Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
496 Кб
Скачать
☆

8. Раппортты композиция.

Композицияның көп мағыналылығын құрылым принципына қарай екіге бөлуге болады: Ашық құрылымды композиция (рапотты) және жабық құрылымды композиция (монокомпозиция). Рапортты құрылым ою өрнекте кең қолданылған. Рапортты композицияның ашықтығы суреттің тігінен және көлделеңінен қайталануына байланысты. Мылалға мата бетіне түскен қайталанатын өрнек. Раппорт – дегеніміз суреттің қайталанатын аумағы, белгілі бір өрнектің еш арақашықтық қалдырмай толтыруы. Көп жағдайда рапорт квадрат немесе тік төртбұрыш пішімді болады, оған бір немесе бірнеше мотивті енгізуге болады. Микроқұрылым – бір рапотта мотивтардың жабық аумақта құрылуын айтады.

Макроқұрылым - бұл раппорттардың сыртқы бейнелену аумағында қайталануы. Бірақ раппорттар саны макроқұрылымда жұп болуы тиіс. Раппорттардың көлеміне байланысты композиция ұсақөрнекті ( 2 см аралығында) , орташаөрнекті (2-10 см), ірі өрнекті ( 10 см )болып бөлінеді. Раппорттардын сызығының стыкы – раппорттар шекарасы, олар бір бірімен сәйкесіп, суреттің үздіксіздігін қамтамасыз етуі керек. Олар суретші үшін маңызды жұмыс аймағы болып табылады, әсіресе динамикалық көпэлементті суретті жасау барысында.

Аяқталған композицияда раппорттар шекарасы болмайды, сол себепті тек қана қабылдынған өрнек қайталанады. Ою өрнек суретінің шексіздік иллюзиясы композицияның ашықтығын бейнелейді. Бір бағытта раппорттардың қайталануы таспалы суреттің негізін құрайды (кайма, бордюр). Раппорттардың тігінен және көделеңінен қайталануы тор тәріздес құрылымды құрайды (мата, обой, сәулеттік қатпар). Араласқан ою өрнексік құрылымдар болады(тор тәріздес құрылым таспалы өрнекпен араласады)

Раппорттық суреттер макроқұрылымның үш сызбасымен жасалады, ол композицияның ритмдық құрылымын анықтайды.

Тік раппорт – мотивтар бір біріне сәйкесіп орналасады. Суреттің ритмдік құрылымын тор көзді және анық көрінеді.

Жартылай қозғалған раппорт – шахмат тәріздес орналасады. Ритмдік құрылымы тор көзді деп аталады.

Аз мөлшерде қозғалған раппорт – зигзаг тәріздес орналасады. Ритмдік құрылымы сызықтар тәріздес орналасады. Мотивтардың раппортта ритмді орналасуына байланысты , оның жай немесе күрделі пішіміне байланысты композицияның мінезі айқындалады. Раппортты композициялар бір немесе бірнеше симметриялық мотивтарды қолдану барысында олардың арасындағы қашықтықты сақтау барысында шешіледі. Қарапайым мысал ретінде сызықрар, торлар немесе бұршақ бейнеленген суретті жатқызуға болады.

9.Динамикалық раппорт.

Динамикалық раппортты композиция композициялық шешіміне байланысты кең ауқымды және контраст принціпіне негізделген. Бір раппорттың ішінде мотивтардың қарама қарсылығы. Композицияның динамикалылығы, формасы, түсі, пластикасы мен қозғалысы мотивтардың көлеміне байланысты болады. Динамикалық раппортты композицияның мысалы ретінде біркелкі емес ритмда, көлемі өзгерген қарапайым пішімдерді жатқызуға болады. Күрделі динамикалық композициялар «мотивтан раппортқа» деген принціпқа негізделген, ол макроқұрылым фрагментін жасау барысында айқындалады. Сурет әр түрлі, бос бағыттағы мотивтердер құралады. Әр түрлі пластикалық элементтердің өрімдері байқалады. Бұл принцип пішімнің көпжақтылығын бейнелеу мүмкіндігін қолайлы әрі шығармашылық болып келеді. Раппорттар шекарасында өрнектің бүтіндігін көрсететін мотивтер бейнелк керек. Бұл әдісті завуалирлеу деп атайды Оны көйлектік маталар және декоративтік маталар жасауда қолданады.

Ою өрнек суреттерінің көркемдік бүтіндігін, біріншіден оны құрайтын барлық құрылымының келсімі бейнелейді.