- •15. Астрофотометрия негіздері
- •16. Күн физикалық табиғаты.
- •18. Күн жүйесінің кіші денелері. . Астероидтар
- •19. Аспан денелерінің температурасы. Анықтау әдістері.
- •20. Ғаламның құрылуы туралы көзқарастардың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы.
- •21. Күн жүйесінің түбегейлі әрекеттесуі.
- •22.Жұлдыздар физикасы.
- •23.Біздің галактика.
- •24.Космология негіздері.
- •25.Космогония негіздері.
- •26.Космостағы өзіндік құрылу мен динамикалық хаос.
- •27.Жер туралы жалпы мағұлмат.
- •28.Ғаламдағы физикалық заңдылықтар.
- •43.Галактика
- •44. Шолпан ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.
- •Нептун құрылысы
- •Нептун серігі
- •53. Құйрықты жұлдыздар құрылысы: ядросы, басы және құйрығы. Құйрықты жұлдыздардың жарқырау механизмі. Құйрықты жұлдыздардың ыдырауы.
- •Номенклатура
- •Құйрықты жұлдыздарды ( кометаларды) зерттеушілер
- •Жерге жақындау
- •Үлкен не алып кометалар
- •Үлкен кометаның анықтамасы[
- •«Атақтылық» факторлары
- •Ядро көлемі мен белсенділігі
- •Перигелия кезінде Күнге жақындауы
- •60. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Жұлдыздардың кеңістік жылдамдығы.
18. Күн жүйесінің кіші денелері. . Астероидтар
Марс пен Юпитер орбиталарының арасында пішіні бұрыс аспан денелері бар. Олар планеталардың серіктері емес және Күнді айнала өз еркінше қозғалады. Бұл денелер астероидтар ("жүлдызға ұқсас") деп аталады. Суретте оларды жұлдыздардан тек баяу орын ауыстыруынан ғана ажыратуға болады. Бірінші астероидты 1801жылы 1 каңтарда Италия астрономы Джузепе Пиации ашты. Ол тура көтерілуі мен еңкеюі тәулік ішінде елеулі өзгеретін жұлдызды бақылады. Неміс математигі Гaуссүлкен жарты осі 2,77 а. б. болатын бұл астрономиялық дененің орбитасын есептеп тапты. Сатурн мен Юпитердің арасынан планета табылды деп есептеп, оған ескіРимнің табыс әкелетін әйел құдайы Церераның есімі берілді. 1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дәрігері Ольберс Церераға жақын жерден жаңа астероидтыашып, оны Паллада деп атады. 1804 жылы Юноиа, 1807 жылы Веста табылды. Кішкентай планеталарды Гершель грекше "жұлдыз бейнелі" деген мағынаны беретін астероидтар деп атауды ұсынды.
Қазіргі кезде 12 000-нан астам астероидтар белгілі. Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін ұлы адамдардың есімдері берілді. Астероид табылғанда оған ашылған жылы (мысалы, 1937 DA) көрсетілген белгі тағылады. Астероидтың орбитасы есептелген соң тұрақты номер және аты беріледі.
Астероидтар орбиталарының шеңберден өзгешіліғі аз, сондықтан астероидтардың көпшілігі Күн жүйесінің ішіне кірмейді.
Кейбір астероидтардың жарықтылығының периодты өзгеруі бұрыс пішінді, беткі қабаттарының тегіс емес екенін және өз остерінен айналатынын көрсетеді. Кейбір астероидтардың өз осінен айналу периоды — бірнеше сағатқа созылса, ал кейбірінде ол тәулікке жетеді. Астероидтардың беткі қабаттарының құрамындағы үлкен айырмашылық олардың жарықты шағылдыру қабілетімен анықталады: кейбір астероидтардьщ бетінен жарықтың шағылу коэффициенті бар болғаны 3%, ал кейбіреуінде ол 50%-ға жақындайды. Астероидтардың бетінде планеталар серіктерінің бетіндегі тәрізді уақ денелер соққыларының іздері болуы керек. Астероидтарда атмосфера жоқ.
Қазіргі кезде астероидтар деп өлшемдері бір километрден кіші болмайтын барлық денелерді айту қабылданған. Одан кіші денелер метеоридтер деп аталады. Астероидтардың жалпы саны 30 -50 мың.
Кометалар[өңдеу]
Күн жүйесінің периферийінде шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Оорта бұлтында кометалар тобы шоғырланған. Мұндай бұлт 100 млрд кометалар ядросына ие болуы мүмкін. Планеталардың, Күннің тіпті жақын жұлдыздардың тартылыс күштерінің әсерінен кейде олардың кейбіреулері Күн жүйесінің ішіне кіріп кетіп, Күнге қарай қозғала бастайды. Олардың аспан механикасының заңына бағынатын қозғалыстары өздеріне тән әр түрлі болады. Барлық планеталар Күнді айнала бір бағытта дөңгелек орбита бойымен (тік бағытта)шамамен бір жазықтықта (эклиптикада) айналады. Ал кометалар тіке бағытта да, яғни қарсы бағытта да өте созылыңқы орбита (эксцентрлі) бойымен эклиптикаға әр түрлі көлбеу бұрыш жасай айналады. Оның қозғалыс сипатынан құйрықты жұлдыз екенін айыруға болады.
Кометаның негізгі салмағы оның ядросында жинақталған. Ол ядро кәдімгі мұздан, қатып қалған газдардан, қатты бөлшектерден, көмір қышқылының қоспасы бар су мұзынан, аммиактан және тозаңнан тұрады. Ядроның ұзындығы бірнеше ондаған километрге жетеді, ал салмағы 1022 гр-ға дейін барады.
Күнге жақындаған сайын Күн сәулесінің әсерінен мұз еріп булана бастайды да ядроның жанында газ-тозаңды бұлт пайда болады. Ол Күн сәулесін шағылдырады (кома) және қайта сәулелендіреді. Сондыұтан біз кұйрықты жұлдызды қатты жарқырайтын дене түрінде көреміз. Кометаның соңынан Күн сәулесінің қысымынан әр уақытта Күнге қарсы бағытталған газ бен тозаңнан тұратын бөлшектер ілеседі. Оның ұзындығы жүздеген миллион километрден астам. Құйрықты жұлдыз массасының миллионнан бір бөлігінен де аз шамасы оның кұйрығында жинақталғанына қарамастан, ол жарықтың 99%-ын, ал ядро 0,1%- ын ғана шығарады. Мәселе мынада: ядро өте жинақы, оның үстіне оның шағылдыру коэффициенті төмен (альбедо).
Ұзак периодты құйрықты жұлдыз (орбиталық периодтары 200 жылдан астам) ең алыс орналасқан планеталардан мыңдаған есе әрі шалғай аймақтардан ұшып келеді. Олардың орбиталары эклиптикамен барлық мүмкін болатын бұрыштар жасайды. Қысқа периодты құйрықты жұлдыздар (периодтары 200 жылдан аз)сыртқы планеталар аймақтарынан эклиптикадан алыс емес орбиталар бойымен тура бағытта қозғалып келеді.
Кометалардың жарқырауын, қозғалыс ерекшеліктерін зерттеп және сырларын аша отырып әлем құрылысының құпиясын білеміз.
Бірінші рет 1986—1999 жылдары кометалардың ядросы зерттелді. Галлей кометасының ядросына жіберілген зонд 600 км кашықтыққа жакындады. Ядроның өлшемі 8 х 13 км шамасындай, қара түсті, бетінде кратерлер болды жоне құрылымы әр түрлі.
Күн жүйесінің ішкі аймағына енген Құйрықты жұлдыз уақыт өткен сайын бірте-бірте Күн жылуының әсерінен ыдырайды да ядроның газы планетааралық газға айналады, ал қатты бөліктері көптеген ұсақ метеорлық бөлшектерге бөлініп кетеді, олар бірте-бірте құйрықты жұлдыз орбитасы бойымен жалпақ ағын ретінде шашылады. Жер осындай ағынмен қиылысқанда ұсақ бөлшектер 11 км/с жылдамдықпен атмосфераға кіреді де тез қызып балқиды, сөйтіп, бірнеше километр биіктікте ұсақ бөлшектерге жарылып шашырап кетеді. Олардың тежелуі кезінде бөлініп шыққан энергия ауаның жаркырауын арттырады, осылайша түнгі аспанда Жерден бөлшектің жарық ізі көрінеді, бұл құбылысты метеорлар дейді. Ол заттың жерге жеткен бөлшектерін метеориттер деп атайды.
Метеориттер ғарыш денелерінің үлгілері. Оны зерттеу ғылымға үлкен үлес қосады. Сондықтан метеоритті көрген, оны тапқан әрбір адам ол жөнінде ғылыми орындарға хабарлауы керек. Ірі метеориттер барлық планеталар мен олардың серіктерінің беткі қатты қабаттарына құлағанда із қалдырады. Жерде көптеген ірі кратерлер сақталған. Бірақ уақыт өткен сайын жер атмосферасының әсерлері (жел, жаңбырлар) олардың іздерін жасырады. Жерге күн сайын ұсақ метеориттер түсіп жатады. Жер бетіне ғарыш кеңістігінен бір тәулік ішінде жауатын заттардың толық массасы бірнеше жүз тоннаға жетеді (негізінен, өте кішкене бөлшектер).
