Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591 Кб
Скачать
☆

1.1.3 Өндіріс типін таңдауының негіздемесі

Өндіріс типін МЕСТ 3.1108-74 негізінде бір жұмыс орнының немесе жабдық бірлігінің операция бекіту коэффициентімен сипатталады. Өндіріс типі төмендегі коэффициент арқылы анықталады:

/𝑄 (1.4)

мұнда -бір бұйымға кеткен уақыт (білдек/сағат);

𝑄-түрлі операциялар саны.Зауыт атынан берілген технологиялық үрдісте 13 операция берілген.

Мемлекеттік стандарт бойынша жоғарыдағы коэффициент жаппай-мол өндіріс типіне сай келеді.

1.1.4 Құрастыру кезіндегі ұйымдастыру формасын таңдау

Құрастыру амалдарының ұйымдастыру формасын таңдау негізінен бұйымның конструкциялық ерекшеліктеріне, шығарылу көлеміне және өндіріс типіне сәйкес анықталады. Берілген жобада жаппай-мол өндіріске жататындықтан ұйымдастыру типін партиялы етіп жүргізген ең тиімді. Өндіріс бағдарлама бұйым күрделілігі мен шығару данасына байланыстырып екі апталық бағдарлама бойынша жүргізіледі.

1.1.5 Құрастыру операциясының технологиялық үрдісін жобалау

Құрастыру операциясының технологиялық процесін жобалау үшін төменде көрсетілген мәліметтерге сүйенеміз:

1 құрастырым сызбасы;

2 құрамға кіретін тетіктердің спецификациясы;

3 құрамға кіретін барлық тетіктердің сызбасы;

4 қабылдау орталығының технологиялық шарттарын;

5 шығару программасы-30000 дана.

    1. Тетік жасаудағы технологиялық үрдісін жобалау

1.2.1 Бұйымның, тетіктің немесе құрылымдық бірліктің сипаттамасы.

Дайындамаларды қолдану аймағы мен сипаттамалары:

Машина жасау өндірісінде білік тетігіне керекті бастапқы

Дегенмен дайындамаларды бағдарламаларының көбеюіне қарай материал пайдалану коэффициентінің мәні арта түседі.

Ірі сериялы және жаппай-мол пайдалану коэффициентінің мәні 0,75 тен 0,95-ке жетуі мүмкін.

дайындаманы негізгі екі әдіспен алады:

1.Материалды пластикалық деформациялау.Осы әдіс негізінде машина жасау саласында дайындама жасаудың соқпа, қақтама, штамптау, ротациялық-соққы машиналарында қысымдап өңдеу, электрлік-шөктіру, көлденең-бұрандама әдісімен прокаттау атты технологиялық тәсілдермен кең орын алған.

2.Дайын стандартты прокатты кесу арқылы.

Дайындама алудың тиімдірек әдістерін таңдап алу үшін арнйы техникалық және экономикалық есептемелер жүргізу керек.

Кішігірім және майда өндірістерде дайындамаларды ыссықақталған прокаттардан әзірлейді.

Соташықмәшинелер мен механизмдердің құрамында, көбінесе айналмалы қимылдар мен моменттерді, олардың бір торабынан екінші торабына беру үшін қолданылады. Қызметіне қарай білік жұмыс үстінде өте күрделі бұралу, созылу және сығылу дефорцияларының әсерінде болады.Сондықтан білікке орнатылған тетіктердің жұмыстары дұрыс болу үшін білік материалының сапасы мен серпімді қатаңдылығы өте жоғары болуы керек.

Соташықтың серпімді қатаңдылығы оның геометриялық өлшемдеріне байланысты.Практикада,егер біліктің ұзындығының оның орта диаметріне қатынасы 12-ден кем болса,серпімді қатаң білік деп есептейді де,ал одан жоғары болса майысқақ,осал біліктерге жатқызады.

Соташықтың қызметтеріне, конструктиві пішіндеріне,өлшемдеріне және материалдарына қарай алуан түрлері кездеседі.Бірақ та оларды жасау әдістерінде көптеген жалпылама технологиялық қағидалар болады.Сондықтан нақтылы біліктің технологиясын құруда біліктердің неше түрлі конструкцияларын жіктеу тұрғысында жасалған типті процестерді пайдаланған абзал.

Машина жасаудың салалары өте мол.Әр саласындағы технологияның өзіндік ерекшеліктері болады.Жалпы машина жасау саласында біліктердің жадағай,текпішекті,текпішекті-белдеушелі,қуыс және біртұтас шлицті,тісті біліктер және арнйы түрлері кездеседі.Біліктердің геометриялық өстеріне қарай иінді,кривошипті, құлақшалы және эксцентрикті түрлері бар.

Машина жасау саласына біліктердің бұл түрлері онша тән болмағандықтан, бұнда көбінесе станок және машина жасау саласында жиірек кездесетін жадағай және текпішекті біліктердің біраз түрлерінің өңдеу технологиялары қамтылған.

Арнйы технологиялық әдебиеттердің ақпараттары бойынша жалпы машина жасау саласындағы қолданылатын біліктердің 85%-інің ұзындықтары 150-1000 мм арасында.

Соташықтағы шлицті элементтердің өтпелі ашық және тұйық жабық пішіндері кездеседі.Әсіресе тетіктердегі шлицтердің 65% тұйық жабық пішінділер.Шлиц қимасының пішіні тік қабырғалы немесе эвольвентті болып келеді.Машина құрылысындағы шлицтердің 85-90%-інің қималарының пішіндері тікқабырғалы.

Тетік материалы мен оның қасиеттері: Көбінесе біліктердің материалы ретінде конструкторлық сапалы көміртекті болаттар 35,40,45 және легирленген болаттар 40Х, 50Х, 40Г2 және т.б. қолданылады.

Соташықтар берік, үйкеліске төзімді болулары тиіс.Сондықтан оларды арнайы термиялық өңдеулер арқылы, қаттылықтарын НВ230-260 мөлшеріне дейін,ал іске шегулі мойын беттерінің қаттылығы HRC 45-50 мөлшеріне дейін жеткізіледі.

Материалы аз легірленген болаттан жасалған біліктің үйкеліс төзімділігін көтеру үшін оны алдымен химиялық-термиялық өңдеп, одан кейін термиялық өңдеу арқылы бет қаттылығын HRC 50-60 мәніне дейін жеткізеді.

Болат 40 көміртегі мөлшері С - 0,3 - 0,45 %, марганец мөлшері Mn - 0,35 - 0,6 % кремний мөлшері Si - 0,17 - 0,37 %.

Беріктік категориясы 58-62НRC.

Аққыштық шегі ζт = 450 МПа.

Салыстырмалы ұзаруы ζ = 25%.

Салыстырмалы тарылу φ = 35%.

Соқпалы тұтқырлығы 80 МДж/cм2.

Дайыдама: бір топтағы құйма (жауапты құймаларға тағайындалады)

МЕСТ 1050-74.

Құйма дәлдігі: МЕСТ 21165-87.

Құйма – беріктікке есептелген және статикалық айналушы моментті беруге арналған. Құйманың тексерілетін параметрлері: Сыртқы көрінісі, өлшемдері, химиялық құрамы, механикалық қасиеттері, аққыштық шегі және салыстырмалы ұзаруы және қысқаруы. Құйма - термиялық өңдеуден өтуі қажет.

Соташықтың қиылыстырылатын бетерінің өңдеу дәлдігі 6 немесе 8-ші квалитеттер мөлшерінде, ал өңделінген беттерінің кедір-бұдырлықтары 1,25-0,63 мкм аралықтарында болады.

Мойын беттері қималарының пішіндік ауытқулары, өздерінің диаметрлік өлшемдерінің ауытқу шектеріне байланысты.Мойын беттерінің соғу ауытқулары 10-20 мкм, түп беттерінің ең ұзын радиусындағы өстік ұру ауытқуы 10 мкм-ден аспауы қажет.

Өңдеудің технологиясы қолданылатын құрал-жабдықтар, біліктердің жіктеу нұсқасына,өлшемдеріне,серпімді қатаңдылықтарына және өнімді шығару ауімағына байланысты.

Соташықтың жұмыс сызбасында көрсетілген өлшемдер дәлдіктерінің және техникалық шарттарының дұрыстықтарын тексеріп алу үшін ең алдымен біліктің тораптағы қызмет орнын әбден анықтап алған жөн.Ол үшін нақтылы тораптың жұмыс сызбасын талқыға салып алу қажет.Осындай талқылау кезінде біліктің әрбір өлшемінің атқаратын қызметін,оның әрбір іске шегулі беттерінің,тораптың басқа детальдары беттерінің өлшемдерімен байланыстылығын анықтайды.

Мұның үстіне детальдың әрбір бетінің өңдеу бірізділігін,әрекетаралық өлшемдерінің дәлдік шектерін тағайындауға да кең жол ашылады.Сөйтіп торапқа қойылатын әрбір техникалық шартты шешуге нақтылы бір объективті өлшем тізбегі даярланады.