- •1945 Ж. – қазіргі кезеңге дейін
- •Ежелгі қазақстан тарихы алғашқы қауымдық қоғамды кезеңдеу
- •Ерте темір дәуірінің ескерткіштері (сақ дәуірі)
- •Қазақстан жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер
- •Жерлеу ерекшеліктері
- •Қыш ыдыстар
- •Стильдер
- •Орта ғасырлардағы қазақстан тарихы о рта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
- •Солтүстік бағыт оңтүстік бағыт
- •Т араз - Алматыға 3 – ке бөлінеді:
- •Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстыратын жол
- •Теңге – ақша айналымы
- •Кесенелер
- •Қазақ хандығы (хv – хvііі ғ.Ғ.)
- •Xііі - XV ғасырлардағы ақын - жыраулар
- •Жаңа замандағы қазақстан тарихы
- •1715 Ж. Күзінде Тәуке хан қайтыс болды, орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретті.
- •Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •Ұлтазаттық көтерілістер
- •Ұлтазаттық көтерілісті қолдаған батырлар:
- •Патшалық Ресей басшыларының саясаты
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы (150 жылға созылды)
- •Қазақ жерлерін басқару ережелері
- •Хіх ғ. Соңындағы отаршылдық реформалар
- •Xvііі ғасырлардың іі жартысындағы ауызша әдебиет өкілдері
- •Xіх ғасырдың і жартысындағы ақындар, суырып салма жыршылар
- •Xіх ғасырдың аяғындағы дәулескер күйшілер
- •Хх ғ. Басындағы музыка мәдениеті
- •Хх ғ. Басындағы шығармалар
- •Темір жолдар
- •Қазіргі замандағы қазақстан тарихы
- •1917 Ж. Қазан – 1918 ж. Наурыз Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнады
- •1917 Жылы құрылған ұйымдар
- •1917 Жылғы саяси партиялар
- •Қазақ өлкесін басқарғандар
- •Жұмысшы мен шаруалардың саны
- •Жұмысшы мен ұжымшар қызметкерлерінің айлық жалақысы
- •Жоғары кеңеске сайланғандар
- •Білім беру жүйесі
- •Ұлы отан соғысы
- •Өнеркәсіп орындары
- •Ақын, жазушылар еңбегі
- •Санақтар
- •Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары:
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақ хандығы (хv – хvііі ғ.Ғ.)
Қазақ хандары |
Билік еткен жылдары |
Елшіліктер |
Жәнібек(Әбусаид)– Барақ ханның баласы; Керей – Болат сұлтанның баласы (Барақ ханның ағасы) |
(1465 - 1474 ж.ж.) |
|
Бұрындық (Керейдің ұлы) |
(1473/1474 – 1511 ж.ж.) |
|
Қасым (Әз Жәнібектің ұлы) |
(1511 – 1518/21/23 ж.ж.) |
|
Мамаш (Қамаш) (Қасымның баласы) |
(1518 – 1523 ж.ж.) |
|
Таһир (Тақыр) (Қасымның немере інісі) |
(1523 – 1532/33 ж.ж.) |
|
Бұйдаш (Тақырдың інісі) |
(1533 – 1534 ж.ж.) |
|
Қожа Махмут |
(1534 – 1535 ж.ж.) |
|
Тоғым |
(1535 – 1538 ж.ж.) |
|
Хақназар (Ақназар) (Қасымның баласы) |
(1538 – 1580 ж.ж.) |
1569 ж. Семен Мальцев 1573 ж. Третьяк Чебуков |
Шығай (Жәнібек ханның немере інісі) |
(1580 – 1582 ж.ж.) |
|
Тәуекел (Шығай баласы) |
(1582 – 1598 ж.ж.) |
1594 ж. Құл-Мұхаммед 1595 ж. Степанов |
Есім (Шығай баласы) |
(1598 – 1628 ж.ж.) |
|
Тұрсын ( Жалым сұлтанның баласы) |
(1613/14 – 1627 ж.ж.) |
|
Жәңгір (Есім баласы) |
(1628 – 1652 ж.ж.) |
|
Тәуке (Жәңгір баласы) |
(1680 – 1715/18 ж.ж.) |
1694 ж. Аталықов |
Қайып |
(1715 – 1718 ж.ж.) |
|
Қазақ (Алаш) |
||
Ақарыс |
Жанарыс |
Бекарыс |
Ұлы жүз (Үйсін) |
Орта жүз (Болат) |
Кіші жүз (Алшын) |
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан |
Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан |
Батыс Қазақстан |
Үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, қаңлы, шапырашты, сіргелі, ысты, ошақты, шаңышқылы, т.б. |
Қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ т.б. |
Жетіру (7 ата: тама, табын, кердері, төлеу, рабадан, керей, жағалбайлы), Әлімұлы (6 ата: шекті, шөмекей, төртқара, кете, қаракесек, қарасақал), Байұлы (12 ата: адай, таз, жаппас (алтын), қызылқұрт, шеркеш, беріш, ысық, масқар, есентемір, байбақты, тана, алаша ) |
Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж)
|
Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1705 жж) |
Әйтеке би Бәйдібекұлы (1682-1766 жж) |
XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығының құрылу жүйесі
Сатылары |
Басқарудың ұлттық жүйесі |
Бірігудің түрлері |
Басшысы |
1 |
Ауыл |
Туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасыдан |
Ауылбасы |
2 |
Ата-аймақ |
Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан |
Ақсақал |
3 |
Ру |
10 немесе 15 аймақтан |
Рубасы |
4 |
Арыс |
Бірнеше рудан |
Би |
5 |
Ұлыс |
Бірнеше арыстан |
Сұлтан |
6 |
Жүз |
Бірнеше ұлыстан |
Хан |
7 |
Хандық |
Үш жүзден |
Қаған (ұлы хан, хандардың ханы) |
XIV-XV ғасырлардағы ауызша әдебиет
Ертегі |
Аңыз |
Эпостық жырлар |
Музыка өнері |
|||
Батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілер |
Ғарыш пен жердің пайда болуы, Күн мен Айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы |
Қыпшақтар мен қалмақтардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр. |
Алтын Орда ыдыраған кезегі тарихи батырлық жырлар. |
Бізге жеткен аспаптық музыка туындылары |
Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар |
|
«Құламерген» «Жоямерген» «Ертөстік» «Жерден шыққан Желім батыр» «Керқұла атты Кендебай» |
«Күннің баяны» «Темірқазық пен Жетіқарақшы» |
«Қобыланды батыр» (Бұл жырда Алтын Орда дәуіріндегі Алшағыр, Қазан, Қараман, Айбақ т.б..тарихи адамдардың есімдері орын алды) |
«Ер Тарғын» «Орақ-Мамай» «Ер Қосай» |
«Ескендір» «Қамбар батыр» «Шора батыр» |
«Жошы ханның жортуы» «Ақсақ құлан» «Ел айырылған» «Сағыныш» |
|
XV-XVII ғасырлардағы шығармалар
Ертегілер |
Эпостық жырлар |
Лиро-эпостық жырлар |
Музыка |
Жазу тілі |
|
«Ертөстік» «Құламерген» «Алтын сақа» «Аламан мен Жоламан» «Асан қайғы» «Қарамерген» |
«Ер Терғын» «Ер Сайын» «Қамбар» «Алпамыс» «Ер Қосай» «Төрехан» «Телағыс» «Құбағұл» |
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» «Айман-Шолпан» «Қыз Жібек» «Күлшеқыз» «Мақпалқыз» |
«Бозторғай» «Ақсақ Құлан» «Жошы ханның жортуылы» «Әмір Ақсақ» «Қамбар күйі» Асан Қайғы: «Ел айырылған» Қазтуған: «Сағыныш» |
Алшын
|
«Едіге» «Ер Сайын» |
Керей
|
«Ер Көкше» «Базар Батыр» |
||||
Дулат-үйсін |
«Талас ескерткіштері» |
||||
Кедері |
«Наһжи әл Фарадис» |
||||
Қыпшақ |
«Кодекс Куманикус» |
||||
XVI-XVІІ ғасырлардағы тарихи шығармалар
Аты – жөні |
Өмірбаяны |
Еңбектері |
Мазмұны |
Қай тілде жазылған |
Мұхаммед Хайдар Дулати |
(1499-1551) - Әмір Поладшы Дулатидің жетінші ұрпағы. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Ол Жамал Қаршидің, Рашид ад-Диннің, Жувейнидің, Әбдіразақ Самарқанидің еңбектерін зерттеп, тарихи шығармаларына арқау етті. |
«Тарихи – и - Рашиди» 1541-1546 жж Кашмирде жазылған.
|
Бұл еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. |
парсы |
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри |
(1530-1605) –орта ғасырларда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.Ол қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 ж. қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып келеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған шығармасы – «Шежірелер жинағы» |
1600-1602 ж.ж. «Шежірелер жинағы» («Жамиат-тауарих») («Жылнамалар жинағы») орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 ж. Қазан қаласында баспадан шыққан ХV-ХVІІ ғ.ғ қазақ тарихы жайындағы өте маңызды шығарма. |
Бұл кітап – ХVІ-ХVІІ ғ.ғ. тарихи шежіресі, әдебиет пен тіл ескерткіші, әрі Ораз Мұхаммедтің даңқын жырлаған туынды. Кітап араб әліпбиімен жазылған
|
араб |
Өтеміс қажы |
|
«Шыңғыснама» (Шыңғыстың өмірбаяны) ХVІ ғ. ортасында жазылған. |
Жошы хан әулетінің тарихы баяндалып, Тоқтамыс дәуіріне келіп жеткен. Қолжазбасы Ташкентте сақталған. |
|
Шах – Махмұд Шорас |
|
«Тарих» («Хроника») |
Қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар туралы тарихи деректер келтірілген. ХVІ-ХVІІ ғғ қазақ-моғол қатынастарының тарихы баяндалған. |
|
Әбілғазы Бахадур хан |
(1603-1664), әкесі Арабмұхаммед – Жошы ханның ұрпағы, Хорезм ханы. |
«Түрік шежіресі» (1665 ж.) «Түрікмен шежіресі» (1661 ж).
|
Еңбектері шежірелік сипатта жазылған. «Түрік шежіресі» кітабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған. |
|
Масуд ибн Усман Кухистани |
|
«Тарих – и - Әбулхайр хани» (XVІ ғ. 40-жылдары) |
Көшпелі өзбек ханы Әбілқайырдың тарихы айтылады. |
|
