- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Силлабус
- •1 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •2 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •3 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •4 Қорытынды тапсырма тс және осөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •5 Қорытынды тапсырма тс, осөж және сөж-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:
- •2014 -2015 Оқу жылына ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Білім бағасының критериі
Білім бағасының критериі
«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады
«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.
** Қосымша 1 ҚР БҒМ №152 бұйрық «Оқудың кредиттік технология бойынша оқу процессін ұйымдастыру ережесі»
*** Ескерту: ҚР МЖБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында білім беруді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер» негізінде құрастырылған.
Пән бойынша интегралды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі
(ҚММУ 2014 жылда бекітілген рейтинг жүйесіне сәйкес рәсімделеді). «Студенттердің үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже» ҚММУ 2014 ж. Студентке ағымдық баға оқытушымен бірге сабақ барысында 100 балдық шкала бойынша оқу журналына қойылады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов. - 2-ші бас., толықт. - Алматы : Қарасай, 2009. - 384 б.
Биекенов К. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар / К. Биекенов, М. С. Садырова. – Алматы: Эверо, 2011. - 400 б.
Еженов М.С. Білім социологиясы : оқулық / М. С. Еженов, М. С. Садырова, Е. Т. Омарова. – Алматы: Эверо, 2011. 124 б.
Қабекенов ?.У. Әлеуметтік педагогика тарихы : оқу құралы / ?. У. Қабекенов, Б. Ғ. Есенбаева. - 3-ші бас. - Алматы : Қарасай, 2012. - 232 б.
Нысанбаев Ә. Социология : жоғары оқу орындарының студенттеріне оқулық / Ә. Нысанбаев. - Алматы : Эверо, 2009, 206 б.
Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер / М. С. Садырова. - Алматы : Эверо, 2011, 284 б.
Қосымша:
1. Аралбай С.М. Әлеуметтану : оқулық құрал / С. М. Аралбай, С. А. Никифорова ; ҚММУ. - Қарағанды, 2012. - 68 б.
2. Манкаева А.Е. Қоғамтану пәніне арналған әдістемелік құрал : оқу-әдістемелік құрал / А. Е. Манкаева, Ж. А. Асанова ; КММУ. – Қарағанды, 2013. – 64 б.
