- •Іс қағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы
- •Тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерекшеліктері
- •Іс қағаздарының стилі
- •1. Ескерту мәнін беру үшін қолданылатын құрылымдар:
- •2. Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:
- •10. Барынша жиі қолданылатын сын есімдер мен үстеулер:
- •Ресми стильдің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
- •Өмірбаян, резюме (түйіндеме)
- •Өмірбаян
- •Резюме (түйіндеме)
- •Мінездеме
- •Сенімхат
- •Жеке іс
- •Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
- •Сауалнама
- •Жеке карточка
- •Іс сапар куәлігі
- •Қызметтік хат
- •Ілеспе хат
- •Ақпараттық хат
- •Хабарлау хат
- •Жарнамалық хат
- •Растау хат
- •Ескерту хат
- •Кепілхат
- •Наразылық хат
- •Жауап хат
- •Коммерциялық хат
- •Шетелдік әріптеске хат
- •Инициативалық хат
- •Баяндау хат
- •Жеделхат
- •Телефонхат
Қызметтік хат
Қызметтік хат ақпараттық, есептік немесе бастамалық түрде болуы мүмкін. Мәтінде құрылымдық бөлімге немесе қызметкерге қатысты іскерлік сұрақтар айтылады.
Қызметтік хатқа құрылымдық бөлімнің жетекшісі немесе жазған адамы қол қояды.
Негізінде қызметтік хаттың мәтіні екі бөлімнен жасалады.
Біріншісінде нақты дәлелдер, оның жазылуына себеп болған жағдайлар;
Екіншісінде айтылған сұраққа байланысты ойлар мен пікірлер айтылады.
Қызметтік хаттың уақыты, күні қол қойылған күнмен есептеледі.
1. Қызметтік хат алмасу қалай іске асырылады?
2. Қызметтік хаттың қандай түрлерін білесіз?
3. Құжат мәтінінде не қарастырылады?
4. Қызметтік хат мәтіні неше бөлімнен тұрады және оларда не айтылады?
5. Құжат мерзімі қалай есептеледі?
Ілеспе хат
Ілеспе хат бірге жіберілген құжаттың мақсатын немесе не істеу керек екендігін түсіндіру қажет болған жағдайда жазылады.
Мәтін: жібереміз, қайтарамыз, бекітуге / келісімге ұсынамыз сөздерінен басталады.
1. Ілеспе хаттың атқарар ролі қандай?
2. Құжат қалай әзірленеді?
3. Құжат мәтіні қандай сөздерден басталады?
ШАҚЫРУ ХАТ
Шақыру қағазын мекемеге, бірнеше адамдарға және тиісті адамға жібереді. Хатта толық күн тәртібі, іс-шараның өтілетін орны, сөз сөйлеушілердің фамилиялары, іс-шараға жауапты адамдардың фамилиясы, телефоны, шақырылған жерге тиісті жол қаражаты және т.б. ақпараттар жазылуы мүмкін.
Хаттың мәтінінде үнемі: Сізді ... шақырамыз; оқушылардың ... жұмысының көрмесіне шақырамыз сияқты тұрақты сөз орамдары пайдаланылады.
1. Шақыру хаттың көздер мақсаты не?
2. Шақыру қағазында қандай ақпараттар жазылуы мүмкін?
3. Құжат мәтінінде көбіне қандай сөз орамдары пайдаланылады?
Ақпараттық хат
Ақпараттық хат мәтінінде қандай да бір іс-шара немесе нақты істер туралы хабарланады. Ақпараттық хаттар көмегімен мекеменің қызметін немесе әртүрлі өнімдерді жиі насихаттайды.
1. Ақпараттық хат мәтінінде не туралы хабарланады?
2. Ақпараттық хат көмегімен не насихатталады?
Хабарлау хат
Хабарлау хатты нақты тиісті мекен-жай иесіне жазады. Ол сұраққа жауап ретінде жиі пайдаланылады.
Хабарлау хаттың қалыпты сөздері: «Сізге ... ескертеміз», «Сізге төмендегі өзгеріс туралы хабарлаймыз...».
Хаттың бұл түрі ақпараттық хат түріне ұқсас.
1. Хабарлау хат кімдерге жазылады?
2. Құжат мәтінінде жиі пайдаланылатын сөз орамдары?
3. Хабарлау хат қандай жағдайда жиі пайдаланылады?
Жарнамалық хат
Жарнамалық хатты нақты мекен жай иесіне жібереді. Ол жарнама қызметтері мен заттардың түрін жарнамалайды.
Хаттың мақсаты: адрес иесіне көрсетілген қызмет түрлерін пайдалануға немесе тапсырыс беруге жетелеу. Мәтін нақты, тиісті, толық ақпарат береді. Мәтіннің соңында мекеменің мекен-жайы, телефоны көрсетілуі мүмкін.
1. Жарнамалық хат кімдерге жіберіледі?
2. Құжаттың атқарар қызметі қандай?
3. Хаттың көздер мақсаты не?
Растау хат
Хаттың кілттік сөздері:
Сіздің тапсырысыңыздың алынғандығын хабарлаймыз...;
Мекеме біріккен құрылысқа қарсы емес...;
21.02.2000 телефон әңгімесінің болғандығын... .
Растау хаттың жіберілуі іскерлік қарым-қатынастардың міндетті бөліміне жатады, бақылау сұрағын алып тастауға мүмкіндік береді.
1. Растау хат қандай құжат?
2. Хаттың кілт сөздерін еске түсіріңіз.
3. Растау хаттың функционалдық қызметі?
