- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Силлабус
- •1 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •2 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •3 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •4 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •5 Қорытынды тапсырма тс, осөж және сөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •2014 -2015 Оқу жылына ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Білім бағасының критериі
1 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
Тәжірибелік сабақтар.
1 тақырып «Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы» студент әлеуметтанудың пәнін, объектісін, негізгі ұғымдық ақпараттарын игеру. Олардың арасындағы байланысты түсіндіру. Әлеуметтанудың міндеттері мен қызметтеріне, әлеуметтанудың гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі орнына назар аудару.
Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы
2 тақырып «Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары» студенттер әлеуметтану тарихының негізгі бағыттарымен танысу. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуының басты себептрін түсіну. Әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысу, әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануын түсіну.
Әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдері.
О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы.
Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы.
5. М.Вебердің әлеуметтануы.
3 тақырып «ХХ ғ. әлеуметтануы. Қазақ әлеуметтануының дамуы» студенттер әлеуметтану тарихының негізгі бағыттарымен танысу. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуының басты себептрін түсіну. Әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысу, әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануын түсіну
Т. Парсонстың әлеуметтануы.
Р. Мертонның әлеуметтануы.
П. Сорокиннің әлеуметтануы.
XX ғасырдағы қазақ әлеуметтанушылары.
ОСӨЖ:
1 тақырып «Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы».
Студент (оқытушының ұйғарымымен) мына формада тапсырма алады.
- сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқу, ұғымдармен жұмыс, тапсырмаларды шешу, - әлеуметтанулық терминдер мен ұғымдардың бірыңғайлығы бойынша тестілер өткізу,
- тақырып бойынша эссе жазу
2 тақырып Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
Студент (оқытушының ұйғарымымен) мына формада тапсырма алады.
- әдебиеттермен және көрнекілік құралдармен жұмыс,
- әлеуметтанулық терминдер мен ұғымдардың бірыңғайлығы бойынша тестілер өткізу,
- кестені толтыру.
3 тақырып ХХ ғ. әлеуметтануы. Қазақ әлеуметтануының дамуы
Студент (оқытушының ұйғарымымен) мына формада тапсырма алады.
- әдебиеттермен және көрнекілік құралдармен жұмыс,
- әлеуметтанулық терминдер мен ұғымдардың бірыңғайлығы бойынша тестілер өткізу,
- кестені толтыру,
- қазақ ағартушыларының әлеуметтік мәселелерді шешудегі ойларына талдау жасау.
2 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
Тәжірибелік сабақтар.
4 тақырып «Қоғамға қазіргі көзқарас. Әлеуметтік үрдістердің жаһандануының медицинаға әсері». Студентте жалпы қоғам туралы және оның қазіргі жаһандану үдерісінде медицина ғылымын қаншалықты қажет ететіндігі туралы түсінік болуы қажет. Сонымен қатар, әлеуметтану ғылымының негізінде қоғам мәселесінің шешімдеріне, ондағы медицина саласын жетілдірудегі Елбасының ұстанып отырған саяси-экономикалық көзқарастарына тоқталып, талдау жасау қажет. Осы мақсатта мына сұрақтарға жауап берулері тиіс:
- Қоғам ұғымын түсіндірудегі әртүрлі негізгі көзқарастарға тоқталу.
- Әлеуметтік және экономикалық деңгейлеріне байланысты қоғамның түрлі жіктерге бөлінуі.
- Қоғам өмірін әлеуметтендіруде медицина саласының тигізер ықпалы.
- Қазақстан қоғамындағы медицина саласының кем тұстары, жетістіктері мен болашағы.
5 тақырып «Әлеуметтік институттар және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлі. Медицина әлеуметтік институт ретінде». Студент институттар ұғымына түсінік бере отырып, олардың қоғамның саяси, экономикалық, рухани дамуына тікелей әсер ететіндігіне талдау жасау қажет. Сонымен қатар, қазіргі қоғамның сұранысына сай медицина институты қажеттілігінің қаншалықты екендігіне тоқталып мына сұрақтардың мәнің ашулары қажет:
- Әлеуметтік институттың мәні.
- Әлеуметтік институттың түрлеріне сипаттама беру.
- Медицина әлеуметтік институт ретінде.
6 тақырып «Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Медициналық кәсіптің әлеуметтік аспектілері. Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында» Студент әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация ұғымына тоқтала отырып, олардың қоғамның тұрақты дамуына әлеуметтік мобилділіктің үлкен ықпалын тигізетіндігін білу қажет. Осы мақсатта мына сұрақтарға жауап берулері тиіс:
- Әлеуметтік стратификация және олардың жіктелуі.
- Әлеуметтік стратификация туралы ғалымдардың тұжырымдары.
- Әлеуметтік мобилділік, оның түрлері.дағы
ОСӨЖ:
4 тақырып «Қоғамға қазіргі көзқарас. Әлеуметтік үрдістердің жаһандануының медицинаға әсері». Оқулықтармен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау, қоғам туралы берілген анықтамаларға ой жүгіртіп өткен мен болашақтағы болмыстарының кем және артық тұстарына салыстырып отырып баға беру. Осы тұстағы медицинаның тигізген әсеріне эссе, реферат, баяндамалар жазу.
5 тақырып «Әлеуметтік институттар және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлі. Медицина әлеуметтік институт ретінде». Сабақтың жекелеген сұрақтарын тереңірек оқу, институттарға жеке дара тоқталып, олардың қызметтеріне қарай қайсысы маңызды екендігін анықтау. Осы тақырып бойынша тестлер шешу, тапсырмаларды орындау.
6 тақырып «Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Медициналық кәсіптің әлеуметтік аспектілері. Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында». Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация ұғымдарын тереңірек талдау. Қоғамымыздың қай саладан болмасын тұрақты дамуы үшін таптардың алар орның, олардың пайыздық кестесін сызып көрсету және оларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу. Теңсіздік ұғымына тоқталу. Осы ұғымның негізінде гендерлік саясаттың әлеуметтік мәселелерді шешудегі тигізер ықпалдарына тоқталу. Осы мәселелер бойынша эссе, конспектілер жазу.
1 кредит тақырыптарын талдап болғаннан кейін студентке 1 қорытындылау тапсырмасы ұсынылады, яғни мына жұмыстарды орындауы қажет:
Тапсырма №1
Алынған білімді қолдана отырып қазақ қоғамының өткені мен бүгінгі тіршілігіне ондағы институттардың атқарған қызметтеріне және таптардың, мобилділік, теңсіздік ұғымдарының орын алуына салыстырмалы түрде талдау жасау.
