Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118 Кб
Скачать
☆

14 Билет

1. Саяси  жүйе  туралы  теориялар.Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уакыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады."Кірістің" 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін кысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

2. Cаяси  режим  ұғымы,  типтері.Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары.Саяси режимдердiң түрлерi: Демократия,Авторитаризм,Тоталитаризм.Авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим.Демократиялық режим.Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos — халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады.. Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим.

3. Тұлғаның  саяси  мәдениеті.Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

15 Билет

1. Саяси  тәртіптер  және  оның  түрлері.Саяси режим түсінігі саяси жүйенің де, қоғамның да, мемлекеттің, тұлғаның мәнді сипаттамасы. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік – саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына , биліктік әсер еткдің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді. Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады. Негізгі типтері: авторитарлық режим, тоталитарлық режим, демократия.Қазіргі саяси режимдерді демократиялық демократияға қарсы деп екі топқа бөлуге болады. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген.  Ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік саяси құрылысы жатады.мұндай тәртіпке азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік береді., әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді. Авторитаризм – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық режимге бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Тоталитаризм  – авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен, яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Тоталитарлық режимге жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия  оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Демократиялық режим мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады

2. Мемлекеттің  шығу  теориясы  және  оның  басқару  түрлері.Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. . Күштеу теориясы  мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді. . Тарихта екі басқару түрі белгілі: монархия және республика. ‘’Монархия’’ - алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады.

3. Қоғамды  демократияландыру және  саяси  жаңару.ХХ ғасырдың 80-90 жылдары әкімшілік социализм елдерінің көпшілігінде авторитарлық және тоталитарлық режимдер күйреді. Бұл елдер демократиялану жолына түсе бастады. Қоғамды демократияландыру мен қайта құру жолына түскен елдерде қоғамдық және саяси  қайта құрулардың екі негізгі жолы көрінеді:1) либералдандыру жолы. Ол батыс үлгісіндегі тез саяси және экономикалық либералдануды («шоковая терапия») ұсынады. Шығыс Европа елдерінің кӛбі,КСРО осы жолды таңдады. Олардың ішінде, саяси мәдениеті, экономикалық уклады Батысқа жақын елдерде ӛндірістің құлдырауы т.б. жағымсыз құбылыстар болса да, қоғамның демократиялануы мен өзгеруі табысты болды. Демократияланудың бұл үлгісін қабылдау, әсіресе КСРО үшін ауыр салдарға әкелді.2) реформалаудың қытайлық үлгісі. «Демократияланудың» кеңестік тәжірибесінен кейін ресми идеология ретінде коммунистік идеологияны сақтаған елдер, ең алдымен Қытай тоталитарлық саяси құрылымдарды модернизациялау, мен реформалаудың өзіндік үлгісін жасады, ол «жаңа авторитаризм» деп аталды. Бұл үлгінің мәні - орталықтың күшті билігін сақтау және оны саяси тұрақтылықты сақтау мен сыртқы әлем үшін ашық рыноктық экономиканы дамытуды көздейтін  радикалды экономикалық реформалар жүргізу үшін пайдалану. Қытай үлгісі өзінің экономикалық және әлеуметтік нәтижелілігін көрсетті. Қазақстандық саясаттанушылар, қоғамтанушылар еліміздің батыстың либералдық үлгілеріне де көзсіз бағдар алмағанын және авторитарлық модернизация тәжірибесін сол күйінде қайталамағанын дұрыс көреді. Саяси және  шаруашылық реформалаудың тиімді үлгісі өз ерекшеліктерін, дүниежүзілік  тәжірибені әбден сараптап, барынша дамыған және гуманистік қоғам құру үшін белсенді және нақты мемлекеттік саясат жүргізу нәтижесінде табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]