Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118 Кб
Скачать
☆

13Билет

1. Ж.Баласағұн, М.Қашқари,  Әль-Фараби  саяси  идеялары.Әбу Насыр Әл-Фараби - аса көрнекті саяси ойшылдардың бірі. Саясатттануға байланысты «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар. Әл-Фарабидің ілімінде қоғамдық құрылыс және мемлекетті басқару мәселелері ерекше орын алады. Әл-Фарабидің ойынша қоғамдағы бар қиыншылықты жеңетін, бақытқа  жеткізетін - ақыл парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай  ғылымды, білімді игеруі керек. Әл-Фараби алғашқылардың бірі болып адамдарды  ардақтап, асқақтаты. Ұлы дана халықтар достығы насихаттады. Әл-Фарабидің  ғылыми негіздемелері - Орта Азияның ұлы ғұламалары саналатын - Әбу Әли Ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашқари, Қожа Ахмет  Яссауи сияқты саяси ойшылдардың ғылыми көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. Жүсіп Баласағұни - ақын, философ, қоғам қайраткері. Негізгі еңбегі – энциклопедиялық еңбек болып табылатын поэма «Құтадғу білік» («Бақыттылық жайлы ілім»). «Құтадғу білікте» мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Махмуд Қашқари – Қарахан мемлекетінде өмір сүрген, ірі ғұлама, әдебиетші, саяхатшы, тарихшы, ойшыл, түрколог-ғалым. «Түркі тілдерінің сөздігі» атты атақты еңбегінде адамдар арасындағы адамгершілік, этика мәселелерін де сөз етіп, ел билеуде ақыл парасатты, әдепті, кішіпейіл болу керек деген.

2. Жеке  тұлғаның  саяси  әлеуметтендіру.Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.Саяси әлеуеметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының  дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік  адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм ( саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді.

3. ҚР дағы  саяси  партиялардың  идеялық  саяси  тұжырымдамалары.Қазақстан тарихында “Алаш” партиясының алатын орны айрықша.Бұл партия Қазақстандағы алғашқы либерал-демократиялық партия болды. “Алаш” атын алған партия – қазақ даласындағы алғашқы дербес партия болды.1918 жылдан бастап Қазақстанда бір ғана саяси партия — коммунистік партия болды. Бірақ ол, Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) бөлімі (филиалы) ретінде ғана өмір сүрді. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстан қоғамындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен «Асар», Азаматтық және Аграрлық партиялар «Отан» партиясымен қосылып, біртұтас саяси партияға айналды. Съездегі осы партиялардың 346 делегаты партияның «Нұр Отан» деген жаңа атын мақұлдап бекітті.Қазақстан Конституциясына 2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгертулер бойынша, Мәжіліске 98 депутат партиялық тізім негізінде сайланатын болды. 2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси партия болып қалыптасты. Бұл партия бүгінгі таңда Қазақстандағы ең қуатты, халықты көп қамтыған, ұйымшыл қоғамдық-саяси күш. Ол қазақстандықтардың басым көпшілігінің сеніміне кіріп, үлкен беделге ие болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]