- •Мазмұны
- •1 Есептің қойылымы
- •1.1 Қазіргі кездегі зейнетақы қоры
- •1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру
- •1.3 Бағдарламаны құруға негіздеме
- •1.4 Бағдарламаны құрастыруға қажетті кірістік мәліметтер
- •2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау
- •2.1 Зерттеу объектісіне талдау
- •2.2 Апараттық қамтама
- •2.3 Бағдарламалау тілінің таңдалымы
- •2.3.1 Delphi - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
- •3 Бағдарламалық қамтаманы жүзеге асыру
- •3.1 Бағдарламаның алгоритімі
- •3.2 Деректер құрылымы мен модульдер жұмысының сипаты,
- •Зейнет ақы бойынша инвестициялық қоржын.Pas
- •Сурет 3. 9.Зейнетақы бойынша инвестициялық қоржын Баспасөз орталығының жаңалықтары бейнелеген. Мұнда жалпы қор жаңалықтары көрсетіледі.
- •Мұнда жзқ- ның Facebook- тағы парақшасымен таныса аламыз.
- •Сурет 3.17. Деректерқоры жүйесі
- •3.2.1 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы
- •Интерфейстер класының сипаты
- •3.2.3 Бағдарлама мен ақпараттық модульдерді тексеру
- •3.2.4 Бағдарламаның интерфейсін құрастыру
- •3.2.5 Экрандық интрефейс идеологиясын таңдау
- •3.3 Бағдарламалық қамтаманы тестілеу
- •3.4 Құжаттау
- •3.4.1 Қолданушыға нұсқаулық
- •Бағдарламамен жұмыс жасау үшін жоғарыда 3.1 пункте көрсетілген Project1.Ехе файлын іске қосу қадамдары арқылы, орындай отырып, жұмыс істеуге болады.
- •3.4.2 Бағдарламашыға нұсқаулық
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а Бағдарламаны қабылдау актісі
- •Қосымша б Бағдарлама листингі
2.3.1 Delphi - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
Delphi - дегі мәліметтер базасының негізгі жұмысы Borland DataBase Engine (BDE) болып табылады - Borland фирмасының мәліметтер базасының процессоры. BDE мәліметтер базасы және қосымша арасында делдалдық қызмет атқарады. Ол қолданушыға мәліметтер базасын нақты шешуге арналған жұмыс үшін бір тұтас интерфейс ұсынады, Delphi қосымшасы мәліметтер базасына тікелей катынаса алады, тек BDE - ге ғана катынасады.
Delphi қосымшасы, мәліметтер базасымен байланысу қажет болған жағдайда, BDE - ге қатынасады және мәліметтер базасының псевдонимін және сондағы керек таблицаны хабарлайды. BDE DLL - ге қосылатын минамикалық библиотека ретінде іске асады. Олар, басқа библиотекалар сияқты, API - мен (Application Program Interface -интерфейс прикладных программ) және IDAPI - мен (Intergrate DataBase Application Program Interface) байланысқан. Бұл қосымша қолданатын, мәліметтер жұмыс істеуге арналған процедура мен функциялар тізімі.
BDE - псевдоним бойынша мәліметтер базасы үшін лайықты драйвер табады.
Сурет 2.1. Delphi қосымшалары
Драйвер - көмекші программа, ол анықталған түрде мәліметтер базасымен калай жұмыс істеу керек екендігіне көмектеседі. Егер BDE - нің СУБД — ға сәйкес өзіндік драйвері бар болса, онда BDE осы арқылы мәліметтер базасындағы керек таблицамен байланысады және қолданушының тапсырмасын өңдеп, қосымшаға өңдеудің нәтижесін керсетеді.
BDE - SQL мен тығыз байланыста - сұраныстардың стандартталған тілі,
SQL - серверлер (Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase) арқылы мәлімет алмасумен қамтамасыз етеді.
- Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында кең қолданылады. Delphi 5 те мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін BDE - ден басқа ADO (Active Data Objects) Microsoft фирмасы өңдеген процессоры бар. ADO кез — келген мәліметтер түрінің қолданушылық интерфейсі, реляциондық және реляциондық емес мәліметтер базаны, электрондық почтаны, жүйелік және графикалық файлдарды қосқанда. ADO қолдану мәліметтер базасымен эффекті жұмысты қамтамасыз етеді.
3 Бағдарламалық қамтаманы жүзеге асыру
3.1 Бағдарламаның алгоритімі
Менің дипломдық тақырыбыма байланысты бағдарламалық қамтама 20 модульден және 1 базадан тұрады.
Бағдарламалық қамтамаға қолданылған компоненттер тізімі:
Query компоненті алыстатылған SQL – серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
Label- формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.
MainMenu- бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.
Edit- бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.
Panel- бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.
DB Grid- мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуальды.
DataSource- бұл компонент Table немесе Query компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.
Combobox- ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады және т.б.
Кез-келген пайдаланушы үшін қолдануға ыңғайлы болуы үшін бағдарламаны барынша қарапайым жасауға тырысамыз. Программа үшін деректер қорының файлы әрі кіріс, әрі шығыс файлы болып табылады. Бағдарлама дұрыс жұмыс істеуі үшін локальды деректер қорын пайдаланамыз. Жалпылама блок-схемасы төменде 3.1-суретте көрсетілген.
Алгоритм екі баған бойынша берілген, яғни программа сызықтық алгоритм бойынша іске қосылады. Программаның инициализациясынан кейін локальды деректер қорына сілтеме жасалынады. Егер барлық амалдар сәтті орындалатын болса, онда программа жұмысқа қабілетті деп саналады.
Ал енді осы алгоритм және жоба бойынша бағдарламаның модульдерін жазамыз.
Сурет 3.1. Бағдарламалық қамтаманың алгоритмінің блок схемасы
