- •1945 Ж. – қазіргі кезеңге дейін
- •Ежелгі қазақстан тарихы алғашқы қауымдық қоғамды кезеңдеу
- •Ерте темір дәуірінің ескерткіштері (сақ дәуірі)
- •Қазақстан жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер
- •Жерлеу ерекшеліктері
- •Қыш ыдыстар
- •Стильдер
- •Орта ғасырлардағы қазақстан тарихы о рта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
- •Солтүстік бағыт оңтүстік бағыт
- •Т араз - Алматыға 3 – ке бөлінеді:
- •Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстыратын жол
- •Теңге – ақша айналымы
- •Кесенелер
- •Қазақ хандығы (хv – хvііі ғ.Ғ.)
- •Xііі - XV ғасырлардағы ақын - жыраулар
- •Жаңа замандағы қазақстан тарихы
- •1715 Ж. Күзінде Тәуке хан қайтыс болды, орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретті.
- •Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •Ұлтазаттық көтерілістер
- •Ұлтазаттық көтерілісті қолдаған батырлар:
- •Патшалық Ресей басшыларының саясаты
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы (150 жылға созылды)
- •Қазақ жерлерін басқару ережелері
- •Хіх ғ. Соңындағы отаршылдық реформалар
- •Xvііі ғасырлардың іі жартысындағы ауызша әдебиет өкілдері
- •Xіх ғасырдың і жартысындағы ақындар, суырып салма жыршылар
- •Xіх ғасырдың аяғындағы дәулескер күйшілер
- •Хх ғ. Басындағы музыка мәдениеті
- •Хх ғ. Басындағы шығармалар
- •Темір жолдар
- •Қазіргі замандағы қазақстан тарихы
- •1917 Ж. Қазан – 1918 ж. Наурыз Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнады
- •1917 Жылы құрылған ұйымдар
- •1917 Жылғы саяси партиялар
- •Қазақ өлкесін басқарғандар
- •Жұмысшы мен шаруалардың саны
- •Жұмысшы мен ұжымшар қызметкерлерінің айлық жалақысы
- •Жоғары кеңеске сайланғандар
- •Білім беру жүйесі
- •Ұлы отан соғысы
- •Өнеркәсіп орындары
- •Ақын, жазушылар еңбегі
- •Санақтар
- •Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары:
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ерте темір дәуірінің ескерткіштері (сақ дәуірі)
Жетісу |
Тиграхауда (шошақ бөріктері) |
Жетісу сақтарының обалары: Үлкен обалар d – 48м -104 м, h – 7 м - 20 м Орташа обалар: d –30м – 45м, h – 2 м -6 м. Кіші обалар: d – 6 м -18 м, h – 50см-1м Есік (Алматының күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта) 40-тан астам обадан тұрады, 1969-1970жж. зерттелген. Үлкен Есік обасы – d - 60 м, h – 6 м. Орталық қабір бірнеше рет тоналған.
- Беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар (ақинақ) ілінген. - Сол жағында алтын ұшты жебе, сабы алтын таспамен оралған қамшы, жібек қоржын жатыр. - Алтын түймелер, алтынмен апталған қола теңгелер, барлығы 4000-нан астам зат табылды. - 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша табылды. - Қ.Ақышев: «Сақтардың өзіндік жазуы болған» Бесшатыр қорымы (Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде) 31 обадан тұрады. Олар үлкен (№1,3,6), орташа, шағын түрге бөлінеді. Үлкен Бесшатыр обасы – «патша қорған» (б.з.б. 5-4ғ.ғ.) |
Арал маңы |
Парадарайя (теңіздің ар жағынан келген) |
|
Мұрғаб өзені |
Хаомаварга |
|
Орталық |
Исседон |
Тасмола мәдениеті (Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Тасмола өңірі) Ерекшелігі: «мұртты обалар» ол екі жерлеу орнынан тұрады: «Мұртты оба» бағдаршам ролін атқарады. «Мұртты» қорғанның шығысқа бағытталуы - күнге табынуды білдіреді. «Мұртты обаның» 4 түрі болады. Бұл обаның біреуіне адамды, 2-не атын жерленген. Шығыс аймағында күні бүгінге дейін қайтыс болған адамдарға арнап сойылған жылқының басын қабір үстіне қойып жерлеу дәстүрі сақталған. |
Солтүстік |
Аргиппей (лат. «ақ жалды жүйрік аттың иелері») |
Солт. Қазақстанның Ұлыбай атырабының обалары Тасмола ескерткіштермен ұқсас болғандықтан Ұлыбай-Тасмола мәдениеті деп аталады. Геродот дерегі: - савроматтар «биік таулардың бауырында» (Орал) тұрған аргиппейлермен көрші болған - «Олар қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып, паналады. Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді. Олар өкпелескен көршілерін татуластырады, біреу қорған іздеп қашып келсе, оны ренжітпейді, бұл халықты «аргиппей» деп атайды. Б.з.б. 1 мыңжылдықта Солт. Қаз. тайпалары көшпелі омір салтына ауысқан. Сақ заманының алғашқы кезеңіне жататын обалар: - Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын қоныстар: - Қарлыға, Бөркі, Кеңөткел - Есілдің оң жағалауынан Ақтау бекініс қалашығы орны табылды. - Бекініс 5 қорғаныс қаласынан тұрады. - 5-6 метрлік топырақ дуалдың үстіне ағаштан бекініс тұрғызылған. |
Шығыс |
Аримаспы (Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байл. шыққан) |
Шілікті (Зайсан ауданы) Шілікті «патша қорғандары» - далалық аймақтарда кездеседі, барлығы – 51 оба. Олар алып және орташа болып екіге бөлінеді. Зайсанда барлығы – 200-ден астам оба, оның 50—ден астамы «патша қорғандар» Алып қорғандар- d-100м, h - 8-10м (3-4 қабат үй биіктігі) «Алтын қорған» обасы (б.з.б 7-6 ғ.ғ.) 1960ж. зерттелген. екі адам жерленген ( 40-50 жастағы ер адам, 50-60 жастағы әйел) 13 қола жебе, қорамсақ жұрнағы табылды. Қабылан, қабан, балық бейнелері, алтын қаптырма табылды. № 1 оба, патша жерлеу орны (б.з.б. 8ғ.), зерттеуші: археолог-этнолог Әбдеш Төлеубаев. d –100 м-ге жуық, h – 8 м, 3 қабаттан тұрады. ағаштан салынған сағана қабірхана еденінің аумағы - 34 шаршы метр биіктігі 3 метр. сом алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешіктермен безендірілген киіммен жерленген ер адам мәйіті, киімдегі аңның бейнесіндегі алтын алтын қаптырма - түймешіктер саны – 4325, биліктің белгісі саналатын алтын бесжұлдыз, бұғы суреттері салынған патша тағының бөлшектері табылды, үшінші алтын киімді адам табылды. № 5 обасы: 500-ден астам алтын қаптырма-түймешіктер табылды. Берел қорымдары (Қатонқарағай ауданы) ерте темір дәуірінде б.з.б. 5-4 ғ.ғ. аралығын қамтиды. 40-тан астам оба табылған. Үлкен Берел обасы: Ішіндегі ең үлкенінің һ - 9 метр. Қабір жанына 16 аттың қаңқасы шықты. Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық дайындықпен көмілген. Кіші Берел обасы: Адамдар бөренеден қиыстырып жасаған сандықшаға жерленген; Аттар бірге көмілген. 1998-1999 ж.ж. археолог ғалым Зейнолла Самашевтің жүргізген қазба жұмысы кезінде № 11оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды. Астау табытқа 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген екен. Ғалымдар радиологиялық әдіспен мәйіттердің б.з,б, 294 жылы жерленгенін анықтады. Обадан 13 жирен жылқы табылған. Бір жылқының басына тері маска кигізген. Берел мәдениетінің бір ерекшелігі: жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы болып табылады. Ыдыс жасаудың екі түрі бар: мойны қусырылып, кейде тік болып келетін құмыралар, жатаған, жайпақ көзелер |
Оңтүстік |
Массагет, дай |
Шірік-Рабат қалашығы (Қызылорада 300 км): сақ-апассиактардың орталығы; күзет мұнаралары бар қамалдан (цитадел) жебенің ұштары, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар табылды (б.з.б. 4-2 ғ.ғ.); б.з.б.ІV- б.з. ХІІІ ғ.ғ. жататын ежелгі қалашық; егіншілікпен айналысқан, суару каналдарының іздері табылған; сақ жауынгерінің қару-жарағы мен құрал-сайманы табылған; Бәбіш молда қаласы: қыш күйдіретін пеш, қол иірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы; Баланды |
Батыс |
Савромат |
Бесоба қорымы: Абыз әйелдер жерленген оба табылды. Екі абыз әйелдің бастары оңтүстік батысқа қаратылып, шалқасынан жатқызылған. Қасқыр бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта, алтын сырғалар, қол айна, моншақтар табылды. Сынтас қорымы: 3савромат жауынгер жерленген. Қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар табылды. Бәйте, Терең (Үстірт): Жерлеу орындары табылған. Ас беру, мінәжат жасайтын ғибадатханалар табылды. Құрбандық шалатын тас үстелдер орналасқан. 30-40-қа жуық адам бейнесіне келетін діңгек тастар табылды. Ғибадатханалардан от жағылған орындар көп табылды. Дай-массагеттер отқа табынған. Аралтөбе (Атырау облысы, Жылыой ауданы): үш оба қазылған. Соңғы сармат кезеңіне жатқызылды, зиратта сарматтар қоғамында қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен оның әйелі қатар жерленген. Оның жанына көсемнің екі аты қоса көмілген, мәйітті қабірге басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызып, оның жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, қыш-құмыра және темір қылыш пен қанжар қойылған. Қабірден көсемнің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдардын басқа абыз асатаяғының бөліктері, шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары табылды. |
Оңтүстік-Батыс |
Каспы |
|
