- •3.Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты
- •2 Билет
- •10Билет
- •11.Билет
- •12Билет
- •13Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •19 Билет
- •3)Қоғамдық саяси жүйе және оның элементтері туралы түсінік
- •20Билет
- •21)Билет
- •1)Азаматтық қоғам және оның белгілері, өмір сүру қабілеті
- •2) Саяси идеология ұғымы, түрлері
- •3) Саяси мәдениет түрлері
- •22Билет
- •1) Саяси жүйенің типологиясы
- •23Билет
- •24)Билет
- •25Билет
- •26 Билет
- •27Билет
- •28Билет
- •Президенттік.
- •Парламенттік.
- •Қазақстанда демократиялық режимнің президенттік басқару типі билік жүргізеді. Демократиялық режимнің басты саяси-әлеуметтік функциялары жүзеге асырылады.
12Билет
1.Н.Макиавеллидің саяси идеялары.Макиавелли Никколо (3.5.1469, Флоренция — 22.6.1527, сонда) — флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі. Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Сондықтан, И.бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет.Макиавеллидің ("Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары", "Әмірші", "Әскери өнер туралы" және т.б.) шығармалары Жаңа дәуірдің саяси-құқықтық идеологиясына негіз болды. Макиавелли : "өткенді зерттеу — болашақты болжауға немесе көнелердің мысалымен осы шақтағы пайдалы іс-әрекеттердің құралы мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді",— деп түйді. Макиавелли мемлекетті (оның нысанына қарамастан) үкімет пен азаматтар арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егерде үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егерде қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды деп жазады. Макиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады. Макиавелли :"дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы",— деп тұжырымдады. Осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан, заң шығарушылардың барлығы құдайдың өміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру да оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс.Макиавелли шығармалары әлеуметтік ойлардың кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті.
2. Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
3. ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауы.Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр.Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.Дәл осы себептен де Тәуелсіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отандастарым, мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын.
