Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
астрономия билет отв.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288 Кб
Скачать
☆

Нептун құрылысы

Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетінЕсекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен,су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.

Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Есекқырғанның бетінде Ірі Қызыл Дақпен салыстырыла алатындай оңтүстік гемисферада Ірі Қара Дақ тіркеді. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді.

Нептун серігі

Нептунның сегіз серігі бар. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны сыртқа атқылайды. Уақыт өткен сайын Нептундағы жұмбақтық бірде пайда болады, бірде жоғалып кетеді. Ғалымдардың ұйғаруынша, бұл- осы планетадағы қатты қапталудың белгісі. 1989,1994 жылдары астрономдар Қара дауыл деп аталатын үлкен қара дақты бақылады. 1994 жылы планетадан "Хаббл" телескопы Жердің мөлшеріндей үлкен түтікті байқады. Алып дауыл оны планетаның беткі қабаты бойымен екпіндетіп алып кеткен болу керек.

Ашылуы

Галилео Галилей суреттері оның Нептунды алғашқы болып 1612 жылдың 28 желтоқсан көргенін көрсетеді, 1613 жылдың 27 қаңтар ол тағы да бақылады; екі жағдайда да ол Нептунды жақындап тұрған жұлдызбен шатастырды - бұл түнгі аспандағы Есекқырған болатын. Сондықтан, бұл Нептунның ашылуы болып саналмайды. 1612 жылдың желтоқсанындағы алғашқы бақылауындағы кезде, ғаламшар дәл сол күні теріс қараған болатын, сондықтан бір орында тұрған жұлдыз болып көрінген. Бұл қозғалыс Жердің алыс ғаламшардан өте қашық нүктесінен байқалады. Нептун өзінің жылдық айналымын бастап жатқандықтан, ғаламшардың қозғалысы Галилеоның кішкене телескобынан көрінбеді.

1821 жылы Алексис Бувар Уранның астрономиялық кестесін басып шығарды. Соңғы зерттеулер кестедегі мәліметтердің анық көлбеуін көрсетті, бұл Буварды белгісіз дененің тартылыс күшінің араласуынан ғана болатынын болжамдауға әкелген. 1843 жылы Джон Адамс болжамдалған сегізінші ғаламшардың Уранның қозғалысына әсер ететіндігі арқылы орбитасын есептеді. Еңбектерін Сэр Джордж Эйриге жіберген соң, Эйри оның анықтауын өтінді. Адамс жауап хатын бастағанмен, ешқайда жіберген жоқ, содан Уран проблемасына аса көңіл аударған жоқ.

1845-1846 жылдары, Урбен Леверье Адамстан бөлек өзінің есептерін шығарды, бірақ ол да өзінің жерлестерінен қолдау таппай, қиындықтарға кезікті. Маусым айында Эйри Леверьенің басып шығарған ғаламшардың сипаттамасының есептері Адамстың есептеріне ұқсас екендігін көргеннен соң, ол Кембридж Обсерваториясының бастығы Джеймс Чаллисті ғаламшарды іздеуін өтінді. Чаллис тамыз және қыркүйек айларында аспанды мұқият зерттеді.Дәл осы кезңде Леверье хат арқылы Берлин Обсерваториясының астрономы Йохан Гальдты обсерваторияның рефракторы арқылы іздеуін сұрады. Хейнрих Д'Аррест атты обсерватория студенті Гальға беріде алынған аспандағы Леверьенің болжаған ауданының кестесін соңғы ауданның кестесімен салыстыруын ұсынды. Леверьенің хатын алған күні кешке, 1846 жылдың 23 қыркүйегінде оның 1° дәлдікпен, ал Адамстың 12° дәлдікпен болжаған жерінен жаңа ғаламшар ашылды. Чаллис кейін бұл ғаламшардың екі рет тамыз айында бақылағанын түсінді, ол өзінің жұмысқа қатты берілмегендігімен түсіндірген болатын.

Ашылуының бастапқы кезеңінде ғаламшарды ашу құрметі үшін Француздық және Британдық ұлттық қарсыласуы орын алды. Ақырында, Леверье мен Адамс бірдей атақ алды.

№51. Уран 

- Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген. Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 10 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.

№52.Планеталардың серіктері және Ай.

Меркурий мен Шолпанда серіктер жоқ. Қалған планеталардың (Жерді қоспағанда) серіктері өз планеталарынан өлшеусіз кіші. Жердің бір ғана табиғи серігі бар, ол – Ай, бірақ ол Жердің өзімен салыстырғанда шамадан тыс үлкен. Ай диаметрі жағынан Жерден 4 есе ғана кіші. Юпитердің дискісінен аржағына тасаланатынын, не оның көлеңкесіне еніп тұратынын көруге болады. 

Бәрінен серіктері көп ең ірі планета – Юпитер (он үшінші серік 1974 жылы ашылды). Ал массасы жағынан келесі планета Сатурнда 10 серік бар, оныншысы 1966 жылы ашылды, Уранда 5 серік, Нептун мен Марста 2-ден серік бар. Серіктердің ішіндегі ең ірілері: Титан (Сатурнның серігі) және Ганимед (Юпитердің 3-ші серігі). Олар диаметрі жағынан айдан 1,5 есе үлкен де, Меркурийден сәл үлкенірек. Мол атмосферасы бар жалғыз серік – Титан. Жұлдыздық, не сидерлік, ай дегеніміз – Айдың жұлдыздарға қатысты Жерді айналып шығу периоды; ал синодтық ай – Айдың Күнге қатысты Жерді айналу периоды. Синодтық ай, басқаша айтқанда, Айдың бірдей екі фазасының арасындағы уақыт мерзімі. Жұлдыздық ай 27,3 тәулікке тең, ал синодтық ай – 29,5 тәулік.  Ай 1 тәулік ішінде өз орбитасымен 360о  13: 27,3 о жүреді. Ал 27,3 тәулік ішінде Жер Т өз орбитасымен Айды ілестіре, Күнге қатысты ТТ, доғаны, яғни 27о дерлік доғаны жүріп өтеді.  Айдың эллипстік орбитасының Жерге ең жақын нүктесі перигей деп, ал ең алыс нүктесі апогей деп аталады. Ай бізге жіңішке орақ тәрізді болып көрінгенде, оның бетінің қалған жері де солғын жарық шығарып тұрады. Осы құбылыс күл түсті жарық деп аталады да, былай түсіндіріледі. Жерден шағылған Күн жарығы барып Айдың түн жақ бетіне түседі.