2. XiXғ iІжарт.Әдеби тілдегі стильдік тармақтар.
.XIXғ IІжарт. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі функционалдық стильдерге тарамдала бастады. Басыңқы стиль бұрынғысынша көркем әдебиет стилі болды. Сонымен қатар өзге стильдер туып, әрі қарай даму бағытын алды. Қоғамдық-публицистикалық стиль пайда болды. Оның пайда болуы ең алдымен мерзімді баспасөздің тууына байланысты. Мерзімді баспасөз беттерінде туған қазақ тілінің қоғамдық-публицистикалық стилін онда жарияланған әлеуметтік,мәдени, экономикалық мәселелерге байланысты материалдар танытады. Олар оқу-білім мен техника-шаруашылық түрлері жағынан қазақ қауымының артта қалғаны, кейбір әдет-ғұрыптардың ескіріп, заман ағымына сай келмей отырғандығы, егін егу, саудаға араласу сияқты әрекеттердің қоғам дамуы үшін пайдалы екендігі т.т төңірегінде болды. Қазақ тілінде көпшілікке арналып, жалпы ғылым-білімнен де, кейбір ғылым салаларынан да мәлімет беретін, баяндайтын, түсіндіретін, насихаттайтын сипаттағы әдебиет жанры пайда болды. Жартылай ғылыми мазмұнды болғандықтан, мұнда алғашқы ғылыми-техникалық терминдер қолданыла бастайды. Өткен ғасырдың ІІ жарт. Қазақша ресми іс-қағаздардың өз алдына стилі болды. Ол бұрынғы ресми құжаттар мен ресми хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылды. Бірақ едәуір өзгерісі де бар. Ең алдымен, бұл стильді көрсететін үлгілердің түрлері мен адресаттары өзгерді. Бұрын сөз болып отырған жанр материалдары көбінесе ресми хаттар, арыздар және патша үкіметі тарапынан жергілікті билеушілерге жіберілген бұйрықтар түрінде болған болса, енді бұл аталғандармен қатар көбінесе орталық үкімет тарапынан жазылған бұйрық-жарлық, указ, үндеу сияқтылар көбейе түседі және олардың барлығы аударма материал болып келеді. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі – жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Қазақ тілінде жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттары ХІХғ. 30-жылд. бастап табылады. Бұлар атақты жауынгер ақын Махамбеттің 1839ж. жазған хаты. Ол бұл хатты Жем, Сағыз, Қайнар бойын жайлаған Әлім,Шөмен руларының бірнеше беделді адамдары – Баубек, Нәдірқұл, Жармұхамбет,Амантай батырларға жолдаған. Қазақ фольклоры мен әдет-ғұрпын, заңдарын жинаушы Ладыженский дегеннің 1840ж. Шыңғыс Уәлихановқа жазған хатының қазақша тексі, т.б.
3. ХХғ. 60-жылдарынан қазіргі кезеңге дейінгі мерзімді қазақ әдеби тілі дамуындағы ерекшеліктер.
Кеңес дәуірі қазақ әдеби тілінің жан-жақты тез қарқынмен дамуына мүмкіндік туғызды. Өйткені қоғамдық өмірде болып жатқан саяси, мәдени өзгерістер әдеби тілдің дамуына кейде үлкен жаңалық, өзгерістер ұшырауына әсер ететіні белгілі. Жаңа қоғамның орнауына байланысты туған жаңа сөздер, терминдер қоғамдық өмірдің алуан түрлі саласында өз орындарын тауып, қолданылып жүрді. Кеңес өкіметі тұсында қазақ әдеби тілінің қарқынды дамып, осындай дәрежеге жетуімен бірге, келешегінің күңгірттеніп, құрылымдық-жүйелік сипатының, өзгере бастау тенденциясы болғанын, орыс тілінің әсері мейлінше ұлғайып, тек жекелеген сөздердің, терминдердің аударылмай, сол күйінде, орыс тіліндегідей түрінде жұмсалуы ғана емес, сонымен бірге сөйлем құрылысында, сөз саптай ерекшеліктерінде,сөз байланыстарында орыс тілінің тынымсыз ықпалы байқалып отырды. Қазақ тілі ең алдымен қазақтардың ана тілі болса, сол қазақтарға, одан соң республикамыздағы басқа да халықтарға мемлекеттік тіл ретінде күнделікті қажеттілікке айнала алмай, республика шеңберінде толық қанды қолданылмай келеді.
22-билет
ХV-XVII ғғ. Көркем әдебиет үлгілерінің тілін сөз ету үшін оларды тақырыбы мен мазмұнына қарай өз ішінен топтастыру керек. Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, Марғасқа, Жиембеттер негізінен екі-үш жанрда жырлаған: бірі – дидактикалық толғау, оның тақырыбы – жалпы ақыл, насихат айту, екіншісі – арнау толғау, яғни нақтылы біреуге, не оқиғаға не өзіне қаратыла айтылған сөз , оның тақырыбы – көбінесе қоғам, адам, ел қорғау, үшіншісі – портрет өлеңдер. М: Асанқайғыдағы қаз, тырна, тауық, тұйғын, сұңқар, тұрымтай, торғай, қаршыға, арғымақ, қой, қошқар, изен, бозжусан деген сөздер.
Лексика құрамындағы келесі орынды қауымның әлеуметтік құрылысы мен жаугершілік тақырыбына қатысты сөздер алады. Дидактикалық толғауларда болсы, арнау өлеңдерде болсын XV-XVIIғ. Сөзгерлерінің негізгі абьектісі – адамдар, қоғам, әлеуметтік, әскери жай-күй. Көркем әдебиет сөздік құрамында жұрт, халық, хан, қарашы, қызметші, ұл, ұғыл, құл, дұшпан, жау, ер, жолдас, батыр, би ұлы, бай ұлы, жамандар, жақсылар, жалғыз, жалғыз, көп, ата, ана сияқты әлеуметтік категориялардлың атаулары актив қолданылған. Грамматикалық сипаты:
Сөз өзгерту саласында. Менің –менім, біздің – бізің, өзіңнен – өзіңдін, М: Қалаға қабылан жаулар тигей ме? Шалкиіз. Жайыңды білген қарындас, Ол – қарындас һәм жолдас. Шалкиіз.
Сөз тудыру жүйесінде. Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ – ты. Шалкиіз.Сырым саған түзу-ді. Жиембет.Сайдың басы түгел-дүр, Толған тоғай малы-дүр, Жиембет.
ХІХ ғ. ІІ жарт. Қазатың төл жазба әдеби тілі функциональдық стильдерге тарамдала бастады. Доминант стиль бұрынғысынша көркем әдебиет стилі болды, сонымен қатар өзге стильдер туып, әрі қарай даму бағытын алды. Солардың бірі – қоғамдық-публицистикалық стиль. Оның пайда болуы ең алдымен мерзімді баспасөздің тууына байл. «Түркістан уалаяты», 1870-1883, «Дала уалаятының»1888-1902, «Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық листогы» патша үкіметінің жерглікті әкімшліктерінің органдары болғанмен, бұларда елдің, халықтың, тұрмыс-жайы, оқу-ағарту мәселелері, қазақтың ұлттық мәдениеті мен тілі т.б.туралы публицистикалық сипаттағы материалдар басылып тұрды.
Публицистика тіліне тән стильдік белгілердің бірі – аналитикалық тәсілді жиі пайдалану деуге болады. Бұл амал білім-ғылымға, техникаға қатысты, әзірге қазақтоқырмандарына бйтаныс ұңым атуларынтүсіндіруге пайдаланылады. М: медициналық институтты дәрігер болу,а үйрететін үлкен медресе деп береді.
Кеңес дәуірінде қазақ әдеби тілінің жан-жақты тез қарқынмен дамуына мүмкіндік туғызды. Өйткені қоғамдық өмірде боллып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер әдеби тілдің дамуна, кейде үлкен жаңалық, өзгерістерге ұшщырауына әсер ететін белгілі. Тіл құрылысы саясаты мемлекеттік идеологияның бір бөлігіне айналып, оның бүгіні мен болашағы сол мемлекеттің идеология мақсатымен айқындалып, тілдің қалай, қай бағытта, ненің негізінде дамуына әсер ықпалын барынша тигізіп, ресми мемлкеттік идеологияның шеңберінен асырмай, сол көлемде ғана айқындалы, белгіленіп отырады. Жаңа қоғамның орнауына бюайласнысты туған жаңа сөздер, терминдер қоғамдық өмірдің алуан түрлң саласында өз орындарын тауып, қолданылып жүрды. М: революция, еруіл, қозғалыс, тап, тап тартысы, большевик, еңбекші, либерал, партияның ұлт мәселесі, қаулы, қарар, жарыс сөз, шешен, жоба, программа, әдіс, мүше, үндеу, партбюро, партком, атқару ткомитеті, съезд, конфереция, есепті баяндама , т.б.
23-билет
1. 15-17ғасырдағы қазақ халқының мәдени-рухани өмірінде жаңа құрала бастаған халықтың сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан поэзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған әдеби тіл қызмет етті. Талдап отырған кезеңдегі қазақ поэзиясының сөз еткен негізгі тақырыптары жақсылық, жамандық, кісілік т.б. жөнінде ақыл, насихат, үлгі айтуға арналған дидактика мен қауымның әлеуметтік-саяси хал-ахуалын, ел қорғау, жауға аттану болғандықтан, ең алдымен, осы салаларға тән сөздер көзге түседі.Олардың ішінде бірқатары белгілі мағынада тұрақталып, дәстүрлі дәрежеге –нормаға айналғаны байқалады.Мыс, бұл кезде «территориялық-этникалық тұтастық» мағынасында жұрт сөзі норма болып келеді: Теңселер ауыр ноғай жұртыңыз. Тебіренсе ауыр жұртын тындырмас(Шалкиіз) Осы мәнде халық арабизімінің ұшырасуы(мыс, Етектеп жиған көп халқың Сұлтан ием, кімге асмар етерсің-Шалкиіз) біздіңше, не кейінгі «редакциялардың» нәтижесі, не енді-енді ене бастаған кірме сөздің көрінісі сияқты.Осы ұғымда жұртпен қатар ел, алаш сөздері де бар.Сірә, бұл кезеңдерде жұрт, ел,алаш сөздері синонимдер ретінде өлең талғамына қарай бірінің орнына бірі қолданыла бергенге ұқсайды.Әлеуметтік топтарға қатысты хан, сұлтан, құл, бай,би ұлы,төре,аға,шора сөздері көбінесе титулатура элементтері боп келеді,яғни белгілі бір әлеуметтік топтардың термин атауы ретінде қолданылады. Соның ішінде аға сөзінің бір кездердегі басшы деген ауыспалы мағынасы ертеректе қалыптасқан ел ағасы,отағасы деген тіркестердің бар екендігіменде дәлелдене түседі. Ел ағасы –бір коллективтің басшы адамы,отағасы-бір ошақтың иесі. Кейін отағасы сөзінің мағынасы жалпыланып,ересек сыйлы адам дегенді білдіруге жұмсалып кеткені байқалады. 15-16ғ аға сөзінің осы күнгідей бірге туғанның н/е туысқанның ішінде еркек кіндіктің жасы үлкені деген негізгі мағынасы да әрине болған.Заман неғұрлым әрілеген сайын қазіргі нормамен салыстырғанда,көнерген элементтердің молынан ұшырасуы да заңды да,түсінікті де.Бірақ әрідегі әдеби мұра ауызша сақталғандықтан,көптеген бейтаныс дүниелер текстен ығысып,бізге түсініктірек эквиваленттермен жеткені аян. Әйтсе де бұл мұралардан көненің кһздері-архаизмдерді табуға болады.Оларды шартты түрде 2-3 топқа бөліп қарастыруға болады.1)бұл күнде мүлде қолданылмайтын бейтаныс түрлері;2)қазірде де түсінікті, бірақ қолданыстан шығып қалған пассив элементтер;3)қазірде қолданылатын бірақ өзгеше мағынаға ие болғандар. Алғашқы қатарда қыпшақ тобындағы түркі тілдеріне о бастан тән емес ,көне түркілік біраз сөздер бар.М, Ал қолыңды маларсың алтын менен күміске(Асанқайғы) деген жолдарындағы ал сөзі мен көне түркілік қол, сол сияқты жазы(дала),салу(қалдыр),құрсау(орау),толғамалы(оралған),сақыну(сақтану),соңратын(соң,кейін) сөздері өте көне, мағыналары бұл күнде өте күңгірт, не өзге мәнде онда да омоним ретінде келетіндер.Үшінші топта қарындас, жұрт, алаш,ару,ауыр,қыршын,озу тәрізді сөздерді қарауға болады. Бұлар семантикалық қозғалыста мағыналары азды-көпті өзгерген сөздер.Жалпы,бұл дәуірлерде көне сөздер мен фразеологизмдер әлдеқайда молырақ болуға тиісті.Бірақ ауызша фиксацияның ерекшелігінен бұлар сан жағынан едәуір азайған.
2. Өткен ғасырдың 2жартысында қазақ тілінде көпшілікке арналып, жалпы ғылым-білімнен де, кейбір ғылым салаларынан да мәлімет беретін ,баяндайтын,түсіндіретін сипаттағы әдебиет жанры п/б.Бұл әдебиеттің алдында хат танитындар арқылы қалың көпшілккке білім-ғылымның әр саласынан хабар беру және оны сол кездегі жұрттың сауаттылығы, білім дәрежемсмен санасып, түсінікті,жеңіл,жалпақ тілмен түсіндіру мақсаты тұрды. Мақсат оның иілі мен стиліне мейлінше әсер етті: мұнда баяндаумен қатар түсіндіру сипаты кең орын алды. Кейбір зат,ұғым,құбылыстардың не мәнін ашып,н/е қазақша баламасын келтіріп түсіндіру де орын алды.Бұл стильге тән белгілердің басты-бастылары мыналар: 1. Жартылай ғылыми мазмұнды болғандықтан, мұнда алғашқы ғылыми техникалық терминдер қолданыла бастайды. Сөз жоқ, қазіргідей әр ғылым саласына қарай сараланған терминдердің жүйесі әлі жоқ.Дегенмен,білім-ғылымға қатысты терминологияның алғашқы нышандары осы кезде аталған стильде көріне бастады.2. Ғылыми-техникалық ұғымдарының бірқатары жеке сөз-терминмен аталмай,суреттеме жолмен беріледі.М,жан-жануарлар ғылымы(зоология), от арба(поезд) т.б. 3. Ғ-К стилі әуелден-ақ кірме сөздердің ішінде ор.тілінен алынатындарына жол берген. 4.Терминдерінің тұрақталу, нормалану прцесі өте әлсіз: көпшілігі 2-3 вариантта кездеседі.М,ғалым сөзінің мағынасын оқымыс ж/е білім иелері береді. 5.Бұл стильде орыс сөздері едәуір мол қолданыла бастайды. 6. Жартылай Ғ-К әдебиет үлгілерінің бірқатары орыс графикасымен жарияланды. Олар: «1897жылға қазақ үшін шығарылған календарь» ж/е Қазан университеті баспасынан шыққан медицина тақырыбындағы «Трахома деген жаман кз ауруы» сияқты кітапшалар. 7. Грам/қ тұлға-тәсілдердің көрінісі жағынан бұл стильге қатысты 2 жайтты көрсетуге болады. Бірі-морф/қ тұлғалардың таза қазақ тілінікі екендігі, мұнда түркілік элементтер кемде кем.Әсіресе, Ильминский материалдары мен «Календарь» тексі тек қазақ тіліне тән тұлға-тәсілдерді қолданады. Екіншісі-синтаксис саласында бұл стиль қазақша жазба проза тілінің қазіргі нормаларының бастамасын көрсететіндігі.Сөйтіп,қазақ тіліндегі жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет өзінің қалыптаса бастаған кезінен-ақ өзге жазба стилдерге қарағанда, бірден қазақы сипат ала дамыды деуге болады, яғни оның лексика –грамматикалық құрылымы қазақ тіліне негізделді.
