Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Камила диплом теория.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.4 Құжаттау

3.4.1 Қолданушыға нұсқаулық

«НПФ» бөлімінің қызметкерлерінің жұмысына арналған бағдарлама.

Бағдарлама негізгі орындалатын Project1.ехе файл батырмасына шерту арқылы іске қосылады.

Сурет 3.24. Бағдарламаның басты терезесі

Бұл бағдарламада қолданушы өзі таңдаған бөлімге кіруге болады.

Сурет 3.25. Бағдарламаның негігі терезесі

Өзара қарым-қактынас форма бетіне орнатылған батырмалар арқылы орындалады. Бағдарлама батырмалары келесі командаларды құрайды: Басқарма төрайымының блогы, Қор туралы, Интернет үзінді-көшірме, салымшыларға арналған ақпарат, ЗА бойынша инвеститциялық қоржын, Баспасөз орталықтарының жаңалықтары, Қордың негізгі көрсеткіштері, Сұрақ-жауап, Бейне роликтер, Қордың байланыс көздері, Мемлекеттік сатып алулар, Біз Facebook- теміз. Бір команданы таңдағанда экран бетіне келесі форма пайда болдаы. Ішкі формалардың өзі командалар жиынынан тұрады. Оларға қатынас жасаудың ең оңай тәсілі тышқан арқылы. Ол үшін қажетті командаға тышқан көрсеткішін апарып, сол жақ түймесін бассақ жеткілікті.

Бағдарламамен жұмыс жасау үшін жоғарыда 3.1 пункте көрсетілген Project1.Ехе файлын іске қосу қадамдары арқылы, орындай отырып, жұмыс істеуге болады.

3.4.2 Бағдарламашыға нұсқаулық

Жобаланған бағдарлама жұмысы қазіргі таңдағы жаңа ЭЕМ арқылы іске асырылуы тиіс. Бұл ұсыныс INTEL платформалы компьютерлерін қолдануға кеңес береді. Бұл бағдарлама жұмыс істеуі үшін басында көп көлемді машинаның да керек еместігі белгілі, бірақ уақыт өте деректер қорының көбеюі бағдарламаның жұмыс істеу қабілетіне әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайларды ақпараттарды архивтеу және сығу бағдарламалары арқыры көшірмелер жасау мүмкіндігін қолданған абзал.

Бағдарламаның орындалу ортасы

Бағдарламаның орындалу ортасын таңдағанда бірнеше факторларды ескерген жөн, соның ішінде:

  • Компьютерде Borland Delphi 7 орнатылған версиясы болуы;

  • Архив бумасының облуы, деректер қоры сақталынатын.

Ортаны таңдау Windows-пен шектеледі.

Жобалау процесінде негізгі жұмыс ағынын Windows ортасына бөлген жөн, себебі визуалды жобалау жүйесі бағдарламалаушының жұмысын жеңілдетеді.

Бағдарламаны орнату барысында құпиясөз сұрайды (enpf) жақша ішіндегі құпия сөзді енгізіп ок батырмасын басыңыз.

Қорытынды

Дипломдық жобаның орындалу нәтижесінде «Республика жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жылдық жүргізілген операцияларды талдау және бағдарламалық қамтамасын құрастыру. Бұл бағдарлама қолданушының зейнетақы туралы мәлімет алуына мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыста қазіргі таңдағы ақпараттық жүйелер, бағдарламаны орындауға сәйкес бағдарламалау тіліне және бағдарлама орындалу үшін қажетті ең минимальді дербес компьютер көрсетілген.

Дипломдық жұмыста қойылған мақсат толығымен жүзеге асырылған, мақсатқа сәйкес мәселелер шешілген.

Дипломдық жұмыс өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады, бұл бағдарлама басқа жоғарғы оқу орындарында қолданылмайды, бағдарламаның орындалу барысында бағдарлама тексеріліп қолданысқа жарамды екенін, көптеген адамдардың жұмысын жеңілдететінін көрсетті.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет.

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Дипломдық жұмысты істеу барысында деректер қорын басқару жүйесін қолданып DELPI тілінде бағдарлама құрастырдым.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады және 27 суреттен тұрады.

Жұмыспен қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы қорына жұмысшының айлық табысынан 10-пайыздық міндетті зейнетақы салымдарын аударуды жүзеге асырады. Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу мөлшері, салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының есебінен де жүзеге асады.

Бағдарламалық қамтаманы ұйымдастыру кезінде алгоритм бойынша қажетті кітапханалар, компоненттер және ресурстық файлдар жобаға енгізілді. Программа кодын жазуда компиляторды көмегімен синтакситік қателер жойылған болса, тестілеу кезінде динамикалық және логикалық қателер өңделді. Бағдарламамен жұмыс істеу барысында пайдаланушыға қажетті құжаттарды ешқандай қиыншылықсыз алу мүмкіншілігі берілген.