Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118 Кб
Скачать
☆

10Билет

1.XVIII ғ Француз ағартушыларының саяси пікірлері. Монтескье Шарль Луи (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог.Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:•заң шығарушы,•атқарушы•сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.

2.Биліктің  жалпы  түсінігі,  мағынасы,  мазмұны.Қоғам өзінің саяси жүйесінде  әлеуметтік міндеттерді билік арқылы,  құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты  қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.  Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым саяси қозғалыс және саясаттың өзін түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Сонымен бірге оның бүкіл қоғамдық қатынастардың ішінен саясатпен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік беретінін айту керек.Қазіргі саяси ғылым әдебиеттерде биліктің 5 анықтамасы кездеседі:1. Бихевиористік анықтама бойынша билік бір адамның басқа адамның мінез-құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген ерекше мінез-құлық деп түсіндіріледі.2. Телеологиялық анықтамада — билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің амалы дегенді білдіреді.3. Инструменталистік анықтама бойынша — билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.4. Структуралистік анықтамада — билік басқарушылар мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.5. Конфликттік анықтама бойынша қоғамдағы игіліктерді даулы жағдайларды бөлісу, үйлестіру, құрастыру амалдары ретінде түсіндіріледі.Жалпы алғанда билік дегеніміз  қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.

3.Әлемдік  жүйедегі  негізгі  бағыттар.Әлемдік жүйе – мақсатты анықтауда әлемдік байланысты қолданатын әлемдік станция (ӘС) және (немесе) жерлік станцияға біріктірілген кез келген топ.Әлемдік қауымдастық - жаһандану барысында қалыптасатын ғаламдық әлемдік жүйе. Ол жөнінде алғашқылардың бірі болып, АҚШ президенті А Р.Никсон 1969 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: "Бүкіл тарихи ғұмырымызда біз бірінші рет әлемдік қауымдастық бо- льш отырмыз", - деді. Ғаламдық деңгейдегі құбылыс ретінде әлемдік қауымдастыққа XX ғасырдың 80-ші жылдары баса назар аударыла бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]