Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д.Ж.Эконом географиясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

28. Испания корольдігінің экономикалық географиялық ерекшелігін сипаттаңыз.

Испания (ис. Espaṅa), Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегініңкөп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 46,1 млн. (2011). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Христофор Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета.

Испанияда 17,1 автономиялық аймақ (comunidades autónomas) және 2 автономиялық қала (ciudades autónomas) – Кеута және Милилла, бар.Тағыда Испания 15 провицияға бөлінеді. Жеті автономиялық аймақ тек қана бір провинцияға кіреді, олар: Астурия (Asturias), Балеар аралдары (Balearic Islands), Кантабрия (Cantabria), Ла Риоха (La Rioja), Мадрид (Madrid), Мурсия (Murcia) және Наварра (Navarre). Провинциялар аудандарға (comarcas) бөлінеді. Ал одан әрі, олар микро-аудандарға (municipio) айырылады.

Испанияда халқы саны 1 миллионнан асатан 2 қаласы бар олар:

  1. Мадрид --- 2 232 000

  2. Барселона --- 1 595 000

  3. Валенсия --- 797 000

Мадрид европада үлкендігінен үшінші орын алады. Европаның мәдени қалаларының бірі. Испанияның орталығында орналасқан. Барселона испанияның шығысында орналасқан, Каталония аутономды обылысында орналасқан, аттас провинциясының астанасы. Испанияда үлкендігінен екінші орын алады. Жерорта теңізімен шектеседі.

Валенсия испанияның туризм дамығын қалаларының бірі. Орналасқан жері шығыс испания,Турия өзенінің төменгі ағысында орналасқан.Испанияның мемлекеттік құрылымы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — король. Қазіргі кездегі монарх — Филипп VI. Заң қабылдайтын орган —Испанияның генералды кортестері: Депутаттар конгресі мен Сенат. Сенат 259 жергілікті сайланған депутаттан құралған. Депутаттардың қызмет ету мерзімі - 4 жыл. Депутаттар Конгресі - саяси партияладын сайланған 350 депуттан құралған, депуттығының мерземі - 4 жыл.

Атқарушы үкіметті Испанияның премьер-министрі орындайды, әдетте парламентке сайлау барысында ең көп дауыс жинаған саяси партияның өкілі. Конституциялық бақылау органы - Конституциялық сот (Tribunal Constitucional), жоғарғы сот сатысы - Жоғарғы Сот (Tribunal Supremo), автономды қоғамдастықтардың жоғарғы сот сатысы - Жоғарғы Әділет Соты (Tribunal Superior de Justicia), Апеляциялық инстанция - провинциялық аудиенсиялар (Audiencias Provinciales), аймақтық соттар — сот тергеуі және алғашқы саты соттары (Juzgados de primera instancia e instrucción), ең төменгі сатысы - судья (juzgados de paz), импичмент соты - Ұлттық Аудиенсия (Audiencia Nacional), жоғарғы бақылау органы - Есеп Соты (Tribunal de Cuentas), соттарды басқару органы - Сот басқаруының генералды кеңесі (Consejo General del Poder Judicial).

Испанияда 500-ден астам саяси партия және қоғамдық ұйымдар тіркелген. Ең ірі париялар:

  • Конвергенция және Одақ каталон блогі,

  • «Эскерра републикана» каталон партиясы,

  • Баск ұлттық партиясы,

  • Канар коалициясы.

Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел экономикасында мемл. сектордың үлесі – 30%. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. А. ш. жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал ш. да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын И-ға 62 млн. шет ел туристері келеді. Негізгі сауда серіктестері Еуропалық одақ елдері (импорттың – 61%, экспорттың – 68,5%-ы), АҚШ (7,4% және 5,1%), Латын Америкасы(4% және 5,4%). Алтын-валюта қоры 72,6 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде (1997). Испания мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы орнады. 1998 жылы 13 ақпанда Испания королі Хуан Карлос Алматыда болып қайтты. 2000 жылы 30 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Испанияда болып, король Хуан КарлосҚазақстанмен және үкімет төрағасы Хосе Мария Азнармен кездесті. Кездесу барысында саяси, экон., мәдени байланыстар жөнінде 6 құжатқа қол қойылды.