постановканы қарапайым және күрделі декоративті образдарды жасау мақсатында пайдалану. Пән композиция саласына байланысты негізгі түсініктер мен шындықты, теорияны қамтыды. Ол шынайы өнер мен шығармашылық процесі туралы білім, ою өрнек өнері мен оның мәдениеттегі орны, композицияның заңдылықтары туралы ілім. Түс теориясы және бейнелеу образдарында шағылысу теориясы ерекше орын алады. Композиция саласының әдістерін меңгеру практикалық жұмыстарда қарастырылған, барлық жұмыстардың негізі соны меңгеру мақсатында шеберлікті қажет етеді. Ол қараапайым әрі күрделі оюларды жасай білу, бейнелеу жазықтықтарын ұйымдамтыру жұмытарын жасай білу, түстердің гормониялық үйлесімін жасау, шынайы бейнені шартты бейнеге өзгерте білу. Қиындықтың өсуіне байланысты техникалық және материалдық заттар менгеріледі. Бірінші сызық менгеріледі, одан кейін дақ, кейін түс менгеріледі. Қарындаш пен тущпен жұмыс істегеннен кейін қыл қаламмен және бояулармен жұмыс істеу керек. Композициялық ойлау мүмкіндігін дамыту композиция негізін толық меңгергеру нәтижесінде дамиды. Әр қимыл ойлау, іздену, құрастыру және дамытуды қажет етеді. Шығармашылық мәселесі ою өрнек мативі, рапортты құрылым, натюрморт, стилизацияланған жануар бейнесі немесе тематикалық шешім. Барлық тапсырмалар компзициондық мүмкіндіктерді дамыту мақсатында жасалған (формат сезімі, ритмғ түс, үйлесім) жеке және комплексте.
Жалпылай келе композициялық сауаттылық және композициялық ойлаудың дамуы декоративті композицияны оқытудың сонғы үш деңгейінде жүргізіледі. Бірінші денгейде шығармашылық процестердің мақсаты ою өрнек жүиесін бейнелеу және композицияны ашық және жабық құрылымда бейнелеу арқылы анықтайды.
