Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Math.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

19. Дискреттік кездейсоқ шамалар. Үлестірім заңдары.

Кездейсоқ шама – ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі.Кездейсоқ шама – жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама

Дискрет кездейсоқ шама - әр мәнінің пайда болу ықтималдылығы көрсетілген дискрет шама.

. Дискретті кездйсоқ шама және олардың сипаттамалары

Пуассонның шектік теоремасы

Р-ның мәні 0-ге не 1-ге мейлінше жуық болмағанда және жағдайда Лаплас формуласының жуық асимптотикалық формула болатынын көрдік. болған жағдайдың ерекше мәні бар. Бұл жағдайда мына теорема орын алады.

Пуассон теоремасы. А оқиғасының әрбір сынауда пайда болу ықтималдығы болса ( -тұрақты және п-нен тәуелсіз), онда өзара тәуелсіз п сынаудан құрылған серияда А оқиғасының дәл т рет пайда болу ықтималдығы

яғни ; мұндағы .

Бұл асимптотикалық формула өте сирек пайда болатын оқиғаларға тән заң. Мұны Пуассон формуласы немесе Пуассон заңы деп атайды.

Дискретті кездейсоқ шамалардың кейбір үлістірімі

Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестіру заңдары

Тәжірибе нәтижесінде кездейсоқ Х шамасы мәндерінің бірін қабылдап, яғни қос –қостан үйлесімсіз оқиғалардың толық тобын жасайтын оқиғаларының бірі пайда болсын. Бірақ бұл жеткіліксіз. Өйткені мәнін қандай ықтималдықпен қабылдайтынын да білу қажет. Бұл оқиғалардың ықтималдықтарын сәйкес арқылы белгілейміз, яғни оқиғалардың толық тобын жасағандықтан,

яғни кездейсоқ шаманың барлық мүмкін мәндері ықтималдықтарының қосындысы бірге тең. Бұл ықтималдықтар қандай да бір жолмен -дің дербес мәндеріне үлестіріп таратылып отыр.

Сонымен, кездейсоқ шама мәндерімен оларға сәйкес ықтималдықтарды байланыстыратын ереже дискретті кездейсоқ шаманың үлестіру заңы делінеді. Бұл заң таблица, график немесе формула түрінде өрнектелуі мүмкін.

І. Үлесіру таблицасы

Кездейсоқ шама мәндері

Х

Х1

Х2

...

Хn

қосынды

Кездейсоқ шама мәніне сәйкес ықтималдық

P1

P2

...

Pn

1. Биномдық үлестіру формуласымен берілетінді, мұнда .

2. Пуассондық үлестіру. формуласымен өрнектеледі.

3. Геометриялық үлестіру. формуласымен өрнектеледі

10. Екінші ретті тұрақты коэффицентті, сызықты, біртекті дифференциялдық теңдеулер.

Екінші ретті коэффиценттері тұрақты біртекті жәй сызықтық дифференциялдық теңдеуді қарастырайық:

a0y’’+a1y’+a2y=0 (1)

теңдеуі берілсін дейік, мұндағы а0, а1, а2 коэффиценттері тұрақты сандар.

Бұл теңдеудің дербес шешімін y(x)=ekx түрінде іздеп көрейік, мұнд. K- анықтауға жататын белгісіз. (1)- теңдеудің сол жағына y(x)=ekx, y’(x)=ekx , y’’(x)=ekx өрнектерін қойып, мына теңдеуді шығарып аламыз.

(a0k2+a1k+a2) ekx=0.

ekx функциясы х-тің ешбір мәнінде нөлге тең болмайтындықтан y(x)=ekx функциясы (1)-теңдеудің шешімі болуы үшін a0k2+a1k+a2 үшмүшелігі нөлге тең болуы қажетті және жеткілікті. a0k2+a1k+a2 үшмүшелігі характеристикалық үшмүшелік, ал a0k2+a1k+a2=0 теңдеуі(1)-дифференциялдық теңдеудің характеристикалық теңдеуі деп аталады.

Характеристикалық үшмүшелікті қарастырғанда әртүрлі жағдайларға кездесеміз.

1-жағдай. Сипаттамалық үшмүшліктің әртүрлі нақты екі түбірі бар дейік, оларды k1 және k2 арқылы белгілейік және k1 k2 сонда біз (1)- теңдеудің әртүрлі дербес екі шешімін :

у1(x)=ek1x және у2(x)=ek2x

шығарып аламыз. Бұл дербес екі шешім бір-бірімен бірі сызықтық байланыссыз, барлық сан өсінде негіздік дербес шешімдер жүйесін құрып, Вронскийдің анықтауышы деп аталатын екі ретті анықтауышты береді:

(x)= =(k2-k1)e(k1+k2)x0.

Демек (1)-теңдеудің жалпы шешімі мына түрде жазылады:

y (x)= C1ek1x+C2 ek2x .

2-жағдай. Енді сипаттамалық үшмүшеліктің бір-біріне тең нақты екі түбірі бар болсын. Бұл жағдайда a0k2+a1k+a2 квадрат үшмүшеліктің дискриминанты нөлге тең. Сондықтан

K1=k2=k0=

Бұл жағдайда сипаттамалық теңдеудің нақты бір шешімін у1(x)=ek0x бірден жазып аламыз. Ал, екінші дербес шешімді бірінші дербес шешімнен сызықтық тәуелсіз етіп, у2(x)=хek2x түрінде таңдап аламыз. Сонда сипаттамалық үшмүшелікке сәйкес (1)- теңдеудің жалпы шешімі былай жазылады: y (x)= C1ek0x+C2х ek0x =(C1+C2x) ek0x.

3-жағдай. Егерде сипаттамалық үшмүшеліктің түбірлері комплекс сандар болса, k1=+i ; k2=-i, онда (1)-теңдеудің жалпы шешімі былай жазылады:

Мысал:

1)y’’-5y’+6y=0 теңдеуін алып қарастырайық. Бұл теңдеудің сипаттамалық үшмүшелігінің k2-5k+6 түбірлері k1=2; k2=3. Сондықтан сипаттамалық теңдеудің негіздік дербес шешімдер жүйесі: у1(x)=e2x және у2(x)=e3x шешімдерінен тұрады. Демек біртекті екінші ретті дифференциялдық теңдеудің жалпы шешімі:

y (x)= C1e2x+C2 e3x болады.

2) y’’-6y’+9y=0 теңдеуі үшін сипаттамалық үшмүшелік k2-6k+9 түбірлері k1=k2=3. Сондықтан негіздік дербес шешімдер жүйесі: у1(x)=e3x және у2(x)=хe3x. Демек жалпы шешім : у(x)=(C1+C2x)e3x өрнегіне тең.

3) екінші ретті y’’-4y’+5y=0 дифференциялдық теңдеуін алып қарастырайық. Сипаттамалық үшмүшеліктің k2-4k+5 бірне бірі түйіндес , k1=2+i ; k2=2-i екі түбірі бар. Ал негіздік дербес шешімдер жүйесін у1(x)=e2x cosx ; у2(x)=e2xsinx шешімдері құрайды. Сондықтан коэффиценттері тұрақты біртектес екі ретті y’’-4y’+5y=0 теңдеуінің жалпы шшімі былай жазылады:

y (x)=( C1cosx +C2 sinx) e2x.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]