- •2. Бірінші кезеңдегі өңдеу және кез-келген физико-химиялық әдісті қолданудың қандай тәуелдіктері бар екенін көрсетіңіз
- •3. Аса таза материалдар заманауи классификация бойынша қандай заттарға бөлінеді
- •4. Әдіс сезгіштеріне: тазалық және қоспа арасындағы сандық көрсеткіштерінің байланыстарын құрастырыңыз
- •5. Сырттан енетін ластануды алдын алатын әдістің шарттары мен бөлімдерін сәйкестендіріңіз
- •6. Кейбір әдістердің сезгіштік шекараларын табыңыз. Мысалынкелтіріңіз
- •7.Қателіктерге тәуелді сараптамалардың дәлдігі мен қалпына келтіру қасиеттерін сипаттаңыз
- •8. Сандық әдістердің көбнесе қосылыстардың әр түрлі физикалық қасиеттеріне немесе жай заттардың физикалық қасиеттерімен өлшенетінің дәлелдеңіз
- •9.Энергиясы әр түрлі бірліктерде берілген электромагнитті шағылысу диапазондарын көрсетіңіз
- •11.Электромагнитті шағылысу спектр аймақтарын салыстырып, оларды атаңыз
- •10.Детекторлар мен электромагнитті шағылысу көзінің айырмашылығын түсіндіріңіз
- •12.“Жұтылу” түсінігінің енгізілу қажеттілігін бағалаңыз (жарықтың сіңірілуі, оптикалық тығыздық)
- •14. Атомды-абсорбционалды қондырғының принципті схемасын суреттеңіз.
- •15. Талдаудың хроматографиялық әдістерінің жалпы классификациялық схемасын жазыңдар.
- •16.Физикалық әдістерге сараптама әдістерінің қандай түрлері жатады. Мысалы келтіріңіз.
- •17.Сараптаманың оптикалық әдістерін классификациялаңыз.
- •18. Атомды спектроскопия сараптамасы неге негізделген.
- •19. Әр түрлі молекулалы топтарға тән ик- спектр жолағының орналасуын салыстырыңыз.
- •20. Колориметрияның негізгі заңы қай жағдайда орындалатынын бағалаңыз.
- •21. Жарық сәулеленуінің жұтылуы кезінде заттектер қандай күйге ұшырайды? Жарықтың сіңірілуі концетрациясының ұлғаюына байланысты өзгеруін графикалық түрде көрсетіңіз
- •Сіңіру спектрлері
- •22. Люминесценттік сәулелену дегеніміз не және оның негізгі қасиеті қандай?
- •23. Қоздыру тәсіліне байланысты люминесценцтің түрлері қандай?
- •24. Фосфоресценция мен флуоресценцияның арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •25. Жалынды фотометрияның негізінде атомдардың қандай қасиеті жатыр
- •26. Спектральды эталон дегеніміз не және олардың эмиссиялық спектральды талдау кезінде қолданылуы туралы жазыңыз
- •27. “Электродты патенциал” мағынасын түжырымдаңыз
- •28. Ионалмасу хроматография әдісінің негізін тұжырымдаңыз
- •29.Адсорбционалды хроматографияның негізі мен кемшіліктерін сыни түрде бағаландар
- •30. Рентгенді сәулелену туралы жалпы түсінік беріңіз
- •31. Физикалық әдістердің топтарын қасиеттері бойынша тұжырымдаңыз
- •32. Автоматты үдерісті реттеудің сызбасын сыни түрде бағалаңыз
- •33. Бұзылмаған үлгілермен жұмыс жасау үшін қандай себеп керек екенін бағалаңыз
- •34. Қоспалардың құрамына кіретін реактивтерді сыни түрде бағалаңыз
- •35. Абсорбция мен атомды эмиссияға негізделген атомды спектроскопияның әдістерін классификациялаңыз
- •36. Бугер-Ламберт және Бер заңдарының мәнін тұжырымдаңыз. Олардың математикалық формуласы қандай ?
- •37. Атомды – абсорбционылды спектроскопияның эмиссиялық спектроскопиядан айырмащылығын сыни түрде бағалаңдар
- •38. Жалынды фотометрия әдісі негізінде қандай элементтерді анықтауға болатынын сыни түрде бағаландар
- •39. Талдаудың электрохимиялық әдістерінің классификациясы туралы жазыңыз
- •40. Талдаудың потенциометрикалық әдісінің негізінде қандай принцип жатқанын бағалаңдар
- •41. Мембрандық электродтық құрылғынын әйнекті құрылғыдан айырмашылығын сыни түрде бағалаңдар
- •42. Массспектрометрия әдістері қандай физикалық құбылыстарға негізделеді және оларды қандай зерттеулерде қолданатынын сыни түрде бағаландар
- •43. Хроматография әдістерінің мәнін тұжырымдаңыз
- •44. Газды–адсорбциялық және газды-сұйықтық хроматографияның негізінде қандай принциптер жатқанын сыни түрде бағаландар
- •45. Газды хроматографияда заттектердің сапалық және сандық мәнін анықтауда қандай әдістер қолданылатынын тұжырымдаңдар
Сіңіру спектрлері
Газдар, ерітінділер және түйіршіктер түріндегі қатты заттар жарықты іріктеп, таңдап сіңіреді. Белгілі бір толқын ұзындығы аралығында жарықтың ең мол сіңірілуі байқалады. Энергиясы бөлшекті қоздыру энергиясына тен жарық кванттары интенсивті сіңіріледі. Мұндай жағдайда сіңірудің мольдік коэффициенті жоғары мәніне жетеді. Сіңірудің мольдік коэффицпенті мэнінің толқын ұзындықтары (жиілігі) бойынша таралуын сіңіру спектрі деп атайды. Жалпы алғанда сіңіру спектрлері өткізгіштік, оптикалық тығыздық немесе толқын ұзындығы, сіңірудің мольдік көрсеткіші мен жиілігі сияқты шамалардын графиктік тәуелділігін көрсетеді. Сіңірудін мольдік көрсеткішісіңіретін қабаттың қалыңдығы мен концентрацняға тәуелді болмағандықтан, оны спектрлерді салуға пайдаланады.
Мұның өзі ұқсас заттардың спектрлерін жннақтауға, реттеуге, әрі басқа қосылыстарды талдау, анықтау, өлшеу кезінде дайын нұсқа ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
22. Люминесценттік сәулелену дегеніміз не және оның негізгі қасиеті қандай?
Люминесценция (лат. lumen — жарық, escent — әлсіз) — табиғатта кездесетін кейбір заттардың сыртқы факторлар себебінен сәуле шығару құбылысы. Қысымы азайған заттардан электр тоғы өткенде немесе кейбір заттарға электрондық сәуле түскенде олардың сәуле шығару құбылысы катодолюминесценция деп аталады. Бұлардың біріншісі "күндізгі жарық" шамдарында пайдаланылса, екіншісі теледидар экранында бейнесигналды жарық сигналына өзгерту үшін пайдаланылады.[1]
Люминесценция - сыртқы энергия көзінің әсерінен кейбір дененің жарық шығаруы. Люминесценция кезінде шыққан жарықтын жиілігі оны қоздырушы жарық жиілігінен өзгеше. Люминесценция құбылысын жарықтың шашырауы, шағылуы және денелердің термодинамикалық тепе-теңдік күйіндегі жылулық сәуле шығаруы тәрізді құбылыстардан ажырата білу керек. Қыздырғандағы жарық шығарудан бұл бөлек, мұнда жылуды шығаратын жүйе энергиясы пайдаланылмайды. Сондықтан да оны "салқын жарық" деп те атайды. Люминесценцияэлектрон қоздырылған күйінен негізгі күйге ауысқанда пайда болады. Люминесценциялаушы кез келген агрегаткүйде болуы мүмкін. Люминесценттік өлшеу әдістері химиялық және биохимиялық реакциялардың жүруін, кинетикалық зерттеулерді бақылау үшін, заттарды, әсіресе, органикалық қосылыстарды тазалау, құрамындағы қосалқы қосымшаларды айқындау, оның тазалық дәрежесін анықтау үшін жиі қолданылады. Әдістің ең жоғарғы сезімталдығы заттың болмашы дәрежедегі түрленуін де, аралық жоғары активті немесе тұрақты емес өнімдердін түзілуін де белгілей отырып, оны әр түрлі реакциялардың механизмін зерттеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Молекулалар қоздырылған кезде (1-суреттегі. процесс) қосымша энергияға (кинетикалық, айналу, тербелу, электрондық және басқа да) ие болып, қоздырылған күйге, яғни біршама басқаша электрондық деңгейшеге (синглетті және триплетті) ауысады. Әрбір электрондық деңгейге 0, 1, 2... сияқты кванттық саны бар тербелістік деңгейшелер косылады. Электрон жарық квантын сіңірген кезде негізгі деңгейден синглетті (кері параллельді спиндер) және триплетті (параллельді спиндер) күйге сәйкес келетін жоғарылау деңгейге ауысады. Негізгі синглеттен триплетті күйге бірден немесе тура ауысуына болмайды, өйткені оның энергиясы синглеттікінен біршама аз, ал оның деңгейі интеркомбинациялық конверсия (араласа жанасу) есебінен толықтырылады. Мұндай ауысу 1-суретте V санымен белгіленген. Қоздырылған молекулалардың басым көпшілігі соқтығысу кезінде энергиясын жоғалту нәтижесінде ең төменгі тербелмелі деңгейге (II процесс) ауысуға ұмтылады. Бұл процесс сәуле шығарусыз өтеді және осындай жағдайдағы молекулалар қоздырылған синглеттік электрондық деңгейде 5 болады, одан олар әуелгі күйіне фотонныңсәуле шығаруымен болатын күйіне ауысады (флуоресценция IV процесс). Олардың сәуле шығару алдында триплетті деңгейге ауысуының ықтималдығы аз (фосфоресценция, V, VI, VIII процесс). Ақырында молекула негізгі денгейдің әйтеуір бір тербелмелі күйінде болуы мүмкін. Бұл ауысулардың бәрі спектрде жақын орналасқан тиісті сызықтар арқылы сипатталады (флуоресценция және фосфоресценция). Ерітінді қатынасқан тұста, ол сызықтардың арасы тарылып, бір-бірімен бірігіп кетуі мүмкін.
Анализ анықталатын зат саны мен химиялық реакция өнімінің бір-бірімен эквивалентті болатынын және олардың люминесценттілігін өлшеуге негізделген. Бұл әдістің сезімталдығы өте жоғары және микроэлементтер мен биологиялық активті заттар, пестицидтер мен өнімдердің ыдырауы сияқты кейбір металдардың анық мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Тамақ өнімдерінің сапасын визуалды түрде анықтау үшін люминоскоп құралы ЛПК-1 қолданылады. Люминесценбейтін материалдан (әйнек, пластмасса) жасалған кюветадағы зерттелетін объектіні прибордың қарау камерасына салып, жапқышпен жабамыз. Арнайы әйнек арқылы анықталатын затқа үсті- нен сынап лампасының ультракүлгің сәулеін бағыттаймыз. Камерада заттың (түсін және интенсивтілігін) люминесценциясын прибордың алдыңғы панеліндегі тубус бақылайды.
