- •1 Бөлім. Таспалық конвейердегі салмақ өлшеу құрылғыларының сипаттамасы
- •1.1 Таспалық конвейерді құру сипаттамасы
- •1.1 Сурет – Таспалы конвейер сызбасы
- •1.2 Сурет – Таспалы ковейердің алдынан қарағандағы көрінісі
- •1.3 Сурет – Конвейердің негізгі қондырғылары:
- •1.2 Ертеден келе жатқан конвейерлі таразыларды сараптау
- •1.4 Сурет – Конвейерлі таразылар учаскесі:
- •1.5 Сурет – Конвейерлі таразыларың жүк қабылдаушы құрылғыларының сызбалары:
- •1.7 Сурет – Бір роликті конвейерлі интегралдаушы таразы:
- •1.6 Сурет – Лента мен роликтің тасымалдау арасындағы үйкелістің өзгеру әсерінің схемасы:
- •1.8 Сурет – кгж типті конвейерлік таразының жүк көтеру құрылғысының сызбасы
- •Сурет – «Шенк» микропроцессорлы жүк өлшеуші жүйесінің сызбасы
- •2 Бөлім. Таразының құрылымдық және принциптік сызбасының зерттемесі
- •2.1 Таразының құрылымдық сызбасының зерттемесі
- •2.2 Ақпаратты өңдеу құрылғысының зерттемесі
- •3 Бөлім. Магнитті анизотропты датчикті құрастыру
- •3.1 Сурет – Шихтованді магнит өткізгішінің құрылысы
- •3.2 Сурет – Магнит өткізгішіндегі магнит ағынының орналасуы
- •3.3 Сурет – Біртұтас магнит өткізгіштің құрылысы
- •3.4 Сурет – Магнитті анизотропты датчик құрылысы
- •4 Бөлім. Қоректендіру блогі және айналдыру мен күшейту блогын құрастыру
- •4.1 Қоректендіру блогі және өңдеуші және күшейту блогі
- •Бөлім. Метрологиялық сипаттамалар есебі
- •5.1 Жалпы сипаттамалар
- •5.2 Электронды техниканың тоқтау жиілігін қолданудағы тоқтау жиілігін есептеу
- •5.3 Модуль, блоктардың пайдаланушы тоқтау жиілігін есептеу
- •5.3 К е с т е – Қоректендіру блогінің қолданудағы тоқтау жиілігін есептеу
- •5.4 Аралық тексеру арақашықтығын есептеу
- •6 Бөлім. Экономикалық бөлім
- •6.1 Бизнес жоспар
- •6.2 Автоматтандырылған жүйемізді құрастыру
- •6.3 Амортизациялық шығындарды есептеу
- •6.4 Қолдану аясындағы жылдық шығынды есептеу
- •6.5 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен табысты есептеу
- •6.6 Автоматтандырылған жүйенің минималды бағасын, кірісті және пайдасын есептеу
- •6.7 Пайда мен шығындарды есептеу
- •6.8 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •7.1 Теopиялық бөлім
- •7.1 Cуpет – құpылғылаpының opналаcуы :
- •7.2 Cуpет – Мoнитopдың opналаcуы
- •7.2 Микpoклимат таңдау
- •7.3 Cуpет – Oпеpатopдың oтыpатын жұмыc opны
- •7.4 Жаpық және жаpықтандыpу әcеpі
3.3 Сурет – Біртұтас магнит өткізгіштің құрылысы
Құрылысы жағынан датчик цилиндрлі герметикалық қораптан тұрады.
3.4 Сурет – Магнитті анизотропты датчик құрылысы
Орамалары бар компаун ОАД-нан құйылған сезімтал элемент қорап ішінде орналасқан. Сезімтал элементтіңкүш түсіру кезінде қозғалып кетуін болдырмау үшін сезімтал элемент винттің көмегі арқылы датчиктің төменгі табанына бекітілген. Сезімтал элементтің сыртқы бетіне қорапқа бұралған қақпақпен басылған болат шарик орналасады [7]. Қақпақтың аздаған дөңгелекті гофралары бар, ол аз шектікте қозғалуға мүмкіндік береді. Осының әсері күштің сезімтал элементке түсу кезінде қателіктерді болдырмайды. Орам қуатының орта орамнан алынған ЖЖҚ-сы және дабылы 5 желілі қосу кабелі экраны арқылы беріледі. Кабель қорапқа гермо енгізу арқылы монтаждалған, кабельді жалғау сезімтал элементті қорапқа компаун ОАД-нан құймай тұрып жүргізіледі.
4 Бөлім. Қоректендіру блогі және айналдыру мен күшейту блогын құрастыру
4.1 Қоректендіру блогі және өңдеуші және күшейту блогі
Қоректендіру блогі айналмалы токтің 220 В, 50 Гц бір фазалы желісіне қосылған.
Блоктің беткі панелінде:
– тумблер - желі 2,0, А сақтандырғыштары, шығыс қуатының жарық
шығарушы индикациясы, тітіркендіру тоғының орнату кедергісінің датчиктері – І датчик тоғы, ІІ датчик тоғы;
– Кернеу айналдырушысы +15 В, – 15 В аспалы сызба бойынша
салынған;
– 15 В (0,25 А) – 15 В (0,25 А) кернеу тұрақтандырғышы ретінде;
– VD9, VD10 стабилитрондары пайдаланылған;
– +15 В (0,25 А), – 15 В (0,25 А) қуаттарының тұрақтандырғышы ретінде K142EH8E микросызбасы қолданылған;
– +5 В қуаты R1 кедергілі +15 В қуатынан және VD3стабилитронмен ұйымдастырылған.
Синусті тоқ генераторы аспалы сызба арқылы DА1 микросхемасында автоматты түрде дабыл амплитудасын реттеу жүзеге асырылған артқы генератордан және Т1 шығыс трансфрматорымен төменгі жиілікті күшейткішінен тұрады. Күшейткіш DА2 операциалық күшейткіштен тұрады.
Жиілігі 400Гц болатын айнымалы тоқ А3, А4 боктарында қалыптасады. А3, А4 боктары бірдей және синусті тоқ генераторы, күшейткіш және қуат күшейткіші бар.
Синусті тоқ генераторы DА1 микросызбасында аспалы сызбада автоматты түрде дабыл амплитудасын реттеумен жүзеге асырылған, генерация жиілігі 400 Гц.
DA2 микросызбасы арқылы жиналған жиілігі 400 Гц синусті дабыл VТ4, VT5 транзистрлердегі және R22, R23 каскадтағы тоқ бойынша каскад күшейткішінен тұратын екі тактілі қуат күшейткіш кірісіне келіп түседі. Күшейткіш тиянақты жұмыс істеуі үшін R15 резисторы арқылы кері байланыспен қамтылған. Т1 трансформаторының ІІ және ІІІ орамдарында айналмалы тоқпен қамтамасыз ету үшін оның төртінші орамынан тоқты тербелісті автоматты реттегішке беріледі. Түзетілген және сүзілген тоқ генератордың тербелісін реттейтін VТ1 далалық транзистрінің шүріппесіне беріледі.
VT1 транзисторінің шүріппесінде нөлдік потенциалы тербеліс жиілігіне сай келеді және тоқ көбейген сайын шүріппедегі тербеліс азаяды. R12 резисторы арқылы шығудағы тоқты бірқалыпты реттеу жүзеге асырылады, T1 трансформаторының алғашқы орамында орам санының өзгеруімен кірудегі тоқты дискретті реттеу қамтамасыз етіледі.
Кері байланыстың коэффициент тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін осы трансформатордың бұрмалары қызмет етеді. ІІ орамға күш датчигі қосылады, ІІІ орамнан бақылау тоғы ажыратылады және ол ӨКБ блогіне беріледі.
Блок датчиктер дабылын 0-10 В тұрақты тоқ қуатына айналдыруға арналған. Блоктің датчиктердің дабылын айналдырудың U1 және U2 екі каналы бар. ӘрбірU1 және U2 каналы (DА3) интеграторының және (DА4) күшеткішінің (DА1, DА2) түзеткіштерінен тұрады. Олардың көмегі арқылы датчик дабылы түзетіледі,сүзіледі және күшейтіледі. R13 резисторы арқылы арнайы күшейту коэффициентін реттеу жүргізіледі.
Блок панелінің бетінде:
– SA1- жұмыс режимін өлшеу/бақылау ажыратқышы;
– XS1 датчиктің шығу дабылын өлшеуге арналған кіру бақылау ұяшығы;
– Бақылаудағы R2орнатылған U 400 Гц кедергісіне арналған тесік.
