- •15. Астрофотометрия негіздері
- •16. Күн физикалық табиғаты.
- •18. Күн жүйесінің кіші денелері. . Астероидтар
- •19. Аспан денелерінің температурасы. Анықтау әдістері.
- •20. Ғаламның құрылуы туралы көзқарастардың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы.
- •21. Күн жүйесінің түбегейлі әрекеттесуі.
- •22.Жұлдыздар физикасы.
- •23.Біздің галактика.
- •24.Космология негіздері.
- •25.Космогония негіздері.
- •26.Космостағы өзіндік құрылу мен динамикалық хаос.
- •27.Жер туралы жалпы мағұлмат.
- •28.Ғаламдағы физикалық заңдылықтар.
- •43.Галактика
- •44. Шолпан ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.
- •Нептун құрылысы
- •Нептун серігі
- •53. Құйрықты жұлдыздар құрылысы: ядросы, басы және құйрығы. Құйрықты жұлдыздардың жарқырау механизмі. Құйрықты жұлдыздардың ыдырауы.
- •Номенклатура
- •Құйрықты жұлдыздарды ( кометаларды) зерттеушілер
- •Жерге жақындау
- •Үлкен не алып кометалар
- •Үлкен кометаның анықтамасы[
- •«Атақтылық» факторлары
- •Ядро көлемі мен белсенділігі
- •Перигелия кезінде Күнге жақындауы
- •60. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Жұлдыздардың кеңістік жылдамдығы.
60. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Жұлдыздардың кеңістік жылдамдығы.
Біздің Құс Жолы атты, спираль тәріздес галактикамыз шамамен 150 млрд жұлдыздан құралған, оның өзінің ядросы мен бірнеше спираль тәріздес тармақтары бар. Оның мөлшері 100 мың жарық жылына тең. Біздің галактикамыздағы жұлдыздардың басым көпшілігі қалыңдығы 1500 жарық жылындай болатын алып “дискінің” ішінде шоғырланған. Қазіргі кезде біздің галактикамыз космос кеңістігінде секундына 550 км жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Оның екі серігі — Үлкен және Кіші Магеллан бұлттары бар. Галактиканың диаметрі экватор бойынша 3•08•1013 шақырымға тең. Галактика жұлдыздары ядроны айналатын қозғалысы күрделі болады және бұл қозғалыс басқа қатты және сұйық заттардың қозғалысынан мүлдем бөлек. Жұлдыздардың айналу периоды олардың массасына және галактикалық орталықтан орналасу қашықтығына байланысты әртүрлі болады.
Ең жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн Лира шоқжұлдызына қарай 20 км/сек жылдамдықпен қозғалып келеді. Сонымен қатар Күн өзінің көршілерімен бірге галактика кеңістігінде Аққу шоқжұлдызына қарай 250 км/сек жылдамдықпен айналып келеді.
Жұлдыз – "тұрақты жұлдыз" деп те аталады, салмағы ерекше ауыр, өзінен тұрақты жарық шығаратын, "өртенген" — термоядролық реакция жасайтын, плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Марс та, Шолпан да, құйырықты жұлдыз да жай тілмен жұлдыз есептеледі.
Жұлдыздың радиалды жылдамдығын есептеу
Жұлдыздардың күнге салыстырмалы қозғалысы сол жұлдыздың жасы мен келіп шығуы туралы, сондай-ақ айналасындағы галактикалардың құрылымы мен өзгерісі туралы пайдалы ақпар береді. Бір жұлдыздың қозғалысы радиалды жылдамдығын және аспанды кесіп өтудің импульс моментін қамтиды. радиалды жылдамдық жұлдыздың күнге салыстырмалы жақындау, не алыстауына қаратылса, ал импульс моменті оның өз бетінше қозғалысына қаратылады.Радиалды жылдамдық жұлдыз спектріндегі Доплер ауысымын өлшеу арқылы анықталады, оның бірлігі Км/сек. Жұлдыздың өз бетінше қозғалуынан туған импульс моментін тауып шығу нәзік астроесептеулер арқылы орындалады, оның бірлігі миллионнан бір доғалық секунд (МП)/жыл. Жұлдыздардың көріну парқын өлшеу арқылы нақты жылдамдықты есептеуге болады. Егер жұлдыздың жылдамдығы жоғары болса, ол сөзсіз күнге біршама жақын болғаны.Екі жылдамдық та өлшенген жағдайда оның күн жүйесі кеңістігіне салыстырмалы қозғалысын есептеп шығаруға болады. Жақын маңдағы жұлдыздарда бірінші әулет жұлдыздарының жылдамдығы екінші әулет жұлдыздарынан төменірек болады. Кейінгілері жазыққа бейім эллиптис орбитада айлналады.Белгілі бір жұлдызды есептеу арқылы қасындағы одақтас, не қосар жұлдызының жылдамдығын да есептеп шығуға болады. Олар ортақ молекулялрық тұмандықтан келіп шыққан жағдайда, қозғалыстарында белгілі бір ортақтық ерекшеліктер болады.
Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтаудың негізгі әдісі – Жердің күн төңірегінде айналуын негізге ала отырып, жұлдыздардың көрінерлік орын ауыстыруын өлшеу. Сондықтан, Доплер принципі бойынша жұлдыздың айналу жылдамдығын анықтауға болады. Температурасы жоғары (экватор аймағында) жұлдыздар 100 – 200 км/с және одан да артық жылдамдықпен ал температурасы салқындау жұлдыздар одан кем, яғни секундына бірнеше км жылдамдықпен айналады
Жұлдыздың өз өсінде айналуын спектрометриялық құрылым арқылы өлшеуге болады, немесе жұлдыз дағының жылжуымен де шамалауға болады. Жас жұлдыздар өз өсінде тез айналады, экваторында жылдамдық 100Км/сек -ке дейін жетеді. Сондықтан оның экваторының радиусы екі полюсіне қарағанда 50% үлкен. Мұндай жылдамдық Ахернарды бөлшектеп тынатын 300Км/сек жылдамдықтан сәл кішкене ғана болып тұр. Салыстырма үшін айтсақ, күн 25 – 35 күндік периодта өз өсін бір рет айналып шығады. Экваторындағы жылдамдық бар болғаны 1.994Км/сек қана. Жұлдыздың электромагнит өрісі мен жұлдыз дауылы негізгі тізбектегі жұлдыздың өз өсінде айналу жылдамдығын ақырындатады, өзгерісіне де ықпал етеді.Тығыз жұлдыздар тығыз материяны пайда қылады, өз өсінде тез айналады. Төмен жылдамдық Импульс моментін тұрақты сақтайды. Егер жұлдыздың көлемінде өзгеріс болса, ол міндетті түрде жылдамдығына әсер етеді. Көп санды импульс моментін сыртқа қарай созылған жұлдыз бораны мен жұлдыз шудасы әлсіретеді.
