- •1 Бөлім. Таспалық конвейердегі салмақ өлшеу құрылғыларының сипаттамасы
- •1.1 Таспалық конвейерді құру сипаттамасы
- •1.1 Сурет – Таспалы конвейер сызбасы
- •1.2 Сурет – Таспалы ковейердің алдынан қарағандағы көрінісі
- •1.3 Сурет – Конвейердің негізгі қондырғылары:
- •1.2 Ертеден келе жатқан конвейерлі таразыларды сараптау
- •1.4 Сурет – Конвейерлі таразылар учаскесі:
- •1.5 Сурет – Конвейерлі таразыларың жүк қабылдаушы құрылғыларының сызбалары:
- •1.7 Сурет – Бір роликті конвейерлі интегралдаушы таразы:
- •1.6 Сурет – Лента мен роликтің тасымалдау арасындағы үйкелістің өзгеру әсерінің схемасы:
- •1.8 Сурет – кгж типті конвейерлік таразының жүк көтеру құрылғысының сызбасы
- •Сурет – «Шенк» микропроцессорлы жүк өлшеуші жүйесінің сызбасы
- •2 Бөлім. Таразының құрылымдық және принциптік сызбасының зерттемесі
- •2.1 Таразының құрылымдық сызбасының зерттемесі
- •2.2 Ақпаратты өңдеу құрылғысының зерттемесі
- •3 Бөлім. Магнитті анизотропты датчикті құрастыру
- •3.1 Сурет – Шихтованді магнит өткізгішінің құрылысы
- •3.2 Сурет – Магнит өткізгішіндегі магнит ағынының орналасуы
- •3.3 Сурет – Біртұтас магнит өткізгіштің құрылысы
- •3.4 Сурет – Магнитті анизотропты датчик құрылысы
- •4 Бөлім. Қоректендіру блогі және айналдыру мен күшейту блогын құрастыру
- •4.1 Қоректендіру блогі және өңдеуші және күшейту блогі
- •Бөлім. Метрологиялық сипаттамалар есебі
- •5.1 Жалпы сипаттамалар
- •5.2 Электронды техниканың тоқтау жиілігін қолданудағы тоқтау жиілігін есептеу
- •5.3 Модуль, блоктардың пайдаланушы тоқтау жиілігін есептеу
- •5.3 К е с т е – Қоректендіру блогінің қолданудағы тоқтау жиілігін есептеу
- •5.4 Аралық тексеру арақашықтығын есептеу
- •6 Бөлім. Экономикалық бөлім
- •6.1 Бизнес жоспар
- •6.2 Автоматтандырылған жүйемізді құрастыру
- •6.3 Амортизациялық шығындарды есептеу
- •6.4 Қолдану аясындағы жылдық шығынды есептеу
- •6.5 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен табысты есептеу
- •6.6 Автоматтандырылған жүйенің минималды бағасын, кірісті және пайдасын есептеу
- •6.7 Пайда мен шығындарды есептеу
- •6.8 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •7.1 Теopиялық бөлім
- •7.1 Cуpет – құpылғылаpының opналаcуы :
- •7.2 Cуpет – Мoнитopдың opналаcуы
- •7.2 Микpoклимат таңдау
- •7.3 Cуpет – Oпеpатopдың oтыpатын жұмыc opны
- •7.4 Жаpық және жаpықтандыpу әcеpі
1.2 Сурет – Таспалы ковейердің алдынан қарағандағы көрінісі
Таспалы конвейер сусымалы, жалғыз және ірі жүктерді тасымалдауға арналған. Бұл конвейердің жұмыс өнімділігі бірнеше тонна/сағаттан мыңдаған тонна/сағатқа дейін жетеді. Таспаның ені 300 – 2000 мм, қозғалу жылдамдығы 1,5 – 4,0 м/с болады. Таспалы конвейердің негізгі құрылғыларының орналасу сызбасы 1.3 суретте көрсетілген.
Қазіргі күнде іс жүзінде ұзындықтары шектеулі (1,5-5) м және үлкен динамикалық күш түсетін конвейерлерде сусымалы затты өлшеу мен мөлшерлеу қажеттілігі туындайды. Жалпы өндірістік мақсатта қолданылатын конвейерлерлік таразыларды мұндай конвейерлерде қолдану мүмкін емес, себебі олар жүк тиеу құрылғыларында:
– материалды беру мен лақтырудан,
– бағыттаушы құрылғыларынан,
– таспаны керу құрылғыларынан,
– конвейер таспасын тазалау құрылғыларынан,
– магнитті түйірлерді оңашалау құрылғыларынан
көрші роликтер осьтерінің ара-қашықтығын төрт еселенгендегідей алшақтықта орнатылуы керек деген 8.1.2 МЕСТ 30124-94 талаптарына сай келмейді [3].
1.3 Сурет – Конвейердің негізгі қондырғылары:
1 – жүк тиеу басы; 2 – жетек блогы; 3 – қондырғы; 4 – таспа; 5 – жүк тиеу қондырғысы; 6 – керу қондырғылы артқы бөлік.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында таулы-металлургиялық
кешендерге тағайындалған арнайы конвейер таразыларына және таспалы мөлшерлегішке деген сұраныс өте жоғары.
Мысалы, Жезқазған және Балқаш жез балқыту зауыттарында флюсті
жынысты конвертерлерге жөнелту ұзындығы (4-5) м құрайтын таспалы қоректендіргіштер арқылы жүргізіледі, ал жыныс термикалық пештерге сусымалы материалдарды жөнелту – ұзындығы (2-3) м болатын таспалы қоректендіргіштер арқылы жасайды. Мұнда қоректендіруші бункерлер сусымалы материалдарды тура сериалы шығарылатын таразының өлшеу учаскесіне лақтырады, бұл тензометрлі өлшеу құрылғылары үшін шамадан артық динамиалық күш түсіреді. Сол себепті осы технологиялық конвейерлерде сусымалы материалдарды өлшеу жүргізілмейді, ал мөлшерлеу материалдың ұзына бойы тығыздығы тұрақты дей отырып, конвейердің уақыты бойынша жүргізіледі. Бұл шындыққа сай келмейді, себебі материалдың ұзына бойы тығыздығы оның ылғалдылығына, түйіршік ірілігіне және таспа үстіндегі деңгейіне байланысты болады.
Белгілі ақпараттарға сүйенсек, Ресей мен Украинада және алыс
шетелдерде конвейерлік таразылар мен мөлшерлегіштер арнайы мақсатта тапсырыс бойынша өңделеді және шығарылады. Мұндай конвейерлік таразылар мен мөлшерлегіштер кешенді түрде таспалы конвейерлермен қойылады және қазіргі кезде қолданылып отырған технологиялық құрылғыны толығымен ауыстыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында өндірісті импортты салмақ өлшегіш кешендермен жабдықтау үлкен материалдық шығындар мен уақытты талап етеді.
1.2 Ертеден келе жатқан конвейерлі таразыларды сараптау
Үздіксіз өлшеу мәселесін шешу металлургиялық, химиялық және құрылыс өндірістеріндегі көптеген технологиялық процестеріне қажет. Бұл мәселе, әдетте, негізін конвейерлі өлшеу құрылғылары құрайтын таспалы өлшеу құрылғыларын қолдану арқылы шешеді. Әрекет ету принципі жағынан конвейерлі таразылар гравитациялық және радиоизотопты болып бөлінеді.
Жүк салмағын қосу тәсіліне қарай конвейерлі таразылар жинақтаушы және интералдаушы болып бөлінеді. Конвейерлі жинақтаушы таразыларда есептегіш құралдар таспаның белгілі бір ара-қашықтыққа жылжуына сәйкес келетін бірінің соңынан бірі келетін жүктердің салмағын қосуды жүргізеді.
Интегралдаушы таразыларда есептегіш құралдар таспаның жылдамдығын ескере отырып уақыт бойынша өн бойы салмақты интегралдайды. Таразының жүкті қабылдау қызметін конвейердің бір бөлігі немесе бүтіндей конвейер болады. Қосылған салмақты өлшеу және қателіктердің жинақталуына «өлшеу учаскесі» L мен «ықпал ету учаскесі» Lые. елеулі әсер етеді. Өлшеу учаскесі L деп өлшеуіш платформаның шеткі роликтерінің ара-қашықтығы мен осы роликтермен конвейердің жақын арадағы қозғалмайтын тірек ара-қашықтығының жарты қосындысына тең шаманы айтады (1.4 сурет). «Әсер ету учаскесі» өлшеу учаскесі мен қозғалмайтын ролик тіректерінің ара-қашықтығының 4-6 еселенген шамасы қосындысына тең.
Жоғарыда қарастырылған тәсілдерді ескере келіп, үздіксіз жұмыс ітейтін интегралдаушы механизмдердің қосушы жұмысы келесі өрнектермен сипатталады:
(1.1).
(1.2),
мұндағы
– материалдың транспортер бойы тығыздығы
функциясы;
– материалдың
уақытқа байланысты сызықтық
тығыздығы;
–
таспаның
қозғалыс жылдамдығы;
–
масштабты
коэффициенттер.
