Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д.Ж.Эконом географиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

18. Дүние жүзі ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтеріне түсініктеме беріңіз.

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.

Бидайдың негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған. Бидайдың тауарлық өндірісі Қазір олар жоғары маманданған ірі шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар, Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі, Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңірлер жатады. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр. Жүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі. Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр.. Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі — бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді. Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған.

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.

Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.