Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Замануи ФизХим.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

30. Рентгенді сәулелену туралы жалпы түсінік беріңіз

Рентген– рентгендік және гамма-сәулелердің экспозициялық дозасының жүйеден тыс өлшем бірлігі.

Ол сол сәулелердің ауаны иондау әсері бойынша анықталады. Бірліктің аты В.К.Рентгеннің құрметіне қойылған. Ол қысқаша Р (орысша), не R (халықаралық) таңбасы арқылы белгіленеді. Бірліктердің халықаралық жүйесінде экспозициялық дозаның бірлігі ретінде 1 Кл/кг алынады. 1Р=2,5797610-4 Кл/кг.

Рентген — атомдық жарылыс кезіндегі сәулелену шамасын өлшеуге арналған арнайы өлшем бірлігі. Рентген — қалыпты қысым мен 2 млрд. жұп ион түзетінтемпературада 1 текше см ауа шығаратын гамма-сәулелену шамасы

Рентгендік сәуле шығару (орыс. Рентгеновское излучение) — толқындарының ұзындығы 10-7 ден 10-12 м-ге дейін болатын көзге көрінбейтін электромагниттік сәулелер. Ол көптеген тұнық емес материалдардан өтеді. Рентгентүтікшелер, радиоактивті изотоптар, электрондарды тездеткіштер, ядролық жарылыстар рентгендік сәуле шығару негізі болыл табылады. Рентгендік сәуле шығару фотоүлбірлер, люминесцентті экрандар, ядролық сәулелену детекторлары арқылы тіркеледі. Ғылыми зерттеулерде, медицинада, ақау көргіштерде және т.б. қолданылады.

31. Физикалық әдістердің топтарын қасиеттері бойынша тұжырымдаңыз

Анықталатын қосылыстар белгілі агрегаттық күйде жиілігі әртүрлі немесе энергиясы әртүрлі бөлшектер шоғымен және электр магниттік сәулемен зондталып, заттан өткен немесе шағылысқан сәулелердің сипаттамасынан алынатын әдістер ақпараттары бірінен соң бірі дами бастады. Сипаттамалар электрон тығыздығының бөлшекте таралуына, олардың конфигурациясына, электронды-тербелмелі-айналмалы деңгейлердің таралуына, сонымен қатар атом ядроларының құрамына тәуелді. Сонымен, біздің айтып өткен сипаттамаларымыз атомдар мен молекулалардың физикалық қасиетіне сәйкес келетіндіктен, қарастырылатын әдістер тобы физикалық зерттеу әдістері деп аталады.

Қазіргі кезде химияның дамуы физика мен оның әдістерін кең түрде қолданумен қатар жүреді. Осы екі ғылымның өзара ұштасуы ғылымның шекаралас салаларының дамуына және олардың әрі қарай дамуына алып келеді. Мысалы, химиялық байланыс түсінігі байланыс ұзындығы, дипольді момент, тербеліс жиілігі сияқты ұғымдарын қолданғанда тереңдей түседі. Химиктер үшін заттардың барлық физикалық қасиеттері, әсіресе бірінші орында заттардың химиялық құрылысы мен оны түсіндіретін жағдайлары қызығушылық туғызады.

Жалпы алғанда, атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерін зерттеу өрістердің, сәулеленудің немесе бөлшек ағынының анықталатын затпен әсерлесу теориясына негізделген, соған байланысты осы заттың және оны құраушы бөлшектердің қасиеттері ашылатын ғылымның жеке бөлімінің мақсаты болып табылады. Физикалық зерттеу әдістерінің әрбір түрі үшін өзіне арнап дамыған физикалық теориясы бар және оның нәтижелері сол әдісті іске асыратын аспаптардың жұмыс істеу принципін анықтайды. Физикалық зерттеу әдістерін қолдану үшін әдістердің физикалық негізін білу қажет, сондықтан осы курста біз оны қарастырамыз. Бірақ студент-химиктерге терең түсіну үшін жалпы физика, кванттық химия, зат құрылымы пәндері бойынша алған білімдеріне сүйенуге кеңес береміз.

Химиядағы физикалық зерттеу әдістерінің түрлері бүгінгі күнде өте көп, сондықтан ғалым-химик оларды жақсы түсініп, мүмкіндіктерін, әлсіз, күшті жақтарын білуі қажет, мәселелерді шешуде қолдана білуі керек. Осы курстың көлемінің шектеулілігіне байланысты, химиктердің практикасында кең тараған оптикалық атомды эмиссиялық және абсорбциялық спектроскопия (АЭС пен ААС), жарықтың комбинациялық шашырау (ЖКШ), инфрақызыл (ИҚ), ультракүлгін (УК) спектроскопиялары, рентгенді талдау (рентгенді құрылымды (РҚТ) және рентгенді фазалы талдау (РФТ)), рентгенді фотоэлектронды спектроскопия (РФЭС), ядролық магнитті резонанс (ЯМР), электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР) спектроскопиялары, масс-спектрометрия, газды хроматография, электронды-зондты әдістер сияқты физикалық зерттеу әдістері қарастырылады. (Егер жоғарыдағы келтірілген анықтамаға сүйенетін болсақ, газды хроматография әдісі физикалық зерттеу әдістеріне жатпайды. Осы курсқа газды хроматография әдісі мен оның жалпы идеологиясы, аспаптың бейнеленуі химик-студенттерге басқа жалпы курстарда қарастырылмайтынына байланысты еніп отыр). Жоғарыда келтірілген әдістердің кең таралуының себебі, мысалы, органикалық химия бойынша жазылған жұмыстарда алынған заттар ИҚ-спектроскопия, масс-спектрометрия немесе ЯМР-спектроскопия әдістерімен сипатталмаса, онда нәтижелерді халықаралық журналдарға мақала ретінде басылымға жіберілмейді.