Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Назерке каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

6.4 Қолдану аясындағы жылдық шығынды есептеу

Негізгі шығындар түрлері:

- жұмысшы еңбегіне төленетін ақша қоры;

- әлеуметтік салық;

- басқада шығындар.

Есептеу жылына бір рет ПК операторымен 2000 теңге/сағ (жоғарыда берілген) сағаттық мөлшерде бір сағат көлемінде жүргізіледі [14].

2000 · 1 = 2000 [теңге].

Әлеуметтік салыққа жұмсалатын аударымдар (ҚР да әлеуметтік салық мөлшері 11% жұмысшы еңбегіне төленетін ақша қорынан, ҚР Салық Кодексі)

(2000-2000·0,1) ·0,11 = 198 [теңге].

Электроэнергияға кететін шығындар:

0,8 · 25 = 20 [теңге],

мұндағы 0,8 – жұмсалған қуат мөлшері, кВт-сағ;

25 – ҚР 1 кВт-с электроэнергияның орташа құны, теңге.

Есептеулерді 6.4 кестеге енгіземіз.

6.4 к е с т е – Кәсіпорынның жылдық бірмезгілдегі шығындарын есептеу нәтижесі

Шығындар түрлері

Сумма, теңге

Еңбекке төленетін қор

2000

Әлеуметтік салыққа аударымдар

198

Электроэнергияға төлем

20

Қорытынды:

2218

6.5 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен табысты есептеу

Ақпараттық өнімді құрастыратын фирма үшін табыс көзі ретінде тапсырыс берушіге бағдарламалық өнімді сату болып табылады. Фирманың шығындары – ол құрастыруға кететін шығындар және жүйенің көбейтілуіне кететін шығындар. Қаржыландыру көзі ретінде құрастырушы-фирманың өзінің ақша қоры алынады. Тапсырыс беруші-кәсіпорын үшін үнемдеу көзі есептеу уақытын біршама қысқартатын, қол еңбегін алмастыратын машина болып табылады. Кәсіпорын шығындары ақпараттық жүйені иемденудегі бірмезгілдік шығындардан, ақпараттық жүйені тасымалдау және енгізу шығындарынан, және де жүйеге талдау жүргізу мен бақылауға кететін шығындардан тұрады.

Жүйені енгізу қолмен есептеу шараларын автоматтандырылған шараға ауыстыру нәтижесінде өндірістің қорын біраз үнемдеуге алып келеді деп жоспарланады.

Үнемдеу мөлшерін есептейік. Ол үшін өткізу қабілетін есептеуге кететін кәсіпорынның шығындарын қолмен есептеу керек.

Қол еңбегімен келесі шығындар түрлері есептеледі:

- жұмысшы еңбегіне төленетін ақша қоры;

- әлеуметтік салық;

- басқа да шығындар.

- Қолмен есептеу барысында еңбек өнімділігін талдау үшін 1200 теңге/сағ (ұйымның қойып отырған талабы) мөлшерінде жұмыс істейтін мамандандырылған инженер қажет. Өткізу қабілетін есептеу үшін инженер 8 күн жұмсайды. Қолмен есептеу барысында еңбектің жылдық төлем қоры:

8 · 81200 = 76 800 [теңге].

Әлеуметтік салыққа жұмсалатын аударымдар (ҚР да әлеуметтік салық мөлшері 11% жұмысшы еңбегіне төленетін ақша қорынан, ҚР Салық Кодексі) :

(76 800 - 76 800 · 0,1) · 0,11= 7 603 [теңге].

6.5 к е с т е – Ақпараттық жүйені қолданбай еңбек өнімділігін талдауға кететін шығындарды есептеу

Шығындар түрлері

Сумма, теңге

Еңбекке төленетін қор

76 800

Әлеуметтік салыққа аударымдар

7 603

Қорытынды:

84 403

Ақпараттық жүйені қолданғандағы жылдық шығындар жоғарыда есептелді және 2 218 теңге болды.

Осыған сәйкес, шығындардың шартты үнемделуі мынаған тең болады:

84 403 - 2218 = 82 185 [теңге].

Бағалау материалдық талаптар мен техникалық ресурстары тікелей айырбастау арқылы энергия көтерме бағалар мен тарифтер негізінде айқындалады. Жұмсалған қорытынды шығын мөлшері келесідей:

6.6 к е с т е – Өзіндік құн нәтижесінің кестесі

Шығын

Сумма, теңге

Жалпы

суммадан

%

Жалақыны есептеу

3 033 240

83,4

Құрылғы-жабдықтарға жұмсалатын қаржы

Сжалп.құр

377 895

10,4

Сжұм.орын

94 473, 75

2,60

Тозу және амортизация

809

0,06

Энергетикалық шығындар

47 957

1,23

Басқа да шығындар

84 134,61

2,31

Барлығы

3 638 509,36

100

Бағдарламаның бағасына есептеу. Өнімнің өзіндік құны 3 638 509, 36 теңге болды, онда бір енгізу объектісіне арналған жүйенің толық өзіндік құны (Cпс):

Cпс = 3 638 509, 36/5 = 727 701 [теңге].