- •Дәріс тезистері
- •Дәріс сабақтарының жоспары
- •1 Модуль. Композиция теориясы.
- •1. Композицияның жалпы сұрақтары.
- •Костюм композициясының ерекшеліктері.
- •2 Модуль. Композицияның көркемдік құралы.
- •3. Ырғақ заңдылықтары.
- •4. Симметрия заңдылықтары.
- •3 Модуль. Композицияның бейнелеу құралы.
- •6. Сызық бейненің құралы сияқты.
- •5. Тепе-теңдік заңдылықтары.
- •Раппортты композиция.
- •Динамикалық раппорт.
- •8. Раппортты композиция.
- •9.Динамикалық раппорт.
- •5 Модуль. Жабық құрылымды композиция.
- •10. Монокомпозиция.
- •Бейне және фон.
- •6 Модуль. Композициядағы стилизация.
- •12. Нақты формаларды сильдеу әдісі.
5. Тепе-теңдік заңдылықтары.
Тепе-теңдік өнерде кейбір түрлерде әмбебапты немесе заңдылықпен барлығын көлемдететін болып табылады. Кез келген қозғалыс шамаластықты, ырғақты, пропорцияны, статиканы немесе динамиканы іздеумен байланысты бейнеленген материал ұйымының басты тақырыбын шешуге – композицияның көрермен тепе-теңдігінің жетістігіне әкеледі. Композициядағы тепе-теңдік бұл әр түрлі бағыттылған күш әрекеті, жазықтықтағы немесе кеңістіктегі формадағы бейненің бүтіндігі және тұрақтылығы қамтамасыз етілтін мұндай композиция элементінің арақатынасын орнату. Композицияда барлық параметрлер салмақты болуы керкек: формасы, өлшемі, аралығы, тондық және түрлі-түсті қатынасы. Тепе-теңдік үйлесім негізінде жатыр. Композициядағы түс үйлесімі бұл аталуы және «салмағы» бойынша түсті дақтардың тепе-теңдігі. Композициядағы қозғалыс үйлесімділігі бұл әр бағыттағы тепе-теңдікке әкелу, олардың өзара «бір біріне тартылуын» қамтамасыз ету. Тепе-теңдікті статикалық және динамикалыққа шартты бөлу ерекшелейді. Динамикалық тепе-теңдік симмеорияның және бірдейліктің болмауын қалайды. Тепе-теңдік композицияда әр түрлі келбеттерді, ырғақты ұйымды, жалпы құрылымдағы әрбір элементтің ролін анықтауды, мағыналы ортаны белгілеуді салыстыру мен компенсациялаумен жетеді.
ырғақ деген не?
тепе-теңдік деген не?
3 Модуль. Композицияның бейнелеу құралы.
6. Сызық бейненің құралы сияқты.
Өнердің барлық түріне жалпылама бейне құралы болып: нүке, сызық, дақ және түс жатады. Бұл құралдардың көмегімен дизайнер өзінің ойлағандарын қағазда, жобада, материалда жүзеге асырады.
Сызық бейненің ең таралған және қолайлы құралы болып табылады. Модельерлік суретте сызық форманың шеттерін сызып шығуға, оның ішін өңдеуге, жазықтықтың фонын ұйымдастыруда, көлемі мен пластикасын көрсетуде қолданады, яғни негізгі форма беретін элемент болып табылады. Сызықты сурет қарама-қарсы сызықта үстінен қабылданады. Сызық ксінділерден тұруы мүмкін немесе толасыз, жуан немесе жіңішке болуы мүмкін, өрнек түрінде, анық контур немесе жіңішке сызық түрінде қатысуы мүмкін. Сызық жуандығын және жарығын өзгерту арқылы затқа көлемдік бере алады. Сызық шексіз мүмкіндіктерге ие, ол сызықтың маңайында байқалатын әсерлі жағдайын көрсете алады: ауырлығын, қаттылығын, динамикалығын, әсемдігін, ақындығын. Барлық сызықтар қозғалысын білдіреді, бірақ ар түрлі. Түзу көлденең сызық тұраты және статикалы, түзу тік сызық сымбатты және ынталы. Жантайған түзу динамикалы, түзу драматикалық сынған және дау-жанжалды. Біркелкі қисықтар қимылдың шыдымсыздығымен, жайлылығымен және калебателдігімен суреттелінеді. Біркелкі емес қисықтар аса динамикалы және ұйытқымалы. Сызықтар түріне қарай түзу (біркелкі және сынған) қисық (біркелкі және біркелкі емес) және аралас болып бөлінеді. Бағытына қарай сызықтар көлденең, тік және жантайған болады. Тағайындалуына байланысты контурлы (жабық), басты (суретті формалайтын) және көмекші (өңдейтін) болады. Қалыңдығына байланысты жуан, жіңішке және аралас болады. Бұл барлық сызық ерекшкліктері көркемдік образды формалауда қажет болады.
7. Дақ құрал тәрізді.
Дақ композицияда белсенді құрал сияқты қолданады. Дақ әр түрлі өлшемді, дұрыс және дұрыс емес формалы, жазықты және көлемді модельденген, жеңіл және ауыр болуы болуы мүмкін. Дақтың айқындығы оның қарама-қарсылық, жарықтық, түрлі түсті дәрежесіне байланысты.дақтың таралуы және жазықтығы іскер қолда әр түрлі жағдайды беру арқылы нәтижелі құралға айналады. Мұнда маңыздысы форманың түзу сызықтығы және қисық сызықтығы, орналасуының тығыздығы, бағыты және дақ ырғақтығы. Ақ-қара дақ құрал сияқты ойды графикалық беруде кеңінен қолданылады (қарама-қарсылық, анықтық). Дақтық жүйеге сұр түсті реңкті қосу тондық байланыстарды шешуді білдіреді (жарықтық, нюанс, жоспарлық). Дақ әр түрлі түске боялуы мүмкін. Дақ түстерінің ұйымының проблемасы – бұл дегенің түс үйлесімділігінің проблемасы, басты колоритті анықтау және әрбір түстің жалпы құрылыстағы орны (позициялы тондық және түрлі-түсті дақтар, олардың түрлі мүмкіншіліктері және үйлесім тәсілдерін берілген пәннің кез келген қорытылған тақырыбында толық каралады). Нүктені кішкене өлшемді дақ деп қаблдауға болғандықтан, оны жеке бір құралға белгілеудің қажеті жоқ. Нүкте жалғыз өзі аз мән береді бірақ, ырғақты ретке келтірілгендер көркемдік ауырлықты көтереді (ұсақ бұршақты сурет). Нүкте композицияның элементі болғандықтан фоны өңдеуде, фактураны және көлемді беруде қатысады (қабылдау «пико»). Нүктені басқа бейнелі құралдарға қосымша ретінде қолдану композицияны тірілтеді, жеңілдетеді және түрлендіреді.
Дақ пен сызықтың үйлесімділігі. Тірі шығармашылық прцессте көбіне бір бағыттық немесе дақпен сызықтың ауыспалылығының қолднылуы байқалады. Әдетте сурет сызықтардан басталады деп санайды, бірақ, дақ белгілі түс және фактурасы бар фон түрінде қатыса алады. Көбіне сызықтар түспен құйылатын форманың контуры ретінде белгіленеді, міне сол кезде біз дақпн жұмыс жасаймыз. Силуэтті шешілген композиция сызықтармен, жіңішке сызықтармен, нүктелермен бөлшектенеді немесе бүтіндей контурды бояумен жиналады. Суретте сызық басым болады, ал кескіндемеде түрлі –түсті дақтар басым болады. Бір композицияға бірнеше бейнеленген құралдарды қабылдау және олардың үйлесімділігін қатар бағыну принципі бойынша талап етеді.
композиция деген не?
бейнелеу деген не?
бейнелеудің негізгі көркемдік құралдары?
асимметрияны анықтау?
симметрияны анықтау?
статика деген не?
динамика деген не?
