- •15. Астрофотометрия негіздері
- •16. Күн физикалық табиғаты.
- •18. Күн жүйесінің кіші денелері. . Астероидтар
- •19. Аспан денелерінің температурасы. Анықтау әдістері.
- •20. Ғаламның құрылуы туралы көзқарастардың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы.
- •21. Күн жүйесінің түбегейлі әрекеттесуі.
- •22.Жұлдыздар физикасы.
- •23.Біздің галактика.
- •24.Космология негіздері.
- •25.Космогония негіздері.
- •26.Космостағы өзіндік құрылу мен динамикалық хаос.
- •27.Жер туралы жалпы мағұлмат.
- •28.Ғаламдағы физикалық заңдылықтар.
- •43.Галактика
- •44. Шолпан ғаламшарының физикалық ерекшелігі: атмосферасы, беті, серігі, сақинасы, ғарыштық станциялар зерттеулері.
- •Нептун құрылысы
- •Нептун серігі
- •53. Құйрықты жұлдыздар құрылысы: ядросы, басы және құйрығы. Құйрықты жұлдыздардың жарқырау механизмі. Құйрықты жұлдыздардың ыдырауы.
- •Номенклатура
- •Құйрықты жұлдыздарды ( кометаларды) зерттеушілер
- •Жерге жақындау
- •Үлкен не алып кометалар
- •Үлкен кометаның анықтамасы[
- •«Атақтылық» факторлары
- •Ядро көлемі мен белсенділігі
- •Перигелия кезінде Күнге жақындауы
- •60. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Жұлдыздардың кеңістік жылдамдығы.
Құйрықты жұлдыздарды ( кометаларды) зерттеушілер
Сергей Константинович Всехсвятский
Генрих Крейц
Сергей Владимирович Орлов
Жерге жақындау
Кометалар көріну үшін не байқалу үшін Жерге жақын келуі қажет. Мысалы, Галлея кометасы Күн жүйесін әр 76 жыл сайын басып өтетіндіктен жарық болып көрінеді,бірақ 1986 жылы өткенде Жерден алыстау болып қалды. Кометаны анықтап қарау мүмкін болды,бірақ оны елеулі көрініп тұр деп атауға қиын болды. Осы үш шартты қанағаттандырған комета өте үлкен әсер туғызары анық.Бірақ, кейде бұл критерилерді бұзып, кометалар Үлкен бола алады. Мысалы, Хейла-Боппа кометасы үлкен ядросы (диаметрі 40 километр) болып Күннен алыста жарқырап өткен. Хякутакэ кометасы «кішкентай»ғана (2 км) Жерге жақын ұшқандықтан жарқырап көрінген. Сонда да олар 1996-1997 жылдың атақты кометалары атанған.
Үлкен не алып кометалар
Үлкен не алып кометалар деп-(ағылш. Great comets) Жер бетінен бақылаушыларға үлкен және жарық болып көрінетін кометаларды атайды. Орта есеппен Үлкен комета онжылдықта бір пайда болып, көрінеді. Кометаның «Үлкен» болуын болжау қиын өйткені, оның үлкен және жарық болуына әртүрлі факторлардың кері әсері тигізуі мүмкін.Егер де Күнге жақын келсе, жерден бақылаушыға Күн кедергі болмаса, кометаның ядросы белсенді болса оның үлкен комета аталуына мүмкіндік бар.
Көбінесе кометаларды алғаш ашқан адамның аты беріледі. Үлкен кометаларды бақылап,зерттеген жылдың атауын береді,мысалы (1811 жылғы Үлкен комета).
Үлкен кометаның анықтамасы[
Ресми түрде үлкен кометалардың анықтамасы жоқ. Егер комета қажетті түрде астрономиямен қызығатын адамдар байқайтындай жарық болса және астрономиялық қауымдастыққа кеңінен белгілі болса онда ол-Үлкен комета деп аталады. Көпшілік адамдар үшін әдемі қызықтыратын, көз тартымды құбылыс болып саналады.
«Атақтылық» факторлары
Көптеген кометалар қаруланбаған көзбен қарағанда қажетті мөлшерде жарық болмауынан байқалмайды. Әдетте,олар Күн жүйесінің ішкі жағында жол салып жатады, бірақ оларды астрономдардан басқа ешкім көрмейді. Кейде бұл статистикада да бұзылады, оған себеп үш фактор бар.
Ядро көлемі мен белсенділігі
Кометаның ядросы көлемі бірнеше жүз метрден бірнеше километрге дейін өзгеріп отырады. Күнге жақындаған кезде ядро қызады да сыртқа газ бен тозаң массасы шығады.Сол себепті кометаның жарықтығын анықтайтын фактор яросының үлкендігі мен белсенділігіне байланысты. Күнге жақындау циклының көптігіне байланысты кометалар алғаш Күнге жақындағаннан өзгеше күңгірт ,көмескі болу себебі.Сондықтан да Үлкен кометалардың өздері ұзақкезеңді болмауының себебі осы.
Перигелия кезінде Күнге жақындауы
Жай дененің жарықтығы -күн көзінің (Күн) кері арақашығының пропорционалды квадратына тең. Кометалар өзін қиын жүреді-Олардың жарқырауы көп түрде жинақталған газ яросының жылтырауына байланысты. Комета үшін жарық кері пропорцианальды үш дәрежелі Күн арақашықтығына тең.
Көп кометалар үшін перигелия нүктесі Жер орбитасынан тысқары жатыр. Комета–Күнге жақындауы 0,5 есе аз болғанда Үлкен атануына мүмкіндік бар.
№54. Біздің галактика.
Телескоп көмегімен жұлдызды аспанды бақылау ондағы көптеген әлсіз ғана жарық шығаратын нүктелерді — ақшыл тұмандықтарды табуға мүмкіндік берді. Тұмандықтарды XVIII ғ. Уильям Гершель жүйелі түрде зерттей бастады. XIX ғ. француз ғалымы Мессье барлық тұмандыктардың жүйелі тізімін жасады. Оған жүзден астам тұмандықтар енді. Тек XX ғ. ғана бұл тұмандықтардың табиғаттары анықталды. Олардың тозаң мен газ араласқан тұмандықтардан, шар тәрізді және шашыраған газ шоғырларынан, галактикалардан тұратыны белгілі болды.Жұлдыздар арасындағы кеңістік бос тәрізді болып көрінеді. Шынында, барлық жұлдыздар арасындағы кеңістіктер заттарға толы. XX ғасырдын басында жұлдыздар жарығының жұтылу немесе әлсіреу қасиеті ашылды. Жарықты жұтатын заттың Құс жолында шоғырланғаны және шүйке тәрізді құрылыеы бар екені анықталды. Бұл зат физикалық құрамы жақсы зерттелген тозаңдардан тұрады. Жұлдыздар арасында тозаңнан басқа өте үлкен мөлшерде газ бар (тозаңнан жүз есе кеп). Олар бейтарап сутегінің 21 см толқын ұзындығында сәулелер шығарады. Егер бейтарап сутегі бұлтына жақын жерден көк ыстық жұлдыз тұтанса, жұлдызарадық газдар мен тозаңдардың сәулеленуі байқалады. Жұлдыздың шығарған ультракүлгін кванттарын бұлттың атомдары жұтады да, осы атомдар жарық кванты үрінде қайта сәуле шығарады.
Орионның үлкен тұмандығы — ең жарық газды тұмандық. Дүрбі арқылы (қырағы көзге құралсыз көзбен де көрінеді) бір сызық бойына орналасқан үш жұлдыздан сәл төменде орналасқан Орионның белдігі көрінеді. Бұл тұмандықтарға дейінгі қашықтық 1000 жарық жылы шамасында.
Ыстық жұлдызды қоршаған иондалған газдар аймағын жұлдыздардың ультракүлгін сәулелерін өте интенсивті сәуле ретінде қайта шығаратын машина ретінде елестетуге болады. Оның спектрінде әр түрлі химиялық элементтердің сызықтары бар. Газды тұмандықтардың түсі де газдың температурасына, тығыздығына және химиялық құрамына байланысты әр түрлі: жасылдау, қызғылт және басқа да түспен реңдес келеді. Газ тұмандықтарының пішіні әр түрлі. Кейбіреулерінің пішіні ортасында жұлдызшасы бар сақина тәрізді — бұл планеталық тұмандықтар.
Басқа тұмандықтар газдардың жеке жарық шығаратын талшықтарынан тұрады. Көптеген тұмандықтардың пішіні бұрыс, олар кәдімгі сия тамшысының дактарына ұқсайды. Жарық сүзгілері арқылы қарағанда кейбіреулері жеке талшықтардан тұратын болып шықты. Белгілі Шаян тұмандығы осындай. Бұл ең жақсы зерттелген жарылған жұлдыздың (аса жаңа) бөліктері.
Біздің Күн бір-бірінен қашықтығы, уақыт, газ бен шаң-тозаң бұлттары, әр түрлі сәуле шығару түрлерімен бөлектенген 150 млрд жұлдыздың біреуі ғана. Бірақ олардың бәрі бірге ортақ центрден, яғни "Құс жолы" деп аталатын галактиканың ядросынан айналады.
Галактикалар—жұлдыздар, газ, шаң-тозаңның бәрі бірге гравитация күшімен ұсталып тұратын ең ірі жұлдыздар жүйесі. Күн жүйесінің жұтатын материямен толтырылған галактика жазықтығында жатуынан Құс жолы құрылымының көптеген беліктері жердегі бақылаушыға көрінбейді. Әйтсе де оны біздің галактикаға ұқсас галактикалар арқылы зерттеуге болады. XX ғасырдың 40-жылдары Аидромеда тұмандықтары деген атпен белгілі М31 галактикасын бақылап, неміс астрономы Вальтер Бааде осы алып ғаламның жазық линза тәрізді дөңгелегі өлде қайда сирек сфера түріндегі жұлдыздар бұлтынан тұратыиын байқады, оны гало деп атады. Бұл тұмандық біздің галактикаға өте ұқсас болғандықтан, В. Бааденің ұйғарымынша, Құс жолының да құрылымы болуы тиіс. Галактикалық деңгелектердің жұлдыздары қоныстанудың I түрі, ал гало жұлдыздары қоныстанудың II түрі деп аталады. Қазіргі зерттеу жұмыстары жұлдыздық қоныстанудың екі түрі кеңістікте орналасу жағдайларымен ғана емес, қозғалу сипатымен, сонымен қатар химиялық құрамдарымен де өзгешеленетініп көрсетіп отыр. Бұл ерекшеліктер, біріншіден, дөңгелектер сфералық құраушыларының қалай пайда болу себептеріне байланысты. Галактикалық дөңгелектің диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның қалыңдығы 1000 жарық жылы шамасындай болады. Галактиканың центрінен галоның ең тығыз орталық бөлігіне дейінгі бірнеше мың жарық жылына тең аралық "балдж" ("қалыңданған") деп аталады.
Біздің галактиканың шегі галоның өлшемімен анықталады. Галоның радиусы дөңгелектің өлшемінен едәуір үлкен және кейбір мәліметтер бойынша бірнеше жүз мың жарық жылына жетеді екен. Құс жолы галосының симметрия центрі галактикалық дөңгелектің центрімен сәйкес келеді. Біздің галактикада Күн тәрізді дара жұлдыздар сирек кездеседі (30 % -дан көп емес). Негізінен, жұлдыздар қос жұлдыздар немесе бірнешеу болып келеді. Галактикада күрделі жұлдыздар жүйесі табылды, атап айтсақ шашыранды (ондаған жұлдыздардан тұратын) және шар тәрізді (жүз мындаған жұлдыздардан тұрады) жұлдыздар шоғырлары. Шар тәрізді жұлдыздар шоғыры галактиканың центріне жинақталған. Шашыранды жұлдыздардың шоғыры шар тәрізді жұлдыздар шоғырыная әлдеқайда көп, олар галактика (спиральді галактика жайлы сөз болып отыр) спиралінің тармағында, галактиканың дөңгелегінде басымырақ орналасқан.
Дөңгелек жұлдыздардың қоныстануы Гало жұлдыздарының қоныстануынан ерекшеленеді. Дөңгелек жазықтығының маңайына бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болған жас жұлдыздар және жұлдыздар шоғыры жинақталған. Олар жазық құраушыларды құрайды. Олардың арасында ыстық және жарық жұлдыздар өте көп. Ертерек пайда болған жұлдыздар центрде немесе центрге жақын орналасып, біздің галактиканың сфералық құраушысын құрайды. Сфералық құраушының жұлдыздары галактиканың центріне шоғырланады. Галоның жұлдыздары мен жұлдыздық шоғырлары галактика центрін айнала өте созылыңқы орбитамен қозғалады. Жеке жұлдыздардың қозғалыстары ретсіз болғандықтан тұтас алғанда гало өте жай айналады.
Галактиканың сфералық құраушысындағы "коныстанудың" жасы 12 млрд жылдан асады. Оны, әдетте, галактиканың өзінің жасы деп есептейді. Ауыр химиялық элементтер үлестерінің аз болуы гало жұлдыздарының сипаттамаларының ерекшелігі болып табылады. Шар тәрізді жұлдыздар шоғырындағы жұлдыздардың құрамында металдар Күнге қарағанда жүз есе аз. Жұлдыздар шоғырының көмегімен галактикадағы Күн жүйесінің орны табылды.
Галомен салыстырғанда дөңгелек елеулі түрде тезірек айналады. Оның айналу жылдамдығы центрден өр түрлі қашықтықтарда түрліше болады. Ол жылдамдығы центрде нөлден басталып, одан 2 мың жарық жылындай қашықтықта 200—240 км/с-қа дейін артады, содан кейін біраз кемиді де қайтадан шамамен аталған мәнге дейін өседі, әрі қарай процесс тұрақты қалады. Дөңгелектің өз осінен айналу ерекшеліктерін зерттеу оның массасын анықтауға көмектеседі. Есептеулер бойынша оның массасы Күн массасынан 150 млрд есе артық.
Біздің галактикаға жоғарыдан, яғни гюлюстен қарасақ, онда біз мыңдаған жұлдыздардан тұратын спиральді көреміз. Оның иірімі галактиканың центрі, материяның сәуле жұтатын қалың қабатымен қоршалған ядроға бағытталған. Оны инфрақызыл, радиосәуле қабылдағыш арқылы зерттейді.
Галактиканың ядросында салмақты қара құрдым болар деген болжам бар (массасы миллион Күннін массасындай). Ғаламның орталық аймақтарына жұлдыздардың күшті шоғырлануы тән. Орталыққа жақын әрбір парсек куб көлемдегі жұлдыздар саны бірнеше мыңға жетеді. Жұлдыздардың арақашыктықтары Күннің маңайындағы қашықтықтарға қарағанда ондаған және жүздеген есе аз. Егер біз галактика ядросына жақын орналасқан жұлдыз маңындағы планетада өмір сүрсек, онда аспанда жарықтығы Айдың жарықтығындай ондаған жұлдыздар мен біздің қазіргі аспанымыздағы ең жарық жұлдыздан да жарық жұлдыздар саны бірнеше мың болар еді. Галактика ядросы Мерген шоқжұлдызы бағытында орналасқан.
Галактиканың дөңгелегіндегі газ негізінен оның жазықтығна жақын жинақталған. Ол біркелкі орналаспаған. Олардың ішінде құрылымы біртекті емес ұзындығы бірнеше мың жарық жылы болатын алып бұлттардан басқа шамалары бір парсектен аспайтын шағын бұлттар бар. Біздің галактиканың химиялық элементі сутегі мен гелий болып табылады. Осы екі элементпен салыстырғанда қалған элементтер өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда дөңгелектегі жүлдыз бен газдың химиялык қүрамы Күндегі сиякты.
Күн өзіне жакын барлық жұлдыздармен бірге 200—220 км/с жылдамдықпен галактика центрін айнала қозғала отырып, 200 млн жылда бір айналым жасайды. Демек, Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ішінде галактика центрін 30 рет айналып шыққан.
Басқа галактикаларды ашу. Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашықтықта жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады.
Оңтүстік жарты шардың түнгі аспанынан бізге ең жақын "Магеллан бұлттарын" бақылай аламыз. Зер салып қарағанда бұлт "толқып" тұрған тәрізді. Астрономдар оның толқуын біздің галактикаға жақын орналасуымен түсіндіреді. Бір кездері "Магеллан бұлттары" біздің галактикамен соқтығысқан секілді. "Магеллан бұлттары" Құс жолынан көп кіші. Олар біздің Галактиканың серігі. Миллиардтаған жылдардан кейін олардың тағы да бір-біріне жақындауы мүмкін.
"Магеллан бұлтынан" сөл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн жарық жылына тең болды. Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда" және "Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі эллипстік галактикалар Жергілікті галактикалар тобын құрайды.
Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Галактикалардың эволюдиясы жайында жұлдыздардың эволюциясына қарағанда әлде қайда аз білеміз. Галактика ядролары, олардың галактиканың эволюциясына және құрылымына әсері жөнінде мәліметтер өте аз. Кейбір ғаламдардың газ бен зат бөліп жарылатыны, ал кейбірінің бірімен-бірі өзара әсерлесетінін білгеннен кейін шешілетін проблемалар қатары көбейе түсті.
Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.
Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар барлық уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден қашық жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында оларды жалғайтын бар (жалғастырғыш) тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді.
Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипстік галактикалар жатады. Олардың кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді.
Сырткы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер енгізді: Е0 (сфералык), Е10 (қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні, құймақ нанға ұқсайды). Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі түрге бөлді: жалғастырғышы бар (белгіленуі Sb), жоқ (белгіленуі S) және ядроларының өлшеміне қарай үш түрге Sa (ең ірі ядро), Sb (орташа ядро), Sc (кіші ядро), сол сияқты sba, sbb, sbc деп бөлінеді. Барлық бұрыс галактикалар бір белгімен 1v деп белгіленеді.
Бірнеше мың өте жарық галактикалардың ішінде шамамен 80% –ы спиральді, 17% –ы элипсті және 3%-ы бұрыс галактика.
Галактикаларға дейінгі қашықтықтарды әр түрлі әдістермен анықтайды: Цефейдтер, жаңа және аса жаңа жұлдыздар, өте жарық жұлдыздар бойынша т.с.с.
№55. Астероидтардың өлшемі, массасы, айналу периоды. Орбиталарының ерекшеліктері.
Астероид (гр. astеroeіdйіs – жұлдызсияқтылар) — газ-тозаңды бұлттардың эволюциясы барысында пайда болған Күн жүйесіндегі кіші денелер, кіші планеталар деп те аталады.
Олар планеталардың серіктері емес және Күнді айнала өз еркінше қозғалады. Бірінші астероидты 1801 жылы 1 қаңтарда Италия астрономы Джузеппе Пиации ашты. Ол тура көтерілуі мен еңкеюі тәулік ішінде елеулі өзгеретін жұлдызды бақылады. Неміс математигі Гаусс үлкен жарты осі 2,77 а.б. болатын бұл астрономиялық дененің орбитасын есептеп тапты. Сатурн мен Юпитердің арасынан планета табылды деп есептеп, оған ескі Римнің табыс әкелетін әйел құдайы Церераның есімі берілді. 1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дәрігері Ольберс Церераға жақын жерден жаңа астероидты ашып, оны Паллада деп атады. 1804 жылы Юнона, 1807 жылы Веста табылды. Кішкентай планеталарды Гершель грекше «жұлдыз бейнелі» деген мағынаны білдіретін астероидтар деп атауды ұсынды.
Қазіргі кезде 12000-нан астам астероидтар белгілі. Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін ұлы адамдардың есімі берілді. Астероидтар табылғанда оған ашылған жылы көрсетілген белгі тағылады. Астероидтың орбитасы есептелген соң тұрақты номер және аты беріледі.
Астероид орбиталарының шеңберден өзгешілігі аз, сондықтан астероидтардың көпшілігі Күн жүйесінің ішіне кірмейді. Бірақ кейбір астероидтар Күнге жақын келіп немесе Сатурн орбитасының сыртына шығып кетеді. Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың екі тобы бар. Олар «Гректер» мен «Трояндықтар» деп аталады. Олардың айналу периоды Юпитердің айналу периодына сәйкес келеді және орбитадағы орны аспан механикасының теориясын құрушы Лагранждың тапқан заңы бойынша есептеп шығарған нәтижесінен ауытқымайды.
Күн жүйесіндегі астероидтар
Қазіргі уақытта Күн жүйесінен 100мыңдаған астероид анықталып отыр. Қазіргі уақытта олардың нақты саны - 632 567, бірақ олардың 385 184-нің орбитасы анықталғандықтан, соншасында ғана нөмірлеу жүйесінде өздеріне тән нөмірлеулері бар. Ал 18 241-нің аттары бар. Есептеулер бойынша Күн жүйесінде 1,1-ден 1,9 миллионға дейін радиусы 1км-ді құрайтын денелер бар. Қазіргі уақытта анықталған астероидтардың көбісі Марс пен Юпитердің арасында орналасқан астероидтар белдеуіндеорналасқан.
Осы уақытқа дейін Церера Күн жүйесіндегі ең үлкен астероид саналып келді. Оның өлшемдері - 975×909 км, бірақ 2006 жылдың 24 тамызынан ол ергежейлі планета санаттарына қосылды. Қалған екі үлкен астероид Паллада мен Вестаның диаметрлері 500км. Веста Жерден оптикалық құралсыз бақылауға болатын астероидтық белдеудің жалғыз өкілі. Қалған астероидтарды жерге жақын аралықта қозғалған кезде ғана байқауға болады.
Астероидтық белдеудің жалпы массасы жуық есеппен алғанда 3,0—3,6·1021 кг құрайды. Бұл - Ай массасының ¼ бөлігін құрайды.
Алғашқы 30 астероид
Церера (қазір ергежейлі планета болып табылады)
Паллада, Юнона,Веста,Астрея,Геба,Ирида,Флора,Метида,Гигея,Парфенопа,Виктория,
Эгерия,Ирена,Эвномия,Психея,Фетида,Мельпомена,Фортуна,Массалия,Лютеция,КаллиопТалия,Фемида,Фокея,Прозерпина,Эвтерпа,Беллона,Амфитрита,Урания
№56 Ежелгі Грециядағы астрономияның даму тарихы. Пифагор, Аристотель, Гиппарх, Птоломей.
Самостық Пифагор ( 570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі. «Философия» алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған.Пифагоршылардың күннің шығуын күтіп алуы, суретті Fyodor Bronnikov сызған (1827–1902)Жас Пифагордың ұстаздарынан Гермодамант пен Ферекид Сиросскийді атауға болады. Ферекид Италия мектебінің негізін қалаған философ болған. Ферекид Пифагорға табиғат сенің алғашқы да басты ұстазың деген. Жас Пифагорға өз қиялын іске асыру үшін Самостар болды, сондықтан ол Милетке сапар шегіп, онда басқа ғалым – Фалесті кездестірді. Пифагор білімге деген құштарлығының арқасында сынақтардан оңай өтті. Ол кездегі Египет геометриясы жаратылыстану бағытындағы ғылым болғандықтан египеттік білгірлер оған көп нәрсені үйрете алмады. Білгірлер берген білімді меңгерген Пифагор өз Отанына Элладаға қашып кетті. Вавилон математикасы Египеттікіне қарағанда аса дамыған болатын және Пифагордың үйренетіні де көп еді. Бірақ б.з.д. 530 жылдары Кир Орта Азиядағы тайпаларға қарсы жорыққа шығады. Қаладағы бұл жағдайды пайдаланып Пифагор Отанына қашып кетеді. Ол грек философиясында санға айырықша назар аудару дәстүрін қалыптастырды, бүкіл ғарышты, зат атаулыны сан арқылы тануға, тіпті санның бойынан киелі мағыналар оқуға тырысты.[1]Бұл туралы ежелгі грек ойшылы Аристотель былай деп жазды:Пифагоршылдар тұңыш рет математикалық біліммен айналысушылар болды. Олар математикалық қағидалар барлық заттың ортақ қағидасы деп танып, ең жоғары ғылым ретінде барынша тереңдеуге тырысы.Ол тіпті аспандағы жұлдыздар гармониялы нүктелерге орналасқан, олардың қозғалысынан туған тоғыспалы үн "ғарыш күйі" болып ойналады деп есептеді]Ғарышты түсіндіруде, Пифагор Милет мектебінің дәстүрін өзінің Сан туралы идеяларымен ұштастырды. Ол көптеген шекті әлемдер өмір сүреді, жер шары шар пішінде, бірақ жер ғаламның орталығы емес деп есептеді. Оның бұл идеяларын қазіргі танылған шындықтарға негізінен жат келмейді деп бағалауға болады.Пифагор Шығыс елдеріне, Египетке және Вавилонға көп саяхат жасаған.Оңтүстік Италияның грек колонияларының бірінде ежелгі Грецияның ғылыми және саяси өмірінде үлкен роль атқарған белгілі «Пифагор мектебінің» негізін салған.
Аристотель — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика,метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Аристотель сөзінің грекше мағынасы «ұлы мақсат» дегенді білдіреді.Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады..Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.Оның алты кітаптан тұратын органоны ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет философиялық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ -шы ғасырда формальды логика ғылымы қалыптасты.Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды.
18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы – б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Академияның жаңа басшыларының идеясын жақтамаса да, ол академиямен байланысын үзбеген. Кейін ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы (Бүгінгі Түркиядағы) Гермиас патшаның иеліктеріне сапар шегеді. .Б.з.д. 335 жылы ол Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін (лат.Lyceum) ашты. Бұл кейінгі лицейдің негізі болды. Ликей Аполлон ғибадатқанасы маңындағы "Қасқыр соғушының" атында аталған.Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Оның табиғат және физика туралы жаратылыстанулық және философиялық еңбектері Платон диалогтарына қарағанда күрделі болып келеді. Кейбір диалогтар жазғаны белгілі, бірақ ол диалогтарының аз бөлігі ғана сақталған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылған.Аристотель тұңғыш ғылымдарды түрге бөлуші, әрбір ғылымның нені зерттейтінін айқындаушы болды. Аристотель сол кездегі ғылымның барлық саласы туралы ізденіп, әрбір ғылым саласында бағалы еңбектер қалдырды. Ғылым саласында ол анатомия, астрономия, экономика, эмбриология, география, геология, метеорология, физика, зоология салаларын зерттеді,философия саласында эстетика , этика, саясат, үкіметтану, метафизика, психология және теологияны зерттеді, мәдениет саласында білім беру, әдебиет, поэтика зерттеді. Оның осынау ғылым мен философия саласындағы кітаптары ежелгі заман ғылымын негізінен түгел қамтыған білімнің энциклопедиясы болды. Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.Бірақ (б.з.д. 323 жылы) ол Еубеяда ауырып қайтыс болды. Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрадАристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі табиғат дүниесіндегі қозғалыс, жарық, физика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан бөлінді.
«Метафизика» еңбегінде және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсінудің төрт себебін көрсетеді. Олар: Материал (құрамы) себебі, Форма (құрылым, пішін) себебі, Қозғатушы (келіп шығуы) себебі, Мақсат (көздеу) себебі.
Материал себебі— заттың неден құралғаны. Яғни, бөлшегі, мүшесі, материалы. Кез келген зат мәлім бөлшектен, құрамнан, алғышарттан, материалдар бірлестігінен құралады. Заттың құрылымы дәл осы құрамдарға қатысты болады. Құрамы қалай болса ол заттың сондай қасиеті болады.
Форма себебі— заттың құрамдарының ұйымдасып қандай пішін қалыптастырғаны. Затқа қалай анықтама беру оның пішіні, күйі, мәні, бүтіндігі, қалыптасу ережесі, заттың зат болуында негіз болған заң-қағидасына байланысты.
Қозғатушы себеп — заттың қайдан пайда болғаны, не әсер еткені, неден жаралғаны, неден өзгеріп келгені. Ол заттар өзгерісінің себебін көрсетеді. "Не өзгертті?", "Қандай себеп оны осы күйге жеткізді" дегендей. Ол барлық затаралық дәнекерді де, органикалық және бейорганикалық заттардың қозғатушы себептерін де қамтиды.
Мақсат себебі — егер зат туралы болса оның қандай керекке жарайтыны, пайдасы, маңызы құны, өнімі; ал егер адам туралы болса ол қандай мақсатпен өмір сүретіні, ертең кім болмақшы екені, оны жетелеп жүрген (қазіргі заман психологиясындағы "мотивация ілімі" секілді) арман, ерік, зерде,бейақыл, этика, ниет, қалау, талап, талпыныс, құлшыныс қатарлылар белгілі әрекетке алып барады. Зат атаулының өмір сүру себебі мәлім мақсат бойынша болады. Мысалы бір қашалып біткен мүсін мүсіншінің мақсатын көрсетеді. Бұл ғылымда телеология (мақсат ілімі) деп аталады.Себеп байланысын ішкерлей зерделеу арқылы түрлі себептер дәрежеге жіктелді. Аристотельдің пікірінше, мәлім заттың жеке қасиеті емес жалпылық форма өмір сүрмейді.Әрине, бұл пікірлер өте қарапайым көрінгенімен, әйгілі ғұлама Платонның жалпылық идея жеке заттарға тәуелсіз дербес өмір сүреді, заттар сол идея негізінде бар болады деген идеалистік пікіріне қарсы айтылған.
ХІVғ. кейін ғалымдар ғылымды математикаластырған кезде, оның еңбектерінен біраз қателерді де тапты. Оның қателіктері көбінесе масса, жылдамдық, күш, жылу секілді ұғымдарға қатысты. Ол бұл шамаларды математикалық дәлдік пен байланыста тануға сонша мән бермегендіктен, нақты зерттегенде басқаша мән шығатын жалпылық жорамалдық тұжырымдармен шектелген. Физика саласында Аристотель "заттар тек үздіксіз әсер еткен түрткі күш болғанда ғана қозғалыс сақталады" деп қарады. Ол және өмір сүрмейді, кеңістік қашанда затқа толып тұрады деп есептеді. Галилей болса "зат қозғалысы кедергіге байланысты болады, тоқтап тұрған нәрсе еш күш түспесе мәңгі тоқтап тұра береді, қозғалыстағы зат еш күш түспесе мәңгі қозғала береді" деген үдеудің жаңа тұжырымын жасады. Кейін ағылшын ғалымы Ньютон осы негізде инерция заңын ашты. Ньютон Аристотельдің "қозғалыстың себебі күш" ережесін сынап, "Күш қозғалыстың тіке себебі емес, ол тек қозғалыс шамасын өзгертуші ғана" - деп есептеді. Ньютонның классикалық механика теориясы ғылымға енуден бұрын батыс ғылымы Аристотельдің ғылымымен негізделген болатын.Бірақ, Аристотельдің бұл секілді қателіктері оның ғылым саласындағы ғаламат үлесін еш кемітпейді. Аристотель ғылымның пайдасына да айырықша мән берді, қолданылмалы ғылымға Аристотельдің зор еңбегі бар. «Физика» кітабы физикалық білімді де, химиялық білімді де, биологиялық білімді де, астрономия, жер туралы ғылым қатарлы салалардың білімдерін де қамтыған. Кітап табиғат әлемінің жалпы ережесі мен материялық әлемнің қозғалыс, өзгеріс жалпы заңдарын тұжырымдайды, сипаттайды.
Еңбектерінің тізімі
Аристотельдің еңбектері «Аристотель жинағында» (лат. Corpus Aristotelicum) бес түрге бөлінген. Төмендегі шығармалар тәртібі Оксфорд университеті аударған нұсқалардағы ережеге сай жасалған. Бұлар арасындағының кейбірінің растығына әлі де талас көп. Ұқсамаған кітаптардағы Аристотельдің бейнесі, оның оқушысы, кітаптағы ой-пікірлер ұқсай бермейді.Кей шығармасы, мысалы «Афина саясатын» көп санды зерттеушілер Аристотель ағымындағылар Аристотельдің ұйымдастыруымен жазған деп есептейді. Басқалары, мысалы «Рең туралыны» оның шәкірттері жазған болуы мүмкі, мысалы Теофраст жазған деген дерек айтылады. Кей шығармасы, мысалы «Өсімдік туралы» деген еңбегін Аристотель атында басқа біреу жазған болуы да мүмкін. Бұл тізімде оның атына орта ғасырда қосылған астрология (жұлдызнама), магияға (сиқыр) қатысты кітаптар аластатылды. Өйткені ол шығармалар бар болғаны Аристотелді жарнама ету үшін ғана оның атына тіркелген.Төмендегі тізімде * белгісі қойылғандары растығы біршама таласты кітаптар есептеледі.
Гиппарх Никейский (шамамен 190ж б.з.б.- 120ж б.з.б. - көне уақыттың ғаламат астрономы атанатын II ғасырда өмір сүрген грек астроомы, механик, географ, математик. Гиппархтың ең бағалы еңбегі оның Көне Вавилон астрономиясына грек геометриясындағы аспан денелері қозғалысы моделіне жуық дәлдік алып келгені болып саналады.
Жұлдыздық Шама, көрінерлік Жұлдыздық шама – аспан шырақтары (жұлдыздар, планеталар, Күн, т.б.) сәулесінің Жер беті жазықтығында (шырақтар сәулесіне перпендикуляр орналасқан) жасайтын жарықталынуының өлшемі; аспан шырағы жалтырауының өлшемі. Жұлдыздық шама ұғымын алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх енгізген. Гиппарх жай көзбен көрінетін жұлдыздардың бәрін олардың жалтырауы бойынша шартты түрде 6 Жұлдыздық шамаға бөлген. Өлшеу әдістемесіне қарай Жұлдыздық шама: визуалдық (тікелей көзбен анықталатын) Жұлдыздық шама, фотографиялық Жұлдыздық шама, фотоэлектрлік Жұлдыздық шама және радиометриялық Жұлдыздық шама болып ажыратылады; 2) 10 парсек стандарт қашықтықтағы аспан шырағының Жұлдыздық шамасын абсолют Жұлдыздық шама деп атайды. Абсолют Жұлдыздық шама (көрінерлік Жұлдыздық шамадан өзгешелігі) шырақтардың физикалық қасиеттерін, жарқырауын сипаттайды.
Полярлық координаталар жүйесінің шығу тарихы Шындығында, бұрыш пен радиус ұғымдары б.э.б. бірінші мыңжылдықта белгілі болған. Грек астрономы Гиппарх (б.э.б. 190-120 жж ) әр түрлі бұрыштарға арналған хорда ұзындықтары келтірілген кесте ойлап тапқан. Оның аспан денелерінің орналасуын анықтауда полярлық координаталар қолданғаны жайлы мағұлматтар бар. Парсы астрономы Әбу Райхан Бируни (973-1048) полярлық координаталар суреттеуіне ұқсас көрінетін ойлар қозғаған. Ол, 1025 жылдары, аспан сферасының полярлық экви-азимутальдік теңаралы проекциясын суреттеген алғаш астроном. Полярлық координаталардың формалық координаталар жүйесіне енуі жайлы түрлі тұжырымдар бар. Полярлық координаталардың толық шығу тарихы мен зерттелуі Гарвард профессоры Джулиан Лоувел Кулидждың «Полярлық координаталардың шығу тегі» деген жұмысында суреттелген. XVI ғасырдың ортасында Грегуар де Сен-Венсан мен Бонавентура Кавальери бір-бірінен дербес ұқсас нәтижеге қол жеткізеді. Сен-Венсан полярлық жүйені жеке жұмыстарында 1625 жылы, басылымда 1647 жылы суреттеген. Ал, Кавальери болса өз еңбектерін 1635 жылы басылымға шығарып, 1653 жылы түзетілген түрін шығарған. Кавальери полярлық координаталарды шектелген Архимед спиралінің ауданын есептеуде қолданған. Нәтижесінде, Блез Паскаль полярлық координаталарды параболалық доғаның ұзындығын есептеуде қолданды. Координаталар полюстен қашықтық және полярлық осьтен бұрыш деп белгіленген. Бернуллидың жұмысы осы координаталар жүйесінде анықталған қисықтар қисығының радиусын табуда туған мәселелерге арналды. «Полярлық координаталар» терминін енгізген Грегорио Фонтана.
Клавдий Птолемей (100 - 178 жыл шамасы) - грек математигі және астрономы.Клавдий Птолемейдің өмір жолы туралы мағұлмат жоқтың қасы, тек қана біздің заманымыздың 120 жылынан бастапАлександрияда өмір сүргені белгілі. Ол өзінің жетістіктері негізінде арабтар «Альмагест» деп атап кеткен. Үлкен еңбектің авторы «Алмагест» арабша «алмаджести», яғни «аса ұлы» шығарма дегенді білдіреді.
№57. Әлемнің геоцентрлік жүйесі. Астрономияның алғашқы жетістіктерін б.д. ІІ ғасырда Александрия астрономы Клавдий Птоломей қорытындылады. Ол жасаған дүниенің геоцентрлік жүйесі бойынша қозғалмайтын Жерді айнала Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн мен «жылжымайтын жұлдыздар сферасы» қозғалып жүретін болды. Көптеген ғасырлар бойына шіркеу дүниенің геоцентрлік жүйесін қолдап келді, өйткені шіркеу оқуының өзінде Жер «Ғаламның орталығы» болып саналды. Птоломейдің дүние жүйесі Ғаламның құрылымы жөніндегі мүлдем қате түсінікке негізделгенімен , қанше дегенмен де ол аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысының көптеген ерекшеліктерін, соның ішінде ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысының мәнісін түсіндірді. Бұған Птоломей әрбір ғаламшардың қозғалысын бірнеше бірқалыпты қозғалыстар үйлесімі ретінде қарастыра отырып, көз жеткізді. Мысалы, ғаламшар Жерді айнала қозғалып қана қоймайды, оның өзі де Жерді айнала қозғалатын нүктенің маңайында қозғалады деп есептелді. Птоломей жасаған кестелер аспандағы ғаламшардың орындарын алдын ала анықтауға мүмкіндік туғызды. Бірақ уақыт өте келе астрономдар бақыланып отырған ғаламшардың орындары мен оның алдын ала есептелген орындарында айырмашылық бар екенін байқады. Ғасырлар бойы астрономдар Птоломейдің жүйесі қажетті деңгейге дейін жетілмеген деп, оны жетілдіре түсу жолында әрбір ғаламшар үшін дөңгелектік қозғалыстардың жаңа үйлесімдерін енгізді.
Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі. Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473-1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай ғана қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жер орбитасының сыртында Марстың, Юпитердіңжәне Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник «жылжымайтын жұлдыздар сферасын» Күннен өте қашыққа орналастырды. Коперник ұсынған дүние жүйесі гелоиоцентрлік деп аталды. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді. Коперник астрономияда алғаш рет Күн жүйесі құрылымының схемасын құрып қана қоймай , сонымен бірге ғаламшарлардың Күннен салыстырмалы қашықтықтарын (Жердің Күннен қашықтық бірлігімен көрсете отырып) анықтады және олардың Күнді айналып шығу периодын есептеп шығарды.
Коперниктің ілімі дүниенің геоцентрлік жүйесіне күйрете соққы берді. Ол барлық жаратылыстанудың дамуына қуатты соққы бола тұрып, астрономия ғылымы аясынан алысқа тарады.
Гелиоцентрлік дүниетанымның қалыптасуы. Коперниктің ілімі бір дегеннен мойындалып қабылданған жоқ. Мысалы, 1600 жылы инквизицияның үкімімен Римде Италияның ұлы философы, Коперниктің ізін қуушы Джордано Бруно (1548-1600) өртелді. Бруно Коперниктің ілімін дамыта отырып, Ғаламда центр жоқ және болуы мүмкін емес, ал Күн — бұл Күн жүйесінің ғана центрі деп пайымдады. Ол сондай-ақ жұлдыздар — біздің Күн сияқты басқа жүйедегі «Күндер», сонымен бірге сансыз жұлдыздарды айнала ғаламшарлар айналып жүреді, олардың көпшілігінде саналы өмір бар деген данышпан ой-болжам жасады. Инквизицияның ешқандай от-жалыны Джордано Бруноның жігерін жасыта алмады, оны жаңа ілімінен бас тартқыза алмады.
1609 жылы Галилео Галилей (1564-1642) тұңғыш рет телескопты аспанға бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде дәлелдейтін жаңалық ашты. Ай бетінен ол тауларды көрді. Ендеше, Айдың беті Жер бетіне біршама ұқсас және «Жер» мен «аспан» арасында принциптілік айырмашылық жоқ. Галилей Юпитердің төрт серігін ашты. Олардың Юпитерді айнала қозғалысы аспан денелері қозғалысының центрі тек Жер болуы керек деген қате түсінікті жоққа шығарды. Галилей Шолпанның да Ай сияқты өз фазаларын өзгертетінін байқады. Олай болса, Шолпан — Күннің сәулесіне шағылысып жарық шығаратын шар тәрізді дене. Шолпан көрінісі өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттей келе, Галилей ол Жерді ғана емес, Күнді де айнала қозғалады деген дұрыс тұжырым жасады. «Аспан тазалығын» көрсететін Күн бетінен Галилей дақтарды көрді, оларды бақылай жүріп, Күннің өз осінен айналатынын анықтады. Ендеше, әр түрлі аспан денелеріне, мысалы, Күнге, осьтік айналу тән екен. Ақырында ол, Құс жолы — жай көзбен ажыратуға келмейтін мың-сан көмескі жұлдыздар екенін анықтады. Олай болса, Ғалам ертеде ойлағандағыдан әлдеқайда ғаламат екен, ал ол кішкентай Жерді айнала бір тәулік ішінде толық айналым жасап шығады деп болжау мейлінше аңғырт түсінік еді. Галилейдің ашқан жаңалықтары дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қолдаушылардың санын көбейтті және сонымен қатар шіркеуді коперникшілдерді қудалауын күшейтуге мәжбүр етті. 1616 жылы Коперниктің «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» атты кітабы оқуға тыйым салынған кітаптар тізіміне енгізілді, ал ондағы ілім Қасиетті Жазбаға қайшы келеді деп жарияланды. Галилейге Коперниктің ілімін насихаттауға тыйым салынды. Солай бола тұрса да 1632 жылы оған өзінің «Дүниенің екі ең басты жүйелері — Птоломей және Коперник жүйелері жөніндегі диалог» атты кітабын жариялаудың мүмкіндігі туды, онда ол гелиоцентрлік жүйенің ақиқаттығын нанымды көрсете білді, сөйтіп ол католиктік шіркеудің оған деген ашу-ызасын күшейтіп алды. 1633 жылы Галилей инквизиция сотының алдына шақырылды. Жасы келген ғалымды өзінің көзқарасынан «бас тартуға» қол қоюға мәжбүр етті және өмірінің соңына дейін инквизицияның бақылауында ұстады. Тек 1992 жылы ғана католиктік шіркеу Галилейді біржолата ақтады.
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.
Ұлы поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезеңде, яғни XVI ғасырда, Птолемейдің өздеріңе мәлім геоцентрлік жүйесінің ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады.
Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын.
Николай Коперник
Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес,
Жерді айнала қозғалады деді.
Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды. Коперник Полыпа мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицина бойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыс тары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды.Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыс тарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос- Күн) деп аталды.Коперник жасаған жүйе әлі де болса мүлтіксіз емес еді, ол қазіргі кездегі қабылданған Күн жүйесі құрылысының сызбасынан өзгешелеу болды. Өйткені планеталар Күнді Коперник айтқандай дөңгелек орбита бойымен емес, эллипстік орбиталар бойымен айнала қозғалады. Коперник сол кездегі белгілі аспан құбылыстарын және планеталардың тұзақ тәрізді болып көрінетін қозғалыстарын Жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп өз болжамының дұрыстығын батыл дәлелдеді. Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак Ньютон қолдап, одан әрі дамытты.Н. Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылыгы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.
Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі - кайта өрлеу дәуірінде пайда болған ұғым. Бұл ұғым бойынша, "Жер және басқа планеталар Күннің төңірегінде айналады, сонымен бірге өз өсінде өздері айналады" деп тұжырымдалды. Мұны сол заманға дейінгі басым болып келген "әлемнің геопентрлік жүйесі" ұғымын жоққа шығарып, поляк астрономы Н. Коперник дәлелдеп берді.
Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі(грекше hlіos — Күн және латынша centrum, грекше kentron — орталық нүкте, орталық) — Жер және басқа планеталар күнді өзінің осі айналасында айналады дейтін ілім. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілім қайта ерлеу дәуірінде пайда болып, жаратылыс ғылымының дамуына революциялық әсер етті. 1543 ж. атақты ғалым Коперник Жер — өлемдік кеңістіктің орталығында тұрады деген пікірді тасталқан егті. Кейінгі Дж. Бруно, Галилей тәрізді ғалымдар Жер — сансыз жұлдыздардың бірі деп дәлелдейді. Ал XVI—XVII ғ, Жер бір топ жұлдыздардың орталыгы бола алмайтыны, әлемдік кеңістік шексіз болғандықтан, онда еш орталық болмайтыны дәлелденді.
Бруно Джордано Филиппо — италиялық философ, ақын, астроном. Дінге қарсы көзқарасы үшін шіркеу басшылары оны қуғынға ұшыратты. Сондықтан ол Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция оны діннен безген деп айып тағып, сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін тірідей отқа жағып өлтірді. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды (“Ғалам және ғалам дүниелері, шексіздік туралы”, 1584). Дүниенің физ. біртектілігін (барлық дене жер, су, от, ауа және эфирден тұрады деген 5 элемент жөнінде ілімі) мақұлдайды. Ғарышнамада Бруно өз дәуірі үшін озат, ал кейін ашылған астрон. жаңалықтар бойынша дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі сол кезде белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. Жер мен аспанның арасында қарама-қарсылық бар деп білетін ортағасырлық пікірді бекерге шығарып, басқа дүниелерде де тіршілік болуы мүмкін деген пікірлері.
Галилео Галилей Арчетри, Флоренция альян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.
Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп,геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады.
1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.
Дін басылары Н.Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. 1630 жылы "Әлемнің екі негізгі жүйесі туралы сұхбат" деген еңбегін Римге алып келді. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді.
1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей XVII ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады.
Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.
Айналысқа итальяндық ғалым Галилео Галилей астрономия жаңалықтардың көп жасады. 1609 жылы ол (ол білген Голландияда 1608 жылы телескоп өнертабысқа туралы) шағын телескоп жасаған және аспан денелерiн бақылау оны қолданылады. Олардың нәтижелері Коперника теориясын растады, аспанға Галилео оның телескоп айналды.
Астрология — аспан шырақтары мен адамдар арасында байланыс бар деп есептейтін ілім; орта ғасырларда таралған, қазір де келешекті болжап айту үшін (гороскоп құрастыру үшін) астрологтар пайдаланады. Табиғат құбылыстарның шын мәнісін түсінбеген ертедегі адамдар аспан шырақтарын да құдай деп қастерлеп, оларға табынатын болған. Міне , сондықтан да абыздар планеталарды өздері табынатын құдайларының атымен Юпитер, Марс, Венера т.т деп атайтын болған. Осыдан барып аспан денелері жер бетіндегі уақиғаларға, адамның тағдырына әсерін тигізеді деген сенім туды. Аспан шырақтарының аспандағы орнына қарап жердегі уақиғаларды жеке адамдардың тағдырын күні бұрын болжайтын жалған ғылым – астрология- әсіресе орта ғасырларда Еуропада күшті өркендеді. Патшалар , корольдер, князьдар , т.т Күннің ,Айдың, планеталардың орнына қарап келешекті болжап отыратын қолдарына арнаулы адамдарды ұстады. Бала туысымен астролог оның келешегі қай планетаның ықпалымен, қандай болып өтетінін болжап жазып қоятын болған. Юпитердің таңбасының астында туған кісі жауынгер болады, т.т деп сенетін.
№58.Ғаламдағы материя түрлері.-алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылым білімге негізделген Ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі. Ғалам туралы ұғымның дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (б.з.б. 5 ғ.) еңбектерінде кездеседі. Ол Ғалам мәңгілік, аспан денелерін құрайтын материя жаңадан жасалмайды және жойылмайды деп тұжырымдаған. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытқан. Одан кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілген. Жердің шар тәрізділігі туралы түсінікке сүйеніп, грек философы Филолай (б.з.б. 5 ғ.) және грек астрономы Аристарх Самосский (б.з.б. 4–3 ғ-лар) Жердің қозғалатындығы жөнінде жорамал жасаған. Птолемей негізін қалаған дүниенің геоцентрлік жүйесі шіркеудің қолдауымен Қайта өркендеу дәуіріне дейін үстемдік еткен. Н.Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғыл.-зерттеуге жол ашты. Жерді аспан денелерінің бірі деп санаған Коперниктің пікірін Дж. Бруно одан әрі дамытып, жұлдыздар әлемі шексіз деген тұжырымға келді. Коперник қалыптастырған дүниенің гелиоцентрлік жүйесі Ғалам туралы ғылымның негізіне айналды. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диам. 10 млрд. км-дей. Бұл қашықтықты жарық 10 сағ-қа жуық уақытта жүріп өтеді.
20 ғ-дың 30-жылдарының соңындағы зерттеулердің (В.Я.Струве, Ф.В.Бессель, Т.Гендерсон) нәтижесінде Ғалам жөніндегі адамзат білімінің шегі кеңейе түсті. Галактиканы (Құс жолы) зерттеуге байланысты жұмыстар кеңінен жүргізілді. Сөйтіп, Күн жүйесінің өзі Галактиканың құрамына енетіні дәлелденді. Галактиканың мөлшері мен құрылысы дәлірек анықталды. Бұл аса күрделі жүйенің диам. шамамен 30 мың пк-ке (шамамен 100 мың жарық жылы) жуық. Кейінірек Ғалам кеңістігінде біздің Галактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады. Астрономия аспаптардың көмегімен Метагалактиканың бірнеше млрд. пк қашықтықтағы кейбір бөліктерін бақылауға болады. 1963 ж. бұдан да алыс қашықтықтағы квазарлар ашылды. Ғ-ның зерттелген бөлігінің шектеулігі кеңістіктің шексіздігі туралы идеяға ешқандай қайшы келмейді. Өйткені қазіргі физ. көзқарас бойынша кез келген нақты не болжалды жүйенің алатын көлемі осы жүйеге қатысты әр түрлі жылдамдықпен қозғалатын бақылаушылар үшін бірдей болмайды. Метагалактиканың белгілі бір бақыланған бөлігінің қасиеттерін бүкіл Ғ-ға таратуға және сол арқылы бүкіл Ғ-ды түсіндіруге болады деген Ғ. құрылысының әр түрлі теориялары бар. Мұндай жеңілдетілген сұлбалар көптеген нақты зерттеулер үшін өте құнды болып есептеледі. Өйткені олар ғаламның үлкен көлемінің қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, алдын ала жиналған жорамалдар шартты екендігін ұмытпау керек. Шын мәнісінде, жұлдыздық астрономияның көптеген есептерін шешу кезінде Галактиканы шексіз созылып жатыр деп ұйғару қолайлы болады. Бірақ зерттеуші нақты есептерді шешу кезінде, Галактиканы шексіз деп есептей отырып, мұндай ұйғарымның шартты екендігін түсінеді. Дәл осы тәрізді жеңілдетілген ұйғарымдарға негізделген және дербес зерттеулерге арналған теор. сұлбалар да бүкіл ғаламның теориясы бола алмайды. Сонымен біз ғаламның ең жалпы немесе ең ірі масштабтағы қасиеттерін айтқанда, Метагалактиканың қасиеттері мен құбылыстарын түсінуге болады. 20 ғ-дың 70-жылдарында әр түрлі елдердегі астрономдардың ұжымдық еңбектерінің нәтижесінде Метагалактиканың мынадай маңызды қасиеттері анықталды:
Галактикалар Метагалактикада бірқалыпты таралмаған; олардың көпшілігі галактикалар шоғырлары мен топтарына жинақталған;
Галактикалар бір-бірінен, жуық шамамен, орналасу қашықтығына пропорционал болып қашықтайды (мыс., бір-бірінен он млн. пк қашықтықтағы галактикалар 600 км/с жылдамдықпен қашықтайды). Бұл ұлғаю, Доплер принципіне сәйкес, галактикалар спектріндегі спектрлік сызықтардың қызыл ығысуы ретінде байқалады. Мұндай алып құбылыс, көбінесе Ғаламның ұлғаюы деп аталады;
Ғ-ның біз орналасқан бөлігі миллиметрлік радиотолқындар диапазонындағы радиосәулемен бірқалыпты толтырылған.
Ондай радиосәуленің тығыздығы темп-расы 3 К-ге тең абсолют қара дененің сәулесіне сәйкес келеді. Бұл сәуле реликт сәуле деп аталады. Реликт сәуле, өткен ерте дәуірдегі Метагалактиканың пайда болу бастамасына байланысты сәуле шығару процесінің қалдығы деп жорамалданады. 20 ғ-дың ортасына дейін Ғ-ның бізге бақыланатын бөлігіндегі заттың басым бөлігі жұлдыздарға, ал оның аз ғана бөлігі жұлдызаралық заттарға, планеталар мен құйрықты жұлдыздарға шоғырланған деп ұйғарылып келді.Сонымен ғаламдағы заттың басым бөлігі галактикаларда шоғырланған деген тұжырым ғаламның нақты бейнесін едәуір дәлірек сипаттай алады. Дегенмен, тек галактикалар ғана бақыланатын ғаламның ең ірі құрылымдық бірліктері деп есептеуге болмайды. Бірсыпыра зерттеулер галактикалар шоғыры мен топтарынан да гөрі үлкен жүйелер – галактикалардың асқын шоғыры болатындығын дәлелдеп отыр. Қорыта айтқанда, ғаламның бақылауға қолайлы бөлігінің бір текті еместігі және топталу тенденциясы – ғаламға өте тән белгі. Жұлдыздар мен жұлдызаралық зат иондалған газдан құралған. Бұл ғаламдағы заттың негізгі физ. пішіні қатты зат та, сұйықтық та, бейтарап газ да емес, иондар мен электрондардан тұратын плазма деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ғ-ды құрайтын әр түрлі жүйелердің, сондай-ақ денелердің эволюциясындағы көптеген процестердің ашылуы бақылау деректері мен теор. есептеулердің негізінде ғарыш эволюциясының заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік берді. Мұндағы маңызды міндеттердің бірі – ғарыштық нысандар мен олардың жүйелерінің жасын анықтау.Ғарыштық денелердің не жүйелердің жасының сипатын анықтай отырып, олардың «пайда болу сәті» деп мынадай екі сандық баға түсініледі:
бақыланатын күйде тұрған жүйеге кететін уақыт;
берілген жүйенің пайда болуы мен жойылуының арасындағы толық уақыт.
Басқа галактикалардың да бір айналымына кететін уақыт осымен шамалас. Сонымен галактикалардың орташа жасы 10 млрд. жыл деп есептеледі. Галактикадан тыс астрономияның деректері бойынша, кейбір галактикалар шоғырлары мен топтарының айналу жылдамдықтарының өте үлкен болуы себебінен, тартылыс күші оларды шоғырлар мен топтарда ұстай алмайды да, ыдырайды. Көптеген жағдайда, ыдырауға кететін уақыт 1–2 млрд. жыл деп есептеледі. Дегенмен, 200–500 млн. жылдан кейін ыдырайтын галактикалар да белгілі. Мұның өзі галактикалар арасында, кейде өте жас нысандардың да кездесетінін, яғни Метагалактиканың қазіргі даму кезеңінде жаңа галактикалардың пайда болу процесінің жүріп жатқандығын көрсетеді. Ғ-да бір-бірінен алыс тұрған метагалактикалардың болатындығын дәлелдейтін фактілер әзірше жоқ. Кеңістіктің мұндай үлкен көлемінде Евклид геометриясының принциптерін қолдануға болмайды. Бұл қатыстар топологиялық жағынан да күрделі болуы мүмкін. Сондықтан бүкіл ғаламның жасы туралы айту әлі ертерек. Квазарлар мен квазижұлдыздар ашылғаннан кейін Ғ-ның бұрынғы күйін зерттеудің жаңа мүмкіндіктері туды. Оларды бақылай отырып, Метагалактиканың сол аймағы жөнінде белгілі бір тұжырым жасауға болады. Бақылаулардың қорытындысын талдау нәтижесінде Метагалактиканың өте ертедегі бұрынғы күйі қазіргі күйінен мүлдем өзгеше болғандығы анықталды. Сонымен Метагалактика ылғи да эволюция үстінде деген тұжырым дәлелді болып есептеледі. Алып галактикалар 100 млрд-тан астам жұлдыздан, ал Метагалактика 100 млн-нан кем емес жұлдыздан құралатындықтан ғаламдағы жұлдыздардың саны 1019-нен астам деп есептеледі. Сондықтан мұндай кейбір жұлдыздардың төңірегінде органик. өмірдің, сондай-ақ Жерден тыс өркениеттің болу мүмкіндігі теріске шығарылмайды.
№59. Күн атмосферасының құрылысы
Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos –ауа және phaira-шар,алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданытынауаны біз атмосфера деп атай береміз. Бірақта, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераньң негізгі бөлігінің бірі ғана. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабыкшасы. Ауа осы газды қабаттың жреге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. 0С кезіндегі биіктігі 760 мм сынап бағынасына тең ауа қысымы өлшем бірлігі болып саналады. Интернационалдық жүйе бойынша км – 101 , 325 кПа-ға тең. Атмосфераның жалпы массасы 5,51.10/15 тоннаға (500 тирллион т) жуық, оның ішінде оттекке клетіні 105 триллион тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%. Планетедағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда тоық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы шамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында. Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфера-ның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді. Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық бөліктерде) 16-18км (экватор үстінде ) биіктікке дейін созылады. Бұл қабатта ауаның 80%-ке дейін жинақталады. Тропосферадағы ауа әр түрлі бағытта әр түрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып, өзгерып отырады. Қозғалыс нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды ауамен, жылы ауа салқын ауамен алмасып тұрады. Негізгі бұлттардың түзелетін жері жылы қабат. Циклондар мен антициклондар осында өрбіп, өшіп отырады. Осыған қарай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға қатынасты. Атмосферадағы бөлшектср өздері таралған кеңістікте толассыз козғалыста болғандықтан, көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондыктан ауаның белгілі бір жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа ауысып отырады. Ауаның осындай козғалысынан жел пайда болады. Жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын ауаның температурасы 6,5 "С төмендеп отырады да, ал 18-20 км биіктікте төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады, шамамен — 56 "С болады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза дсп атайды. Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі кабат –стратосфе-ра. Ауаның қалған бөлігі осы кабатта болады, жел екпіні төменгі кабаттармен салыстырғанда мұнда оте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұұл кабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 "С-ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікте орналаскан аралық стратопауза кабаты, онда температура 0 "С шамасында. Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан кабат - мезосфера. Бұл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 "С-ге төмендеп отырады. Келесі мезопауза деген қабатта түрақталған температура мөлшері 75 - 90 "С шамасында. Жоғарыда қаралған кабаттардың үстіндегі атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады. Бұл қабаттың калыңдығы бірнеше мыңдаған км-ге дейін созылады. Атмосфера қабатының нақты шекарасы аныкталмаған. Жер серікіері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіндегі қабатын экзосфера деп атайды. Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай бастауына байланысты, осы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді. Атмосфераның химиялық құрамы 90 км биіктікке дейін тұрақты. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 90' км-дейін жоғары жатқан атмосфера кабаттарында бұл тұрақтылық бұзылады, осыған орай оның химиялық кұрамы да тұрақсызданады. Космонавтар ( Сагдаев, Зайцев 1975ж) жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек, 250-300 км биіктікте атмосфераның негізгі компоненті атомарлық оттек, 500-600 км-гден жоғары биіктікте атмосфераның негізгі құрамы – гелий мен сутек, атмосфераның ең сыртқы жоғарғы қабатын (1600 км жоғары) құрушы компонент автомарлы сутек. Ауаны көп компоненттен тұратын газды ерітінді деп айтуға болады. Оның құрамдық бөлімдерін негізгі үш топқа бөлуте болады: тұрақты өзгеріп тұратын және қосалқы. Біріншіге оттек (21,0 %) , азот (78,1% ) және инертті газдар (шамамен 1%) жатады.ауа сынамасының қай жерден алсақ-та осы газдардың атмосферадағы көлемі тұрақты болып келеді. Жалпы молекулалык. массасы (28,98). Екінші топқа көмір қышкыл газы (0,02 - 0,04%) мен су буы (4% –ке дейін) жатады.
Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді: * әлемдік көлемде ластайтындар - кай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар) сақталатьн шығарынды (тастанды) заттектер (көмір кышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтср); * аймақтық. (региондьқ) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) - үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтсрі, пестицидтер, ауыр металдар); * жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңбсрінен аспайтын) - атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперсиялык аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азотгың, т.б. оксидтері). .
