Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Камила диплом теория.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1 Есептің қойылымы

1.1 Қазіргі кездегі зейнетақы қоры

Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жо- ғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және тағы басқа себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды, себебі зейнетақы – бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдармен қорғалады.

Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:

1. еңбек зейнетақылары;

2. әлеуметтік зейнетақылар.

Еңбек зейнетақысы – бұл азаматтарға жалақысын немесе өзге де табысын өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормаларымен анықталады.

Еңбек зейнетақылары өз кезегінде келесі түрлерге бөлінеді:

  • жасына байланысты зейнетақылар;

  • мүгедектігі бойынша зейнетақылар ;

  • еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;

  • асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.

Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте, әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерінде белгіленеді. Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің реформалардың алғы шарттары:

  • 1991 жылғы 15 маусымда тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның зейнетақы туралы алғашқы заң «Қазақ КСР-де азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Бұл заңның басты мақсаты- зейнетақылардың мөлшерін жұмыс стажына және орташа айлық жалақыға тәуелдірек ету, сонымен қатар зейнетақылық жүйені арнайы құрылатын зейнетақы қорларының есебінен қаржыландыруды ұйымдастыру табылады.

  • ҚР зейнетақылық жүйесінің дамуындағы келесі кезең болып 1994 жылы «1994 жылға нақтыланған республикалық бюджет туралы» заңды қабылдау нәтижесінде жүйеде біршама өзгерістер енгізілді: жасына байланысты зейнетақылар жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өзімен қаржыландырылатын болды. Адамның еңбекке қабілеттігінің жоғалтуымен байланысты жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен тиісті жәрдемақы түрінде төленетін болып қалды.

  • Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап,«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы» өз күшіне енді.Зейнетақы көлемі еңбекақының 50 пайызы есебінен белгіленді және соңғы жұмыс істеген он жылының 5 жылғы жұмыс өтіліне және еңбекақысына байланысты болды. Зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын.

Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :

  • Ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру ); Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген .

  • Жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру);

1. Ортақ жүйе элементтері: базалық зейнетақы (яғни,еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді); еңбек стажы (еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға төленеді).

2. Жинақтаушы жүйе элементтері: міндетті жарналар (ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар) және ерікті жарналар(ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат). (Міндетті және ерікті зейнетақы туралы төмендегі 1-сызбадан көруге болады.)

ҚР Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келесідей қарастыруға болады:

Ортақ жүйенің артықшылықтары:

  • зейнетақыны мемлекет төлейді;

  • кірісі аз адамдардың тұрақтылығы.

Ортақ жүйенің кемшіліктері:

  • зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу;

  • демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді);

  • зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің артықшылықтары:

  • салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі;

  • МЗЖ мемлекет кепілдігі жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру;

  • нвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту;

  • мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесініңкемшіліктері:

  • инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы;

  • ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ;

  • МЗЖ сомасының жалақы мөлшеріне тәуелдігі.

Зейнетақы мөлшердің өзгерістері.

Жалпы ең төменгі зейнетақы мөлшерін 2010-2013 жылдар аралығында салыстырғанда, айтарлықтай көп мөлшерде өскенін көре аламыз.

Егер 2010 жылы ең төменгі зейнетақы қоры 18325 мың тг құраса, 2013жылы бұл сома 28396 мың тг құрап, 10071 мың теңгеге өскені байқалып тұр. Қорыта келе,14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнетақы – 10 есеге (3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғары зейнетақы – 7 есеге (7256-дан 56047 теңгеге дейін) артты.

Зейнетақы жүйесінің жас ерекшеліктері бойынша өзгеріс болуы:

  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін республикада зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын.

  • 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ерлер – 61 жасында, әйелдер – 55 жасында;

  • 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62 жасында, әйелдер – 57 жасында;

  • 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62,5 жасында, әйелдер – 57,5 жасында; 2001 жылдан бастап ерлер – 63 жасында, әйелдер – 58 жасында зейнетақыға шыға алатын болды.

Қазіргі таңда зейнетақы реформасына өзгерістер енгізу жөнінде бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның ішінде басты жаңалық ол әйелдердің зейнетке шығу жасын 63 жасқа дейін ұзарту жөніндегі ұсыныстар болып отыр. Қазіргі таңда бұл зейнетақы реформасын жүргізудің екі нұсқасы әзірленіп талқылану үстінде. Бірінші нұсқа бойынша зейнетақы реформасын 2014 жылы бастап 2023 жылы аяқтау жоспарланса, екінші нұсқа бойынша 2018 жылмен 2027 жыл аралығында жүзеге асыру қарастырылады. Жаңа заң жобасында әйелдердің 55 жастан бастап зейнетке шығу мүмкіндігі қарастырылған, ол үшін олардың жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде қазіргі жағдайды ескергенде 3 млн. теңгеден астам салымы болуы шарт, ал бұл сома мөлшері жыл санап өзгеріп отыратындығы мәлім. 1-кесте. Әйелдердің зейнетке шығу жасы бойынша болжамды нұсқалар І-нұсқасы бойынша ІІ-нұсқасы бойынша Жылдар: Әйел адамдардың зейнетке шығу тәртіптері: Жылдар: 2014жыл 58 жас 6 ай 2018 жыл 2015 жыл 59 жас 2019 жыл 2016 жыл 59 жас 6 ай 2020 жыл 2017 жыл 60 жас 2021 жыл 2018 жыл 60 жас 6 ай 2022 жыл 2019 жыл 61 жас 2023 жыл 2020 жыл 61 жас 6 ай 2024 жыл 2021 жыл 62 жас 2025 жыл 2022 жыл 62 жас 6 ай 2026 жыл 2023 жыл 63 жас 2027 жыл Бүгінгі күні ҚР Парламентіне жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалдық базасын дамытуды көздейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары енгізілді.Енгізілетін өзгерістер жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың зейнетақы шоттарын есепке алу және олардың зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі функцияларын бөлуді көздейді. Салышылардың зейнетақы шоттарын басқаруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылатын болады. Оның міндетіне мыналар кіреді: - салымшылардың зейнетақы шоттарын тиісті түрде есепке алу, олардың жай-күйін бақылау, салымшылардың жағдайларына (кетуі, зейнет жасына жетуі, қайтыс болуы және т.б.) байланысты уақытылы өзгерістер енгізу және зейнетақы жарналарын жүзеге асыру, зейнетақы активтерін, зейнетақы төлемдерін инвестициялау және т.б. мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; - зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығына мониторинг жүргізу. Зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Заң жобасындаҚР Президентінің жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес құру көзделген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ айырмашылықтары: БЖЗҚ құру. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы «МЖЗҚ» АҚ базасында акционерлік қоғам нысанында құрылатын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері болады. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады, және де азаматтардың өздерінің таңдауы бойынша ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтайды.