- •1 Технологиялық бөлім
- •Бұйым құрастыруының технологиялық үрдісін жобалау
- •1.1.1Бұйымның,тетіктің немесе құрылымдық бірліктің қызмет сипаттамасы
- •1.1.2 Бұйым конструкциясын технологиялыққа талдау
- •1.1.3 Өндіріс типін таңдауының негіздемесі
- •1.2.2 Өндіріс типін таңдауының негіздемесі
- •1.2.3 Тетік конструкциясын технологиялылыққа талдау.
- •1.2.6 Маршруттық және технологиялық процесстерін жобалау
- •1.2.4 Дайындама алудың техника-экономикалық негіздемесі
- •1.2.5Бұйымды өңдеу операция кезіндегі технологиялық базаларды таңдауының негіздемесі.
- •1.2.7Механикалық өңдеу операциясы кезіндегі әдіпті есептеу.
- •1.2.8 Кесу режимі мен машиналық уақытты анықтау есебі
- •1.2.9 Техникалық уақыт нормасын есептеу
- •1)Фрезерлеу операциясының уақыт нормасын есептеу.
- •2)Жону операциясының уақыт нормасын есептеу.
- •3)Бұрғылау операциясының уақыт нормасын есептеу.
- •Ажарлау операциясының уақыт нормасын есептеу.
- •2 Конструкторлық бөлім
- •2.1 Қондырғының сипаты мен орнату сұлбасы
- •3 Ұйымдастыру бөлімі
- •3.2 Жылдық бағдарламаға керекті білдек сағатының механикалық өңдеуге керекті еңбек сыйымдылығын анықтау.
- •3.3 Өңдірістін негізгі жабдықтар саның анықтау.
- •3.4 Цех жұмысшыларының санымен құрамын анықтау.
- •3.5 Механикалық бөлімнің ауданын анықтау.
- •3.6. Механикалық бөлімінің көмекші бөлігінің ауданын анықтау.
- •Құрастыру стендінің санын анықтау.
- •Құрастыру бөлімінің ауданың есептеу.
- •Механикалық құрастыру бөліміндегі жұмысшылар санын анықтау.
- •3.10 Қызмет көрсету мекемесін жобалау.
- •4.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •4.2 Ұйымдастыру іс – шаралары
- •4.3 Техникалық іс - шаралар
- •4.3.1 Электр қауіпсіздігі
- •4.3.2Жасанды жерге қосуды есептеу
- •4.3.3 Сору тарту желдетуін ұйымдастыру
- •4.3.4 Ауа алмасуын есептеу
- •4.4 Санитарлы-гигиеналықіс – шаралар
- •4.4.1 Табиғи жарықтандыру
- •4.4.2 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру және есептеу
- •4.5 Өртке қарсы іс – шаралары
- •5.1 Негізгі өңдірістік қорды есептеу
- •5.1.1 Технологиалық жабдықтар
- •5.1.2 Көмекші жабдықтар
- •5.2Негізгі өңдірістік қордың басқа элементтерін есептеу
- •5.3 Өнеркәсіп жұмысшыларының санын есептеу
- •5.4 Материалдың, энергияның, аспаптардың және тетіктердің шығындарын есептеу
- •5.4.1 Негізгі материал
- •5.4.2 Көмекші материал
- •5.4.3 Энергиялар
- •5.5 Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақыларының қоры
- •5.6 Шығындардың кешенді статьялары
- •5.6.1 Цехтардың шығындарын есептеу
- •5.6.2 Өнімнің өзіндік құнын есептеу
- •5.7 Айналым қаражаттарын есептеу
- •5.8 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
4.4.1 Табиғи жарықтандыру
Алматы қаласы 44° енділікте орналасады,сондықтан оны төртінші жарық белдігіне жатқызуға болады. Бұл қалаға мына жарық климатының коэффициенті m=0,9,ал аспанның коэффициенті C=0,6 бекітіледі.
4.4.2 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру және есептеу
ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 құжаты негізінде табиғи емес жарықтандыру шарттары өнеркәсіптік кәсіпорындарда көз жұмысын талап ететін жұмыстарға, адамдардың физикалық және моральдық көңіл- күйіне көп әсер етеді.
Кәсіпорындық ғимараттарды жарықтанудың жоғары болуы жұмыс жағдайына дұрыс әсерін тигізеді.
Авариялық жарықтану, жалпы жарықтанудан 5 %- ға аз жарықтануды қамтамасыз етуі керек, бірақ ғимарат ішінде оның деңгейі 2 лк- дан аз болмауы керек.
Эвакуациялық жарықтану, адамның қауіпті деген өтетін жерлерінде орналасады, өтетін жолдардың еденінде, баспалдақтарда орналасады, оның деңгейі ғимарат ішінде 0,1 лк, ал ашық территорияда 0,2 лк болу керек.
Механикалық - құрастыру цехын бірқалыпты жарықтандыру үшін нүктелік жарықтандыру әдісі қолданылады. Цехте жарықтандыру аралас әдіспен жасалған; олар табиғи мен жасанды жарықтандыру. Цехтың жалпы көлемі: 3000 м2 болғанда, жарықтандыру нормасы Ен=200 лк. Люминисцентті шамдар қолданамыз. Егер цехтің ені - 50 м, ұзындығы - 90 м ретінде алсақ, 7 м биіктікке орналастырамыз.
Ен=200 лк - жарықтандыру нормасы
Кз= 1.8
S=3000 м2- цех ауданы.
Z=1.2
N=20 қатар шам.
Ұзындығы 60 м цехта көптеген дәл станоктық операциялар орындалатындықтан 3 м аралық сайын бір қатар шам орналастырдым.
Өндіріс үйінің индексі:
η=0.52- жарық ағынының қолдану коэффициенті. Ол өндіріс үйінің индексіне байланысты.
Жарықтандыруды есептеу:
Есептеу нәтижесі бойынша Ф=5192 лм ДРА-125 лампалары ұсынылады.
4.5 Өртке қарсы іс – шаралары
Кәсіпорын объектілерді өрттен қорғау:объектіні отқа тұрақтылық дәрежесін дұрыс таңдаумен; өрт ошағының пайда болған жағдайдағы оттың таралуын шектеу; жарылысты басымырақ басуға бағытталған жүйені қолдану, түтінге қарсы қорғаныс жүйесін қолдану; адамдарды қауіпсіз көшіру; өрт сөндіру мен өрт дабылдағыш құралдарын қолдану; өрттен қорғануға ұйымдастырумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Кәсіпорын объектілердің өртке қарсы құралдары жаңа өнеркәсіп орындарын жобалау барысында өндірілетін инженерлі-техникалық іс-шаралардың комплексі болып табылады. Сондықтан өндірістегі өрт қауіпсіздігі белсенді өрт қорғанысымен алдын алу тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
Өртті жою және алдын алу үшін біріншіден оның пайда болу себебін білу қажет. Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін және физикалық,химиялық,био-логиялық құбылыстарымен түсіндірілуі мүмкін.
Өрттің пайда болу себептері (статистикалық көрсеткіштері бойынша):
Отты абайсыз қолдану;
Өндірістік жабдықтардың бұзылуы және технологиялық прцесстердібұзу;
Электрикалық құрылғылардың ақаулы күйі және оларды пайдалану ережелерін бұзу
Жылыту аспаптарының ақаулы күйі мен оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін ережелерін бұзу.
Өртті локализациялау және жою үшін, қысқа уақытта келесі шара-лардыөткізу қажет:
Өртеніп тұрған ортаның температурасын белгілі шегіне дейін төменде-ту;
Жанғыш затты өрт аймағынан жою немесе оның өрт аймағында про-центтік қатынасын төмендету;
Өрт аймағынан тотықтырғыштарды жою немесе жану реакциясы тоқ-талуына дейін оның концентрациясын төмендету.
Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.
ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын. Баллондардың сиымдылығы - 8,7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.
Өрт сөндіргіштің корпусы бір жылдан кейін 25 % мөлшерде, 2 жылдан кейін 50 %, 3 жылдан кейін 100 % 2 МПа қысымда зерттеуден өтеді. Жылына бір рет зарядталынып тұрады.
ОХП-10 өрт сөндіргіші оңай жанғыш, жанатын сұйықтарды және қатты заттырдың көбін сөндіруге арналған. ОХП-10 өрт сөндіргішін сумен араласатын сұйықтарды сөндіру үшін қолданғанда оның әсері болмайды, көбіктің қасиеттері өзгереді. Химиялық көбікті құнды заттарды сөндіру үшін пайдаланбаған абзал, оның әсерінен олар бүлінеді. Көбіктік өрт сөндіргіштердің көбіктерінің ток өткізу қабілеті болғандықтан, электр құрылғыларын сөндіру үшін де пайдаланылмайды.
ОВП-5 және ОВП-10 типті қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар.
Кішігірім өрттердің барлық түрін сөндіруде қолданылатын, сиымдылығы 2, 5 және 8 л тең ОУ-2, ОУ-5 және ОУ-8 қолмен сөндіруге ар-налған көмірқышқыл өрт сөндіргіштері.Бұл өрт сөндіргіштер қысымвентилінің маховикті айналдыруы арқылы іске қосылады. Қар тәрізді көмірқышқыл ағыны 2 м қашықтыққа 30-40 секунд уақыт ішінде әсер етеді. Балондағы көмірқышқыл сұйығы 6 мПа қысымда болады да, тұтқаның вентилін ашқанда ондағы қысым 0,98*105 Па дейін төмендейді. Нәтижесінде сұйық көмірқышқыл температураның төменгі көрсеткішінде газ тәрізді күйге өтеді. Сондықтан өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істегенде сақ болу керек.
Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады.
Өрт қауіпсіздігі. Өндіріс санаты “Д” (cуық кезде жанбайтын заттар мен материалдар). Учаскенің құрама бөлігі (іргетас,тіректер) және дайын өнімдер (дайындама,бұйымдар) I топқа жатады (өртенбейтін материалдар).
Өрт сөндіру нормалары бойынша цехтың учаскелері келесі құрал-жабдықтармен жабдықталған:
ОУ-5 көмірқышқылды өрт сөндіргіш 6 дана.
ОВП-10 ауа-көбікті өрт сөндіргіш 12 дана.
Құмжәшік 6 дана.
Сүймендер 12 дана.
Багорлар 18 дана.
Балталар 12 дана
5.ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ[4]
