Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Til_tarikhy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6 Билет

1. Көне түркі жазба ескерткіштері олардың түрлері

Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. Көне түркі жазба ескерткіштері түркологиялық әдебиеттерде негізінен үш топқа бөлінеді. Олар: Енисей ескерткіштері. Бұған Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува Якутия Моңғолия жерлерінен табылған көптеген ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштерін зерттеуде В.В.Радлов, С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, С.В.Кислев, И.А.Батманов т.б. көп еңбек сіңірді. Талас ескерткіштері. Талас ескерткіштерінің табылуы (1896-1898 жылдары, бұрынғы Әулиеата) қазіргі Жамбыл уезінің әкімі, Талас жазуларын табушылардың бірі – В.А.Каллаурдың есіміне байланысты. Талас ескерткіштерінің саны қазір 10-нан асты. Талас ескерткіштерін тауып, аудармаларын жасап, жариялауда Г.Гейкель, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ю.Немет, Х.Оркун, С.Киселев, И.Батманов және Л.Кызласов, т.б. шұғылданды. Орхон ескерткіштері. Бұған VІІ ғасырдың соңы мен VІІІ ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чор сияқты ірі ескерткіштер мен он шақты майда ескерткіштер жатады. Орхон ескерткіштерін зерттеуге көптеген ғалымдар ат салысты.

2. XVIIIғ әдеби тілді дамытушы ақын-жыраулар

18 ғасырға дейін қазақ көркем әдебиеті әлемінде орын алып келген жыраулық дәстүр өз күшінде болуымен қатар, онымен жарыса ақындар мектебі бел ала бастады. Әдебиеттанушылардың тұжырымдарына қарағанда «қазақтың ақыны дегені-жыраудың кейінгі кеде шыққан атауы» (Н.С.Смирнова), «тарихи деректерге қарағанда, жырауларды ақындардың ең көне типі деп есептеуге болатын сияқты»(Е.Ысмайлов). жырау-ақындық қабілеті бар жай ғана адам емес, ол ең алдымен қоғам қайраткері, ақылшы, көсем.жыраудың басты жанры-толғау. Толғау дегеніміз-о, толғаныс, түйін, мораль. Сондықтан жыраулар аз сөзбен көп ойды түйетін ықшам құрылымды поэзия түрін жасайды. Осы себептен де толғаулар көп сәттерде бір-біріне ұқсас үзіктерге, афаризмдерге айналып кетуге бейім. Жыраулар тілінде стандарттық күшті болады, әсіресе, грамматикалық тұлға тәсілдер біртектес түрде келеді. 18 ғасырда жасаған Тәтіқара, Көтеш, Шал ақындарда жыраулық дәстүрден гөрі, ақындар мектебінің сипаты басым. Бұлар ру басындағы ақылгөй, қолбасшылар емес, керісінше біреуі (Тәтіғара) өз кезіндегі сырт жауға қарсы ұрыстарға қатысушы жауынгер ақын, енді біреулері (Шал, Көтеш) ел аралап, айтысқа түсіп, жас кездерінде жұрт арасында ойын-сауық, той-думанға араласқан қатардағы адамдар. Қысқасы, етек жая бастаған ақындық дәстүр қазақтың көркем поэзиясы тіліне бұрынғыға қарағанда жаңа леп, жаңа тілдік-стильдік құрал-тәсілдер әкеле бастаған соны бағыт болды.

3. ХХғасырдың басындағы әдеби тілдің дамуындағы ерекшеліктер

20 ғасыр әдебиеті ерекше қарқынмен дами түскені белгілі.

1. Қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметінің ерекше артуымен мемлекеттік тіл қатарына қосылуымен әлі ол қызметті толық атқара алмаса да ресми түрде қоғамдық өмірде болып жатқан сан түрлі өзгерістер мен жаңалықтарды бейнелеп, өзі қызмет етіп отырған халыққа толығынан қоғамдық қатынас құралыболуымен байланысты.

2. Жаңа құрылып жатқан социалистік мемлекет мақсат-мүдделеріне, мұраттарына сай. Ол тілдің ресми түрде ғылым, білім, оқу тілі болып қалыптасып сол салада сондай қызмет атқару барысында дамып отыруымен де байланысты.

3. Кезең дәуірінде қазақ жазба әдебиет жанрлары өркендеп, сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жаңа белеске көтерілді.

4. Кеңес дәуіріндегі қоғамдық өмірде болып жатқан алуан түрлі өзгерістер мен жаңалықтар әдеби тілдің өзгеріске түсуіне дамуына қоғамдық жаңа сипат алуына саналы түрде әсер етіп отырды.

7-билет.

1.Қазақ тілінің шығу тегін, қалыптасуын зерттеуде кӛне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі ерекшеліктерді, оларды қазіргі тіліміздегі қолданыстарымен, даму сипатымен тарихи-салыстыра зерттеудің маңызы зорГеографиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай кӛне түркі ескерткіштері Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері болып үш топқа бӛлінеді. Көне түркі жазу нұсқалары сонау І Петрдің тұсынан бері белгілі болса да, оларды ешкім зерттеп, сырын ашпаған.1889 жылы фин ғалымдары Енисей өзені бойынан табылған тастағы белгісіз жазулардың атласын жариялайды. Сол жылы орыстың География қоғамы Моңғолияға арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Көрнекті орыс ғалымы Н.М.Ядринцев осы сапарында Орхон өзені бойынан бірнеше жазуы бар бірнеше тасты кездестіреді.Сөйтіп, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған құпия жазулар біртіндеп дүние жүзі оқымыстыларына белгілі бола бастайды.1893 жылы Дания елінің ғалымы В. Томсен тұңғыш рет ескі түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тауып, оның сырын ашуға мүмкіндік туғызды.В.В.Радлов бірінші болып, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған үлкен-үлкен ескерткіштердің аудармасын жасап, жұртшылыққа таныстырды..Орхон Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер – VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрылысы, күн көрісі, мәдениеті мен тілі жөнінде мол деректер беретін құнды материалдар.Бұл белгісіз жазуға алғаш көңіл бөліп, оның сырын ашуға әрекет жасаған шетел ғалымдарынан Т.Байер 1729 жылы мұны ескі кельт жазуы болар деп жорамалдады. А.С.Паллас 1793 жылы көне готтар жазуы деп ұйғарды..Жазуларға көбірек мән берген В.Томсен, В.Радлов,П.Мелорианский.Қалай болған күнде де, белгісіз болып келген құпия жазулардың оқылу кілтін тауып, олардың қай халықтікі екендігін анықтау керек болды.Ескерткіштердегі жазуды оқу, талдау Дания елінің ғалымы В.Томсеннің үлесіне тиді.В.Томсен өз заманындағы білгір фонотисьтердің бірі. Ол кісі түрколог емес еді. Сонда да бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазуларға ерекше мән берді. Томсен, ең алдымен, ескерткіштердегі таңбаларға назар аударды: таңбалардың бір-бірімен қатар келу және келмеу ерекшеліктерін байқады. Жазуда жуан және жіңішке дыбыстардың барлығын, ол түркі тілдеріндегі үндестік заңына қатысты екендігін жете түсінді. Бұдан кейін ғалым жазудың солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқылатындығын ажыратты. Енді ескерткіштерді қанша таңба барлығын анықтады. Орхон ескерткіштерінде – 38, ал енисей ескерткіштерінде 150-ден аса таңба бар екенін айқындады.

2.Ақындар мектебінің әдеби тілге қосқан үлесі: «Ақындар мектебі» ұжымы 2005жылы құрылды.Ақындар мектебі айтыс өнеріне ден қойған жастардың басын біріктіреді.Ақындар мектебінің негізі осы айтыс болып табылады. Айтыс ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр,топ алдындар суырып салма сөз сайысы,жыр жарысы. Қазіргі айтыс ақындарының ішінен Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Мэлс 6 Қосымбаев, Қуаныш Мақсүтов, Мұхамеджан Тазабеков, Оразәлі Досбосынов, Бекарыс Шойбеков,Жансая МУСИНА, Ақмарал Леубаева, Айнұр Тұрсымбаева, Кәрима Оралова, Балғынбек Имашев, Дәулеткерей Кәпұлы, Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы және т.б. айтуға болады. Қазіргі айтыс өнерінде бұлардың ішінде қыз бен жігіт айтысы және ақындар айтысы жиі көрініс тауып жүр. Айтыс ақындары тілінің грамматикалық құрылысы қазіргіден көп ауытқымаған. Дегенмен де кейбір тұлғалардың қызметі қолданылу барысында өзгеріске түскенін байқаймыз. Қазіргі айтыс ақындарының қай-қайсысын алсақ та, өз айтыс үлгілерінде фразеологизмдерді көркем сөзге нәр беретін функционалдық-стильдік қолданыс ретінде шебер пайдаланады. Мысалы, Оразалы:

Кәдімгі ескі сөздің ұлығы деп,

Жәкеміз туған жердің бір ұлы деп.

Менде сенің басыңды багалаймын,

Ердің ері егеудің сынығы деп.

Жақында Президент келеді деп,

Оңтүстіктің өлкесі дүрлігіп жүр.

Біраз басшы мұрнынан сүрініп жүр, - дейді. Жалпыхалық тілінде тұрақталған фразеологизмдерге жаңа тіркес құрау айтыскер ақындардың даралығы мен шеберлігін танытады.

3. XX ғасырдың басында оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер-білім салалары жандана түсті. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық құрылымының, лек¬сика, морфология және синтаксис жүйесінің XX ғасырдың бас кезіндегі дамуындағы негізгі процестер, әр түрлі өзгерістер белгілі дәрежедс сол кездегі ресми іс қағаздар тілінен де айқын көрінеді Қазақ әдеби тілін дамытуда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жазылған оқу-педагогикалық әдебиеттердің, қазақ тілі жайында жазылған еңбектердің де рөлі болды. Бұл кезде оқу-ағарту ісінде жаңа бағыт басталса, оқу-ағартуға да жаңа әдіс "жәдид" немесе төте оқу ене бастады. Төте оқудың "қадимге" қарағанда әлдеқайда артық екенін насихаттауда, халық ағарту жүйесіне толық енгізуде "Айқап" журна¬лы мен "Қазақстан" газетінің алатын орны ерекше. Төте оқудың артықшылығын дәлелді түрде халыққа баяндап, қадимшілердің бала өмірін босқа өткізетіндігін, құр схоластиканың зияннан басқа пайда бермейтінін әшкерелеп отырды, тіл тазалығын сақтауға үндеді."Айқап" журналының алғашқы нөмірі 1911 жылы жарық көрді. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. Айқап 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйегіне дейін Троицк қаласында ай сайын шығып тұрды. Көлемі 16-24 бет, тиражы — 1000 дана, журналды жаздырып алдырушылар қаражатымен жеке адамдар шығарған. "Айқап" журналын ұйымдастырушы және редакто¬ры демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872-1929) болды.

8-билет.

  1. Көне түркі тілі – қазіргі түркі халықтарының түп негізі саналатын халықтар тілі. Көне түркі тілінің кейбір материалдары топонимика мен ономастика тарихында, көршілес елдердің жылнама жазбаларында кездеседі. Басты мәліметтер көне түркі жазба ескерткіштері (5–8 ғ.) мен көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде (5–13 ғ.) сақталып қалған. Олар жеке тайпалық тілдер негізінде жасалған. Қазіргі түркі тілдерінің жетілу барысындағы белгілі бір кезеңді танытатын тарихи нұсқа Көне түркі тілініңграмматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі және оның негізгі сөздік қоры осы күнгі түркі тілдерінде түгелдей сақталған. Кейбір өзгешеліктері мынадай:

• 1) граммат. ерекшеліктер: Көне түркі тілі типол. жағынан жалғамалы топқа жатады, оның морфологиялық құрылысыныңнегізі – аффиксация: түбір – жұрнақ жалғау. Түбір көбінесе бір буынды, кейде екі буынды болып келеді, аффикстік көрсеткіштер де осы іспеттес. Көне түркі тілінде тек (род) категориясы болмаған. Атау тұлғада тұрған сөздің көптеген мағынасы болған. жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері – этимол. жағынан өзара төркіндес. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, Көне түркі тілінде мынадай айырмашылықтар кездеседі: табыс септігінің -ғ/-г; -ығ/-іг жалғауы: сөз-сөздігі (сөзді), баш-башығ (басты); -ғару/-геру (ға-ру, ге-ру) табғачғару (табғачқа), -ңару/-ңеру, -ңару/-ңеру, -ңар/-ңер: аңар (оған), -йа/йе: курйа (кері, кері қарай); құралдық септіктің -ын/-ін, -ун/үн жалғауы: көлік-көлгүн (көлікпен). Қазіргі қазақ тіліндегі көрі, ілгері, сыртқары, шеткері, жазын, қысын, күзін сияқты сөздер К.т.т-нің кезінде қалыптасып кеткен реликті формаларда қолданылады. Өткен шақ, жекеше 2-жақ -тығ/-тіг: бардығ (бардық); ауыспалы келер шақ -тачы/-течі, -дачы/-дечі: болтачы (болады), өлтүртечі (өлтіреді), өткен шақ -тұқ/-түк, -дұқ/дүк: өтүндүк (өтінген), бардуқ (барған), есімше 1–2-жақ есімдіктерімен тіркесіп айтылады: болтачы сөн (боласың); көсемшенің өткен шағы -бан/-пан, -бен/-пен арқылы берілген: келібен (келіп), алыбан (алып); шартты рай -сар/-сер: келсер (келсе), бұйрық рай -ың/ің, уң/-үң (2-жақ көпше сыпайы түрде), -ғыл/-гіл (2-жақ көпше анайы түрі): барың (барыңыздар), барғыл (барыңдар), т.б. Ондық сан есімдердің жасалу жолдары ерекше түзілген: әуелі бірлік сандар, сонан соң ондық сандар айтылады: беш иігірмі (бес жиырма).

• 2) синтаксистік ерекшеліктер, негізгі көрсеткіштері: матасудың 1-түрі (екі сыңарының да жалғаусыз келуі) өте жиі жұмсалады: түрк будун (түрік халқы), 2-түрі (бір сыңары жалғаулы болуы) біршама жиі (қаған інісі – ханның інісі), ал 3-түрі (екі сыңары да жалғаулы болып келуі) өте сирек ұшырасады, бұл нұсқа қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылады. 3) фонет. ерекшеліктер: жуан және жіңішке болып айтылатын 8 дауысты дыбыс қолданылған: а-е, о-ө, у-ү, ы-і, (и), 18 дауыссыз дыбыс болған. б, д, ж, з, г, ғ, к, қ, й, л, м, н, п, р, с, т, ч, ш,. Сөйлемнің 1-жартысында 8, қалған жартысында 6 не 7 дауыссыз дыбыстар қолданылған (сөз соңында о, ө дыбыстары кездеспеген, у, ү, өте сирек). Сөз басында 7 дауыссыз фонема (б, т, қ, ч, м, с, й), басқа позицияларда 18 дауыссыз дыбыс қолданылған. Кейбір ұяң дауыссыздардың (ғ, г, б, д) сөз соңында келуі әдеттегі құбылыс: сарығ (сары), кічіг (кіші), еб (үй), өд (уақыт). Сөздің басқа позициясында екі дауыссыз дыбыс қатар келмейді, бірақ басқа орындарда (түбір мен қосымшаның қосылған жерінде) кездесе береді, сөз соңында лт, рт, нт тіркестері жиі ұшырасады: алты (алды), олурты (отырды), анта (онда). Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда ғ, г дыбыстарының ұ, й дыбыстарымен алмасуы не болмаса айтылмай түсіп қалуы, сол сияқты д/т/й заңдылығы жиі байқалады: оғры (ұры), оғул (ул/ұл), өгрет (үйрет), тағ (тау), адақ, айақ (аяқ), т.б. К. т. т-нде кейбір дыбыстар өзара алмасып отыратын болған: с/ш: сад/шад (атақ, дәреже), м/б: мен/бен (мен), т/д: тегрі/дегрі (де, дейін), ч/ш: кічі/кіші (кісі), е/и: ел/ил (ел), н/й: анығ/айығ (сұм, зұлым), ң/й: коң/қой (қой), т.б. Жергілікті тайпа тілдерінің әсерінен пайда болған мұндай фонет. құбылыстар сөздің қай позициясында болса да ұшыраса береді. Қазақ тілінің говорларында кездесетін осы іспеттес дыбыстардың өзара алмасып келуі Көне түркі тілінен қалған тарихи іздер болуы ықтимал.

  1. Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:

“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.

Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.

Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:

“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың,Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”…

Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды”,↑

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы,композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді.

9-билет:

1. Көне түркі жазбалары тілінің қазақ ауыз әдебиетінің эпостық,

шешендік, тұрмыс-салт, т.б. жанрлардағы көріністер. Көне түркі жазба мұралары-түркі тілі тарихының жазба мұралары сақталған ең көне кезеңі. Көне түркі дәуірден мынадай жәдігерлер бізге жетті:

А) 5 ғ жататын Талас-Енисей ескерткіштері; ә) 8ғ жататын Орхон ескерткіштері б) 8-10ғ жататын ұйғыр жазулы жору, аян айту, діни аңыз түріндегі ескерткіштер.

Қазақ әдебиеттанушылар Орхон жазуларын қазіргі түркі әдеби дәстүрлеріне ұластыра зерттеуде көбінесе жанрлық сәйкестіктерді тауып, сол жағынан жанастырды. Мысалы, қазақ фольклорындағы жоқтау, шешендік арнау жанрларының көрінісі Күлтегін, Тонықұқ ескерткіштерінен табылады дейді. Жазу-сызулар мақал-мәтелді тіркесті болғандықтан, қазақтардағы ақын-жыраулық өнердің кейбір тәсілдері мен нышандары Орхон жазбаларынан байқалады. Жирмунский, Бертельстер ескерткіштердегі тұрмыс-салт жырлары мотиві бір деді.

«Алпамыс батыр» жырында: Қойға шапқан бөрідей,

Талқандап қуып бөледі.

«Қобыланды батырда»: Қойға тиген қасқырдай

Сойып кетіп барады – десе, «Күлтегніде» -Әкем қағанның қолы бөрідей еді, жауы қойдай еді, дейді. Көне түркі поэзиясының тілдік, жанрлық, поэтикалық, дәстүрлік, тұрақтылық образдылық жағынан 15-18-19 ғ келіп жеткен белгілері үзіліссіз жалғастылық.

2. 18 ғ әдеби тілдің лексикалық сипаты. Бұл кезеңдегі сөздік құрам екі қабаттан тұрады: төл сөздер; кірме сөздер.

18ғ соғыс-жорықтармен есте қалды. Сондықтан да көркем әдебиет тақырыбы негізінен ел қорғау болды.Жаугершілікке қатысты лексика тобы басты назарда болды. Мыс: сауыт, найза, дабыл, дулыға, берен, жебе, жаулық, елдік.Бұлардың тұрақты эпитеттері әдеби қалыптасып штампқа айналған. Мыс: кіреуке, тон, күдері бау, болат найза, көң дабыл тәрізді терминдер-18ғ жататын ақын-жырауларының тілінде актив қолданылатын көркемдеу тәсілдері. Жалпы жаугершілік мотивтегі өзге де іс-әрекетке, айнала болмысқа қатысты жеке сөздер мен тіркестер молынан ұшырасады. Бұрын жиі қолданылып көбінесе образ жасауға қатысатын бірқатар сөздер де пассивтеніп, олардың орнына өзге сөздер мен синонимдер пайдаланыла бастайды. Мыс: бұрынғы жыраулар сұлу әйел дегенді көбінесе ару сөзімен білдірсе, енді ақын-жыраулар сұлу сөзін жұмсайды. Мыс:

Бұлттан шыққан ай бетті,

Айттыра бермес сұлуын. (Ақтамберді)

Шал, Көтеш сияқты ақындар өлеңдері арқылы қазақ әдеби тіліне тұрмыстық лексика өзінің тура мағынасында сынамаланып ене бастады деуге болады.

Сауда-саттық саласы дамығанымен оған қатысты сөздер сирек болды. Олар: базар, саудагер, жасау, ору, теру, егін салу.

Оқу-ағарту саласындағы лексикаға келетін болсақ, ондай сөздер көп емес және олардың өолданылуы жеке авторға байланысты.

3. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі мен жазуына қатысты еңбектері. 20ғ

басында қазақ тілі жөніндегі басты мәселе-алфавит, емле мәселесі. Араб алфавитінің қиындығы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтындағы байқалып, А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары оған реформа жасап, қазақ тіліне икемдеді: қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде жоқ араб дыбыстарынығ белгілері, әріптері алынып тасталды (жуан т, с, з,д) керісінше, араб алфавитінде жоқ әріптер қосылды.(п, ң, ғ, ұ, ү) А.Байтұрсынов қазақ әліппесі ме қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 ж бастады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графиасы түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. 1911-1912 ж Уфа, Орынбордан әліппесі «Оқу құрал» деген атпен жарық көрді. Қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайында араб жазуындағы әліпбидің қажеттігін, құндылығын жан-жақты тұжрыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. 1926ж «Әліпбидің» жаңа түрін басып шығарды. «Тіл-құрал» деген атпен үш бөлімнен тұратын оқулық жазды. Ахметтің тағы бір зор еңбегі-ғылымның осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас, қаратпа деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахметтікі. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды.

Қазақ тілі мен жазуға Ахметтің еңбегі зор болды. С.Мұқанов былай деген: «Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын алғаш қалаған адам-Ахмет»

10-билет:

1. Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері мен қазақ әдеби тілі арасындағы байланыстар. Көне түркі жазба ескерткіштері сияқты орта ғасырдағы түркі жазба ескерткіштері де әдеби тіліміздің дамуына негіз болды. 12-14ғ ескерткіштер тек қазақ әдеби тіліне ғана қатысты емес, сонымен бірге туыс басқа түркі тілдері үшін де маңызды болып есептеледі.

Бұдан былайғы жерде, қазақ тіліне тән болып келетін тілдік элементтер жазбалар тілінде байқала бастайды. Мыс: М.Қашқари оғыздар мен қыпшақтар тіліндегі сөз ортасындағы ғ дыбысының түсіріліп айтылуын көрсетеді: тамғақ-тамақ. Сөз ортасындағы д дыбысының й дыбысына айналуы да осындай көрсеткіш деуге болады: адақ-айақ. Сондай-ақ бұл дәуірдегі поэтикалық шығармаларда жиі кездесіп отыратын өлең құрылыстарының, ұйқас ерекшеліктерінің, жанрлық түрлерінің 15ғ былайғы жердегі ақын-жыраулар шығармаларымен, батырлық өлең-жырларымен, кейінгі 18ғ., тіпті 19ғ ақындарының Бұқар, Махамбет, Абай шығармаларымен үндес, сәйкес келуі кездейсоқ болмаса керек-ті.

М.Қашқари келтірген жоқтауда қазақ поэзиясында кездесетін жоқтау жанрымен рухы, дәстүрлік ерекшеліктері, образ қолдану қисыны, баяндау, тәсілі, соларға сай сөздерді, грамматикалық тұлғаларды сұрыптап қолдану жүйесі жақын екендігін дәлелдеп жатудың қажет жоқ. «Диуани лұғат-ат-түрік» қазақ этносы халық болып қалыптасқан кезеңнен бірнеше ғасыр бұрын дүниеге келсе де, қазақ тілінің ерекшеліктерін көрсететін кейбір тілдік фактілер бар екенін байқаймыз.

«Кодекс Куманикустың» кейбір тілдік ерекшеліктерін қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарасақ, біріншіден, бұл екі тілдің арасындағы жалғастылықты, екіншіден, қазақ тіліндегі жаңа тілдік құбылыстардың басталуы, қалыптасу, тұрақтану процесін байқаймыз.

2. 18ғ әдеби тілдің грамматикалық ерекшеліктері. Негізгі грамматикалық категориялар: септеу, жіктеу, шырай, зат есімнің көпше түрде тұлғалануы, етістіктердің шақ, жақ, рай, етіс түрлері, сөздерді байланыстыру амалдары қазіргі қазақ тілі нормаларымен сай келеді. Бұл кезеңде кейбір грамматикалық нормаларды беруде варианттылық орын мағынасында –арға, -уға қосымшалы түрлері қатар қолданылады. Грамматикалық тұлғалардың актив-пассивтілігіне, өнімді-өнімсіздігіне назар аударсақ, әлі де алдыңғы кезеңдегідей шаққа бейтарап қимыл-әрекетті білдіруде –ар жұрнақты есімше тұлғасының қолданылуы актив . Бұл әсіресе жыраулар тіліне тән.

18ғ әдеби үлгілерінің тілінде –лық, -тан басқа -сыз, -шы, -шылық, -тай, гер, -шін, -дас, -дес жұрнақтары бар сөздер. Бірақ олардың қолданылу аясы тар. Мыс: -шілік жұрнағымен келген сөз біреу кемшілік.

Сөз жасайтын жұрнақтардың түрлері көбейе түскен. Бұл кезеңде де ең актив және өнімді жұрнақ –лық. Ол ең алдымен абстрактілі есімдерді тудырады. Ұлық, билік, елдік.

18ғ төл әдеби тілінің грамматикалық ерекшеліктері осындай.

3. 20ғ. 20ж. қазақ әдеби тілі. Қазақ әдеби тілінің Қазан төңкерісінен кейінгі шақтағы Кеңес дәуірінде ерекше қарқынмен дамыды. Ол, ең алдымен, қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметінің ерекше артуымен, мемлекттік тіл қатарына қосылуымен, әлі ол қызметті толық алмаса да, ресми түрде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды бейнеледі. Бұл кезеңде мәдени өмірде соңғы жаңалықтар болды. Осы мақсатпен бұл жылдары қазақ баспасөзі ерекше қарқынмен дамыды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары-ақ көркем әдебиеттің әр түрлі жанрлары қарыштады. Түр жағынан көбейіп, мазмұн, сапа жағынан байи түсті. Қазақ совет әдебиетінің негізін салушылар, социалистік болашақтың сағымына оранып, қазақ өауымының шын бостандыққа ашығуын, шындық деп түсініп, келешектің келелі мәселелеріне, мәдениет биігіне жетуіне құлаш ұрған сөз зергерлері М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Б.Майлиннің, жыр алыбы Жамбылдың лирика мен поэмаларында поэзиядағы Абай салған дәстүр жалғаса түсті, жаңа өмірге, социалистік шындыққа байланысты жаңа шешім, көркемдік жарастық тауып, көркем поэзияның өркендеуіне, өмір шындығын реалистік тұрғыда әсем де әсерлі бейнелеуге, сөйтіп, жаңа белеске көтерілуге негіз болды.Қазақ әдеби тілінің кеңес дәуірінде қарқынды дамуына үлкен әсер еткен тағы бір фактор-қазақ тілінің, бір жағынан, ғылыми зерттеу объектісі болып, оның саналы да сапалы түрде дамуына бағыт-бағдар белгіленіп отырылуы десек, екіншіден, оның жеке ғылым саласы болып қалыптасуында. Алғашқы жылдары, ең алдымен алфавит, емле, терминология сияқты практикалық мәселелерден бастау алды. Кейін тілдің салалары ауқымды монографиялық зерттеулермен толыға түсті. Сөйтіп, қазақ әдеби тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық заңдылықтарын реттеп, нормаға түсіруімен бірге, оның жан-жақты даму процесіне барлап, қадағалауға толық мүмкіндік туды.

11-билет

1.Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері, олардың түрлері. Бұл кезеңге жататын жазба нұсқалар, тілдік материалдардың бізге жеткені негізінен ХІ-ХІІ ғасырларда жазылған шығармалар болып келеді. Олар: Юсуп Баласағұнның «Құтадғу білік» (1069 жылы жазылған) атты дастаны, Махмұд Қашқаридың «Дивану лұғат-ат түрк» (1072-74 жылдары жазылған) атты филологиялық еңбегі, Ахмет Югнакидің «Һибат-ул хакаих» атты еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары, Тефсір (құранның 18-сүресінен аяғына дейін аударылған тәржімасы), т.б. «Құтадғу біліктің» үш түрлі нұсқасы белгілі. Оның бірі ( Вена қолжазбасы) ұйғыр жазумен жазылған да, екеуі (Герат немесе Қаир қолжазбасы және Наманған қолжазбасы)араб жазуымен жазылған. Автор кіріспесінде шығармасын боғра хан тілінше жаздым дейді. Шығарманың өзі өлеңмен жазылған да, кіріспесі қара сөзбен жазылған. Ғалымдар арасында шығарманың кіріспе бөлімін өзі жазбаған,оны бұл шығарманы кейінгі көшірушілер қосқан,өйткені қара сөзбен жазылған кіріспе бөлімі мен өлеңмен жазылған негізгі бөлімдердің арасында тілдік,сөз саптау ерекшеліктері жағынан айырмашылық байқалады деген де пікір бар. Махмұд Қашғаридың «Дивану лұғат-ат түрк»атты үш томдық еңбегі-көне түркі тілдері жайындағы салыстырмалы филологиялық еңбек. М.Қ. еңбегінде түркі тілдерінен келтіріп отырған әрбір сөзді арабша түсіндіріп отырады.Еңбекте жеке сөздердің мағыналық ерекшелік-шеңберінен басқа, түркі тілдерінің мағыналық ерекшелік-шеңберінен басқа, түркі тілдерінің грамматикалық құрылысы,фонетикалық жүйесі, түркі тайпларының бір-бірінен тілдік айырмашылықтары туралы көп мағлұмат берілген. «Дивану лұғат-ат түрк» һижра есебімен 464 жылғы бесінші айдың алғашқы күнінде жазыла бастағанда, 466 жылғы 6 айдың 10 күні (10.11-1074) аяқталған. Ахмед Югнакидің «Һибат ул-Хакаик» атты шығармасының тілі Құтадғу біліктің тіліне жақын. Оның жазылу мерзімітуралы да талас пікір жоқ емес. Бұл – 506 жолдан тұратын өлеңмен жазылған дидактикалық шығарма,Бізге әрі ұйғыр жазумен, әрі араб алфавитімен жазылған нұсқалары келіп кетті.

2. XIX ғасырдың I жартысындағы әдеби тіл. 19 ғасырдың бірінші жартысы – қазақ қауымы үшін ерекше кезең еді. Қазақстанның біраз жері бұл кезде Россия патшалығының қол астына қарайтын, соғансәйкес елдің саяси, мәдени, экономикалық өмірінде елеулі өзгерістер болды. Сауда – саттық күшейді, айырбас сауданаң орнына ақша айналымы өрістей түсті. Қазақ даласы шикізат өлкесіне айнала бастады. Қазақ қауымында кейбір әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрі пайда болады. 19 ғасырдың бірінші жартысында оқу-ағарту ісі біршама етек ала бастады. Жаңа мектептер мен медреселер ашылып, мұсылманша оқумен бірге отаршылдық аппаратқа кадрлар дайындалады. Қазақтың бұқара халқы екі жақты езгіге түседі. Осының салдарынан үстем тапқа деген халық наразылғы күшейе бастады. Оның бір көрінісі ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында қазақ халқының өмірінде айтарлықтай із қалдырған тарихи оқиғалардың бірі – Исатай – Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі еді. Міне осындай болып жатқан ірілі-уақты өзгерістер бұл кезеңде қазақтың сөз өнерін дамыта түсуге де әсерін тигізбей қалмады. Бұл кезеңнің әдеби тілін байқататын тілдік материалдар Махамбет, Алмажан, Байтоқ, Жанұзақ, Жанақ, Орынбай, т.б ақындардың шығармалары болып табылады. Әрине, бұл сияқты ақындардың идеологиялық бағыттары бірдей, біркелкі болған жоқ. Соған қарамастан әдеби тіл тарихында олардың алатын өз орындары бар. ХІХ ғасырдың басындағы қақақ ақындары шығармаларының тілінде үлкен екі түрлі ерекшелікті көруге болады. Оның біріншісі – жалғастылық принципі. Осы кезеңде өмір сүрген ақындар творчествосынан орын алған батырлар жырындағы, ХІХ ғасырға дейінгі ақын-жыраулар шығармаларындағы, тіпті орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштерінің кейбіреуінде кездесетін сарындар, кейбір көркемдеу тәсілдері, образ беру жүйесі, өлең құрылысындағы, ұйқасындағы сәйкестіктер, тіпті жеке жолдар мен шумақтардың қайталануы – осының айғағы. Ондай сәйкестіктер ХІХ ғасырдың басындағы ақындар шығармаларында кездесіп отырады.

3. Қазақ әдеби тілінің кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы дамуы. Қазақ әдеби тілінің қазан төңкерісінен кейінгі шақтағы кеңес дәуірінде ерекше қарқынмен дами түскені белгілі. Ол ең алдымен , қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметінің ерекше артуымен, мемлекеттік тіл қатарына қосылуымен, әлі ол қызметті толық атқара алмаса да, ресми түрде қоғамдық өмірде болып жатқан сан түрлі өзгерістер мен жаңалықтарды бейнелеп, өзі қызмет етіп отырған халыққа толығынан қоғамдық қатынас құралы болуымен байланысты. Екіншіден, жаңа құрылып жатқан социалистік мемлекеттің мақсат, мүдделеріне, мұраттарына сай ол тілдің ресми түрде ғылым, білім, оқу тілі болып қалыптасып, сол салада сондай қызмет атқару барысында дамып отыруымен де байланысты.Қазақ әдеби тілі кеңес дәуірі тұсында алғаш рет, бір жағынан, шеңбері әлі де шектеулі болып, социалистік мәдениет мақсаты талап еткен көлемде ғылым, білім, мәдениет мақсаты талап еткен көлемде ғылым, білім,оқу-оқыту тілі,екінші жағынан,филология ғылымының зерттеу оъбектісі болғанын ерекше атап өту қажет. Үшіншіден кеңес дәуірінде қазақтың жазба әдебиет жанрлары өркендеп, сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жаңа белеске көтерілді, өйткені жазба әдебиеттің әр түрлі жанрларының пайда болып, жеке-жеке отау тігіп, әрқайсысының өз мақсатына,мазмұнына сай дамуы, бір жағынан, әдеби тілдің қоғамдық қызметін, қолданылу өрісін кеңейттіп отырса, екінші жағынан,оның икемділігін арттырып, стильдік жағынан сараландырып,тілдің ішкі құрлысының кейбір түрлерін активтендіруге әсер етті. Төртіншіден, кеңес дәуіріндегі қоғамдық өмірде болып жатқан алуан түрлі өзгерістер мен жаңалықтар әдеби тілдің өзгеріске түсуіне, дамуына,қоғамдық жаңа сипат алуына саналы түрде әсер етіп отырды.

ХІХ ғасырдың басында қазақ тілі жөніндегі басты мәселе – алфавит, емле мәселесі. Араб алфавитінің қиындығы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтындығы байқалып, Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары оған реформа жасап, қазақ тіліне икемдеді: қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде жоқ араб дыбыстарының белгілері, әріптері (мыс: жуан т,с,з,д, сақау с) алынып тасталды, керісінше араб алфавитінде жоқ әріптер қосылды: п,ң,ғ,ұ,ү, т.б. жазуда сингормонизм заңы негізге, басшылыққа алынды. Ал кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ бұл мәселелер одан әрі баспасөз беттерінде талқылана берді. 1924жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз зиялыларының тобында талқыланған басты мәселелер де осылар еді. 1926 ж Баку қаласында өткен І түркологиялық съезде түркі халықтары араб алфавитінен латын графикасына негізделген алфавитке көшу туралы қаулы қабылданса да, Қазақстанда 1929 жылдан бастап қана латын алфавитіне көшті. 1931 және1935 жылы Атаулар сөздігі жарық көрді. Терминологиялық бюллетеньдер шығып тұрды. 1920 жылдары А. Байтұрсынов, Телжан Шонанов, Халел Досмұхамбетов, Елдос Омаров сияқты зиялылардың ой-пікірлері , еңбектері жарық көрсе, 1930жылдарда тіл мәселесі жайында ғылыми зерттеулер жариялаған тұңғыш ғалым-профессор Құдайберген Жұбанов мектепке арнап қазақ тілінен программа және оқулық жазумен бірге, қазақ тілінің кейбір саласынан ғылыми зерттеулер де жүргізді. Ахмет Байтұрсынов бастаған, Құдайберген Жұбанов дамыта түскен талантты тілшілер, өкінішке орай 30-жылдардың аяқ шенінде репрессия құрбаны болып кетті. 1940жылдары қазақ тілінің практикалық курсы жасалып, ол салада Ісмет Кеңесбаев, Сәрсен Аманжолов, Нығмет Сауранбаев, Мәулен Балақаевтар зор еңбек атқарды. 1948ж С.Бәйішевтің редакциясымен екі томдық терминдер сөздігі жарық көрді. 1954ж тұңғыш рет қазақ тілінің ғылыми курсы, «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен академиялық грамматикасы жарық көрді.

12-билет

1.Қараханидтер дәуіріндегі түркі ескерткіштер,олардың қазақ тіліне қатысы. Араб басқыншылығының кейінгі кездегі Қараханид кезеңіндегі жазба әдеби тіл. VIII ғасырдан былайғы жерде шығысты тітіреткен түркі қағанаттары ыдырап, түркі тайпалары араб басқыншылығының езгісінде қалып қойды. Араб басқыншылығы ресми идеология ретінде ислам дінін әкелді, араб тілін енгізді. Бұл кезеңдегі жазбалардың көпшілігі араб жазуымен жазылды. Әрине, бұл құбылыс бұдан бұрынғы түркі әдебиетінің, тілінің қалыптасқан дәстүрлерін, құрылыс-құрамын, жанрлық ерекшіліктерін бүтіндей құртып жібере алмаса да, түркі тілі табиғатына біраз жаңалықтар әкеліп енгізді.М.Қашқаридың «Лұғаты» қазақ этносы халық болып қалыптасқан кезден бірнеше ғасыр бұрын дүниеге келсе де, қазақ тілінің ерекшеліктерін көрсететін кейбір тілдік фактілер бар екенін байқаймыз. Оның бірі-яғма,тұқси тілдері болса, екіншісі, жоғарыда көрсеткеніміздей, арғу тілі. М.Қашқари сөздігінде жеке сөздермен бірге үш жүзге жуық мақал-мәтел, сол шамада өлең шумақтары берілген. Ол өлеңдердің бір қатары түркі халықтарының ертеден келе жатқан ауыз әдебиет үлгілері де, бір қатары автормен замандас ақындардың шығармаларынан алынған үзінділер деген пікір бар.

2.ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тілді танытатын үлгілер. Сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер дамып келе жатқан әдеби тіл мен жазба кітаби тіл дәстүрі негізіндегі әдеби тіл арасындағы байланыс үзілмей жалғасып келгенін көрсетеді. Ол байланыс кейінгі кезеңде де байқалып отырады. Оған, бір жағынан,Махамбет, Абайлар поэзиясының тілі мен, екінші жағынан, олардың қара сөздері,хаттары,ресми жазбаларының тілін салыстырып қарасақ та көзіміз жетеді. Енді бір топ тілдік материал ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғаырдың басында қазақ хандарының, сұлтандарының, старшындардың орыс мемлекеті әкімдерімен, бір-бірімен жазысқан әр түрлі сипаттағы іс қағаздары мен хаттары болып табылады. Олардың біразы М.П.Вяткин басшылығымен құрастырылған «Материалы по истории Казахской ССР»,т. ІV,М-Л, 1940 атты еңбекте берілген. Олар: 1785ж. ІІ Екатеринаға Әбілқайыр ханның балаларын хандықтан аластатуды сұрап жазған старшындардың ғарызнамесі; 1785ж. барон О.А.Игельстремға әскер сұрап жазған Нұралы ханның хаты; 1787ж.полковник Д.А.Гранкинге Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды босату жөнінде жазған Ералы сұлтанның мағлұм хаты; 1790ж. ІІ Екатеринаға жазған Сырым Датовтың ғарызнемесі, сондай-ақ Қара Көбек би мен Шұбар билердің, Тіленшінің, Айшуақ ханның, Шерғазы ханның, Қаратай сұлтанның жазған хаттары.

3.ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардың қазақ әдеби тілін дамытудағы үлесі. Абай поэзиясынан бастау алған жаңа сападағы қазақ поэзиясы ХХ ғасырдың басында да, кеңес дәуірінде де жалғасын тауып, дами түсті. Лириканың неше түрі саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық өмірдің, ондағы алуан түрлі өзгерістің куәсі де, көкжиегі де бола алды. Поэзия тілінде сезімге әсер ететін әсерлі де әсем,сұлу,нәзік сөздердің орнына содыр сойпанның көрінісін беретін неше түрлі дөкір сөздер де кете береді,ең бастысы – сәнді сөз кестесі емес,ойды тура жеткізетін, дұшпанды ойсыра талқандайтын төңкерісшіл сөз легі төпкілей береді. Сын мен өлең сөздің теорилық зерттеу де өрістеп, бірін-бірі өсіріп,бірін бірі жетектеп,жалғасып,поэзия тілінің көркемде шебер шырқай түсті. Көркем проза қазақ әдебиетінде жеке бір жанры болып қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге кееңес өкіметі тұсында көркем әдебиетінде жетекші түріне айналды. Көп ұлтты кеңес әдебиетінің, түрі ұлттық, мазмұны социолистік деп аталған әдебиеттің, кеңес шындығын бар күрделілігімен,қиындығымен,қызғылықтылығымен де көркем де көрікті бейнесін суреттеп, жаршысы бола білді. Көлемі мен көтерген мәселелер ауқымы жағынан да, көркемділігі мен көрікті ой түюі жағынан да, әлеуметтік өмірді,оның қайшылықтары мен эволюциялық даму жолдарын, кейіпкерлердің саяси өрісі мен психологиялық сипаты тұрғысынан суреттеу жағынан да жаңа белеске көтеріліп, жаңа сапалық қасиетке ие бола бастады. Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов сынды қара сөз майталмандарының көркем туындылары тек қазақ әдебиетінің шоқтығын биіктетіп қана қойған жоқ, сонымен бірге көп ұлтты кеңес әдебиетінің аясын кеңейтіп,асқар шыңына шығарып, социялистік реализм деп аталатын әдебиет мәнін көтеріп, мазмұнын байыта түсті.

  1. Билет

  1. 19 ғасырдың 60-70 жылдарына дейінгі қазақ көркем әдебиет бұрынғысынша поэзия түрінде әрі қарай жалғасқаны жоғарыда айтылды. Бұрынғы жыраулар мектебі әлсірей түсіп, ақындар бел алды. Соған орай көркем сөз шеберлері бұрынғы өсиет, ақыл-насихат, философиялық толғаныс түрінде келетін жылдардан гөрі, нақты тақырыптарды сөз етуге жиірек бара бастайды. Бірақ бұл бетбұрыстың тілдегі, әдеби тәсіл амалдардағы көрінісі бірден , шұғыл болмағаны байқалады. Жаңа сапаға көшу дәстүрлі әдіс-тәсілдер мен көркемдеу құралдарынан өол үзбей, оларды пайдалана отырып, жүзеге асырыла бастайды.Сонымен қатар қазақ әдеби тілінде жаң элементтер пайда болады. Махамбет өлеңдерінің тілі. Махамбет тіліндегі екінші бір көзге түсетін белгі-көне сөздердің қолданылыуы. Ол көнелер бұрынғы поэзия тілінен келе жатқандар. Махамбеттің өзіне дейінгі әдеби дәстүрмен іліктестігінің тағы бір айғағы осы жерде , 15-18 ғасырларда Қырым жері мен Азауды, Дон, Еділ бойларында жасап жасап өткен Шалкиіз, Қазтуған кездесетін сой, тарлан, тарпаң, арайна, баттауық, сайғақ сияқты сөздердің Махамбетте сақталу себебі , бір жағынан, оның өткендегі әдеби тіл байлығын жақсы пайдалануы болса, екінші жағынан, осы жырауларға Махамбеттің мекен-тұрағы жағынан жақындығы деуге болады. Өйткені бұл сөздер осы жыраулар дәстүрін ілгері апарушы Бұхарда кездеспейді немесе ақындық мектебін әрі қарай алып кеткен Дулат, Шортанбай, Шөжелерде де бұл көнелер жоқ.

Махамбет сөздігінде бұлардан басқа қазірде мағыналары күңгірт немесе өзгеше болып келетін бір топ сөздердің қолданылғандығын көрсетуге болады. М.ы:қалықпан(құстың атауы), ереуіл (тың ат).Көркем әдебиет стилінде жаңа белгілерді анық көрсете бастаған улгілер – Дулат Бабатайулыныңөлең-жырлары.Дулат та, Махамбет сияқты, алдыңғы дәуірлердегі қазақ поэзиясының тілдік-стильдік құралдарынбарынша пайдалана отырып, оларды жаңаға ұластырушы, жаңа үлгілерді ұсынушы қаламгер. Біз бұл жерде стильдің-тілдік сипаты жағынан бұрынғы дидактикалық толғаулармен келетін «ата ананың ақылы», «Бұл заманның адамы» сияқты шығармалары Дулат шығармашылығындағы жыраулық мектептің жалғасы деп танудан

  1. Ерте орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің бірі атақты- Қожа Ахмет Ясауидің «Хикмет» атты өлеңдер жинағы. Ясауиді кейнгі ғасырларда Хазрат Султан арафин ал қазақтар арасында Әзіреті Султан деп атаған. Қожа Ахмет билеуші топтардың идеологиялық құралы дәстүрлі исламға қарсы шыққан халықтық қозғалыстың идеологиясы ретінде қызмет еткен, діни мистикалық сипаттағы, антихалифаттық суфизм ағымның ірі өкілі және ұраншысы, осы ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы діни қайраткер әрі ақын. Суфизм қаналушы қалың бұқараның идеологиясы болды. Сондықтан осы идеологияны үгіттеуде Қожа Ахмет көпшілікке беделді поэзияны құрал етті және оның түсінікті болуын көздеді. Сондықтан кейінгі сан ғасыр бойы Ясауи хикметтері халық арасына қолжазба түрінде тарап , өмір сүріп келеді. Қожа Ахметтің туып өскен әрі сопылық құрған ортасы қазақ ру-тайпалары жайлаған жер қазіргі Түркістан аймағы болғандықтан, ол ру тайпалар да хикметтерді жақсы біліп, жазбаша да, ауызша да ұрпақтан ұрпаққа таратып келген. Орта ғасырларда Сыр бойын, Түркістан өңірін жайлаған ру тайпалар бүгінгі тек қазақ халқының ғана емес , тұркінің өзгеде де қыпшақ, қарлұқ топтарын да құрғандықтан , бұл күнде бірнеше түркі халықтары Ясауи мұрасын өздерінің мәдени жәдігерлігі деп санап, өзбектер Хикметті өзбек әдеби тілінің бастауы деп түсініп, түрікмендер қазіргі түрікмен әдеби тілінің атасы деп санайды.

  2. ЖОҚ..УДАЧИ АЛ..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]